жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
"Рахмет, саған әліппе!"
«Рахмет, саған әліппем!»
Мақсаты: Оқушылардың сауат ашу пәнін оқу барысында алған білімдерін тиянақтау;
өз өнерлерін ата — аналарына көрсету,эстетикалық талғамдарын тереңдете түсу,
өзін өзі басқаруы мен ана тілін сүйіп, қастерлеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: тақырып жазылған плакат, шарлар,
әріптер, «Әліппе», «Ана
тілі», «Математика», «Дүниетану» оқулықтарының макеті,
тапсырмалар
Барысы:
Мұғалім: Құрметті ата - аналар, ұстаздар, бүгін қуанышты күн. Міне, менің кішкентай балапандарым кеше ғана құшақтары гүлге толып мектеп табалдырығын аттап, қолдарына сүйікті де, сүйкімді Әліппе кітабын алған болатын. Сол әліппемен бүгінгі күні қимастықпен қоштасқалы отыр. Сіздердің алдарыңызда осы бүлдіршіндермен бүгін біз «Рахмет, саған әліппем!» атты ертеңгілігімізді өткізгелі отырмыз. Балаларымыздың білім шыңына басқан алғашқы қадамдары құтты болсын дей отырып, ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер!
Әліппені бітірді
балаларым,
Әліппеден нәр алған даналарым.
Өзі оқып жазатын хәлге жетті.
Құтты болсын білімі балалардың!
-
Жаны жомарт - Арыстан мен талабы таудай - Ұлжан
-
Ұшқыр ойлы – Гүлфайруз бен білімге құштар - Бекнар
-
Ерке мінезді Інжу мен ұтқыр да тапқыр – Темірлан
-
Дарынды дарабоз- Ақтілек пен өнерлі бикеш Нұрай
-
Байсалды жан Ақниет пен инабатты Жанерке
-
Жаны жайсаң – Бейбарыс пен ақкөңілді Ақзат
-
Аяулы әнші Жанерке мен сымбатты жігіт Мейіржан
-
Ұяң мінезді Мейіржан мен сылқым қыз Әдемі
-
Жанашыр Жанболат пен нәзік жанды Жаннұр
Сынып оқушылары қызықты да ғаламат өзгерістер сыйлаған , білім нәрімен сусындатқан, өмірде өз жолдарын табуға жол сілтеген ұстаздарына, ата- аналарына өнерлерін көрсетуге дайын. Олай болса, оқушылар, сөз кезегі өздеріңізде.
Хормен: Үлкенге
де сіз,
Кішіге де сіз.
Қонақтарды құрметтеп,
Бас иеміз біз.
1-жүргізуші
–Ақтілек: Ассалаумағалейкум, уа, халайық!
Армысыздар, аналар,
Бармысыздар, балалар,
Сөзіме құлақ салыңыз,
Бір серпіліп қалыңыз.
Әліппеге арналмақ,
Бүгінгі жыр,әніміз!
2-жүргізуші-Нұрай:
Көз салып қараңызшы бойымызға
Ортақ боп бүгінгі өскен
ойымызға.
Хош келіпсіз, ұстаздар,
ата-аналар,
Әліппемен қоштасу
тойымызға.
1- жүргізуші-Ақтілек:Өтті оқу сан сабақ,
Бүгін үлкен салтанат.
Оқулықпен достаспақ,
Әліппемен қоштаспақ.
Өсті білім, ойымыз,
Екеуі бірге: Құтты болсын тойымыз!
2-жүргізуші-Нұрай:
Ақтілек, мен бүгін шексіз қуаныштымын, өйткені алғаш хат танытып,
сауатымызды ашқан Әліппені
бітірдік.
1-жүргізуші-Ақтілек:
Ия, Нұрай, менің де қуанышымда шек жоқ. Мен
енді өзім оқып, өзім жаза аламын. Ертегі, әңгімені де өз бетімше
оқи аламын. Біз
мектепте көп нәрсені - кітап оқуды, өлең жаттауды, сурет салуды, ән
айтуды үйрендік. . Осы біздер қандаймыз?
2 –
оқушы: Мың бұралған бишіміз
3 –
оқушы: Біз қызықпыз, қызықпыз.
Сәл
еркелеу бұзықпыз.
4-0
Біз шеберміз
Ақылдымыз
6-0
Үлкенге ізеттіміз
Кішіге қамқоршымыз
7-0 Көп
оқимыз
Терең оқимыз
8.
Өнерліміз
Жанып тұрған
шырақпыз
Толқынды су бұлақпыз
10. Елімізді
өркендетін
Қазақ тілін
көркемдететін
11.
Бабаларға тағзым ететін
Аналарға бас иетін
12. Елтаңбасымен
еңселі
Туымен
тұғырлы
Әнұранмен айбатты
Хормен:
«Біз қазақ елінің болашағымыз!»
2-жүргізуші-Нұрай: Ендеше, қонақтарымызға арнап барлығымыз әсем ән айтып берейік.
Хор: «Мектебім, аяулы мектебім»
1 жүргізуші-Ақтілек: Достар, мен сендерге жұмбақ жасырайын. Тауып көріңдерші.
Іші толы әріпке,
Білімдегі жарық не?
Хормен:
Болашаққа жол ашқан
Ол
сүйікті- Әліппе!
2-жүргізуші-Нұрай:
-Олай болса, бәрімізге ең қымбат Әліппені ортаға
шақырайық.
Хормен: Әліппе! Әліппе!
Әліппе!
Әліппе: Армысыңдар жас
достар!
Армысыңдар,
ата-ана!
Болашаққа жол
бастар,
Әліппең келді
ортаға.
Менің жас достарым! Мен сендермен жарты жыл бірге болдым. Ал, бүгін сіздермен қоштасқалы келіп тұрмын. Сіздер меннен осы уақыт ішінде не үйрендіңдер ? Соны көріп кетуге келдім.
1-жүргізуші-Ақтілек: Әліппе, Сіз бүгін кешіміздің ең қадірлі қонағысыз! Сондықтан құрмет тағына жайғасыңыз.
2-жүргізуші-Нұрай: Жақсы білім көрімдік
Болсын бізге халайық.
Не үйрендік, не білдік,
Кәне ортаға салайық.
1-жүргізуші-Ақтілек: Ендеше, достар! Біз Әліппеге осы уақытқа дейінгі алған білімімізді көрсетіп, ән – күймен, өлеңдермен өрнектеп, өнерімізді ортаға салайық./тақпақтар айтады
Жаннұр: Алфавитті жатадық
Онда жүйе, қалып бар,
Біздің қазақ тілінде
42 әріп бар.
Келгенде алғаш мектепке,
Білмеуші едік әріп
те
Оқимыз қазір ертек
те
Үйреткен оны
Әліппе
Темірлан:Арта
берді кітапқа
Бойымдағы
құмарым,
Бірге жүрген
қасымда,
Әліппе болды
сыңарым
Енді біз жаза аламыз,
Әріпті қосып әріпке,
Риза боп саған жүреміз,
Сүйікті біздің Әліппе.
Жанболат:Бар кітапқа бас болған,
Әліппе ғылым ағасы.
Әліппеден басталған,
Даналықтың данасы.
Көлге айналған бұлақтың,
Қайнар көзі әліппе.
Том – том қалың кітаптың,
Басы болар әліппе!
Ұлжан:
Әліппе – білім анасы,
Әліппе – кітап
данасы.
Әліппе бетін
ашпаған,
Адамның бар ма
баласы?
Оқуды көп ойладық,
Қызығына тоймадық.
Әріптерді үйреніп,
Сауат ашып тойладық.
Әліппем менің әліппем!
Сені қолға алып мен
Есігін аштым мектептің,
Ертеңгі сәуле жарықпен.
Мұғалім: Балалар, Әліппе сендерге тапсырмалар алып келген екен. Қалай орындаймыз ба?
№ 1 тапсырма:
Қазір сендермен «Кім жылдам?» ойынын ойнайтын боламыз. Шарты: тез арада көрсетілген сұрақтарға жауап беру керексіңдер.
№2 тапсырма: «Есеп беру» ойыны Шарты: Әр қадам басқан сайын өз үйренгендерін айтып шығу.
№2 тапсырма:
Келесі «Ой тасқыны» ойыны. Шарты: «Табиғатым адамзатқа аманат» бейнеролигіне қарап, «Табиғатым - тынысым» өлеңің құрастыру.
Көмейден құйылады жырдың басы
Өлеңнің тасығандай дариясы
Күй тартсам, ән шырқасам, ширай берем
Сұңқардай қияға ұшқан кең құлашты – дегендей ортаға
Ән:
«Әліппе» орындайтын Сымбатты жігіт
Мейіржан.
1-жүргізуші-Ақтілек: Нұрай, қарашы, өнер -білімнің барлығы да мектептен басталады. Біз әліппенің арқасында көп нәрсені оқып-үйрендік. Жүрекке жылы тиетін: «Отан. Ата-ана, Мектеп, Әліппе» сөздерімен таныстық. Ендеше кезекті жыр шашуға берейік.
Мұғалім: Дұрыс айтасың Ақтілек, Біз отан, туған жер, еңбек, достық туралы көп нақыл сөздермен және мақал- мәтелдермен танысқан болатынбыз.
(өткен мақал- мәтелдерге тоқталу)
Көрініс: «Ұстаз бен шәкірт»
Ақ көңілім айналды аппақ
қарға,
Көңілдене қосыл сен ән
мен жырға.
Қыс қызығы басылмай
ұласады,
Қуаныш көп болсын келе
жатқан жаңа жылда- дей келе, Ән: «Ұстазым»
Орындайтын Ақтілек пен
Жанерке
2-жүргізуші-Нұрай: Ия, Әліппенің достары бар. Біздер Әліппені меңгерумен қатар басқа пәндерді де оқыдық қой. Ақтілек, айтшы, біздер есеп шығаруды, санамақтарды қандай пәннен үйрендік?
1-жүргізуші-Ақтілек: Математика пәнінен.
2-жүргізуші-Нұрай: Ия, дұрыс айтасың. Ол – математика пәні.
Оқи берсең ғылымды,
Артық болмас
баршасы.
Математика –
өмірде,
Ғылымдардың патшасы,
демекші ортаға математика пәнін шақырайықшы. Әліппе досын көріп
қуанып қалсын. /ортаға математика келеді/
Математика: Өмірдегі заттарды,
Есептейтін бәрін мен.
4 амалды қолданған,
Математика пәнімін.
Балалар, бүгін біз аяулы досымыз Әліппемен қоштасамыз. Сендер меннен де көп нәрсені үйрендіңдер ғой. Меннен алған білімдеріңді Әліппеге көрсетіп қалыңдар. Есепке кім жүйрік екен, көрейік. Ол үшін мен сендерге тапсырмалар мен ойындар алып келдім.
«Кім тапқыр?» Шарты: ортаға 9-9 оқушыдан шығып, тапсырма суырады. Өрнектерді ауызша есептеп, пішіндерді атау қажет. 5+5 6+2 5+4 8+2 7+3 3+5 1+9 4+2 3+3
Тұйықталған сызық, кесінді, сәуле, тұйықталмаған сызық, алтыбұрыш, бесбұрыш, үшбұрыш, төртбұрыш, шеңбер.
Ойын: «Молекула» .Шарты: ортаға 5 оқушы және 5 ата-ана шығады. Музыкамен билеп жүреді. Санды айтқанда бір-бірімен бірігіп қалуы керек. Үлгере алмай қалған оқушы ойыннан шығады.
1-жүргізуші-Ақтілек: Жарайсыңдар, достар! Есепке жүйрік екенсіңдер! Математика оқулығына көп рахмет ! Нұрай , Әліппенің Дүниетану деген де досы бар ғой. Мені шақырған жоқ деп ренжіп қалып жүрмейді ме?
2-жүргізуші-Нұрай: Ия, Ақтілек, менде солай ойлап тұрмын.Бізді айнала қоршаған ортамен дүниетану оқулығы таныстырған болатын. Әне, қарашы, Дүниетанудың өзі де келе жатыр./ортаға дүниетану келеді/
Дүниетану: Сәлеметсіздер ме, балалар? Мен бүгін 1 сынып оқушылары Әліппеге білімдерін көрсетіп жатыр дегенді естіп, орталарыңызға келіп тұрмын. Әліппеге меннен не үйрендіңіздер қане, көрсетейікші:
«Кім жылдам?»
Мен сөздер оқимын, тірі табиғатты атағанда қол шапалақтаймыз, ал өлі табиғатты атағанда аяқпен топылдатамыз: тау, үйрек, құм, қой, көбелек, су, құмырсқа, гүл.
Сезім мүшелерін көрсетейік, қолдарымызбен ұстаймыз.
Есту мүшесі 2) Иіс сезу мүшесі 3) Көру мүшесі
4) Дәм сезу мүшесі 5) Сипап сезу мүшесі
«Болжау» ойыны. Шарты: Бүгінгі ауа райын шартты белгілермен белгілейік.
1-жүргізуші-Ақтілек: Жарайсыңдар! Ойын ойнап сергіп қалдық. Дүниетану сізге көп рахмет! Балалар, енді әліппемен қоштасатын да кез келді.
Бекнар: Әліппе сауатыңмен санамды аштың,
Достарыммен теңдес араластым.
Үйреніп, әріптер мен әңгімені,
Күн сайын алға қарай қадам бастым.
Мейіржан:
Ізгілікті ойға
тоқитын,
Шәкірт боп үздік
оқитын.
Әліппе атты
кемемен,
Кеземін Білім
мұхитын.
Арыстан: Қош бол, құтты Әліппем,
Көп нәрсені үйреттің.
Таныстырып әріппен,
Тақылдатып сөйлеттің.
Қош бол құтты
Әліппем.
Сенің арқаң оқи жаза
білгенім,
Сауатты адам санатына
енгенім
Жанерке: Біз енді Әліппемен қоштасамыз,
Жолына гүлмен қоса жыр шашамыз.
Білімнің бұлағынан сусындауға,
Көптеген кітаптармен достасамыз.
Ақниет: Әліппе жарты жылдай жолдас болдым,
Ана тілге әкеліп жалғастырдың.
Әр әріпті қостырып, сөзін құрап,
Хат танытып, алғаш сен көзімді аштың.
Інжу:Ең алғаш қолға алғанда Әліппені,
Қызығып қарай бердім әріптерді.
Мен үшін сыры жұмбақ бұл кітаптың,
Ұстазым маған кілтін алып берді.
Қош болып тұр, әліппе, анамдайсың,
Жақсы бол деп, біздерге алаңдайсың.
Мен үйреткен әріптің құдіретімен,
Дейсің бізге кірпіш болып қаланғайсың.
2-жүргізуші-Нұрай: Әліппе бізге қаншама нәрсе үйреткен екен. Әліппенің арқасында жазуға, оқуға, сөз, сөйлем құруға дағдыландық.Ендеше әліппеге не дейміз.
Хормен: Әліппеге мың рахмет!
Әліппе: Балалар, мен сендерге өте ризамын. Менің Ана тілі атты әпкем сендерді алға жетелеп әкетеді.Ендігі жерде Ана тілін сүйіңдер демекшімін. Оқығандарың есте болсын! Күнделіктерің беске толсын деген ниетпен мен сендерге 5 –тік деген бағаны сыйлап кеткім келіп тұр. (бестікті табыс етеді)
Ал, балалар, қош сау болыңдар!
Бәрі
бірге: Қош сүйікті
Әліппе!
1-жүргізуші-Ақтілек: «5» болсын алар бағамыз,
Біліммен бақыт табамыз,
Өнер-білім көп оқып.
Өсе берсін санамыз!
Ән: «Оқуда озат боламын» орындайтын инабатты ару Ақзат
1 –жүргізуші-Ақтілек: Ана тілім – ардағым. Дана, сен Ана тілі деген атаудың себебін білесің бе?
2-жүргізуші-Нұрай: Ия, Ақтілек, білемін. Ол анасындай қастерлесін дегені.
1-жүргізуші-Ақтілек: Уа,
халайық, халайық,
Мұнда назар салайық.
Бәріміз енді қол соғып
Ана тілін қарсы алайық. /Ортаға ана тілі
келеді./
Ана тілі: -Сәлеметсіздер ме, балалар?
Бірге: Қош келдіңіз, Ана тілі.
Ана тілі: Туған елдің тілімін,
Ақылыммен танылдым.
Түсіндірер бәріңе
Ана тілі пәнімін.
Балалар, Енді мені оқитын боласыңдар. Мен сендердің Әліппеден оқып білгендеріңді ары қарай жалғастырамын.Сіздерге көп нәрсені үйретемін. Тек Әліппені қалай меңгерсеңдер, мені де солай оқыңдар. Жарай ма?
1-жүргізуші-Ақтілек: Құрметті ана тілі, біз әліппеден оқып үйренгенімізді сізбен әрі қарай жалғастырамыз. Сізді алдағы уақытта қадыр тұтамыз, қастерлейміз деп уәде береміз.
2-жүргізуші-Нұрай: Ана, тілі, біздің Сізге арнаған тақпақтарымыз бар. Соны бірге тыңдап көрейікші.
Гүлфайруз:
Әліппемен қош айтысып
қаламыз,
Енді қолға Ана тілін
аламыз.
Ата-ана, қуанышқа ортақ
бол,
Сауатты боп шықты, міне
балаңыз.
Мейіржан: Ақыл-ойын даланың,
Ана тілден аламын.
Ана тілім ардақты,
Ақ сүтіндей анамның.
Ана тілің – құралың,
Ана тілің – ұраның
Ана тілің болмаса,
Мықты болмас тұрағың.
Бейбарыс:Ана тілің арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте.
2-жүргізуші-Нұрай: Ақтілек, бізді осындай күнге жеткізіп, сабаққа дайындаған, білсек –қуанып, білмей қалсақ ренжитін кім екенін білесің бе?
1-жүргізуші-Ақтілек: Әрине, білемін. Олар бізбен бірге жүрген анамыз бен әкеміз, атамыз бен әжеміз және ұстазымыз емес пе?
2-жүргізуші-Нұрай: Ия, дұрыс айтасың! Әліппені оқу барысында ата – анамыздың қосқан үлесі өте мол. Ата – аналар, сіздерге көп рахмет!
Алғашқы ұстаз –Нұргүл апайға мың алғыс!
Ән: «Астана» орындайтын Ерке жігіт Бейбарыс
1-жүргізуші-Ақтілек: Бүгінгі кеш әр үйдің « Той басы» деп саналар.
Балалардың есімі әулеттерге таралар.
Ырым етіп сондықтан ертеңгілік соңында,
Ақ тілекпен баршаға тілек айтар қонақтар, - демекші сөз кезегі қонақтарға беріледі.
Мұғалім: Жалығуды
білмейміз
Жабығуды
білмейміз
Жау
қазындай көздер тартып
Жайран қағып билейміз-
дегендей, Вальс биі: 1-кл
оқушылары
Мұғалім: Балалар, біздің отанымыз не? (Біздің отанымыз -Қазақстан)
Біздің елбасымыз кім?
Біз болашақ өрендер өз отанымызға деген сүйіспеншілігімізді қалай білдіреміз?
Қыран құсым көк аспанда самғасын
Желбіресін көк байрағым сан ғасыр
Жас ұландар, берік ұста туыңды
Жарқыратып туған елдің таңбасын
Байтақ дала – жерім менің
Арта берсін жерің сенің
Көк байрағың желбіресін
Егеменді елім менің
Хор: «Көк тудың желбірегені»
2-жүргізуші-Нұрай: Баршаңызға уақыттарыңызды бөліп
қуанышымызға ортақтасып келгендеріңізге көп рақмет!
Екеуі бірге: Қош сау болыңдар!
Қарабұтақ орта мектебі
«Рахмет , саған әліппем!»
(1-класс әліппемен қоштасу кешінің сценарийі)
Өткізген: Бастауыш класс мұғалімі Ижанова Н.
Желтоқсан, 2015 жыл.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген