400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

радиотолқындардың таралуы

Материал туралы қысқаша түсінік
бұл тақырыптың мұғалімге көмегі өте зор. және окушыларғада пайдасы жоғары. Бұл тақырып өте түсінікті және өте қызықты.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Радиотолқындардың таралуы. Радиолокация.

Мақсаттары:

Білімділік: Оқушыларды радиотолқынның диапазондарымен таныстыру , сатылай талдау арқылы радиолокация әдісі туралы білімді өз беттерімен алуға үйрету және арнайы берілген тапсырмалар бойынша материалды талдауға үйрету.

Дамытушылық: Оқушылардың танымдылық және шығармашылық қабілетін

дамыту ,өмірде т.б. байқаған құбылыстарды теориялық біліммен

ұштастыруға,оның негізділігін жүйелі түрде қолдана білуге үйрету.

Тәрбиелік: Оқушылардың ойлау, еңбек ету қабілеттерін жетілдіру, оларды

шыдамдылыққа, байқампаздыққа, жинақылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа білімді қалыптастыру

Әдіс –тәсілдері: Оза оқыту технологиясы, деңгейлік даралап оқыту технологиясы,

Н. Оразақынованың сатылай кешенді талдау технологиясы

Көрнекілігі: «Ақылды тақта»,музыкалық орталық, «Активоид»

Сабақтың ұраны: «Сен ешбір жаңа нәрсе меңгермеген

және өзіңнің біліміңе ештеңе қоспаған

осынау күнді немесе сағатты бақытсыз сана»

Я.А. Каменский.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Жаңа білімді игеру

1-ші деңгей – білу «Үйренушілік»

Радио және телехабарларда, радиобайланыста, радиолокацияда т.б. қолданылатын электромагниттік толқындарды радиотолқындар деп атайды.

Толқындардың аталуы

Толқын ұзындықтарының

диапазоны λ (м)



Аса ұзын толқын

۸>10000

Ұзын толқын

10000 ÷ 1000

Орташа толқын

1000 ÷ 100

Қысқа толқын

100 ÷ 10

Ультрақысқа толқындар:

метрлік

дециметрлік

сантиметрлік

миллиметрлік


10 ÷ 1

1 ÷0, 1

0,1 ÷0,0 1

0,01 ÷0,001



Толқын ұзындықтары әр түрлі диапазондарда қолданылатын антенна түрлерінің ерекшелігі бар радихабарларды тарататын ұзын, орташа, қысқа толқындарды вертикаль бағыталған өткізгіш вибраторлар шығарады. Радиолокация, ғарыштық радиобайланыс және телехабарлар үшін ультрақысқа толқындарды пайдаланады. Радиотолқындардың таралуына атмосфераның жоғарғы қабаты – ионосфера көбірек әсер етеді. Ионосфера - Жер бетінен

90-300 км биіктікте, иондар мен электрондардан тұратын иондалған газ қабаты.

Күннің ультракүлгін және рентген сәулелерінің әрекетінен болады. Түнімен салыстырғанда иондардың концентрациясы күндіз 20 еседей артық.Сондықтан ионосфераның қасиеті тәулік бойы және жыл мезгіліне байланысты өзгеріп отырады.Ионосфера электромагниттік толқындарды шағылдырады және жұта алады.

  1. Ұзын толқындар дифрация нәтижесінде көкжиектен асып алысқа кетеді. Олар шалғай қашықтыққа тарай алады.

  2. Қысқа толқындардың алыс қашықтыққа таралуы, оның Жер бетінен және ионосферадан бірнеше дүркін шағылуының арқасында болады.Жердегі кез- келген радиостанциялармен байланыс жасауға болады

  3. Ультрақысқа толқындар ионосферадан шағылмай , кедергісіз өтіп кетеді.



2-ші деңгей – түсіну- «Алгоритмдік»

Радиолокация құбылысын (әдісін) сатылай талдау жасау.( жеке жұмыс)

Талдау арқылы түсіндіру.

  1. Жаңа білімді бекіту.

3-ші деңгей – қолдану – «Эвристикалық»

  1. Сатылай талдау бойынша жұмыс.

  2. Есеп шығару.

  1. Жаңа білімді пысықтау.

4-ші деңгей- біліктену- «Шығармашылық»

  1. Ы. Алтынсаринның «Өнер –білім бар жұрттар» өлеңін талдау.(жұппен жұмыс)

Өлеңде қандай физикалық құбылыстар,физиалық шамалар техника түрлері, техникалық құралдар туралы анықтап, есеп берілген шығару керек. Өлеңнің негізгі мағынасы неде? Түсіндіру.

  1. Ативоид арқылы шағын тест арқылы бағалау.



V . Үйге тапсырма ξ 3.8 №3,8,3, 3.8.4

VI. Қорытынды.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
20 қараша
2544
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі