400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Радио мен теледидардың қажеттілігі. Сабақ жоспары.9-сынып. Қазақ тілі Ашық сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
9.2.3.1 мақала, аннотация, презентация, тұжырымдамалар, тезистердлің құрылымы мен ресімделуі арқылы жанрлық ерекшеліктерін ажырату. 9.4.4.3 сабақтас құрмалас сөйлемдердің мағыналық түрлерін ажырата білу, түрлендіру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар

Пән: Қазақ тілі Т1

Күні:

Сынып: 9

Педагогтің аты-жөні:

Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Радио мен теледидардың қажеттілігі

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаттары

9.2.3.1 мақала, аннотация, презентация, тұжырымдамалар, тезистердлің құрылымы мен ресімделуі арқылы жанрлық ерекшеліктерін ажырату.

9.4.4.3 сабақтас құрмалас сөйлемдердің мағыналық түрлерін ажырата білу, түрлендіру

Сабақ мақсаттары

-мәтінде ұсынылған мәліметтерді жетекші сұрақтар арқылы анықтайды;

-мәтіннің құрылымы мен рәсімделуі арқылы оның жанрлық ерекшелігін ажыратады;

-қимыл-сын бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемдердің сөйлемнің жасалу жолын біледі, түрлендіреді, қолданады

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар


Психологиялық ахуал«Сәлемдесу» ойыны:

Оқушыларды түгелдейді

Ұйымдастыру кезеңі: оқушылар мен сәлемдесу, түгендеу.

«Шаттық шеңбер» әдісі арқылы оқушылар бір- біріне жақсы көніл күй сыйлайды, ынтымақтастық орта қалыптастырады

Топқа біріктіру: «Атомдар және молекулалар» әдісі арқылы оқушылар шағын 4 топқа бөлінеді, аралас топ құрылады.


Оқу құралдары

Жаңа сабаққа кіріспе

Ойқозғау

1-тапсырма

Ширату жаттығуы «Сөз ассоциациясы» әдісі арқылы жүзеге асырылады.

Мақсаты: алдыңғы білімге кері байланыс жасай отырып, жаңа білім мен байланыс орнату

Орындалысы: алдыңғы білімге негіздеп сөздер айтады, келесі оқушы тақырыпқа байланысты ойды жалғастырады, сөз туралы ассоциация жасайды.

Мысалы: 1-оқушы теледидар десе, 2-оқушы теледидардың зияны, теледидар мен радио, адам өмірінің бір бөлшегі деп ойды жалғастырады. ҚБ. «Жарайсың!», «Бәрекелді!», «Бәрі жақсы!» сөздері арқылы ынталандыру мақсатында ауызша бағаланады.

Ынталандыру стикерлері беріледі



Сабақтың ортасы












Оқылым алды тапсырма

Ж. 1-тапсырма.
























Оқылым тапсырмасы

ТЖ. 2- тапсырма



















3-тапсырма.

Оқылымнан кейінгі тапсырма

ТЖ.

А) Аталған тақырып аясында кездестіремін деп ойлайтын 5 сөзді атайды. Мысалы: теледидар, зерттеу, қоғам, тәрбие

Ә) «Сөздік гол» әдісі арқылы жоғарыда аталған 5 сөздің мағынасын ашады.

сөз

мағынасы

Сөздіктегі анықтамасы

Сөйлем құрастыру

қоғам

халық

халпы мағынасында,

мәдениеті ортақ, белгілі бір аумақта тұратын және біртұтас, өзгеше бірлестік деп білетін адамдар тобы

Әрбір қазақ азаматы қоғам алдындағы міндетін адал атқаруы тиіс.






Мәтінді мұқият оқып, ұсынылған мәліметтерді жетекші сұрақтар арқылы анықтайды

А) Мәтінді сканерлеп (егжей-тегжейлі) оқиды.

Ә) «Конверт сұрақ» әдісі бойынша әр шағын топ мәтінде ұсынылған ғылыми прогрестің адамзатқа тигізер зияны, адамдардың жалқаулығы және зерттеу нәтижелері жайында мәліметтерді жетекші сұрақтар арқылы анықтайды.

Әр топ мәтін негізінде конверттен жетекші сұрақтар алады.

1-топқа:

  • Ғылыми прогрестің адамға тигізер зияны қандай?

2-топқа:

  • Әр елдегі зерттеу нәтижелері нені көрсетті?

3-топқа:

  • Не себепті жапондардың алдымен аузы күйген деп есептеледі?

(әр топтың жауаптары тыңдалады)

4-топқа: Токио муниципалитеті қандай шараны қолға алды?


3-тапсырмада графикалық органайзерлер арқылы мәтіннің құрылымы мен рәсімделуі арқылы оның жанрлық ерекшелігін ажыратады.

А кестесі бойынша графикалық органайзерге сүйеніп мәтінді рәсімделуі арқылы оның жанрлық ерекшелігін талдай отырып, ажыратады.

Мәтіннің жанры қандай?

Мәтін қалай рәсімделген?

Басқа қандай жанрлық ерекшеліктері байқалады?

Мақала:


Сөйлеу формасы жазбаша;

Мәтін типі – ақпараттандыру.

Ескерту,

Ақпарат беру, тұжырымдау...


Ә кестесінде мәтіннің рәсімделуіне қарай талдайды, «Мәтіндік талдау» жасайды.

Жанры

Мақсаты

Көздеген аудиториясы

Стилі

мақала

ақпараттандыру

Жалпы аудиторияға

публицистикалық


Б кестесінде «Борт журналы» әдісі арқылы оқылым мәтінінің жанрын және мазмұнын талдайды, мақсатын айқындайды, кестеге түсіреді.

Мәтіннің жанры

Берілген тақырып бойынша маған не белгілі?

Бұл мәтін не үшін жазылған? (мақсаты)

Мәтінде не туралы айтылады? (мазмұны)

Мақала

Теледидардың адамға пайдасымен қоса зияны да бар екендігі

тәрбиелеу, сендіру

Теледидардың адамзатқа тигізетін зияны бойынша зерттеу жұмыстарының нәтижелері




ҚБ. «Бағдаршам » әдісі арқылы оқушылар өзін-өзі бағалайды, тақырып бойынша қанша сөзді анықтай алғанына және ой қозғаудағы әрекеттеріне кері байланыс жасайды.


Дескриптор:

-тақырып аясындағы сөздердің мағынасын ашады;

-мәтінде ұсынылған мәліметтерді іріктейді;

- жетекші сұрақтарға жауап береді;

-өзіндік ой-тұжырым жасайды.

ҚБ. Әр оқушылар дескрипторға сүйеніп, «Қосу, алу, қызықты» әдісі арқылы өзін-өзі бағалайды














Дескриптор:

-мәтіннің құрылымы мен рәсімделуі арқылы оның жанрлық ерекшелігін ажыратады


ҚБ. «2 жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы топаралық бағалау орындалады. «Екі жұлдыз» екі ұнаған постерге ұсынылса, тілек – жақсартуды қажет ететін жұмысқа беріледі, шағын топ мүшелері өзара бағалау әрекетін жүзеге асырады.




























Интерактивті тақта






Сергіту сәті

«Суретті толықтыр» жаттығуы


Мақсаты : Оқушылардың логикалық ойлауын , көру арқылы есте сақтауын, ойша жұмыс істей білуін дамыту .Алдын-ала тақтаға мысықтың және қоянның құлақтары салынған плакат ілініп дайындалады . Оқушылардың көздері шарфпен байланады да , олар кезек-кезекпен шығып , бірі денесін , бірі басын , бірі аяғын салады , осылайша жалғаса береді .


Сабақтың соңы

4-тапсырма. Жұптық жұмыс.


Оқулықтағы 8-жаттығу, 83-бет

Берілген сөйлемдерге құрылымдық талдау (сөйлем мүшелеріне талдау) жасайды, -ып тұлғасының бірнеше қызмет атқаратындығына назар аударады. Сөйлем құрмалас па, әлде жай ма? Дәлелдейді

Бағалау критерийі:

Қимыл-сын бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемдердің сөйлемнің жасалу жолын біледі, түрлендіреді, қолданады

Дескриптор:

-Сөйлемдерге құрылымдық талдау жасайды;

- құрмалас не жай сөйлем екендігін дәлелдейді.

Дескриптор:

-- қимыл-сын бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемдердің жасалу жолын біледі, түрлендіреді, қолданады


Кері байланыс

3 минут

Рефлексия

Оқушылар рефлексиясы: «Тазалық» әдісінде сабақтағы іс-әрекеттеріне, игерген білімдеріне, алған мәліметтеріне байланысты оқушылар рефлексия жасайды.

Орындалуы: сабақ тақырыбы бойынша алынған маңызды ақпаратты чемоданға салады; сабақтағы керек емес болған, артық дүниені қоқыс жәшігіне салады; ал игерген ақпараттың ішінде әлі де қарастыруым қажет, толықтыруым керек деген мәліметтер болса, еттартқышқа салады.




Үй тапсырмасы

9-тапсырма, 83-бет






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
7 ұстаз жүктеп алған
5 наурыз
333
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі