Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Рахмет саған, Бастауыш!
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Қызылорда облысы
Жаңақорған ауданы
№54 Ж.Қыдыров атындағы мектеп
Бастауыш сынып
мұғалімі
Таттибаева Оразгул Куттибековна
2016-2017 оқу жылы
Тақырыбы: Рахмет саған, бастауыш!
Мақсаты:
1. Білімнің сара жолы бастауыштан басталатынын , бастауышта алған білімнің негіз болып қаланатынына көз жеткізу.
2. Бастауыш сыныбымен , алғаш қолына қалам ұстатқан алғашқы ұстазымен қоштаса отырып, орта буында дәріс беретін ұстаздармен таныстыру,ә р баланың ерекшелігін таныта отырып, сәт – сапар тілеу.
3.Білім берер ордасы- мектепті , ұстаздарын құрметтеп, білімге деген құштарлғын арттыру.Өз Отанынының адал ұлы мен қызы болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: «Рахмет саған, Бастауыш мектеп!» Слайдтар.
Қанатты сөздер мен тақырып.
Мұғалімнің кіріспе сөзі:
Қош келіпсіздер, құрметті ата-аналар, қымбатты әріптестер, қадірлі қонақтар! Бүгінгі күн осында отырған бәріміз үшін ерекше күн, оның ерекшелігі сол – 5 жыл бұрын бауырыңызға басқан балапандарыңыз мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған кіп-кішкентай балғындар еді. Енді, міне, бойлары да, ойлары да өсіп, бастауыш білім сатысынан орта буынға ұшқалы отыр. Мен енді бүгінгі сахна иелеріне сол шәкірттеріме сөз берейін.
Ұлдар:Ассалаумағалейкум,ағайындар!
Қыздар:Армысыздар, аяулы ұстаздар,ақ жаулықты аналар,ардақты әкелер!
Барлық жүргізушілер: Қош келіпсіздер, құрметті қонақтар!
Рахым: Достар, бізден басқа сыныптастарымыз көрінбейді ғой.
Шұғыла: Олар осы маңайда жүр.
Әли: Ендеше неге келмейді, бастамаймыз ба, ертеңгілігімізді. Қонақтар күтіп қалды емес пе?!
Інжу: Олар , меніңше, Оразгүл апайымыз секілді, еркелетіп, жақсы мінез қылықтарымызды атап айтып, достарының ата анасы мен болашақ ұстаздарымызға өздерінің кім екенін таныстыруымызды күтіп тұрған болар.
Шұғыла:Ендеше, біздің сынып мектебіміздегі ең ерекше сынып, екендігін білесіңдер. Өйткені сыныпта оқушы көп,оларды жеке – жеке таныстыратын болсақ ұзақ уақыт алады.
Сондықтан апайымыз сияқты, достарымыздың жақсы қасиеттерін жыл мезгілімен байланыстыра отырып ортаға шақырайық.
Әли: Онда мен мектепке келу тойымен қатар туған күнін тойлайтын, мінездері күз мезгіліне сай,ұстазымның айтуынша, таңмен бірге оянып, жалқаулықты білмейтін, еңбекқор, үнемі ізденіс үстінде жүретін, өздері туылған күз мезгіліне сай, егін орып, жеміс жиғандай әр сабақ сайын жақсы бағаларды жинап жүретін достарымды ортаға шақырайын. Олар: Мына Інжу және Ақбөпе, Бибігүл, Қарақат, Таңатар, Әли,Нұрсаят, Бақытгүл.
Інжу: Ал мен күзден кейін келетін табиғаты қатал қыста туылған достарымды мінездерін атап көрейін: Олар ылғи қиындықтарға қарсы тұра алатын, денсаулықтары мықты, еркелікті білмейтін, жарыстарға қатысып, жүлделі орындардан көрінетін, біліммен бірге өнерді де өзіне серік тұтқан ұлдар мен қыздар. Олар менің қасымдағы Шұғыла және Медет, Жанель, Аружан, Асылжан.
Шұғыла: Менің шақыратын достарым, күн шуақты көктемде дүниеге келіп, көктемдей құлпырып, айналасына жылулық пен әдемілік сыйлап, достарына сыйлы және қамқор боп жүретін, жұмсақ мінезді, сабақта үнемі алда болуды мақсат тұтқан жандар. Олар: ата –анасына егіз боп, қос қуанышты қатар сыйлаған жанымдағы Рахым мен бауыры Рахман, Жанерке, Аружан, Нұрасыл, Дарын, Мұхаммеджан, Мерей, Диас
Рахим: Ал менің шақыратын достарым жыл мезгілінің ішінде балалардың ең жақсы көретін мезгілінде өмірге келген. Апайымның айтуынша, олар нағыз қызу қанды, әрдайым жадырап көңілді жүретін қарапайым, айналасына күн нұрындай шуақ сыйлайтын, шеттерінен он саусағынан өнері тамған, еңбекқор, адал, достарымен тату жандар. Олар алдарыңыздағы Әли, Сәкен,Альфия, Қаршыға, Аида, Нұрым,Ақниет, Әділет, Бағлан және ата - анасын екеуі өмірге бірге келіп, екі есе қуаныш сыйлаған Нұрым мен Нұрай.
Бірге: Міне, біздің достарымыз осындай.
(Таныстырудан кейін ортаға келіп тұрады.)
Әли: Ия, Бүгін біз сауатымызды ашып білім негізін қалаған бастауыш мектебімізбен,
Інжу: Алғаш қолымызға қалам ұстатып, оңымыз бен солымызды танытқан алғашқы ұстазымызбен қоштасқалы отырмыз.
Шұғыла:Ия,бүгін біздер қуаныш, бүгін бізде үлкен той. Өйткені, 4 жыл бойы білім беріп, ой санамызды дамытқан, адалдыққа, адамдыққа, тәрбиелеп білімнің соқпағынан ғылымға жол ашқан бастауыш сыныппен қоштаспақпыз.
Інжу: Ертеңгілігімізді салтанатты түрде ашып беру үшін мектебіміздің директоры Нұралхан ағайға сөз береміз.
Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Мелдебеков Мұхтар ағайға береміз.
Рахым: « Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға»,-деп Абай атамыз айтқандай, алғаш қолымызға қалам ұстатып, оңымыз бен солымызды танытқан, бізбен бірге қуанып, 42 әріпті танытып , білім нәрімен сусындатқан, мектептегі анамыз- ұстаз екені бәрімізге мәлім. Балалардың ұстазға арнаған ән -жырларын айтпас бұрын, ұстаз туралы не айтар едің ,Інжу?
Інжу : Әр шәкіртін өз баласынан кем көрмей, оқуға, жазуға үйреткен мұғалім еңбегі шексіз. «Мұғалім – мектептің жүрегі» - деп Ыбырай атамыз бекер айтпаған. Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, көкті шарлаған ғарышкер де, бәрі - бәрі ұстаздан білім мен тәрбие алған.
Шұғыла:Иә, бұл туралы батыр Бауыржан атамыз: «Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді» деген екен. Олай болса келесі жырларымызды ұстаздарымызға арнаймыз
Бибігүл:Мектебім -білім берер алтын ұям!
Ер жетіп сенде өстім, артты санам.
Баулыған 4 жыл бойы ата-анамдай,
Әрқашан қасиетті атың маған.
Дарын:Жасқана кіріп, жарық сыныпқа біз,
Әр бетін әліппенің күле ашқанбыз.
Мұғалім сабақ өтіп жатқан кезде,
Қайталап, атымызды сұрасқанбыз.
Бағлан: Арада өтседағы дүркіреп жыл,
Әр күнім балалықтай бір жүрек бұл.
Өзіңе борыштармын өмір бойы,
Есейген шәкіртіңнің серті деп біл.
Ақниет :Тек үйреттің әділдік, адалдықты,
Жирендік, ажыраттық, жамандықты.
Жалғастырар ақ жолың сенің салған,
Бар деп ұққын, әрқашан балаң мықты.
Кәрім Н:Нұр құйған санасына зейіндінің,
Нұрлы шам сәулесіндей мейірімің.
Дарыттың адамдықты шәкіртіңе,
Дамыттың, дарын отын бейімдінің.
Қаршыға:Ұлы өмірге жетелеп, ашқан білім есігін,
Құрметтейік ардақтап, ұстаздардың есімін
Келешекке алтын бақ, қосар таудай үлесін,
Жасай берсін жарқылдап, Ұстаз атты ұлы есім!
Альфия:Мектебім, сүйікті мектебім!
Бауырыңда түлеймін, көктеймін.
Сен –бұлақ, мен қайың бүр ашқан,
Өзіңнен нәр алып көктеймін!
Ән: «Аяулы мектебім» Жанерке,Аида
Інжу: Ия, Әли, барлығымыз ұстаз, мектеп жайлы жырладық. Ал сен білесіңбе?
Ұстаздардың ұстазы ең алғаш әліппені кім жазған?
Әли: Әрине білем. Ол Ыбырай Алтынсарин атамыз ғой. Олай болса, біздің достарымыз Ыбырай Алтынсарин атамыз туралы не айтады екен?
Рахман: Ұстаздың тұңғышы да зоры да сен,
Халықтың кітап берген қолына сен
Қазақтың қара түнек аспанынан,
Ақ жұлдыз ағып өткен жолың әсем.
Тасболат Аружан:Айтпайсың дәл қазіргі еліңе өкпе
Болашақ етер аңыз сені көпке
Ыбырай Алтынсарин деген шақта
Бар бала қолын көтереді көкке.
Шұғыла: Ия, достарым, бізді аяулы мектебіміз үлкен құрметпен қарсы алды. Біздің әрбір өткен күнімізге аузымыздан шыққан сөзімізге сүйкімді қылығымызға, балаға тән қасиетімізге шын жүректен мейірімділікпен қарай білді. Әр бір ұстаз өз бойындағы жақсы қасиеттерін үйретуге тырысты, өз асыл уақытын бізбен бірге өткізді.
Інжу: Ұшырса да бұл өмірдің сан құсын,
Ұстаз -ғалым толастамас мәңгі ісің.
Тыншымайтын асыл жандар аяулы,
Тыңдаңыздар шәкірттердің алғысын.
Рахим: Олай болса, шәкірттеріңіздің өздеріңізге арнаған шығармашылығын қабыл алыңыздар
Ұстаздарға арнау:
Мәдина апайға
Әнші болғым келеді,
Музыкадан береді.
Мәдина апай ардақты,
Мінезі сондай салмақты
Музыканың ханшасы
Балалардың анасы
Жалғыз апай музыкант
Балаларды пір тұтқан.
Даярлық топта бізге білім беріп, ең алғаш мектеп әліппесін және қалам ұстауды үйреткен
Ақымова Аяш апайға
Үйреттің қалам ұстатып,
Жүруді саппен қатарда.
Жібердің бізді оздырып,
Тағы да алдың сыныпты.
Денсаулық сізге тілейміз,
Баули беріңіз шәкіртті
Жомарт ағайға
Оқушыға қатаң тәртіп қоятын
Сыныбында тәртіпсіздікті жоятын.
Ұмытсаңыз әкелуді форманы
«Күн мен түнді» ойнатқызып қоятын.
Спорттан талай шәкірт даярлаған,
Шәкіртіне бәрін берді аямады.
Әзілі бірге жүрер өзіменен бірге жүрер
Жомарт ағай қашып кетсек аямаған.
Памир ағайға
Қалам алып, сурет салып,
Өрнектеуді үйретті.
Кім екенін айтайын,
Памир ағай құрметті!
Ұлби апайға
Өзіңді - өзің танисың, Ұлби апай сабағында,
Жақсылыққа баулынасың апайымның арқасында,
Ақыл менен адамдықты,өжеттік пен адалдықты
Ұлби апай үйретеді, жамандықты күйретеді.
Айсұлу апайға
«Good monin» деп бастаймыз әр сабағын
Ағылшын оқып, ескеріп заман талабын.
Айсұлу апай рахмет айтам мен сізге,
Міне, бүгін, бастауыш бітіріп барамын.
Мұхтар ағайға
Тәртіп керек бәріне,
Жасы болсын кәріге.
Тәртіпсіздікті жоятын
Қатаң тәртіп қоятын,
Мұхтар ағай ардақты.
Райхан апайға
Кемшілікті кезінде
Кесіп айтар өзіне.
Өнеге мол өзінде,
Өсиет көп сөзінде.
Көңіліңнің хошын-ай,
Көп шәкірттің досындай,
Ақ ниетті кең пейіл
Райхан апай осындай.
Оразгүл апайға
Ұстазым, екінші анам аялаған,
Біздерден бар білімін аямаған.
Жетекші апай, сіге ерекше алғыс,
Әр күні құшақ жайып шығар алдан.
Қосып, алып, бөліп тағы көбейткен.
Шаршы ауданын тауып, санды теңейткен.
Тәттібаева Оразгүл апай мың алғыс!
Есептеуді бізге талмай үйреткен
Аспазшы апайларға
Асханаға кірсек-дағы
Хош иісі аңқып тұрар.
Аспазшы апайлар арқасында,
Қарнымыз тоқ боп жүр.
Тазалықшы апайға
Тазалықты сақтайық,
Әлия апайды тыңдайық.
Тазалықтың пайдасын,
Біліп жүрейік , халайық!
Нағипа апайға: Анамыздай мейірімді құшақ ашып,
Нағипа апай жүреді шуақ шашып.
Әр уақыт жылы сөзің шабыт беріп,
Барамын болашаққа қадам басып.
Барлығы бірге: сіздерге мың алғыс!
Рахым: Содан бері табаны күректей 4 жыл өтті. Уақыт озды, біз де есейдік. Бұл уақыт ішінде көп нәрсе білдік үйрендік.
Інжу: Ия, достар, сонымен қатар сұлулықты,мейірімділікті,жақсы көруді, әдемі сөйлеуді, кішіпейіл болуды, жақсы мен жаманды ажырата білуді, үлкенге кіші, кішіге үлкен бола білуді – міне осы адамзат баласына тән жақсы қасиеттердің бәрін - бәрін осы мектеп қабырғасындағы бізге білім мен тәрбие беретін ұстаздардан үйрендік.
ӘН: «Учат в школе» Жанель, Шұғыла, Қыздар
Әли: Ия, сағымдай өте шыққан 4 жыл, мектепалдық даярлықты есептегенде 5 жыл ішінде біздің ұстаз анамыз сауатты, тәрбиелі, өнегелі азамат етіп шығарды.
Рахим: Достарым, осының бәрін біз сыныптастарымызбен ойнай жүріп, үйреніп, бойымызға сіңірген жоқпыз ба?!
Шұғыла: Ендеше бастауыш сыныбымызда алған білімімізді мына елге, ата- ана мен білімімізді тереңдетіп, ғылым жолына бағыттайтын, болашақ өмірімізге кірпіш болып қалануымызға үлес қосатын мектебіміздің ұлағатты ұстаздарына неге көрсетпеске?!
Әли: Олай болса, білім еліне ұстазымызбен бірге сапар шегейік!
«Ұстазым» Ақбөпе, Медет
(Ән айтылып жатқанда балалар төменге түсіп, орыдарына топ-топқа жайғасады.
Топқа ат қойып, топбасшы сайланады. Топ басшы ұлдардан болады.)
Білім сайысы
Қазақ тілі, математика,логикадан, дүниетанудан слайдтан сұрақ жауап
Сергіту сәті ретінде
«Адай» ұлдар биі
(Білім сайысы аяқталғаннан кейін балалар өнерін көрсетеді)
Шұғыла: Рахым, сен байқадың ба? Біздің достарымыз бұл кешке жақсы өнерлерін ала келіпті.
Рахим: Олай болса неге тұрмыз ертеңгілігімізді әрі қарай әнмен жалғастырайық.
Күй: « Келіншек » Асылжан
«Қыздар биі»
«Қос бәйтерек» Інжу
«Туған жер» жігіттер квартеті
Күй «Ерке сылқым» Шұғыла
Алғашқы ұстазды шақыру
Жүргізушілер кезекпен:
Рахим:«Қош келдің!»- деп балдырған,
Күліп шыққан алдыңнан
Шексіз сеніп ата-ана,
Балаларын қалдырған.
Шұғыла:Сипап қойып маңдайдан,
Кетпей жүрген қасыңнан.
Құрбы-құрдастарыңмен
Достастырған асыл жан.
Інжу:Жетілткен ой сананы,
Тәрбие әрбір сабағы.
Алғаш сыннан өткізіп,
Қойған тұңғыш бағаны.
Әли Сырыңа көз тастаған,
Ізгілікке бастаған.
Көбейсе де шәкірті,
Қиындықтан қашпаған.
Оқушылар тарабы, Оны гүлге орайды,
Ұстаздардың ішінде Оның орны жоғары.
Ән: «Алғашқы ұстазым» Медет Маратұлы
(Оқушылар орындарына келіп қатармен тұрады)
Мұғалімнің сөзі
Нұрай :Бірдей біздің ойымыз да, сырымыз,
Бір мектептің, ұлы менен қызымыз.
Бірдей өстік оқуда да , еңбекте,
Күліп - ойнап біріміз бен біріміз.
Бақытгүл:Шаттанамын мен бүгін, шаттанамын,
Ғылым сырын түсіндім, мақтанамын.
Осы сырды үйреткен бастауышым,
Түстей болып, міне бүгін артта қалдың
Нұрасыл:Бастауышта шырқалмаған жыр бар ма,
Бастауышта айтылмаған сыр бар ма,
Бастауышта алған білім, жырларым
Азық болар, алдағы талай жылға!
Кезекпен айтады:
Құрбыласпыз,
Отыз үшпіз,
Күлімдейміз,
Бір бақшаның
Гүліндейміз,
Таланттымыз,
Қанаттымыз,
Жақсы оқимыз,
Сабақты біз.
Бір класпыз,
Тал егеміз,
Гүл егеміз.
Өзгелерге өнегеміз.
Құрбыласпыз,
Тұрғаласпыз,
Тату- тәтті
Хор: Бір класпыз.
Шұғыла:
Құрметті оқушылар, салтанатты сәт келді. Біз енді 5-сынып
оқушыларының қатарына ену үшін ант беріп, алдағы орта буында қандай
оқушы болатынымызды айтайық.
1-оқ: Біз Ж.Қыдыров атындағы орта мектебінің
5-сынып оқушыларының қатарына ене отыра, достарымыздың,
ата-аналарымыздың, ұстаздарымыздың
алдында...
2-оқ:Ұстаздардың берген ақылын, білімін,
тәрбиесін естен
шығармауға...
3-оқ:Ұстаздардың жүйке-жүйесін
тоздырмауға...
4-оқ:Бес пен төрттің құшағында
қалықтауға,сүңгуге...
5-оқ:Мектеп ішінде бірыңғай талап ережелерін
сақтауға, шапшаң
қимылдауға.
6-оқ:Тақта алдына шыққанда ең үздік қақпашы
сияқты бір де бір сұрақты жауапсыз
қалдырмауға...
7-оқ:Ұстазымның атына кір
келтірмеуге...
Хормен:Ант етеміз, ант етеміз, ант
етеміз.
Інжу: Мен достарымның өз сөздерінің үддесінен шығатындығына сенемін.
Өзіңсің, балауса көктемім,
Мен сенен нәр алдым, көктедім.
Өмірде алғашқы өткелім,
Хормен:Рахмет, бастауыш мектебім!
Хор: «Бастауышым- балбұлағым» әні
Қорытынды сөз:
Бастауыш сыныптар бірлестігінің жетекшісі Кеншімбаева Нағипа апайға жаңа сынып жетекшімен таныстырады.
Ата аналар комитетіне Таңатардың анасы Рая апайға сөз беріледі.
Хабарландыру!
Құрметті ----------------------
Мамырдың 20-сы, сағат
10 00- де Акт залына
4- сынып оқушыларының
«Рахмет саған, Бастауыш!»
атты ертеңгілігіне шақырамыз.
«Бастау» бірлестігі