400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 17 материал табылды

Радиобайланыс.

Материал туралы қысқаша түсінік
Радиобайланыс.
Материалдың қысқаша нұсқасы


9-сынып.

Сабақ тақырыбы: §37. Радиобайланыс.

Сабақ мақсаты:

  1. Радиобайланыс , оның негізін салушылар, тербелмелі контур, ашық және жабық тербелмелмелі контурдың ерекшеліктері, радиотелескоп, радиолокация туралы оқушыларға түсінік беру.

  2. Оқушыларды өз бетімен ғылыми ой қорытындыларын жасай білуге жетелеу.

  3. Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекке баулу.

Керекті құрал-жабдықтар: компьютер, видеопроектор, слайдтар, электрондық оқулық

Сабақ түрі: аралас

Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасы бойынша сұрақтар:

  • Максвеллдің электромагниттік өріс теориясының түйіні қандай?

  • Электромагниттік өріс дегеніміз не?

  • Электромагниттік толқын дегеніміз не?

  • Айнымалы электромагниттік өрістің кеңістікте таралуын тәжірибе түрінде кім дәлелдеді?

  • Электромагниттік және механикалық толқындардың ұқсастықтары мен айырмашылықтары қандай?

  • Электромагниттік толқындардың ұзындығы, периоды, жылдамдығы, тербеліс жиілігі арасындағы байланыс қандай формуламен анықталады?

  • Вакуумдағы толық ұзындығы мен заттағы толқын ұзындығының арасында қандай қатыс бар?

  • Тербелмелі контурда пайда болатын электромагниттік тербелістер периоды қандай формуламен анықталады?

  • Үйге берілген есептердің шығарылуын тексеру.

ІІІ. Жаңа сабақ.

Дж. Максвелл электромагниттік толқындардың бар екендігін теория жүзінде айтты.

1888 ж. Г.Герц электромагниттік толқындардың бар екендігін эксперименттік түрде дәлелдеді.

1895 ж. А.С. Попов бірінші радиоқабылдағыш жасады.

1895 ж. 7 мамырда «Орыстың физика-химия қоғамының» отырысында радиоқабылдағыштың жұмысын демонстрациялады.

Алғашқы радиобайланыс 250 м қашықтыққа жасалды. 1899 ж.-20 км; 1901 ж.-150 км. қашықтыққа жеткізілді.

Ақпарат таратуда шығатын радиотолқынның қуаты жиіліктің төртінші дәрежесіне тура пропорционал, яғни Р~ν4 .

Ақпаратты өте алысқа жіберерде радиотолқындар пайдаланылады.

Жиілігі 0,2 МГц-тен асатын радиотолқындар ұзын, 1МГц-тен асатыны орта, 12 МГц аймағындағылар қысқа, одан үлкен жиіліктегілер ультра радиотолқындар деп аталады.

Электромагниттік тербелістерді тербелмелі контур шығарады.


Мұндай тербелмелі контурда электромагниттік тербеліс пайда болғанымен, олар кеңістікте толқын түрінде тарай алмайды. Себебі электр өрісі конденсатор астарларының арасында, ал магнит өрісі катушканың ішінде жинақталады. Сондықтан оларды жабық тербелмелі контур деп атайды.

Элктромагниттік тербелістер кеңістікті толқын түрінде таралу үшін ашық тербелмелі контур пайдаланылады.




АҚШ-та жасаған радиотелескоп антеннасының диаметір 20 м, Ресейде жасалған ралиотелескоп антеннасының диаметрі 22 м-ге жетеді.



Ғарыш кеңістігін Жерге келген радиосигналдардың көзі пульсарлар мен квазарлар.



Радиотолқындар арқылы объектіні тауып, оның тұрған орнын дәл анықтау радиолокация деп атайды.


V. Есептер шығару. Рымкевич есептер жинағынан: №987, №991, 992.

VІ. Қорытындылау.

VІІ. Бағалау. Үйге тапсырма: §37. 29-жаттығу, №1, №2 .




9-сынып


Зертханалық жұмыс №4


Тақырыбы: Серіппелі маятник тербелістерін зерттеу.

Құрал-жабдықтар: жүктер жиынтығы, динамометр, қаттылғы20 Н/м, 30 Н/м, 40 Н/м болатын серіппелер жиынтығы, штатив, секундомер, сызғыш.

Жұмыс мақсаты: эксперименттік түрде серіппелі маятник тербелісінің периодына арналған өрнекті тексеру.

Жұмыс барысы:

1-тапсырма. Тербеліс периодын есептеуге арналған формуланы тексеру.

Суретке сәйкес қондырғы құрастырамыз. Серіппенің созылуы мен жүк массасы бойынша серіппе қатаңдығын анықта. Жүкті тепе-теңдік күйден шығарыңдар да динамомердің серіппесіне не жиынтықтың кез келген серіппесіне ілінген массасы 0,1 кг (0,2 кг) жүктің тербеліс периоды мен тербеліс жиілігін өлшеңдер.

Жиіліктің есептелген мәнінің өлшенген мәннен ауытқуын бағалаңдар. Қателікті есепетп шығарыңдар. Өлшеу нәтижелерін кестеге түсіріңдер.


Ғ,Н

∆х, м

k, Н/м

m,кг

T=2π√m/k, с

∆Т,с

ε=∆Т/Т0∙100%

ν0, Гц











2-тапсырма. Тербеліс периодының жүк массасына тәуелділігін зерттеу.

Қажетті өлшеулер жүргізіп, тербеліс периодының жүк массасына тәуелделегі графигін салыңдар. Содан кейін период квадратының массаға тәуелділік графигін салыңдар. Қайсы график тербеліс периодының жүк массасына тәуелділігін жақсы анықтауға мүмкіндік береді: Т0=f1(m) функция графигі немесе y=T02=f2(m) функциясы?

3-тапсырма. Тербеліс жиілігінің серіппе қатаңдығына тәуелділігін зерттеу.

Жук массасы бірдей болғанда қатаңдығы әр түрлі серіппелердегі жүк тербелістерінің жиілігін өлшеңдер. Мәліметтерді кестеге жазыңдар.

20 Н/м

30 Н/м

40 Н/м

N1

t1, c

ν1, Гц

N2

t2, c

ν1, Гц

N3

t3, c

ν3, Гц











Қорытындылау.

Бағалау.














Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
23.03.2019
1886
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі