400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Рафаэль Санти" - Ашық сабақ жоспары.

Материал туралы қысқаша түсінік
Суретші Рафаэль Санти өмірі мен шығармашылығы жайында мағлұмат берілген. Материал жалпы білім беру мектептері мен көркемсурет (өнер) мектептерінде білім алатын оқушыларға арналған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Түркістан облысы, Кентау балалар көркемсурет мектебі


«Бейнелеу өнерінің тарихы» пәні бойынша

ашық сабақ жоспары

2-сынып


Тақырыбы:


«Рафаэль Санти

шығармашылығы»



Бейнелеу өнерінің тарихы пәнінің мұғалімі:

Байтерекова Шолпан Ысқаққызы




Кентау – 2020ж.

2-сынып «Бейнелеу өнерінің тарихы»


Ашық сабақ тақырыбы: «Рафаэль Санти шығармашылығы»

Сабақтың мақсаты: Суретші Рафаэль Санти өмірі мен шығармашылығы жайында мағлұмат беру.

Сабақтың тәрбиелік мәні: Әлемдік мәдениетіне деген сүйіспеншілік пен құрметке тәрбиелеу. Әсемдік пен әдемілікке тәрбиелеу. Эстетикалық тәрбие беру.

Қолданылатын көрнекіліктер: репродукциялар, суреттер, слайд, видео, т.б.


Сабақ жоспары: 1. Сабақты ұйымдастыру (2 мин).

2. Үй тапсырмасын тексеру, сұрау (13 мин).

3. Жаңа сабақты түсіндіру (25 мин).

Жаңа тақырыпты конспектілеу.

Репродукцияларға талдау жасау.

4. Жаңа сабақты қорытындылау (5 мин).

5. Бағалау және үйге тапсырма беру.

Сабақтың барысы:

  1. Сабақты ұйымдастыру.

Бүгінгі ашық сабақта белсенді қатысып отырған оқушыларға сабақ соңында сыйлық бар. Ол компютерде атақты суретшілердің картиналарына жасалған пазл ойыны. Әр жауап смайликпен бағаланады. Белсенділікпен қатысып смайликті көп жинаған оқушы пазл ойынын компьютерде ойнайды.

  1. Үй тапсырмасын тексеру:

Леонардо да Винчи шығармашылығын берілген суреттер бойынша оқушылар репродукциялардың аталуын тауып талдау жасау керек. Талдауға 12 репродукциялық-сурет беріледі, әр суретке талдау жасаған оқушы суретті теріс қойып жабыстырады. Ол суреттердің теріс бетінде әріптер бар. 12 сурет аударылып қойылғанда «РАФАЭЛЬ САНТИ» сөзі шығады. Осы сөзден бастап жаңа сабақтың тақырыбы анықталады.

Оқушы жауаптары смайликтерді беру арқылы бағаланады.


  1. Жаңа сабақты түсіндіру суреттер мен репродукцияларға талдау жасау.

Жаңа тақырып: «Рафаэль Санти шығармашылығы»

Рафаэль Санти (06.04.1483, Урбино — 06.04.1520, Рим) — италиялық кескіндемеші әрі архитектор, қайта өркендеу дәуірінің аса ірі шеберлерінің бірі. Сарай суретшісі Джованни Сантидің  отбасында туған. Италиялық кескіндемеші П.Перуджиноның шәкірті. “Рыцарьдың түсі” мен “Мадонна Конестабиле” атты алғашқы туындыларынан-ақ талантты суретшінің өзіндік қолтаңбасы аңғарылды. Осы жылдары ол Перуджино шеберханасын тастап, “Марияның некелесуі” атты діни сюжеттегі картинасы мен “Кілт тапсыру” композициясын бітірді. 1504 ж. кескіндемеші 

Флоренцияда  жұмыс істеп, өнердің әйгілі үлгілерімен танысты әрі анатомия, перспектива заңдылықтарын оқып үйренді.

1508 ж. Рафаэль Римге шақырылып, папа Юлий ІІ 

оған Ватикан сарайын 

безендіруді жүктеді. Рафаэльдің ең нәтижелі еңбегі болып табылатын Ватикан сарайы салтанат залының жазбаларын асқан суреткерлікпен бейнелей білді. “Элиодорды аластау, “Апостол Петрдің қараңғы зынданнан босанып шығуы” атты тарихи аңыз тақырыбындағы фрескалары сәуле мен көлеңке ұтымдылығы және колорит байлығы арқылы дарынды суретшінің тағы да бір қырын танытты. 1511 — 14 ж. “Сикстин мадоннасы” фрескалары кейіпкерлердің басты мінез ерекшеліктері мен табиғи пәк сезімдерін шынайы шеберлікпен суреттеді. Өмірінің соңғы кезеңінде өтініш тапсырманың өте көп түсуіне байланысты шәкірттеріне (Джулио Романо, Дж.Ф. Пенни, т.б.) сырттай бақылау жасаумен ғана орындатты.


3. Жаңа тақырыпты конспектілеу (Мәтінді оқушыларға таратып беру).

5. Жаңа сабақты қорытындылау: (Ойын арқылы жүргізу) Жаңа тақырыпқа байланысты Рафаэль Санти және басқа суретшілердің шығармаларын араластырып қою. Ойынға шыққан оқушы көптеген репрадукциялардың ішінен Рафаэль Сантидің суретін тауып алуы керек. Содан соң суреттерге талдау жасайды.

Оқушы жауаптары смайликтерді беру арқылы бағаланады.

6. Үйге тапсырма: Жаңа тақырыптың мәтінін оқу, Рафаэль Санти шығармаларына талдау жасау. Интернеттегі мәліметтерді қарастыру.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
2 қыркүйек
746
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі