Материалдар / Рахмет, Досқа құшағы мен көңілі үшін
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Рахмет, Досқа құшағы мен көңілі үшін

Материал туралы қысқаша түсінік
алғыс айту күніне дайындаған тәрбие жоспары
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Маусым 2018
7998
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тәрбие сағатының тақырыбы: «Рахмет, досқа құшағы мен көңілі үшін».

Тәрбие сағатының мақсаты:

1.Оқушыларға дос, достық туралы әңгімелей отырып, олардың достық қарым-қатынасын нығайту.

2. Оқушылардың жанұяға, ата - анаға, үлкен - кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым - қатынастарын дамыту..  Ризашылық пен алғыс, жақсы тілек, ізеттілік туралы түсінік беру, бір - бірімен үйлесімді қарым - қатынас жасай білуге үйрету.

3.      Елімізде тұрып жатқан әр түрлі ұлттар мен ұлыстардың арасындағы достық пен ынтымақтастықты дәріптеу, салт - дәстүрін, мәдениетін өзіндік үлгі өнегесін оқушылардың бойына сіңіру. Бейбітшілікте татулықта өмір сүруге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: топтық жарыс,

Көрнекілігі: Интерактивті тақта, ұлы адамдардың нақыл сөздері, караоке, слайдтар, шарлар.

Сабақ барысы:

I. Кіріспе

II. «Әрқашан дос біргеміз» әні

ІІІ. Топқа бөліну.

Мақал – мәтелдерді жалғастыр.

III. Постер қорғау.

Досқа тән қасиеттер



«Ойлан, тап!» (Мақал-мәтелдерді жалғастыру)



IV. Тренинг «Дос жылатып айтады, дұшпан күлдіріп айтады»

Оқушылардың шығармашылығы.

V. Жағдаяттан шығу (Шарды жару арқылы жағдаяттық сұрақтардан шығу).



VI. Тосын сый (Енді достар бүгінгі тәрбие сағатымыздан естелікке бір-біріне дайындаған «тосын сыйлықтарын» жылы лебіздерімен білдіріп берсе).



VII. Қорытынды.

I. Кіріспе

Өмірге риза болып, алғыс айт.- Қайырлы күн, балалар!- Көңіл күйлеріңіз қалай!- Бүгінгі күніміздің қандай болғанын қалайсыздар?!-Бүгін бізде ерекше күн, қуанышты күн.- Ал неге ерекше күн? Ойланайық.- Бүгін, балалар, 1 - ші наурыз Ризашылық және Алғыс айту күні екен. Бұл жайма шуақ мереке елімізде бірнеше жыл қатарынан Сара Алпысқызының бастамасымен аталынып, өткізіліп келеді.- Ризашылық күні адамдар бір - біріне жылы сөздер, жақсы тілектер айту арқылы қуаныш, шаттық сыйлайды, өз жетістіктерімен бөліседі. Бір - біріне алғыс айтады. Ризашылық күні - балалар мен ересектердің жадында маңызды,жылы жарасымды, ерекше күн ретінде есте қалатын мереке.Яғни, бұл нағыз - "Жан рақымының мерекесі".-Балалар сендер білесіңдерме «Рахмет!» сөзі Испания тілінде «gracias», Украина тілінде «спасибі», Қырғыз тілінде «ыракмат»,Француз тілінде «merci», Африка тілі бойынша «dankie» - деп аударылады екен.

Алғыс – қуаныш үстінде, жиын, мереке, той-томалақта адамдардың бір-біріне білдіретін игі тілектің этикалық мәнді атауы.

+Сонымен, рақметке лайықты кімдер? Тізімді бірге құрайық! Бастысы – алғыс айта білу…
Анаға – өмір сыйлағаны үшін,
Әкеге – қорған болғаны үшін,
Далаға – гүлдері мен көк шалғыны үшін,
Сөзге – жанды жылытатыны үшін,
Күнге – шуағы мен назары үшін,
Жұлдызға – қараңғы түндегі жарығы үшін,
Досқа – құшағы мен иығы үшін,
Әжеге – ыстық алақаны үшін,
Суға – тіршілік көзі болғаны үшін,
Жерге – махаббаты мен бар болғаны үшін,
Отқа – жылулығы үшін..

Өзіне жасалған жақсылыққа ризашылық білдіруді алғыс дейміз.

Проблемалық сұрақ:

«Жақсылық жасаудың біз үшін қандай пайдасы бар?

Біз неліктен басқаларға жақсылық жасауымыз қажет?»

— Балалар, жылы сөз, қайырымды іс, жақсы ой, кіршіксіз сезімдеріңді ешкімнен ешқашан аямаңыздар. «Рахмет» деген қасиетті сөзді жиі айтыңдар. Өмірдің әрбір сәтін бағалай білуге үйреніңдер және Табиғат – Анаға мейірімді күні үшін, көңілді жаңбыры мен ақ қары үшін, жұмсақ ақ ұлпа бұлты үшін, жақын адамдарға қайырымдылығы мен риясыз махаббаты үшін алғыс айтуды ұмытпаңдар.


II. «Досым, саған арнаймын»

Әрбір адамға дос керек, өйткені адамдарға сырласатын, қуаныш пен қайғыны бөлісетін, бір-біріне көмек беретін жақын адам керек.   

III. «Ойлан, тап!» (Мақал-мәтелдерді жалғастыру)

Енді, оқушылар, слайдқа қарап мақал-мәтелдердің жалғасын табайық.

1.Өз басыңды дауға берсең де, досыңды жауға берме.

2. Досы көпті жау алмайды, ақылы көпті дау алмайды.

3. Күлме досыңа, келер басыңа.

4. Біреу жаныңа жолдас, біреу малыңа жолдас.

5. Дос басқа қарайды, дұшпан аяққа қарайды.

6. Жақсымен дос болсаң, жетерсің мұратқа

Жаманмен дос болсаң, қаларсың ұятқа.

7. Доссыз адам-тамыры жоқ ағашпен тең.

8. Досы жоқпен сырлас, досы көппен сыйлас.

9. Ерегескен ел болмайды, есептескен дос болмайды.

10. Заттың жаңасы жақсы, достың ескісі жақсы.

VI. Тосын сый.

V. Жағдаяттан шығу

  Ортаға ойынға екі ер баланың және екі қыз баланың шығуын сұраймын. Үстел үстінде жатқан кеспе қағаздағы ситуациялық сұрақтардың жауабын табыңыздар.

1.Саған ата-анаң үй шаруасын орындау керектігін ескертіп,  өздері жұмысқа кетіп қалды, кенеттен жан досың қоңырау шалып, оған бір топ балалар тиісіп жатқандығын айтып көмекке келуіңді өтінеді. Бұл жағдайда не істер едің?

2. Көптен күткен әншінің концертіне бара жатырсың, қалтаңда билеттің құнына жететін 2000 теңге бар, жолдан құрбың кездесіп, тығыз ақша керек болып тұрғанын айтып, қарызға 1000 теңге беруін сұрады. Бұл жағдайдан қалай шығасың?

3. Екеуің жан доссыңдар, тағы бір досың бар. Сырткөзге қарағанда қызығарлықтай құрбысыңдар. Бірақта сен онымен көп жағдайда келіспей қаласың. Сен қай досты таңдар едің?

4. Сен математикадан есеп шығарып келдің, досың сенен көшіріп алды. Сенен кеткен қатені ол байқап, ол өзіне қатесіз жазды. Үй жұмысынан сен «4» деген баға, ал ол «5» деген баға алды. Сен бұл жағдайда досыңа не дейсің?

VII.Қорытынды

Дос

Дос емес достық сөзін көтермесе,

Саған жердің түбінен жетем десе.

Не қылып дос атыңа қосылады?

Көтермей бір сөзіңді бүйтем десе?

Нағыз дос бірін-бірі жамандамас,

Араға көп өкпе сап табандамас.

Көңілі татулықтың шабандамас.

Жақсының әрбір сөзін қайырмаңыз,

 Жасыған жездей болып мойымаңыз.

Сыр алмаған біреумен дос болам деп,

 Сыр алған досыңыздан айырылмаңыз.

Құрметті ұстаздар және оқушылар! Осымен «Шын дос болу-бақыт» атты тәрбие сағатымызды аяқтаймыз. Көңілдеріңізге, уақыт бөлгендеріңізге көптен-көп рахмет!











































Ш.Уәлиханов атындағы Торғай орта мектебі












Тақырыбы:«Рахмет, досқа құшағы мен көңілі үшін».







6 Б сыныбы



Сынып жетекшісі:

НАКЕНОВА ГУЛБАКЫТ

САТБЕКОВНА





2017 – 2018 оқу жылдары



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!