400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Рахмет, АНАШЫМ"

Материал туралы қысқаша түсінік
жас мамандар, студенттер, оқушылар үшін
Материалдың қысқаша нұсқасы

ЖШС«БалДәуренШақ» балабақшасы









Эссе

Тақырыбы: « Рахмет, Анашым! »











Тәрбиеші: Усайнова А.С









Алматы қаласы, 2020-2021 оқу жылы

« Рахмет, Анашым! »

Ана жайлы ойыңды, айтып тауса алу мүмкін емес. Әркімнің өз анасына деген махаббаты шексіз. Мен де анамның маған сыйлаған мәнді өмірі үшін алғысымды айта отырып, өз ойымды аз да болса жеткізгім келеді.

Шіркін! Осы бір үш әріптен тұратын «Ана» деген қасиетті сөздің құдіреті қандай десеңші!

«Ана» десе селт етпей қалар жан бар ма екен? Бізге жарық дүние сыйлаған ана емес пе? Ана — әрбір адам баласы үшін ең ыстық, жанға жақын, мағыналы да қастерлі сөз. Біз үшін түн ұйқысын төрт бөліп, ағаш бесікке асылып бал бөбегінің тәтті ұйқысын тамашалап отырып, таңның да атқанын сезбеген шығар. Алдыңа қойған мақсатыңа жетуің үшін ана жанын қиюға да дайын. Ана баласының үлгілі азамат боп өсуі үшін бар күшін салып, тер төгеді.

  • Иә, аяулы анамды көрген сайын осылай ойлаймын.

Күннен- күнге қара шашын қырау шалып, жүзіне әжім сызаты түскенін байқап: «Не деген қайратты, қажырлы, еңбекқор жан еді?»-деп таңданамын.

Ер жетіп, еңбек етіп, анама бір керемет сый тартсам екен деп армандаймын.

Ш. Қалдаяқовтың: «Сыйлар ем ай мен күнді, қолыма түспеді»,-деген әні еріксіз еске түседі. Ай мен күнді сыйласаң да артық болмас еді-ау.

Міне, қаншалықты қадірлі жан екені осыдан да көрініп тұрған жоқ па?

Өз парызыңды өтеу, бұл – ана алдындағы парызды өтеу.Қаншама байлық иесі болсаң да, әлемге әйгілі адам болсаң да, анаңды, оның саған жасаған жақсылығын ұмытпау – сенің өмір бойындағы борышың. Қай адам қолынан келген сый – құрметін жасамады десеңші, шіркін! Дүниенің нұры, өмірдің гүлі, қызықтың қызығы – ананың қолында. Ана бір қолымен бесік тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді. 

Халықта: «Анаңды меккеге үш рет арқалап апарсаң да, қарызыңнан құтыла алмайсың» деген керемет нақылға айналған бұл сөзді, ешуақытта есімнен шығармай келемін.

  • Иә, мен анам алдында әрқашанда қарыздармын.

Өмірде мен ұқсағым келетін бірде бір жан болса- ол менің анам.Ана үмітін әрқашанда ақтауға тырысамын. Асыл, анам, аман болшы қашанда!

Мен анама өзімнің жүрегімнен шыққан , мынадай өлең жолдарын тарту еткім келеді.

Ана керек бұл өмірде адамға,

Мейірім берген әрқашанда балаға.

Ана есімін ардақтайық ағайын,

Біз үшін ол айналған ғой панаға.

Төрде болсын алған орны әрқашанда ананың,

Мәңгі қалсын әрқашанда жүрегінде баланың.

Тілеушіңде, тіреушіңде бұл өмірде ол сенің,

Ана есімі сақталады мәңгі есімде менің.

Анам менің жаратушым, қашан ер жетіп өзіңмен өзің болып кеткенше жанымды сақтаушым. Мейлі, бір затты қате жасап, бүлдірсең де саған ұрысқанымен, сені жаман болсын демейді. Дұрыс жолға түссін, қатесін түзесін дейді. Қанша анаңды ренжітсең де, баласын кім жек көрсін, бәр қылығыңды кешіреді – ау! Сен үшін жанын шүберекке түйеді. Сенің болашағыңнан үлкен үміт күтеді.
Анашым менің! Сәби кезімнен өз қолыңызбен төсегіме жатқыздыңыз, қараңғыдан қорқып жылаған кезімде қасымнан табылдыңыз. Мен үшін бәріне даярсыз анашым. Жығылсам тұрғызып, жыласам жұбатып, сабағымды оқуға көмектесіп, әр жылда туған күнімді атап өтіп, көңілімді табасыз. Сізге деген алғысым шексіз ғой менің. «Ана» деген сөз үш әріптен құралса да, мағынасы түпсіз тереңде жатыр. Дүниеде «ана» деген сөзге ештеңеде жетпейді ғой. Әлемнің қаншама сөзі үш әріпті «ана» деген сөздің орнын басып, алмастыра алмайды. «Ана» деген сөз құлаққа да, жаныңа да жағымды сөз ғой бұл. Бір керемет сиқырлы сөз деп те айтар едім. Рахмет, Анашым! Маған осы өмірді сыйлағаныңыз үшін, көп рахмет!
Қорыта айтқанда, барлық адам ана алдындағы парызын өтеп, ақ сүтін ақтап, ананың шашына ақ түсірмей, тек осы киелі жандардың бақытты болуын ойлау керек. Себебі ең бақытты адам – анасы бар адам. Жер бетіне жақсылық нұрын себетін аналарымыз аман болсын!






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
09.03.2021
595
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі