Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
«Рахмет саған Әліппе»
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
«Рахмет саған Әліппе»
Мақсаты:
Оқу тілін дамытып, сөздік қорын молайту. Оқушылардың әліппеден алған білімдерін тиянақтау.
Әр оқушының іс - әрекеттері арқылы икемділігін, қабілеттерін көрсету, шығармашылық мүмкіндіктерін ашу;
Оқушылардың елін, Отанын сүюге, оны қорғай білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Қазақ әліпбиі, суреттер, нақыл сөздер, «Әліппе», «Ана тілі», көрнекілік, шарлар.
Мұғалім:
-
Армысыздар, құрметті ата-аналар, ұстаздар, қонақтар! Бүгін сіздерді
1 «А» сынып оқушыларының әзірлеген «Рахмет саған әліппе» атты ертеңгілігін тамашалағалы отырсыздар.
Шәкірттердің тұңғыш рет қолдарына ұстап, бетін ашқан оқулығы -Әліппе.
Бұл кітап бүкіл ғылым дүниесінің алғашқы соқпағы, білімге бастайтын алғашқы жолы. Әліппе 42 әріпті танытып, оқуға жазуға үйретіп сауаттылықтарын арттырды. Сондай жағадайға жеткізген, сүйікті Әліппемен бүгін қоштасқалы отыр.
Бала деген шіркін-ай балдай екен,
Тәттілігі жая мен жалдай екен.
Арып –ашып даладан келегенде,
Бал иісін таттырып алдайды екен, -деп Кенен атамыз айтқандай, кішкене бүлдіршіндердің бал тіліне кезек берейік.
І - оқушы
Қайырлы күн, уа, халайық!
Армысыздар, мұғалімдер, әз жандар,
Білім іздеп, инемен құдық қазғандар,
Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді,
Би биленіп, әнде бүгін шырқалар.
2 - оқушы
Көз салып қараңызшы бойымызға
Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға.
Қош келіпсіз, ұстаздар, ата - аналар,
Әліппемен қоштасу тойымызға.
Мұғалім:
Өсті міне бойларың,
Өсті ақыл - ойларың.
Қуанышқа ортақпын,
Құтты болсын тойларын!
Мұғалім:
-Балалар мен сендерге сұрақ қойғым кеп тұр. Сендер сұрақтың жауабын табыңдаршы.
Іші толы әріпке,
Білімдегі жарық не?
Хормен:
Болашаққа жол ашар -
Ол сүйікті - Әліппе!
Ол сүйікті - Әліппе!
Мұғалім:
- Олай болса, бәрімізге ең қымбат Әліппені ортаға шақырайық.
Хормен: Әліппе! Әліппе! Әліппе!
Әліппе: (қоржыны бар, қоржынында дидактикалық материалдар бар )
Армысыздар жас достар!
Армысыздар, ата - ана!
Інкәр:
Төрлет Әліппе қонақ бол.
Балалар біз Әліппеге өз өнерімізді көрсетейік
Әліппе: Білім деген ғажап шың,
Әліпбиімен меңгерген
Басталады сендермен
Таудай болса талабың
Айтары көп әріптің
Қуанышы баланың
Қуанышы халықтың.
Жақсы білім көріндік
Болсын сізге халайық.
Не үйрендік, не білдік,
Кане ортаға салайық.
Құрметті менің достарым.
Мұғалім: -Әріне, Әліппе енді сізге деген ризашылық сезімімізді бүлдіршіндер өлең жолдары арқылы жеткізсің.
1 - оқушы:Махбал
Әліппем менің Әліппем,
Сені қолға алып мен.
Есігін аштым мектептің,
Ертеңгі сәуле жарықпен.
Амир
Әліппе, Әліппе
Алғашқы әріппен
Ана деп қазір біз
Жазуға әзірміз
Малика
Келгенде алғаш мектепке,
Білмеуші едік әріпте,
Оқимыз қазір ертекте,
Үйреткен оны Әліппе!
Серікбол
Әліппе деген алтын жол
Апарар сені алысқа.
Жеңіл емес ауыр жол
Тырысып бақ намысқа.
Айгерім:
Бар кітапқа бас болған
Әліппе - ғылым анасы.
Әліппеден басталған
Даналықтың данасы.
Камила
Алфавиттің
А тұрады басында
Әрқашан да
Ә тұрады қасында.
Байқадың ба?
Б тұрады үшінші.
Ал осының сыры неде?
Түсінші:
Аягөз
А деген ол – аналар ғой ардақты,
Ә деген ол – әкелер ғой салмақты,
Б деген ол - балалар ғой әдемі.
Біздің елде үшеуі де кәделі.
Нұрай
Әсемпаз болма әрнеге,
Өнерпаз болсаң, арқалан.
Сен де бір кірпіш дүниеге,
Кетігін тап та, бар, қалан!
Ән: «Әліпбиі»
Інкәр
Қане бері қарайық,
Зейін қойып тыңдайық
Әріптермен танысу
Тақпақтардан бастайық.
Шапағат:
Енді ортаға әріптерді шақырайық.
Нұрай
Қ дегенім қала
Жан-жағына қара.
Қатар қатар үйдің
Қабаттарын сана
Серікбол
А дегенім
Ақ тілекті батаң
Ақыл сөзін
Ардақтай біл ботам.
Зура
З дегенім зебр
Тұяғы оның темір
Шөп іздесе шөлде
Кірмейді оған шөгір.
Махбал
А апатайым, анашым
Ақылы сен әр үйдің
Қ-Қауырсының құстардың
Қызықтауға құштармын.
Исламбек
Сыр сандығым ашылды
Сақина сырға шашылды
Аягөз
Т дегенім талап,
Көңіліммен қалап.
Талапты бол сенде,
Оқып жақсы сабақ
Алыбы алыптардың Ата-Ана,
Ақыл, Ар, адам арман А-дан ғана.
Айгерім
Н дегеім наным
Нанмен бірге әнім
Толғанай
Ұ дегенім ұлан
Ауызыңда ұран
Ту көтеріп тұрған,
Ұлан нағыз қыран
Саида
Л дегенім лағым
Кезіп ауыл маңын
Маңыраған кезде
Бір тыңбайды жағың
Амир
Астана –Астанам
Астана бас қалам
Ардақтап атыңды
Ауызымнан тастаман.
Камила
Наным менің нәрім
Әнім менің сәнім
Малика
Ырысбек сүйер жұмысты
Ықыласпен жуды ыдысты.
Інкәр:
Ендше бұл әріптерден құралған сөзді оқып көрейік.
«Қазақстан ұланы» сөздері
Әні: «Әліппе» Толғанай
Шапағат: Екеуіміз де Әліппе жайлы жырладық. Ал, сен білесің бе?
Ең алғаш әліппені кім жазған?
Інкәр: Әрине, Ол Ыбырай Алтинсарин атамыз ғой. Олай болса достарымыз Ы.Алтынсарин атамыз туралы өлеңдерін тыңдайық.
Айгерім:
Ұстаздың тұңғышы да, зоры да сен
Халықтың кітап берген қолына сен.
Қазақтың қара түнек аспанынан,
Ақ жұлдыз ағып өткен жолың әсем.
Нұрай:
Данышпан даласына сеніп туған
Өмірін халық үшін беріп туған.
Еліне еңбек еткен деген сөздің,
Алғашқы мағынасын сен ұқтырған.
Әліппе: Рахмет балалар.
Қане бері қарайық,
Зейін қойып тыңдайық
Әріптерді танысақ
Қызық ойын ойнайық.
Ойын: балаларға асық береміз, музыка қосылғанда асықты ары қарай бір - біріне береді, музыка тоқтағанда асық кімнің қолында қалады сол бала тапсырманы орындайды.
-
Карточка мен жұмыс (оқушылар карточканы қоржыннан алып сұраққа жауап береді)
Менің сендерге қояр сауалнамам бар.
-
Қазақ тілінде қанша әріп бар?
-
Сөйлем, неден тұрады?, сөз неден құралған?
-
Автобус, трамвай, машина бір сөзбен қалай аталады?
-
Қазақ тілінде дыбыстар қандай болады?
-
Бас әріпппен қандай сөздер жазылады?
2. Мәтін жазылған парақтарды қоржыннан алып дауыстап оқиды
Әліппе: Өте жақсы балалар
Мұғалім: Балалар, әріптерді танып қана қоймай, олардың басын қосып осылайша оқи білулерін ата - ана үшін де, мен үшін де үлкен қуаныш. Жарайсыңдар , балалар әріптерді танисыңдар , енді буындардан сөз құрайық.
қа |
ла |
ба |
лық |
тақ |
та |
қа |
лам |
шыр |
ша |
мек |
теп |
кі |
тап |
пар |
та |
Шапағат: Өнерлі бала сүйкімді –демекші ортаға биші қыздарыңыз Нұрайды қарсы алаңыздар.
Би: Нұрай
Інкәр
-Иә, бүгін біздің қуанышымызда да шек жоқ. Өйткені біз тұңғыш сауатымызды ашқан «Әліппені» бітірдік.
-Алдарыңызда келесі «Әліппе» әнің орындайтын сыныптасым Зураны қарсы алыңыздар.
Ән: «Әліппе» Зура
Інкәр: Әлі талай баспалдақты басамыз
Биік-биік асулардан асамыз
Ұстазым сізден алған білімді,
Өмір бойы жанымызды сақтармыз.
Исламбек
Келгенімде алдыңа
Қызыл арай гүл алып,
Жақын тарттың жаныңа
Шәкіртім деп қуанып.
Зура
Сипадың да басымнан,
Әліппені ұсындың.
Бақытымның осыдан
Басталғанын түсіндім.
Толғанай
«Әліппе» даңғыл жол ашты
Жаңадан пәндер жалғасты
Әліппе сырын ұқтырған
Рахмет ұстаз алғашқы.
Шапағат:
Үйретіп бізге алғаш Әліппені
Ұстазым ғылымға жол салып берді
Адамның ой-арманы, мақсаттары
Оқудың сәулесімен жарық көрді.
Амир:
Жүзін жылы құшағын кең
Сенен түлеп ұшамын мен
Өзің берген білімнен
Биіктерге шығамын мен.
Адиль
Ақылшым, асыл ұстазым
Жолымды ақын нұсқадың
Қасыма кеп қанша сен
Қамқор боп, қалам ұсттатың.
Ән : «Ұстаз »
Көрініс: «Әке мен бала»
Мұғалім:
Барлық әріп бағалы
Айттық әділ бағаны
Әріпсіз сөз болмайды
Буын онсыз толмайды
Адам барлық әріпті
Ардақтайды қолдайды.
Балалар ондай болса, барлығымыз әліппеге рахмет айтайық.
Ән: «Рахмет саған Әліппем»
Өзбек биі: Аягөз
Әліппе:- Ал достар, бүгін сендер енді менің жолымды әрі қарай жалғастыратын ана тілі пәнімен танысасыңдар. Ана тілін ортаға шақырайық.
Ана тілі:
- Сәлеметсіңдер ме, балалар?
Туған елдің тілімін,
Ақылымен танылам.
Түсіндірер бәріне
Ана тілі пәнімін
Ана тілің-арың бұл
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл
Өз тіліңді құрметте!
-Балалар , енді сендер мені оқитын боласыңдар, ынтамен оқып көп нәрсені үйренесіңдер!
Балалар мен сендердің келешекте сауатты азамат болатындарына сенемін.
Бір аллаға сыйынып ,
Кел, балалар, оқылық
Оқығанда көңілге
Ықыласпен тоқылық.
Оқысаңыз, балалар,
Шамнан шырақ жағылар.
Тілегенің алдыңнан
Іздмей-ақ табылар.
Әліппе: Ал, енді мен сендермен қоштасамын.
Сабақты жақсы оқыңдар!
«5» болсын алар бағамыз,
Біліммен бақыт табамыз,
Өнер - білім көп тоқып,
Өсе берсін санамыз!
Қош болыңдар, балалар!
Хормен: Қош бол, қош бол, құтты Әліппе!
Мұғалім:
Әліппемен қош айтысып қаламыз,
Енді қолға ана тілін аламыз.
Ата - ана қуанышқа ортақ бол,
Сауатты боп шықты міне балаңыз!
Ән: «Жақсы көрем ата-әжемді» Айгерім
Мұғалім:
Бүгінгі кеш әр үйдің тойбасы деп саналар,
Балалар есімі әулеттерге таралар.
Ырым етіп сондықтан тойымыздың соңында
Ақ ниетпен баршаға тілек айтар қонақтар.
Ұстаздар –ұлттың тірегі
Ұстаздар-мектеп жүрегі
Ұрпаққа жетер ұстазбен
Халықтың ұлы тірегі- деп мектеп әкімшілігіне және ата-аналарға сөз береміз.
Мұғалім: Құрметті ата-аналар, балалардың алған білімі ертеңгі үлкен өмір жолына мықты іргетас болсын, сізбен біздің үмітіміз ақталсын, еліміздің жарқын болашағы балаларымыз білімді алғыр, мейірімді, адамгершілігі биік дені сау болсың!
Ата - аналардың балаларға арнаған сыйлықтарын таратамыз.
Ертеңгілігіміз аяқталды.
Назарларыңызға рахмет!
Ақмола облысы
Зеренді ауданы
Шағалалы орта мектебі
Тақырыбы:
«Рахмет саған Әліппем»
Өткізген: Заводхан Р.
2016ж.