жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
"Рахмет, саған әліппе!" Сыныптан тыс іс- шара
Тақырыбы: Рахмет, саған әліппе !
Мақсаты:
Әліппе
кезеңінде алған
білімдерін
көрсету
Міндеттері:
1.Білімділік:
Әліппе
кезеңінде алған білімдерін көрсету,
өткен 42 әріпті еске түсіру.
2. Түзету – дамытушылық: Сөздік қорын, ойлау қабілетін дамыту. Ақыл - ойын, сөйлеуін тілін дамыту. Жатқа айту дағдыларын, еркін сөйлеу, тез ойлау қабілеттерін көрсету.
3.Тәрбиелік: Үлкенді сыйлауға, кітапты қадірлеуге тәрбиелеу.
Қоршаған
ортаға деген сүйіспеншілікке, жанашырлыққа,
бауырмалдыққа тәрбиелеу. Ұқыптылыққа,
дербестікке тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: әріптер
жазылған қалпақтар, шарлар, тапсырмалар,
Әліппенің , Ана тілінің суреттері.
Күй «Сарыарқа»
Мұғалім: - Құрметті ата-аналар, ұстаздар,оқушылар!
Бүгін сіздер 2 «А» шәкірттерінің «Рахмет, саған әліппе !» атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер! Міне, бүгін біз барлық ғылымның атасы, біздің болашағымыздың негізі – әліппені бітіріп отырмыз. Бүгін біз шексіз қуаныштымыз, өйткені алғаш хат танытып, сауатымызды ашқан , біздің жақын досымыз әліппемен қош айтысар кез келді. Білім әлемінің беташары – Әліппені табысты аяқтауымен құттықтаймын.
Алишер:
Қош келіпсіз, ақ жаулықты аналар,
Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар.
Алдарында қызғалдақтай құлпырған,
Біз алаңсыз балғын шақты балалар.
Даулет:
Көз салып қараңызшы бойымызға
Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға.
Хош келіпсіз, ұстаздар, ата-аналар,
Әліппемен қоштасу тойымызға.
Мұғалім: Әліппемен қоштасуға аздаған ғана сәттер қалды. Осы сәтті қызықты да, көңілді өткізу өзімізге байланысты. Алдымен сіздермен таныс болайық!
Алишер: Қане, әріптер, шығыңдар!
Орындарыңа тұрыңдар!
Бастайық, қане айтысты,
Жібермейік намысты.
Мұғалім: Ал ендігі кезекті оқушыларға берейік.
«Ә»: Әжем әнге басады,
Әтеш ұйқы ашады. ( Әли )
«А»: А дегенің ана ғой,
Ана деген дана ғой. (Дархан)
«Б»: Б дегенің бала ғой,
Жұмсаса апаң бара ғой. (Болатбек)
«Г»: Г әрпімен гүлденер,
Қызғалдақты қырат, тау. ( Әлинұр)
«Ғ»: Ғ әрпімен бір келер,
Ғылым атты ұлы тау. ( Чингис )
«Д»: Д әрпінен басталар,
Дархан, дария, далам бар. ( Ақниет )
«Е»: Е-ні ұмытпас ешқашан,
Елін сүйген жарандар. (Алишер )
«Қ»: Қартқа қол бер,
Жасқа жол бер. ( Нұртілек )
«О»: Отан – жерім, отан – суым,
Отан – ұран, отан – туым, ( Дидар )
«Ш» Ш дегенің шапағат,
Тие берсін баршаға. (Ажар)
«Х» Х дегенің сәлем хат,
Қуанышын қаншама.( Ерсайын )
«С» С дегенің санамақ,
Үйренерсің санап –ақ ( Ислам )
«И»: И дегенің – иманың,
Адалдықтың асқары. ( Даулет )
Мұғалім:
Өсті міне бойларың,
Өсті ақыл – ойларың.
Қуанышқа ортақпын,
Құтты болсын тойларың!
- Балалар мен сендерге сұрақ қоюдан бастаймын. Сендер оған жауап айтыңдаршы.
Іші толы әріпке,
Білімдегі жарық не?
Хормен: Болашаққа жол ашқан,
Ол сүйікті Әліппе!
Мұғалім:
- Олай болса, бәрімізге ең қымбат Әліппені ортаға шақырайық.
Хормен: Әліппе.
Әліппе:
Менің атым - Әліппе,
Мені анаңдай дәріпте.
Мені оқып ер жеткен,
Аған менен әпкең де.
Әліппең келді ортаға.
Бүлдіршіндер, балғындар!
Не үйреніп, не білдік
Кәне ортаға салайық.
Әліппе: – Осы сендер қандайсындар?
- Талабы биік таудаймыз.
- Мың бұралған бишіміз.
- Біз шеберміз.
- Ақылдымыз.
- Үлкенге ізеттіміз, кішіге қамқормыз.
Балалар мен өзім жалғыз келген жоқпын, менімен бірге қонаққа сиқыршы келді.
Сиқыршы: Сәлеметсіңдерме балалар, қонақтар!
Бүгін мен сендермен бірге бір ойын ойнасам деймін. Ойнаймыз ба?
Балалар: Ойнаймыз.
Сиқыршы: « Менің оқу құралдарым» (Слайд)
-Балалар, оқу құралдары бізге не үшін қажет?
-Кәне, кім оқу құралдарын атап береді?
-Дәптер не үшін керек?
-Оқу құралдарын неге салып тасимыз?
-Бояумен не істейміз?
«Сөмкені жина» ойыны
Ойын ережесін еске түсірейін: Мектепке оқу құралдарын сөмкеге жинау керек. Салған заттардың аттарын атау
Ән: «Тұлпарым» Дәулет
Сиқыршы: Ал сендер әліппе туралы тақпақтар білесіңдер ме?
Балалар: Ия
Дәулет: Бар кітапқа бас болған,
Әліппе ғылым анасы.
Әліппеден басталған,
Даналықтың данасы.
Әли : Іші толы әріпке,
Мынау әйбат, Әліппе
Барлық ілім-білімнің
Әжесі осы Әліппе
Ислам: Жақсы кітап Әліппе,
Үйретеді әріпті.
Қуыршақпен қоштастым,
Әліппемен достастым.
Әлинұр: Мынау менің әліппем,
Көгілдір тудың түсіндей.
Ақылшы жақын досымдай,
Қымбатты маған кісімдей.
Мұғалім: – Балалар, Әліппе сендерді оқуға, жазуға үйретті. Сол үшін Әліппе достарыңа не айту керек?
Хормен: Балаларға ақ тілек,
Болашаққа бақ тілеп.
Біздерге білім үйреткен,
Әліппе, саған рахмет.
Мұғалім:
Балалар халқымызда «Ойын ойға жетелейді»
деген сөз бар Олай болса ойнап көрсек
қалай қарайсындар?
Мұғалім:
Балалар,
қазір бір ойын ойнайық.
Ойынның
аты
«Шашылған буындар» буындардан сөз құрастыру керек.
БА-ЛА,МЕК-ТЕП,ОҚУ-ШЫ,
Әліппе: Ретімен тізбелі
Әрбір санды даралап,
Қайсың барсың бізге енді
Айтып берер санамақ?
Санамақ айтайық
Чингис:
1 дегенім- бесік,
Шықтың содан өсіп.
Ерсайын:
2 дегенім – елім,
Далам, тауым, көгім.
Ақниет:
3 дегенім – үміт,
Үміт артар жігіт.
Болатбек:
4 дегенім – төзім,
Төзе білем өзім.
Әлинұр:
5 дегенім – бақыт,
Бағалайтын бақыт.
Ислам:
6 дегенім – ақыл,
Тыңдағаның мақұл.
Ажар:
7 дегенім – жалау,
Жүректегі алау.
Алишер:
8 дегенім – сөзің,
Серт беретін кезің.
Әли:
9 дегенім – тоқтау,
Елдің жоғын жоқтау.
Нұртілек:
10 дегенім – Отан,
Қорға соңы, ботам.
Ән:
Менің
атым, менің атым әліппе
Мұғалім:
Енді балалар, біз білім еліне саяхат
жасаймыз.
«Адасқан әріптер» ойыны.
Ал енді балалар, адасқан әріптерден біз сөздер құраймыз.
Балалар енді «Теңге алу» ойынын ойнайық, ойынның шарты
жердегі сөздерден жинап сөйлем құрайды.
3. «Ұлттық киімдер»
Балалар, қане суретке қарайықшы,
Суретте нені көріп тұрсыңдар?
Шапан сөзіне дыбыстық талдау жасайық!
Келесі суретке қарайық
Бөрік сөзіне дыбыстық талдау жасайық!
«Математика еліне саяхат»
Құпия түстер
Тура және кері санау
14 санының көршілерін ата
Аулада 10 үйрек, қорада 6 үйрек көлге айдап шығарсаң болады неше үйрек?
Есепте:
Мұғалім: Балалар, бүгін біздің ортамызда ата-аналарымыз да қуанышымызға ортақтасып отыр. Құрметті ата-аналармен қызықты ойын өткізейік.
Ата
– аналармен де «Иә, иә» «Жоқ, жоқ» ойынын
ойнайық.
1.
Балаңызға әрқашан тірек сіз бе?
2.
Сабақ оқып, есепке сіз жүйрік сіз бе?
3.
Тамағын уақытылы бересіз бе?
4.
Төзімділікке сіз әр уақытта төзесіз
бе?
5.
Сериал көріп жатасыз ба?
6.
Ұрып, нұқып үйретуге барасыз ба?
7.
Оқыту мұғалімнің жұмысы деген кері
тартпа сөзді айтасыз ба?
8.
Сен оқыт, мен оқытып шаршадым деп ұрысуға
дайынсыз ба?
9.
Бала үшін асулардан асасыз ба?
2-
ойын: Ортаға
5 ата-ана шыға қойсын. Манадан бері
балалар әріптердің сырын ашуға тырысты.
Ендігі кезек сіздердікі. Сіздерге Ж, Б,
А, Е, М әріптерін береміз. Мен қойған
сұрақтарға тек сіздерге берілген
әріптерден басталатын сөздермен жауап
бересіздер.
-Балаңыздың
аты кім?
-Балаңыздың
досы кім?
-Балаңыз
қандай?
-Балаңыз
қандай тамақты жақсы көреді?
-Балаңыз
бос уақытында немен айналысады?
Ал, енді балалар ертегілер еліне саяхат.
Тәрбиеші: Балалар, саяхатқа шықпас бұрын сендермен білетін ертегі кейіпкерлерін есімізге түсірейікші, ол үшін экранға назар аударайық.
Мынау қай ертегі кейіпкері? ( Кезекпен ертегі кейіпкерлері көрсетіледі. Балалар қай ертегі кейіпкері екенін тауып атау керек. Қызыл телпек, Мақта қыз, Бауырсақ, Қаңбақ шал, Алдар көсе, Шалқан, Жеті лақ)
Қазақтың есептерінде жылдан үлкен мүшел деген бар. Мүшел 12 жыл болады. Сол жылдардың аттары әр хайуанның аттарына ұқсайды. Мысалы әуелі жыл мүшелде ТЫШҚАН, СИЫР, БАРЫС, ҚОЯН, ҰЛУ, ЖЫЛАН, ЖЫЛҚЫ, ҚОЙ, МЕШІН, ТАУЫҚ, ИТ, ҺӘМ ДОҢЫЗ. Сол жылдарды білетін қазақтарға кісінің қай жылда туғанын айтса адамның жасын тауып береді. Бұрынғыдан қалған сөздер бойынша сол хайуандар жыл басы болуға таласыпты. Ал, енді сол жыл басына таласқан хайуанаттар туралы ертегіден көріністі тамашалайық.
Көрініс: « Жыл басына таласқан хайуанаттар»
Тәрбиеші:
Бұрынғы ерте заманда хайуандар жиналып жыл басы болуға таласыпты. Сонда бірінші жылқы айтыпты:
Жылқы (Әли) :
- Мен алысты жақын қыламын. Күшімді көреді, сүтімді ішеді, қылыма шейін арқан, жіп еседі. Адамға менен пайдалы мал жоқ, жыл басы мен боламын, - дейді. Сонда Түйе тұрып:
Түйе (Әлинұр):
Сен адамның жұмысын қылсаң, сұлы шөп асайтын тамағың үшін құл боласың. Мен сен көтере алмайтын ауырлы мен көтеремін. Аш болдым деп арпа, сұлы сұрамаймын. Көде болса, көде, жусан болса жусан ,не кез елсе сонымен қоректеріп, табыла су ішіп, табылмаса шөлде де жолға жүре беремін. Жыл басы болу маған лайық.
Осы кезде Сиыртұрып:
Сиыр (Болатбек)айтады:
- Адам егін ексе менімен егеді, сүтімді ішеді, құрт-май істейді, жыл басы болу маған лайық.
Қой( Әли):
- Мен болмасам, қазақ үйін немен жабар еді. Жүнімді алып киіз басады, жабағымнан киім тігеді, арқан, жіп еседі. Сүтімнен құрт-май алады, шаруаға менен пайдалыларың жоқ.
Ит (Ислам):
- Мен болмасам, сендердің көбіңді не ұрлап, не қасқыр жеп тауысар еді. Мен сендердің баршаларыңның бақташыңмын, дұшпан көрінсе үріп, абалап иеме хабар беремін. Жыл басы мен боламын.
Тауық (Чингис):
- Мен болмасам кісі ерте жұмысына бармай, ұйқтап қалар еді. Мен ерте тұрып таң атты деп шақырып, хабар айтамын. Кеш болса, жатар мезгіл болды деп, тағы шақырамын, - дейді.
Тышқан не айтарын білмей тұрады да, бір түрлі қулық ойлап, жиналған көпке былай дейді:
Тышқан (Дәулет):
- Бұл таластан еш нәрсе өнбес, жылды қарап тұралық та, кім бұрын көрсе, сол жыл басы болсын- дейді.
Тәрбиеші:
Өзгелері жыл қарап тұрғанда, түйе өзінің бойына сеніп:
Түйе: «Менен бұрын кім көреді»
Тәрбиеші:
деп, тышқанның сөзін қоштап, бәрі қарасып тұрады. Біраздан соң тышқан жорғалап, түйенің үстіне шығып, өркешінің басына мінеді де отыра береді. Бір кезде тышқан:
Тышқан(Дәулет):
Алақай,алақай
күн шықты
Алақай,
алақай күн шықты
Алақай,алақай,
Күн көрдім алақай
Қулығыммен
,ақылмен.
Бәрін
жеңдім алақай!
Сонан соң бәрінен тышқан бұрын көріп, хабар беріп, жыл басы болыпты. Түйе бойына сеніп құр қалыпты.
Осымен ертегіміз аяқталды.
Ән: Әліппе әні
Жүргізуші:
Қош
келіпсіз, өр тұлғалы әкелер
Қыран
құстай болашағын мәпелер
Бүгін міне,
әліппемен қоштасады
Азамат боп кешегі
сәби еркелер.
Олай болса, «Ана тілін» ортаға шақырайық.
Ана тілі:
Армысыңдар
жас достар!
Туған елдің тілімін
Ақылы
мен танымын,
Түсіндірер бәріңе
Ана
тілі пәнімін.
Ана тілім-елдігім,
Ана
тілім болмаса,
Бүтінделмес кемдігі
Алишер:
Әліппені
бітірдім,
Жаза аламын атымды
Әліппені
бітірдім
Бала болдым ақылды.
Көп
нәрсеге үйреттің,
Таныстырып әріппен,
Ана
тілі: Рақмет,
балалар! Әліппе сендерге көп нәрсе
үйреткен екен. Мен риза болып
тұрмын.
Әліппе: Рахмет,
балалар! Сендер әліппені жақсы
меңгеріпсіңдер. Ана тілімен таныстырдым.
Енді құқсат болса мен кетейін.
Ән: “Рахмет саған, әліппе”
Дәулет:
Таныстырған
42 әріппен,
Қош менің қасиетті
әліппем!
Сенің арқаң оқи, жаза білгенім,
сауатты адам санатына кіргенім.
Би.
Алишер:
Құрметті Мадина Маратқызы,
Өзіңізді мақтан етіп жүреміз біз.
Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз,
Сөз береміз құрметпен өзіңізге,
Балаларға
арналсын тілегіңіз. (Мектеп директорының
құттықтау сөзі)
Мұғалім:
Қымбатты шәкірттер! Білім әлемінің
беташары Әліппені табысты аяқтауларыңызбен
құттықтаймын! Мектебіміздің мақтанышы
болыңдар!
Уақыттарыңызды бөліп қуашынымызға ортақтасып келгендеріңізге көп рақмет!
- Қош сау болыңыздар!
ШҚО ББ Семей қаласы «Қосалқы мектеп- интернат» КММ
Келісілді:
Директордың оқу – ісі жөніндегі
орынбасары
__________Ш.Ж.Карипжанова
« »_________2016ж
СЫНЫПТАН ТЫС ІС- ШАРА
«РАХМЕТ, САҒАН ӘЛІППЕ »
2 «А» СЫНЫП
Жауапты: Айдархан Ж.Б
2016– 2017 оқу жылы

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген