Радостағы алып мүсін

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Радостағы алып мүсін

Материал туралы қысқаша түсінік
Радостағы алып мүсін, 6-сынып, қмж
Материалдың қысқаша нұсқасы

Б. Атыханұлы атындағы №36 гимназия

Қысқa мерзімді (сабақ) жоспaры



Бөлiм:

Әлемнің жеті кереметі. Лексикография

Педагогтің Т.А.Ә.

Исакова У.М.

Күні:

18.10.2023ж.

Қатысушылар саны:

Ерекше білімді қажет ететін оқушы саны:

Қатыспағандар саны:

Сынып:

6 «В»

Сабақтың тақырыбы

Радостағы алып мүсін

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

6.2.6.1. Оқылым стратегияларын қолдану. Комментарий жасау, іріктеп оқу, рөлге бөліп оқу.

6.4.1.1. Тақырып бойынша жеке сөздер, бірге, бөлек және дефис арқылы жазылатын сөздерді орфографиялық нормаға сай жазу.

Сабақтың мақсаты

Оқылым стратегияларын қолдану. Комментарий жасау, іріктеп оқу, рөлге бөліп оқиды.
Тақырып бойынша жеке сөздер, бірге, бөлек және дефис арқылы жазылатын сөздерді орфографиялық нормаға сай жазады.

Сабақтың кезеңі/ уақыт



Педагогтің әрекеті


Оқушының әрекеті


Бағалау


Ресурстар


Сабақтың басы


5 минут








1. Жағымды психологиялық орта қалыптастыру.

Сәлемдесу.
Оқушылар қима қағаздар арқылы «Қос сөз», «Біріккен сөз», «Тіркескен сөз» топтарына

топтастырылады. Қима қағаздарда он бес, ақ сары, Жер шары, озат оқушы, қазақ тілі, Көкшетау, Қызылорда, Екібастұз, Шымкент, Жұмбақтас, мақал-мәтел, ата-ана, ұстаз-ана, педагог-психолог, айран-сүт сөздері болады.

1-топ: Қос сөз

2-топ: Біріккен сөз

3-топ: Тіркескен сөз

Оқушыларға сабақтың мақсаты мен күтілетін нәтижелерін таныстыру.




Сәлемдеседі.


Қима қағаздар арқылы 3 топқа бөлінеді.

Оқушылар сабақтың мақсаты мен күтілетін нәтижелерімен танысады.





1



Сабақтың ортасы



5 минут

































10 минут














10 минут














5 минут











5 минут

Жаңа сабақты түсіндіру, ақпаратпен бөлісу.

Родосаралындағы Гелиостың алып мүсіні қалай салынды?

Біздің жыл санауымызға дейінгі 304 жылы Александр Маке-

донский державасының мұрагері Деметрий Полиоркет Кіші

Азия жағалауына тиіп тұрған шағын аралдың тұрғындарын

ұзақ уақыт қоршауға алады.

Родостықтарды тізе бүктіру үшін Полиоркет сол кездің

ең жетілген әскери техникасын қалаға әкеледі. Шапқын-

шылардың мақтан тұтары «гелеополид» деп аталатын атта-

малы көпірі мен тас атқыш, қамал бұзғыш қарулары еді.

Мыңдаған жауынгерлер жабылып жүріп темірмен қапталған

гелеополидті әрең қозғайтын.

Деметрий сәтсіз шабуылдан соң, кейін шегінуге мәжбүр

болады да, гелеополидті аралдың жағасына тастап кетеді.

Міне, осы құрал қалаға қыруар пайда келтіріп қана қоймай,

даңққа да бөлейді. Қалаға ағылып келіп жатқан саудагерлер

гелеополидті қомақты қаржыға сатып алады. Одан түскен

қаржыға тұрғындар Родостың желеп-жебеушісі - Күн Құда-

йы Гелиостың мүсінін орнатуға келіседі.

Он екі жыл бойы жасалып жатқан мүсінді ешкім көре

алмайды. Өйткені төңірегіне үйілген топырақ биіктетіліп

отырған. Кейін бос топырақалынғандағана родостықтар өзде-

рінің желеп-жебеуші Құдайын көріп, басындағы нұр шашқан

тәжіне тамсана қарайды.

Жарқыраған Құдай мүсіні Родосқа келе жатқан жолау-

шының көзіне қиырдан шалынатын. Алайда жарты ғасыр

өткенде Родосты қиратқан аса зор жер сілкінісі алып мүсінді

де құлатқан. Мүсіннің ең осал жері қос тізесі болып шығады.

Осыдан «балшық аяқты мүсін» деген мәтел қалған.




1 – тапсырма. «Артық болмас білгенің» айдары бойынша аналитикалық талдау жасау. Сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтау. Сұрақтарға жауап жазу.

Дескриптор:
Аналитикалық талдау жасайды -1 б.
Сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтау – 1б.
Сұрақтарға жауап жазады – 1б.



2- тапсырма. Берілген мәтінді «Шеңбердегі сұрақ» әдісімен түсініп оқып, мазмұнын түсіну. Мәтінді оқи отырып, мәтін мазмұны бойынша оқушылар сұрақтар құрастыру. Ортаға шығып топтар бір-біріне сұрақтарын қою.
1.Практикалық сұрақтар (Қай жерде?)
2.Қарапайым сұрақтар ( Кім?Не?Қашан?)
3.Нақтылайтын сұрақтар (Қандай? Қалай?)
4.Бағалайтын сұрақтар (Не жақсы? Не жаман?) 5.Шығармашылық сұрақтар (Не істеді?)
6.Қорытынды сұрақтар (Неге?)

Дескриптор:
Мәтіннің мазмұнын түсінеді -1 б.
Мәтін бойынша 6 сұрақ құрастырады -1 б.
Сұрақтарға жауап береді
-1 б.


3-тапсырма. «Кестені толтыр». Мәтіндегі негізгі және қосымша ақпараттарды ажыратыңыз.

Дескриптор:
Таныс тақырыпқа байланысты бірнеше затқа, құбылысқа анықтама береді – 1б.

4-тапсырма. Сұрақтарға жауап беру арқылы детальді ақпараттарды анықтап, түсіндіріңіз.
1.Әскери техниканы қалаға кім әкеледі?
2.Ол техниканы неліктен алып келеді?
3.Ол техника қалай аталады?
4.Оның сипаты қандай?
5.Деметрий гелеополидті аралдың жағасына неліктен тастап кетеді?
6.Оны кімдер сатып алады?
7.Түскен қаржыға не салдырады?
8.Алып мүсінді қанша уақыт бойы салдырады? 9.Родостықтар неге тамсана қарады?
10.Родостаға алып мүсін неліктен қирап қалады?


Дескриптор:
Мәтіндегі негізгі ақпараттарды анықтайды -1б.
Қосымша ақпараттарды ажыратады – 1б.
Сұрақтарға жауап беріп, детальді ақпараттарды түсіндіреді -1б.



Жаңа ақпартты түсінеді.































Мәтінді оқып, тірек сөздерді теріп жазады.
Тірек сөздерге сүйене отырып, мәтіндімазмұнына қарай екі бөлікке бөледі.
Әр бөлікке ат қояды.






Берілген мәтінді «Шеңбердегі сұрақ» әдісімен түсініп оқып, мазмұнын түсінеді. Мәтінді оқи отырып, мәтін мазмұны бойынша оқушылар сұрақтар құрастырады. Ортаға шығып топтар бір-біріне сұрақтарын қояды.
.






«Кестені толтырады». Мәтіндегі негізгі және қосымша ақпараттарды ажыратады.







Сұрақтарға жауап беру арқылы детальді ақпараттарды анықтап, түсінеді.







ҚБ. «Бас бармақ»

Оқушылардың бас бармақтарын көрсету арқылы сіз түсіндіргенді олардың ұғу деңгейін тексеріңіз.

Бас бармақ жоғарыға қарап тұрса = Мен түсінемін.

Бас бармақ көлденең тұрса = Мен түсінгендеймін.

Бас бармақ төмен қарап тұрса = Мен түсінбедім.


















ҚБ. «Үш шапалақ» әдісімен бағалау












ҚБ. Оқушылар дұрыс жауап бойынша өзін-өзі бағалайды.












ҚБ. «Екі жұлдыз, бір тілек»

Сыныптастарды бағалау үдерісінде оқушылардан екі жұлдыз қоюды және бір тілек айтуды сұраңыз. Екі жұлдыз = жұмыс істеген кезде оларға ерекше ұнаған 2 зат Бір тілек =бұл жақсартуға болатын нәрсе.




ҚБ. «Жауап беретін әріптес»

Жұптармен немесе әріптестермен жұмыс істегенде ауызша бағалайды.











2

































3














4



























5













6





Үйге тапсырма

2 минут

Оқулықтан 5-тапсырма. Газет-журнал, интернет желсінен, энциклопедиялардан Родостың алып мүсіні туралы мәлімет жинап, сілтемесін көрсетіңдер.

Тапсырманы берілгеніне қарай дұрыс орындайды. Өтілген тақырыпты қайталайды.

ҚБ. «Жетістік баспалдағы»


7

Сабақтың аяқталуы.

3 минут

«5-5-1» әдісі арқылы кері байланыс, қорытындылау.

«5-5-1»

Оқушылар сабақ кезінде нені меңгергендері жайлы 5 сөйлем жазады. Одан кейін сол 5 сөйлемді 5 сөзге дейін қысқартады.Соңында 5 сөзді 1 сөзге қысқартады. Оқушылар өздерінің түйіндісөзін бүкіл сыныппен бөліседі.


8



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
18.10.2023
308
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі