Тақырыбы: «Рахмет» пен «алғыс айту» тренингі
Мақсаты:
Бала: Рахмет пен алғыс айту туралы түсінік беру; Алғыс айтудың маңыздылығын түсіндіре отырып, балаға рухани адамгершілік түсінік беру;
Ата – ана: Ата – ананың тәрбиешіге, тәрбиешінің ата – анаға алғыс айтуымен қатар, бәріміздің ортақ жемісіміз бала тәрбиесіне өзіндік ықпал ету.
Педагог: Бала, отбасы, балабақша арасындағы қарым – қатынасты нығайту, жағымсыз көңіл – күйден арылу, күш – қуат жинау, өзін еркін сезінуге көмектесу.
Қажетті құралдар: жүрекше, карточкалар, жаттығуға қажетті парақтар,
Ұйымдастыру:
Психолог: Сәлеметсіздер ме, Құрметті ата – аналар, тәрбиешілер және біздің бүлдіршіндер.
Сіздерді 1 Наурыз «Алғыс айту» күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Осы мерекеге орай біздің бүгінгі ұйымдастырып отырған, «Рахмет» пен «алғыс айту» атты психологиялық тренингімізге қош келдіңіздер!
Әлемде ерекше бағалатанын,
жүрегімізді мейірімге толтыратын, біздің көңілімізді көтеріп,
ерекше көңіл – күй сыйлайтын «Рахмет» сөзі болса керек. «Рахмет»
сөзін айта білген, біздің бүлдіршіндеріміздің ертеңгі болашағы
жарқын болары анық. «Рахмет» сөздерінде бір сиқырлық бар - олар
арқылы біздер бір - бірімізге ризашылығымызды білдіріп - адамдар
арасында жақсы қатынас орнатады. Бастысы, алғысыңыз жүректен шығуы
шарт. Рахмет айтуға қорыққан, үлгермеген, ұялған жандарыңыз болса,
бүгін айтасыздар деп
үміттенемін. Осындай мың сөздің орнына
татитын "Рахмет" сөзінің
бүгінгі мерекесі құтты болсын.
Кәне, барлықтарыңызды шеңберге шақырамын.
Бір күнгі танысыңа қырық күн сәлем дегендей біз бүгін бір – бірімізбен дәстүрден тыс амандасу түрлерін жасаймыз.
1 нұсқа. Алақанымыздың ішін
және сыртын тигізіп бір – бірімізге күлімсірей қарайық.
2 нұсқа. Бір–бірімізге маңдайларымызды тигізіп сәлемдесеміз.
3 нұсқа. Оң және сол жақ иықтарыңызды тигізіп сәлемдесу.
Сәлемдесу кезінде қандай әсерде
болдыңыздар?
Сіздерге сәлемдесу рәсіміміз ұнаса әрі қарай тренингімізді жалғастырайық.
Сіздер бұрын соңды тренингке қатысқан болсаңыздар, білесіздер деп ойлаймын. Тренинг барысында ойындар, жаттығулар, ой бөлісу барлық қызықты сәттердің бәрі осы психологиялық тренигке болатынын айта кетейін.
Ойын: «Жұбыңды тап»
Ендеше, «Жұбыңды тап» ойынын бірге ойнап көрейік, ойынға барынша белсенді қатысуларыңызды сұраймын.
Шарты: Педагогтар мен ата – аналардың арасындағы қарым – қатынасты жақсарту; ауызбіршілікке, өзара түсінісуге ықпал ету.
Ортаға педагогтар мен ата – аналарды шақырамын.
Қатысушыларға бүктелген қағаздар таратылады. Ол қағаздың ішінде 2 данадан аңдардың аты жазылған. Кімге қандай аң келсе, сол аңның іс – әрекетін, іс - қимылмен салып өзінің жұбын тауып алуы керек.Ойын вербальсыз қарым – қатынас арқылы жүзеге асады.
-
Қасқыр
-
Түлкі
3. Сіз таңертең балаңызды балабақшаға әкеліп, тәрбиеші апайға ымдап айтасыз,
«Менің баламды сырт киімін өзіңіз шешіндіріп аласыз ба?, мен жұмысқа асығып
кетіп бара жатыр едім» - рахмет сізге түсінгеніңізге.
-
«Апай балама таңғы асты жақсылап бересіз бе, үйден ештеңе ішпейтін еді, мүмкін сіз берсеңіз ішіп қалар» - рахмет сізге түсінгеніңізге
-
«Апай менің балам өте жыбырлақ, байқап қоясызба? ешкімге тимесінші» - рахмет сізге түсінгеніңізге.
-
Қоян
Бұл ойынды ойнай отырып, вербальсыз қарым – қатынас арқылы да сіздер бір – бірлеріңізді түсінуге тырыстыңыздар. Өте тамаша! Ал, күнделікті өмірде бұданда жақсы қарым – қатынаста боласыздар деп ойлаймын.
«Алғыс айтамын сізге» ойыны
Шарты: Балалар бүгінгі мерекеге орай
өз тілектерін айтып, күн сәулесін құрастырып, өздерінің анаға,
әкеге, сөзге,әжеге, досқа деген тілектерін жекелей айтып,
бейнероликтен ыстық тілектерін жолдайды.
«Алғыс» Балалардың жауаптары
тыңдалады.
Анаға – өмір сыйлағаны үшін,
Әкеге – қорған болғаны үшін,
Далаға – гүлдері мен көк шалғыны үшін,
Сөзге – жанды жылытатыны үшін,
Күнге – шуағы мен назары үшін,
Жұлдызға – қараңғы түндегі жарығы үшін,
Досқа – құшағы мен иығы үшін,
Әжеге – ыстық алақаны үшін,
Суға – тіршілік көзі болғаны үшін,
Жерге – махаббаты мен бар болғаны үшін,
Отқа – жылулығы үшін...
Сонымен, рақметке лайықты кімдер?
Қараңыздаршы, балалар, біздің күн сәулеміз жарқырап, жайнап кетті. Сіздердің осы айтқан тілектеріңізден түсінгеніміз, әлемдегі барлық тіршілік иесіне алғыс айта білгеніміз абзал екен. Дәл осы күндей сіздерде жарқырап, жан – жақтарыңызға жылы сәуле шашып, жүре беріңіздер.
«Қызықты сұрақтар»
Шарты: Ата – аналармен мен педагогтарға «қызықты сұрақтар» екі конвертке дайындалады. Сол сұрақтардың жауаптары тыңдалады.
Ата – аналарға арналған сұрақтар:
-
Сіздің балаңыздың сүйікті тамағы қалай аталады?
-
Балаңыздың тәрбиешісінің толық аты – жөнін білесіз бе?
-
Бүгінгі мереке күнінде балаңызға қандай алғыс айтар едіңіз?
-
Балаңызға балабақшада үйреткен қандай тақпақтарын білесіз ?
-
Балабақша ұжымына бүгінгі мерекеде қандай алғыс айтар едіңіз?
-
Балаңыздың жақсы көріп, үнемі айтып жүретін әнін айтып беріңізші?
Педагогтарға арналған сұрақтар:
-
Менің дәл қазіргі сәттегі ойым..............................
-
Мен отбасыммен..........................
-
Шынымды айтсам..............
-
Мен торт пісіре алмаймын, оның есесіне .......................
-
Бүгінгі мерекеде ерекше көңілдімін, сол үшін....................
-
«Рахмет» айтқым келеді, ең алдымен.......................
Біздің «Қызықты сұрақтар» сіздерге ұнаған сияқты. Барлықтарыңыздың жауаптарыңызға өте ризамын. Қызықты сәттеріңіз көп болсын деп тілек айтқым келеді.
«Рахмет» айта білуде өнер психологиялық талдау.
Шарты: Педагогтарға «Рахмет» сөзі, ата – аналарға «Алғыс» сөзі беріледі. Осы сөз тіркестерді қолдана отырып, ерекше суретпен бейнелеп, ой бөлісу.
Салынған сурет бойынша сөз қозғау.
Тыныштық сәті. (әуен қойылып тұрады)
Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.
Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады.
Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын». Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...
Өрмекші жаттығуы
Мақсаты: Өзара таныстықты нығайту, қарым – қатынаста сыйластықты қалыптастыру.
Шарты: Жіпті барлық тәрбиешілер, ата – аналар, балалар бір – біріне лақтыра отырып,бір – біріне жақсы тілектерін арнап, әдемі тор көзін құрастырады.
Қорытынды: Ал, құрметті Ата – аналар, педагогтар, балалар, бүгінгі 1 Наурыз - Алғыс айту күніне орай ұйымдастырылған психологиялық тренингіміз өз мәресіне жетті.
Сіздерге осы мерекеде
отбасыларыңызға береке – бірлік, үнемі жақындарыңызды қуантып, жылы
сөздеріңізді арнап жүре беріңіздер, ал сізбен біз тәрбиелеп, өсіріп
жатқан ортақ жемісіміз балалардың болашағы жарқын болсын, жан –
жақты рухани – адамгершілігі мол салиқалы ұрпақты нәсіп
етсін. Мың сөздің орнына «рахмет»
деп, бірақ сөзбен алғыс білдіруге болатынын естен
шығармайық.
Сау болыңыыздар!
Рахмет
-
Қасқыр
2. «Апай баламның сырт киімін өзіңіз шешіндіріп аласыз ба?, мен жұмысқа
асығып кетіп бара жатыр едім» - рахмет сізге түсінгеніңізге.
(Ата – ана балаңызды қасыңызға алып, ымсыз қарым – қатынас арқылы жеткізу)
-
Түлкі
-
«Апай балама таңғы асты жақсылап бересіз бе, үйден ештеңе ішпейтін еді, мүмкін сіз берсеңіз ішіп қалар» - рахмет сізге түсінгеніңізге. (Ата – ана балаңызды қасыңызға алып, ымсыз қарым – қатынас арқылы жеткізу)
-
Қоян
-
«Апай менің балам өте жыбырлақ, байқап қоясызба? ешкімге тимесінші» - рахмет сізге түсінгеніңізге. (Ата – ана балаңызды қасыңызға алып, ымсыз қарым – қатынас арқылы жеткізу)

(Педагог ымсыз қарым – қатынас арқылы жауап қайтару)
3.Түлкі
-
«Апай балама таңғы асты жақсылап бересіз бе, үйден ештеңе ішпейтін еді, мүмкін сіз берсеңіз ішіп қалар» - рахмет сізге түсінгеніңізге. (Педагог ымсыз қарым – қатынас арқылы жауап қайтару)
-
Қоян
-
«Апай менің балам өте жыбырлақ, байқап қоясызба? ешкімге тимесінші» - рахмет сізге түсінгеніңізге. (Педагог ымсыз қарым – қатынас арқылы жауап қайтару)

«Тілек ағашы»
(қорытындылау)
Мақсаты: тренинг туралы пікірлерін ортаға салу.
«Міне, қоштасатын да сәт жетті. Біз сіздермен ата - ана мен
балабақша арасындағы қарым - қатынастың түрлі жақтарын тануға, жан
- жақты талқылауға тырыстық.
Осы ағаштың тамыры – ата -
ана, діңгегі - тәрбиеші, жапырағы – балаларымыз. Егер тамырдан нәр
алып, діңгегі мықты болып, бұтағы жапырағын жайса ағашымыз жемісін
береді. Біздің ортақ жемісіміз ол бала.
Енді мына себеттен жапырақтарды алып, балаларыңызға тілек жазып,
ағашымызға жапсырып, , балаларыңыздың тек қана қызығын көрейік.
(музыкалық сүйемелдеу, тілек жазу).
Тренингке қатысқандарыңызға
көп рахмет. Сау болыңыздар.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Рахмет" пен "Алғыс айту" психологиялық тренингі

шағым қалдыра аласыз