9-сынып
20.04.2020
Физика
Пән
мұғалімі: Оразканова Мәдина Фархатқызы
Сәлеметсіңдер
ме, балалар! Сабаққа дайын болсаңдар,
жаңа тақырыпты өтпес бұрын , өткен
тақырып бойынша сұрақтарға жауап
берейік:
Үй
тапсырмасы бойынша сұрақтар:
Рентген
сәулесі дегеніміз қандай сәулелер?
Рентгендік
сәулелерінің қасиеттері.
Жылдам
электрондардың тежелуі кезінде
туындайтын сәулеленуді не деп атайды?
Жақсы
балалар, дәптерлеріңді ашып, жаңа
тақырыпты жазып қойыңдар:
§42 Радиоактивтілік. Радиоактивті
сәулеленудің табиғаты. 214-бет
Радиоактивтілік
(латынша radіo–сәуле
шығару, actіvus –әсерлік)
– орнықсыз атом ядроларының басқа
элементтер ядросына бөлшектер
немесе гамма-кванттар шығару арқылы
өздігінен түрлену құбылысы. Табиғи
радиоактивтік құбылысын 1886 жылы
француз ғалымы А.Беккерель ашты.
Францияда 1898 жылы М.Склодовская-Кюри
мен П.Кюри торий элементінің өздігінен
сәуле шығаруын ашты. Өздігінен сәуле
шығаратын химиялық элементті
радиоактивті
деп, ал сәуле шығару процесін радиоактивтік деп
атауды М. Кюри ұсынған еді. Радиоактивтік
латынның "radio"
— сәуле шығару, "activus"
— әрекетті деген сөздерінен алынған.
Радиоактивті
сәуле 3 түрге жіктеледі: α (альфа), β
(бета), γ (гамма). Суретке қарасаңыздар,
α-сәулелер қағаздан ғана өте алады,
β-сәулелер алюминийден өте алады, ал
γ-сәулелер тіпті бетоннан да өте алады.
Яғни адам организміне ең қауіптісі β
және γ.
Р
адиоактивті
ыдырау кезінде
-сәулелер
(гелий атомының ядросы),
-сәулелер
(қысқа толқынды электромагниттік сәуле
шығару) және
-сәулелер
(электрондар) туындайды.
α-бөлшегінің
табиғатын 1908 жылы Резерфорд көптеген
эксперименттік зерттеулер нәтижесінде
анықтады. Альфа-ыдырауы кезінде ядродан
өздігінен α-бөлшек
— гелий атомының ядросы Не (екі протон
және екі нейтрон) ұшып шығады және жаңа
химиялық элементтің туынды ядросы пайда
болады.
β-сәулесінің
табиғатын 1899 ж Резерфорд ашқан болатын.
Ол шапшаң қозғалатын электрондар
ағыны. β-бөлшекті {\displaystyle
~_{-1}^{0}e}е деп
белгілейді.
1900
жылы Вилaрд ядролық сәуле шығарудың
құрамындағы үшінші компоненттің бар
екенін тапты, оны гамма
(γ)-сәуле шығару деп
атаған. Гамма-сәуле шығару магнит
өрісінде ауытқымайды, демек, оның заряды
жоқ. Гамма-сәуле шығару радиоактивтік
ыдыраудың жеке бір түрі емес, ол альфа
және бета-ыдыраулармен қабаттаса өтетін
процесс.
«Бұл
қай элемент?» ойынын ойнап көрейік: ол
үшін Атом құрамын есімізге түсіріп
алайық:
p=Z;
n=A-Z.
Мұндағы:
Х-элемент, A-атомдық сан, Z-реттік сан.
p –
протон
саны, n
–
нейтрон
саны.
Мысалы:
p=17,
n=35-17=18
|
протон
|
нейтрон
|
элемент
|
1
|
5
|
6
|
|
2
|
84
|
124
|
|
3
|
15
|
16
|
|
4
|
89
|
138
|
|
Үйге
тапсырма: §42
Радиоактивтілік. Радиоактивті
сәулеленудің табиғаты тақырыбын оқып,
215-беттегі сұрақтарға жазбаша жауап
беру.
Сабақ
аяқталды, сау болыңдар балалар. Тапсырманы
орындап жібере беріңдер