400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 14 материал табылды

Рахмет саған, бастауыш!

Материал туралы қысқаша түсінік
Білімнің сара жолы мектептен басталатынын білімнің кең дүниеде өмірге есік ашатынын сезіндіру. Білімге деген құштарлығын арттыру, білімді болуға тәрбиелеу; Бастауыш сыныппен, білімнің алғаш есігін ашқан ұстаздарымен қоштастыра отырып сәт- сапар тілеу; Білім ордасы- мектепті, ұстаздарын құрметтеп, еңбектерін бағалай білуге, ата- анасының, Отанының адал ұл- қызы болуға тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Тақырыбы: Рахмет саған, бастауыш!

Мақсаттары: Білімнің сара жолы мектептен басталатынын білімнің кең дүниеде 
өмірге есік ашатынын сезіндіру. Білімге деген құштарлығын арттыру, білімді болуға тәрбиелеу; 

Бастауыш сыныппен, білімнің алғаш есігін ашқан ұстаздарымен қоштастыра отырып сәт- сапар тілеу; 
Білім ордасы- мектепті, ұстаздарын құрметтеп, еңбектерін бағалай білуге, ата- анасының, Отанының адал ұл- қызы болуға тәрбиелеу.
Көрнекілік: 4 жыл бойы оқушылардың еңбектері, шарлар, нақыл сөздер, сурет-тер, слайдтар, зал өте сәнді безендірілген.

Мұғалім: Қайырлы күн, құрметті ата- аналар, ұстаздар және балалар! Бастауыш әлеміндегі дәстүрлі мерекенің бірі, асыға күткен күн бастауышпен қоштасу салтанатына қош келдіңіздер! Алдарыңда тұрған балалар Абай атындағы № 126
«Айнатас» негізгі орта мектебінің 4 сыныбының бастауыш сатысын аяқтап, орта буынға аттағалы тұрған оқушылар. 4 жыл бойы біз сіздермен бірге білім сатысымен қадам басып алға қарай көтерілдік. Осы жыл бойы алған білім мен өнерімізді ортаға салып, есеп берейік. «Рахмет саған, бастауыш мектеп» атты мерекелік шараны ашық деп жариялаймыз.


I-жүргізуші: Жандарбек
Қош келіпсіз, ақ жаулықты аналар,
Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар.
Алдарыңызда жауқазындай құлпырған,
Біз алаңсыз балғын шақты балалар.
II –жүргізуші:Тұрсынай
Қош келіпсіз өр тұлғалы әкелер,
Қыран құстай болашағын мәпелер.
Бүгін міне бастауышпен қоштасады,
Азамат боп кешегі сәби еркелер.
I-жүргізуші: Жандарбек

Сап түзедік бәріміз,
13 қыз бенен 15 ұл.
Мектеп қамқор анамыз,

Оқып білім аламыз.


II –жүргізуші: Тұрсынай

Ортаға бастауыш сыныппен қоштасқалы отырған сыныптастарымызды шақырамыз. 
I –жүргізуші:Жандарбек

Бүгін біз сауатымызды ашып білім негізін қалаған бастауыш мектебімізбен , алғаш қолымызға қалам ұстатып, оңымызбен солымызды танытқан алғашқы ұстазымызбен қоштасқалы отырмыз.
IІ –жүргізуші: Тұрсынай Бүгін міне қоштасады бастауышпен балбұлақ,
Әніменен жырына, тарландарым сал құлақ.
Кешегі сәби, бүгін міне, жас ұлан ,
Лаулап жансын болашағың шамшырақ.
I –жүргізуші:Жандарбек

Балғындарға баянды,
Сырын төккен ұстазым!
Шәкіртіне аяулы,
Нұрын төккен ұстазым!
Есейіп ертең кетсең де,
Шәкіртпін ұстаз алдында.
Білім – ойдың сұлуын
Асу еткен ұстазым.
Жүрегінің жылуын
Шашу еткен ұстазым.
Ендігі кезекті оқушыларға береміз. 
Оқушылар өлеңі: 
1-оқушы: Жанерке
Есімде ұстазым алғаш қарсы алғаны
Айқара есік ашып тастағаны.
Бір мереке думан болып осы маңда, 
Жетелеп бір сыныпқа алып барғаны.
Енді міне, сағымдай боп өте шықты,
4 жыл уақыт аз ба екен кім біліпті,
Ұстаз ана жасады мына бізден
Ел таңғалар азамат бір-бір мықты.
2-оқушы: 
Шаттанамын мен бүгін шаттанамын,
Ғылым сырын түсіндім мақтанамын
Осы сырды үйреткен 4 сыныбым
Түстей болып, міне бүгін артта қалдың
3-оқушы: 
Байсалды мінезіңнен бір қалыпты, 
Менің де көкейімде із қалыпты.
Ұстаттың қағаз, қалам қолыма өзің,
Ерінбей үйреттің де әр әріпті.
Қоссаңдар бірді екіге үш болады-
Деуші едің ,біліммен күш толады.
Алғыр болып , әдепті бол, сабырлы бол
Ақылмен іс істесең іс болады.
Беруші ең бізге айтып өлең- тақпақ
Таласып алушы едік біздер жаттап, 
Өзіңіз баға қойған күнделікті
Жоғалтпай өмір бойы жүрем сақтап.
4-оқушы: 
Біз барамыз артқа тастап 4 жылды,
Ұмытпаймыз ұстаздардың жанын ізгі.
Пана болған, дара болған біз үшін,
Жанымыздан артық көреміз біз сізді.
5-оқушы: 
Есігіңді алғаш ашқан балаңа,
Құшақ жайдың мектебім сен қуана
Сол бір сәтті мәңгі ұмыта алам ба?
Сенен артық дүниені табам ба?
6-оқушы:
Бірдей біздің ойымыз да, сырымыз ,
Бір мектептің ұлы менен қызымыз.
Бірдей өстік оқуда да ,еңбекте,
Күліп- ойнап бірімізбен- біріміз.
7-оқушы:
Мектебімде шырқалмаған жыр бар ма?
Мектебімде айтылмаған сыр бар ма?
Мектебімде алаулаған жас жалын,
Кетер мәңгі сөнбей талай жылдарға.
Мектеп, мектеп- ашық жарқын көңілім
Мектеп, мектеп- шаттық толы өмірім.
Мектеп, мектеп әнім болып төгілдің,
Мектеп, мектеп жан анам боп көріндің 
8-оқушы: 
Өткіздім мұнда балғын жасымды мен
Жаныма сіңді сенің асыл киең.
Сарқылмас бастаусың ұлылықтың ,
Мектебім саған мәңгі басымды ием.
Өзіңсің балауса көктемім
Мен сенен нәр алдым, көктедім
Өмірде алғашқы өткенім
Рахмет саған,бастауыш мектебім.
9-оқушы: 
Арымсың алтын ұя мектебім 
Саған айтар жыр алғысым көп менің 
Жүректерге жаққан білім шырағын , 
Мектебіме арналады бұл әнім.
10- оқушы: Рамазан
Атағым Алатаудай биік болса
Тұрса төбем өсі, көкке тиіп.
Алдында әрқашан да тағзым етіп 
Тұрамын ұстазым деп басымды иіп.
11- оқушы: 
Әлі есімде мектепке келгеніміз,
Келгеніміз сыныпқа енгеніміз.
Жасқаншақтап, тосырқап тұрған шақта
Өзің болдың ұстазым сенгеніміз.
Арманым болып аңсаған
Мәңгілік қалдың мекендеп
Өзіңе арнап ән салам
Ардақтап сізді өтем мен.
12- оқушы : Нұрасыл
Ұстазым- ұлағатты саябағым
Шәкіртті өз балаңдай аяладым
Қолыма әліппенің кілтін берген
Адалдық ақ жолыңды бағаладым.
Көрмеген артық сөйлеп, артық күліп,
Шәкірттерін баулыды тәртіпті қып. 
Қоштасамыз біз бүгін ұстазбен
Ұстаз әнін жаңғыртып айтып тұрып.
13- оқушы: 
Жүзің жылы құшағың кең,
Сенен түлеп ұшамын мен.
Өзің берген біліміңмен
Биіктерге шығамын мен.
Байсалды мінезіңнен бір қалыпты,
Менің де көкейімде із қалыпты
Ұстаттың қағаз, қалам қолыма өзің ,
Ерінбей үйреттің де дер әріпті.
14- оқушы: Шұғыла
О, ұстаз неткен мықты төзімдісің,
Қол бастаған батырдың дәл өзісің.
Шаршасаң да сездірмей күлімдейсің,
Шәкіртім білім алсын, білсін дейсің.
Үйретіп алғаш бізге әліппені
Мұғалім ғылымға жол салып берді
Адамның ой- арманы , мақсаттары,
Оқудың сәулесімен жарық көрді.
Әліппемен аштым өмір есігін,
Тербетемін білім бөбек бесігін
Өмір деген өрлі өзенге шомылып,
Жаттап өстім ұстазымның есімін.


15-оқушы: 
Жүрегімде ұстаз берген сабағы,
Өн бойыма тамырланып тарады
Ұмытпаймын салған жолын, ақылын
Мәңгі, мәңгі есімізде қалады.
I –жүргізуші:Жандарбек
«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға», -деп Абай атамыз айтқандай, ұстазымыз төрт жыл бойы білім нәрімен сусындатып, көп нәрсені үйретті. Сондықтан біз алғашқы ұстазымызға бәріміз мың алғыс айтамыз.
II –жүргізуші:Тұрсынай
Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да , тілінен бал тамызған ақын да , көк күмбезінен әрі өткен ғарышкер де бәрі – бәрі ұстаздан білім- тәрбие алған, сондықтан ұлағатты ұстаздар , сіздерге бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді.
(оқушы бас иеді)
Оқушылар орындарына жайғасады.
I –жүргізуші: Жандарбек
Ырысы мен байлығы таси берсін,
Абай дана мектебі көкке өрлесін.
Ғылым мен білімдері көлдей шалқып,
Жас ұрпағы білімнің дәнін терсін - дей отырып
, Жаңабай Мадинаның орындауындағы «Мектебім» әнін қабыл алыңыздар.

ІІ – жүргізуші:Тұрсынай

Ұшырса да бұл өмірдің сан құсын,
Ұстаз-ғалым толастамас мәңгі ісін.
Тыншымайтын асыл жандар аяулы, 
Тыңдаңыздар шәкірттердің алғысын

Жандарбек:
Күндіз түні ойладыңыз бала қамын
Тынымсыз атып жатыр әрбір таңын
Басқарып директор боп осы ұжымды
Баршаны аялаған алақанын – дей келе мектебіміздің директоры Амирова Ақмарал Көмекқызына сөз береміз.




ІІ бөлім:
Тұрсынай: Құрметті ұстаздар, қонақтар келесі бөлім «Алғыс білдіру» деп аталады. Шексіз алғысымызды айта отырып, жеке құндылықтарыңызды бағалай әр түрлі номинацияларда Сіздерді дипломдармен марапаттаймыз. Сөз сөйлесе жарқын - ақ,
Күніміздей жарқылдап,
Біздермен ойнап күледі,
Сырымызды біледі.
Қасымызда қашан да,
Қамқор болып жүреді.
«Баға жетпес, мәртебелі» номинациясымен мектеп директоры Амирова Ақмарал Көмекқызы марапатталады.
Жандарбек:

Анамдай мейірімді құшақ ашып,
Тұрасыз Балзия апай амандасып.
Әр уақыт жылы сөзіңіз шабыт беріп,
Барамыз болашаққа қадам басып.
«Инабатты ұстаз» номинациясымен оқу ісінің меңгерушісі: Тажибаева Балзия Жайуынбайқызы марапатталады.
Тұрсынай:

Кемшілікті кезінде
Кесіп айтар өзіңе.
Өнеге мол өзінде,
Өсиет көп сөзінде.
Көңіліңнің хошын - ай,
Көп шәкірттің досындай,
Ақ ниетті кең пейіл
Біздің Айгүл апай осындай.
«Тапқыр ұйымдастырушы» номинациясымен тәрбие ісінің меңгерушісі: Кемешова Айгул Ануарқызы марапатталады.

Жандарбек:

Адамға деген мейірімнің өзіңнен
Бойыңыздан толған жылылық лебін сезінем.
Мейірімді, абзал жан Сәрсенкул апай,
Мың алғыс, ризамыз өзіңізге. «Қадірлі ұстаз» номинациясымен мектеп социологы: Мейрбекова Сарсекул Кокабашқызы марапатталады.


«Қамқор және мейірімді» номинациясымен бастауыш сыныптар бірлестігінің жетекшісі: Құдайбергенова Жадыра марапатталады..


ІІ-жүргізуші: Тұрсынай «Ұлағатты ұстаз» номинациясымен даярлық
топта бізге білім берген ұстазымыз Аманбекова Ратай марапатталады.


І-жүргізуші:Жандарбек «Алғыр ұстаз» наминациясымен Ағылшын пәнінің

мұғалімі: Жандарбекова Дана марапатталады.

ІІ-жүргізуші:Тұрсынай «Тәні саудың, дені сау» номинациясымен дене шынықтыру пәнінің мұғалімі: Биеекев Нұрдаулет марапатталады.

І-жүргізуші:Жандарбек

«Алғашқы ұстаз» номинациясымен біздің сынып жетекшіміз: Танабаева Гулсара марапатталады.
Құрметті ұстаздар біздің бойымызға сіңірген ерен еңбектеріңізге оқушылар атынан мың да бір алғысымызды білдіреміз.

Ән: «Ұстазым менің» орындайтындар: «Салдарбек Е, Әлмахан Арайлым»
Хор: «Ұстазым» 
IІ –жүргізуші:Тұрсынай Осы біздің жылдан- жылға ер жетіп, марқайып келе жатқанымызға себепкер, бізбен бірге қиналып , қуанған кім?


I –жүргізуші:Жандарбек Әрине, ол ата- аналарымыз. Біздің жамандығымызды жасырып, жақсылығымызды асырып жүрген әке- шешеміз.
ІІ –жүргізуші:Тұрсынай Адалдық пен мейірімділік, жауапкершілік пен кешірімділік те отбасынада шын ықылас-пейілмен баланың көкірегінен орын тебеді. Қазақ отбасында әуелі әке, содан кейін шеше, бұлар- жанұя мектебінің ұстаздары болады. Әке мен ананың баласына қоятын ең бірінші басты талап- тілектері- баланың «әдепті бала» болып өсуі. Қазақ жанұясы әрдайым: «Әдепті бол, тәрбиесіздік етпе, көргенсіз болма» деген сияқты сөздерді балаларының құлағына құйып өсірген.
I –жүргізуші:Жандарбек Дәстүрлі қоғамда ата- әжелер тәрбиесін көрмей өскен бала болмаған. Ата- әжелер жыр, дастан, ертегі айтып немере шөберелерін рухани байытып тәрбиелеп отырған.
IІ –жүргізуші:Тұрсынай Қиындықта әркез бізбен бірге болатын да ата- ана.
I –жүргізуші:Жандарбек Бұл өмірде бәріміз ата- анаға қарыздармыз.


IІ –жүргізуші:Тұрсынай «Анаңды меккеге үш рет арқалап барсаң даборышыңды өтей алмайсың» деген нақыл сөз бар.


I –жүргізуші:Жандарбек Сондықтан да ата- анамыздың еңбегін бағалай білгенге не жетсін.


ІI –жүргізуші:Тұрсынай Құрметті ата- аналар! Бастауышпен қоштасу ертеңгілігіміздің келесі бөлімі сіздерге арналады. Қабыл алыңыздар.
18- оқушы: Ақерке
Кеудемнен сезім сері ақтарылсын, 
Болармын күні ертең –ақ мақтанышың 
Білім алып, тер төгем , еңбек етем,
Жан ана сеніміңді ақтау үшін.


19- оқушы:
Әкешім, тілеуіңді тілеп жүрген,
Аумайсың жарығы мол ашық күннен
Шаршайсың жұмыс істеп біздер үшін
Ақылды балаларың оны білген.
20- оқушы:
Өмірде ана- бұлақ, ата-пана.
Өмірді өркендетер өзің ғана
Өсірген талай көсем, талай шешен
Талай ер, талай ақын, талай дана
Анашым сенің ғана атың дара.
II –жүргізуші: Тұрсынай
Қамқорсың әке өмірде 
Арманым едің аңсаған.
Теңіздей шалқып жүремін,
Қуатым сенсің көңілге.
I–жүргізуші:Жандарбек
Әкелем бақыт мен саған
Сүйенер сенсің- тірегім.
Әлпештеп мені өсірдің,
Ұрпағың болып жалғасам.
II –жүргізуші:Тұрсынай
Барсам да қайда, жан әке,
Ұшармын ертең көгіңде.
Қуаншы, әке, сен соған.
Өзіңмен бірге жүрегім.
ІІ –жүргізуші: Тұрсынай Әке- әулет басшысы, отбасы мүшелерінің тірегі, асырап сақтаушысы, қамқоршымыз. Сондықтан да ардақты әкеміз әрқашан аман жүрсін деп тілек айтып келесі ән- шашуымыз әкелер сіздерге арналады
1.Ән: «Менің қос бәйтерегім» Орындайтындар: Токсанбаев Ж. Абдумурад М


II –жүргізуші:Тұрсынай 
Өмірге ана –бұлақ, әке пана,
Өмірді өркендетер ана ғана,
Өсірген талай көсем, талай шешен.
Талай ер, талай ақын, талай дана,
Ана! Ол біздің елде ардақты адам-,деп ақын Бүркіт Ысқақов жырлағандай келесі ән шашуымызды аналар сіздерге арнаймыз. 
2. Ән «Мама» орындайтын: Ильясова Зауре
I –жүргізуші: Жандарбек

Ән мен күйді төгілтіп,
Інжу маржан шашайық,
Қонақтарды таң қалдырып
Өнерден күмбез жасайық.
I –жүргізуші:Жандарбек Құрбылар, бізді болашаққа не бастайды? Хормен: Ұстаздың көрсеткен жолы ;Ата –ананың ақылы; Болашаққа деген сенім.
II –жүргізуші:Тұрсынай Достар , бүгін бізде мейрам . Бастауышты бітіріп жатырмыз. Бір- бірлеріңе қандай тілек тілер едіңдер.Оқушылар өз тілектерін айтады.
21- оқушы: 
Жайнаса бал- бұл бүлдіршін, 
Бір сынып тағы өрлесін.
Жайқалып тұрған көктемгі,
Өмірің сенің гүл болсын!
22- оқушы:
Құтты болсын, құрбыжан,
Алға аттаған қадамың .
Білім деп соқсың жүрегің 
Жолыңа бестік шашамын!
23- оқушы:
Шақырып алыс арманға, 
Асулар күтіп тұр алда
Өмірге ұлы самғауға,
Жар бола көрсін бір Алла!
II –жүргізуші:Тұрсынай
Бастауышым бал бұлағым,
Алдым сенен балдын дәмін.
Әріп танып, білім алдым,
Рақметімді жаудырамын.
I –жүргізуші:Жандарбек
Өзіңсің балауса көктемім,
Мен сенен нәр алдым , көктедім.
Өмірде алғашқы өткелім.
Рақмет саған, бастауышым мектебім!


Хор: «Ұстазым»

 
Мұғалім сөзі: 
Қырандарымыздың білім қуған қанаттары талмасын.
Тек биікке самғасын.
Әріптерді танып алып тұрсыңдар,
Естеріңде болсын алда бір сын бар.
4 жыл менен білім алып шыққанмен,
Келешекте жазылатын жырсыңдар.
7 жылда өтер зулап сынаптай,
Бақыттымын маған тұрса сын айтпай .


Өздіріңмен адымдап аспандаймын,
Сендер барда ешкімнен жасқанбаймын.
Бастауышты бітіргелі тұрған сендер,
Ал мен тағы бір белестен асқандаймын.
Мен үшін бәрің бірдей, қарақтарым,
Орындалсын арман, тілек талаптарың.
Самғаңдар биіктерге, қайырмасын
Енді ғана қатайған қанаттарың.

ІІ –жүргізуші: Тұрсынай
Болашаққа ұмтылған жолымыз бар,
Жарқын өмір тұтқасы қолымызда.
Осыменен аяқталады мерекеміз,
Көріскенше аман-сау болыңыздар.

Ұстаз тілегі:
Өздіріңмен адымдап аспандаймын,
Сендер барда ешкімнен жасқанбаймын.
Бастауышты бітіргелі тұрған сендер,
Ал мен тағы бір белестен асқандаймын.
Мен үшін бәрің бірдей, қарақтарым,
Орындалсын арман, тілек талаптарың.
Самғаңдар биіктерге, қайырмасын
Енді ғана қатайған қанаттарың.

Тұрсынай: Ал енді 4 сынып түлектерінің орындауында «Қоштасу» вальсін тамашалаңыздар. Осымен «Рахмет саған, бастауыш!» атты кешіміз аяқталды. Зейін қойып тыңдағандарыңыз үшін шексіз алғысымызды білдіреміз.

I –жүргізуші:Жандарбек
Құрметті ата- аналар , ұстаздар,
Жақсы шәкірт азамат атанады.
Халқынан, ата- анадан бата алады.
Ұрпағына айтсын деп ақ тілегін
келесі кезекті ата – аналарға сөз кезегі береміз.

Бүгінгі «Рахмет саған, бастауыш!» атты тәрбие сағатымыз өз мәресіне жетті. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп –көп рахмет. Қош сау болыңыздар!




























Сабақтың тақырыбы: «Бастауышым-балбұлағым»

Сабақтың мақсаты: Білім ордасын, ұстаздарын құрметтеп, еңбекті бағалай білуге тәрбиелеу.

Ата-анасының, Отанының адал ұл-қызы болуға жетелеу, тәрбиелеу. Ақыл, ой өрісін дамыту. Бастауыш сыныбымен, білімнің алғаш есігін ашқан ұстаздарымен қоштастыра отырып, жоғарғы сынып мұғалімдеріне әр баланы өз ерекшелігімен таныта отырып, сәт сапар тілеп табыстау.

Көрнекілігі: жазылған қанатты сөздер, мақалдар:

«Бастауышым- балбұлағым» - тақырып.

«Білім кілті – бастауышта» - слайд

Мұғалімнің кіріспе сөзі:

Құрметті ата- аналар, ұстаздар, оқушылар!

Сіздер «Бастауышым – балбұлағым» атты бастауышпен қоштасу тойына жиналып отырсыздар. Қадамдарыңыз құтты болсын!

Музыка әуенімен бастауыш сынып түлектері ортаға мектеп вальсін билеп кіреді. 

1-жүргізуші: Армысыздар, мұғалімдер, әз жандар!

2-жүргізуші:Білім іздеп инемен құдық қазғандар.

1-жүргізуші:Сан ұрпақты тәрбиелеп оқытқан

2-жүргізуші: Өмір деген үлкен жолда тарландар. 

1-жүргізуші:Бүгін міне, қоштасады бастауышпен балбұлақ әніменен жырына тарландарым сал құлақ.

2-жүргізуші:Кеше сәби, бүгін міне, жас ұлан. Лаулап жансын болашағың шамшырақ.

1- жүргізуші:

Қош келіпсіз, ақ жаулықты аналар,

Жүздеріңнен мейіріммен нұр тамар.

Алдарыңызда жауқазындай құлпырған

Біз алаңсыз балғын шақты балалар.

2-жүргізуші

Қош келіпсіз,өр тұлғалы әкелер,

Қыран құстай болашағын мәпелер. 

Бүгін міне, бастауышпен қоштасады

Азамат боп, кешегі сәби-еркелер.



Жүргізушілер қосыла Қош келіпсіздер,құрметті қонақтар!

Мың алғыс сіздерге, біздей түлектерден

Мың алғыс отты жүректерден

1-жүргізуші:Қоштасу тойын бастайық

Әнмен биге басайық

Өнерімізді көрсетіп

Құрметіне бұл тойдың

Ән мен шашу шашайық

2-жүргізуші Шашу, шашу, шашайық,

Ақ сандықты ашайық.

Бұл мереке, бұл тойдың

Бастаңғысын жасайық.



1-оқушы:

Есімде ұстаздың алғаш қарсы алғаны

Айқара есік ашып тастағаны

Бір мереке думан боп осы маңда 

Жетелеп бір сыныпқа алып барғаны.

Енді міне, сағымдай боп өте шықты

4 жыл уақыт аз ба екен, кім біліпті,

Ұстаз ана жасады мына бізден

Ел таңғалар азамат бір-бір мықты

2-оқушы 

Үйретіп бізге алғаш әліппені,

Ұстазым ғылымға жол салып берді.

Адамның ой-арманы мақсаттары,

Оқудың сәулесімен жарық көрді.

3-оқушы:

Өмірге жол бір өзіңнен бастадым, 

Алфавитті алғаш сенен жаттадым.

Ұстаз- ана естен кетпес мәңгілік,

Мейіріммен жаурынымнан қаққаның..

Хор: Аяулы мектебім

2-бастаушы: «Ұстаз!» Осы бір сөздің өзінде қаншама мән мағына, қасиетті ұғым жатыр. Ұстаз алдынан өтпейтін ешкім жоқ. «Жақсы мұғалім – мектептің жүрегі» - деген Ы.Алтынсарин атамыз. Жүрексіз өмір болмаса, мұғалімсіз білімнің, тәрбиенің іске аспайтыны белгілі, небір данышпан адамдар, қарапайым еңбеккерлер, тіпті арман қуған жеткіншектер де бірі бір адамға қарыздар. Ол – ұстаз! Ұстазсыз өмірдің нақты тұтқасын ұстау мүмкін емес. Адамды тәрбиелеп оны адамзат атандырудың өзі бір үлкен күш, сондықтан да ұстаздың еңбегі – ұлы еңбек.

Көрініс: Пәндер айтысы

Хор: Ұстазыма 

6- оқушы:

Оқындар ұл-қыздар деп,

Күлімдеген, ұстаздар.

Ән арнадық, арнайы,

Тағзым ете, ұстазға!

Хор «Ұстазым».

Көрініс:Ата ақылы (ортаға қария мен 5 оқушы шығады)

Хор:Ұстазым 

1-жүргізуші

Ұшырса да бұл өмірдің сан құсын,

Ұстаз-ғалым толастамас мәңгі ісін.

Тыншымайтын асыл жандар аяулы, 

Тыңдаңыздар шәкірттердің алғысын

.

2-жүргізуші: Шексіз алғысымызды айта отырып, жеке құндылықтарыңызды бағалай әр-түрлі номинациялармен сіздерді марапаттаймыз.

«Қамқор және мейірімді» номинациясымен бастауыш сыныптар бірлестігінің жетекшісі Марал Валиханқызы марапатталады..

1-жүргізуші: «Ұлағатты ұстаз»номинациясымен даярлық

топта бізге білім берген ұстазымыз Индира Қапанқызы марапатталады.

2-жүргізуші: «Инабатты» номинациясымен даярлық топта бізге білім беріп, ең алғаш қалам ұстауды үйреткен Гаухар Жарылқасымқызы Гүлзира Абикенқызы марапатталады.

1-жүргізуші: «Шебер ұстаз» номинациясымен орыс тілі пәнінің қыр сырын үйреткен мұғалімі Анар Манаповна Баян Шаудирбаевна марапатталады.

2-жүргізуші: «Алғыр ұстаз» наминациясымен Ағылшын пәнінің

мұғалімі Советкүл Шамсудинқызы марапатталады.

1-жүргізуші : «Сүйікті ұстаз» наминациясымен Өзін өзі тану

пәнінің мұғалімі Майра Сакенқызы марапатталады

2-жүргізуші: «Тәні саудың, дені сау» номинациясымен дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Ержан Нұралыұлы марапатталады.

1-жүргізуші

«Алғашқы ұстаз» номинациясымен біздің сынып жетекшіміз Ботан Есбергенқызы марапатталады.

Мың алғыс жолдаймыз түлектер атынан.

Хор: «Ұстазым» 

.Ән: Ұстазыма мың тағзым

4-оқушы Бастаушым-балбұлағым,

Алдым сенен балдың дәмін.

Әріп танып, білім алып,

Рахметімді жаудырам.

Бастауышым – балқұрағым,

Лаулап жансын шам-шырағың.

Өзің берген біліміңмен

Самғап ұшты тау қыраным.

Өтті сенде қызық шағым,

Бастауышым – балбұлағым.

Қоштасар күн жетті міне,

Қимастықпен қол бұлғаймын.

Ұстаз тілегі:
Өздіріңмен адымдап аспандаймын,
Сендер барда ешкімнен жасқанбаймын.
Бастауышты бітіргелі тұрған сендер,
Ал мен тағы бір белестен асқандаймын.
Мен үшін бәрің бірдей, қарақтарым,
Орындалсын арман, тілек талаптарың.
Самғаңдар биіктерге, қайырмасын
Енді ғана қатайған қанаттарың.


Аттанарда ұрпағым бақ жолына,
Түссін деп тура нақ жолына,
Арнайы ақ матадан жол төседік,
Ырым ғып түлектердің Ақ жолына!
(Ақ жолмен түлектер шығарып салынады)

Тақырыбы: «Бастауышым - балбұлағым» 
Мақсаты: Білім негізі бастауыштан қанаттанатын оқушылық өмірдің бастапқы баспалдағын аяқтаған бүлдіршіндердің аяулы ұстазы мен қоштасу рәсімін жасау.Өз мектебіне ата-анасына, ұстазына, жолдасына деген жауапкершілік сезімін дамытуға жағдай жасау. Оқушыларды мектебін құрметтеуге, сүюге тәрбиелеу. 
Көрнекіліктер: «Бастауышым балбұлағым» сөзі , шарлармен гүл-ленталармен безендірілген.

Мұғалім: Құрметті қонақтар! Қымбатты ұстаздар, аяулы ата – аналар! Бүгінгі күн осында отырған бәріміз үшін ерекше күн. Оның ерекшелігі сол, осыдан 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған балаларыңыз білімнің негізі болатын бастауышта оқып, білім алып, қанаттарын қатайтып бастауыш сыныппен қоштасқалы отыр. Сонымен «Бастауышым балбұлағым» атты ертеңгілігімізді ашық деп жариялаймыз
Бесіктегі баланың, күлгенін көрген - бір бақыт.
Алдына түсіп ананың, жүргенін көрген – бір бақыт! – дегендей, бастауыш сыныпты бітіруші түлектеріміз бүгін сіздер үшін бар өнерлерін көрсетіп, тағы да бір бақытқа кенелтпекші!
Толқимыз, толқып тұрсыз баршаңыз да
Мұндай күй болған сірә қаншаңызда
Қол соғып, қошеметтеп шақырайық
4 «г» сыныбын ортамызға!
Музыка әуенімен бастауыш сынып түлектері ортаға келеді.
(Әсем әуен ойналады, ортаға түлектер келеді)
Оқушыларды марапаттаулар арқылы шақыру.
Аудандық «Зерде» ғылыми жұмысының 2-орын иегері Қаршығаева Айнұр.
Халықаралық «Пони» конкурсының сертификатының иегері Иса Рүстем және Балмұхан Райымбек.
Ауыл әкімінің алғыс хаты иегері және Айғалиқызы Нұрдана
«Көктем аруы» сайысының 3 орын, әрі «Король и королева письма» конкурсының 1 орын иегері Берікбаева Раулана.
Мектепішілік олимпиаданың дүниетану пәні бойынша 2 орын, Аудандық топтық олимпиаданың 2 орын иегері Нұраш Ақторғын.
Жас ақындар мүшәйрасының 3 орын иегері Ходжаназарова Ақжүніс.
Мектепішілік шығарма сайысының 3 орын иегері Бітмалиева Әсемай т.б.
- Осында тұрған әрбір оқушыны қолынан ұстап, партаға отырғызып, әріп танытқан ұстазыда осында. Ендеше Арна апай бүгінгі шәкірттеріңіздің өнерін тамашалаңыз.
- «Есте қалар бір сәт!» видео роликті тамашалаймыз.
- Ендеше оқушылар бүгінгі 
Нұрдана. Есігіңді алғаш ашқан балаңа,
Құшақ жайдың мектебім сен қуана
Сол бір сәтті мәңгі ұмыта алам ба?
Сенен артық дүниені табам ба?

Бақытбек. Бірдей біздің ойымыз да, сырымыз,
Бір мектептің ұлы менен қызымыз.
Бірдей өстік оқуда да, еңбекте,
Күліп –ойнап бірімізбен-біріміз.

Ақторғын . Мектебімде шырқалмаған жыр бар ма?
Мектебімде айтылмаған сыр бар ма?
Мектебімде алаулаған жас жалын,
Кетер мәңгі сөнбей талай жылдарға
Мектеп,мектеп- ашық жарқын көңілім
Мектеп,мектеп- шаттық толы өмірім
Мектеп,мектеп әнім болып төгілдің,
Мектеп,мектеп жан анам боп көріндің.

Сабыржан . Өткіздім мұнда балғын жасымды мен
Жаныма сіңді сенің асыл киең.
Сарқылмас бастаусың ұлылықтың,
Мектебім саған мәңгі басымды ием.
Хор: Мектебіме мың алғыс
Саясат. Шәкірттердің тыңдап жауап сұрағын,
Жас санаға төгіп білім шуағын.
Хат танытып жол сілтеген өмірге,
Барша жанға құрметті жан-мұғалім.

Райымбек. Ұстазым! Ұстазым өзің едің асқақ әнім,,
Басталған ақ батаңнан жас талабым.
Ұғындым ұлылықтың, даналықтың,
Ұстаздың ұлағатынан басталарын
.
Өмірге жол бір өзіңнен бастадым
Алфавитті алғаш сенде жаттадым.
Ұстаз- ана естен кетпес мәңгілік,
Мейіріміммен арқамыздан қаққаның.

Ақбота . Алғашқы ұстазымыз анамызбен тең келеді,
Бар асылын бізге жиып, мол береді.
Қанатымен су себелеп асыл жан,
Әр шәкіртін баласынан кем көрмейді.

Байсалды мінезіңнен бір қалыпты,
Менің де көкейімде із қалыпты
Ұстаттың қағаз , қалам қолыма өзің,
Ерінбей үйреттің де дер әріпті.,

Ақбидай. Көңілін бар шәкірттің таба алатын,
Кеуделерге намыс отын жаға алатын,
Өзіңдей болса, шіркін барлық ұстаз,
Жез таңдай, күміс көмей, сөзі алтын.
Хор: Ұстазым
Мұғалім: «Жақсы мұғалім - мектептің жүрегі» - деп бекер айтылмаған. Жүрексіз өмір болмаса, мұғалімсіз білімнің, тәрбиенің іске аспайтыны белгілі. Ендеше 4 жыл бойы ұстаздарымыздан алған білімдерімізді көрсетейік.
Бастауышта түрлі пәнді оқыдық,
Ойға білім тоқыдық.
Көрсетеміз сіздерге,
«Не үйрендік , не білдік?» деп келесі «Білім» орталығына көшеміз.
Ана тілі:
Математика:
Қазақ тілі:
Дүниетану:
Әдебиет орталығы:
Рүстем:
Кемшілікті кезінде,
Кесіп айтар өзіне.
Өнеге мол өзінде,
Өсиет көп сөзінде.
Көңілінің хошын-ай
Көп шәкірттің досындай,
Сәуле апай осындай.
Ақжүніс:
Үйренеміз жалықпай,
Орыс тілін шарықтай.
Тіл сындырып,ән айтып,
Шаттанамыз қалықтай,
Аманбибі апай тәлімі
Сәулелісін шашқан жарықтай.
Қадір:
Сөз сөйлесе жарқын-ақ,
Күніміздей жарқылдап.
Қызық өтіп сабағы,
Өсіреді ой сананы.
Біздермен ойнап – күледі,
Сырымызды біледі.
Ақбала апай қашанда,
Қамқор болып жүреді.

Әсемай:
Баулыған әрбір өренді,
Гүлбану апай өнерлі.
Өз ісінің шебері,
Әр сөзі мәнерлі.
Қызықтырып өмірге,
Әнді үйретіп келеді.
Мінезі сондай сабырлы,
Сізге ұқсағым келеді.
Мінезі жайлы, жайдарлы қызығасың,
Кейде ашусыз мінезіне табынасың.
Күліп жүрер үнемі Нағима апай
Бейнелеудің қыр-сырын ұғынарсың!


Раулана. Білімнің байыбына барып терең,
Арна апай бастап еді әліппеден.
Жаны асыл ұстазымызға мың бір алғыс, 
Бастаған тәрбиесін алып келем.
Көрмеген артық күліп, артық жүріп, 
Шәкіртіңді баулыдың тәртіпті ғып.
Қоштасамыз біз бүгін, өзіңізбен
Шәкірттердің алғысын айтып тұрып.

Айнұр:
Оқытты ұстаз – анамыз
Өсті білім санамыз,
Білгіш ер боп өсетін,
Біз бақытты баламыз.
Бойымызда бұлан күш,
Еркін өскен ұланбыз.
Оқу-білім үйреткен,
Ұстаздарға мың алғыс!
Хор :Ұстаздарға мың алғыс!
- Ендеше сөз кезегін оқушыларымызға алғаш қалам ұстап , әріп танытқан алғашқы ұстазымыз Арна апайымызға береміз.
«Ғылым» орталығы
- Сыныбымызда 2013-2014 оқу жылында «Мал жүнінен жасалатын бұйымдардың танымдық тағылымы» тақырыбында Қаршығаева Айнұр аудандық көлемінде ғылыми жұмыс қорғап, 2 орынды иеленді. Айнұрдың сол тақырыпқа зерттеу жүргізу сәтін көрелік.
- Ендеше осы Айнұрды ғылыми жұмыс қорғауына үлкен үлес қосқан, мен қайда барайық десем сонда барған Айнұрдың ата-анасына алғыс хат табыс етуге рұқсат етіңздер!
- Жақсы балалар, бәріңде білімді екенсіңдер! Ұстаздарыңның үмітін ақтадыңдар! Ендеше сендерде қандай өнер бар , соны көрелік»\
«Өнер» орталығы
Қазақ биі: Орындайтын Ақбидай, Нұрдана,Ақрыс
Ән: Анашым. Орындайтын Ақторғын
Би; Үнді биі
КВН
Ән : Раулана
Би; Өзбек биі
Ән: Райымбек пен Бауыржанның орындауында 

Тайыр. Аналарды сүйеміз,
Ақылын ойға туйеміз
Әкені де ардақтап,
Әдеппен бас иеміз.

Ел жатқанда жатпаған,
Мен деп тыным таппаған.
Бақытты үшін баланың,
Аман – сау бол ақ мамам.

Құралай . Кір түсірмей жағаға,
Шашымды да тарайсың.
Мектебіме барарда,
Мейірлене қарайсың.

Тау қопарып тасты ұрып,
Тұрғыздың сен не қала.
Саған қандай жақсылық,
Жасай алам мен ана!
Саяхат:

- Бүгінгі мерекемізге өздерінің әлпештеп өсірген балаларының мерекелерін қызықтауға ата-аналарымызда келіп отыр екен. Ендеше сөз кезегін ата-аналарымызға берейік.
- Сонымен бірге осы үнемі мектепте оқушылардың жанында бірге жүріп, оларға және маған әрдайым керек кезде қасымызда табылған Жолдасбаева Қанбибіге алғыс хат тапсырамын.
- Күндіз түні ойладыңыз бала қамын
Тынымсыз атып жатыр әрбір таңын
Басқарып меңгеруші боп осы ұжымды
Баршаны аялаған алақанын – дей келе келесі сөз кезегін мектебіміздегі бастауыш сыныптар бойынша оқу ісінің меңгерушісі Үмбетқалиева Заря апайға сөз береміз.
Ұстаз тілегі:
Өлкеміздің айналыңдар ертеңіне,
Сенімдердің айналыңдар серперіне.
Ұстаздық ақ жүректен мен тілеймін,
Тек сәттілік – шәкірттерім ертеңіңе.
Айналайын жап- жарқын жүздеріңнен,
Аластайтын жаныңды күз көңілден.
Мен сендерге мәңгілік тілекшімін,
Тілек тілеп тұратын іздеріңнен.
Бастауыш сыныптан естелік ретінде оқушыларға винеткі тапсырылады.
Мұғалім: 
Осымен «Бастауышым - балбұлағым» атты кешіміз аяқталды. Зейін қойып тыңдағандарыңыз үшін шексіз алғысымызды білдіреміз.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
30.03.2019
768
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі