Материалдар / Рахмет саған, бастауыш мектеп

Рахмет саған, бастауыш мектеп

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш әлеміндегі дәстүрлі мерекенің бірі, асыға күткен күн бастауышпен қоштасу мерекесі
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Сәуір 2021
842
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Тақырыбы: Рахмет саған, бастауыш мектеп

Мақсаттары: Білімнің сара жолы мектептен басталатынын білімнің кең дүниеде өмірге есік ашатынын сезіндіру. Білімге деген құштарлығын арттыру, білімді болуға тәрбиелеу; 

Бастауыш сыныппен, білімнің алғаш есігін ашқан ұстаздарымен қоштастыра отырып сәт- сапар тілеу; 
Білім ордасы- мектепті , ұстаздарын құрметтеп, еңбектерін бағалай білуге, ата- анасының , Отанының адал ұл- қызы болуға тәрбиелеу.
Көрнекілік: 4 жыл бойы оқушылардың еңбектері, шарлар, нақыл сөздер, сурет-тер, слайдтар, зал өте сәнді безендірілген.

Мұғалім: Қайырлы күн, құрметті ата- аналар, ұстаздар және балалар! Бастауыш әлеміндегі дәстүрлі мерекенің бірі, асыға күткен күн бастауышпен қоштасу салтанатына қош келдіңіздер! Алдарыңда тұрған балалар Абай атындағы №4 мектеп- лицейі сыныбының бастауыш сатысын аяқтап, орта буынға аттағалы тұрған оқушылар. 4 жыл бойы біз сіздермен бірге білім сатысымен қадам басып алға қарай көтерілдік. Осы жыл бойы алған білім мен өнерімізді ортаға салып, есеп берейік. «Рахмет саған, бастауыш мектеп» атты мерекелік шараны ашық деп жариялаймыз.
I-жүргізуші:
Қош келіпсіз, ақ жаулықты аналар,
Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар.
Алдарыңызда жауқазындай құлпырған,
Біз алаңсыз балғын шақты балалар.
II –жүргізуші:
Қош келіпсіз өр тұлғалы әкелер,
Қыран құстай болашағын мәпелер.
Бүгін міне бастауышпен қоштасады,
Азамат боп кешегі сәби еркелер.
I-жүргізуші:Сап түзедік бәріміз,
10 қыз бенен 16 ұл.
Мектеп қамқор анамыз,
Оқып білім аламыз.
II –жүргізуші: Ортаға бастауыш сыныппен қоштасқалы отырған сыныптастарымызды шақырамыз. 
II –жүргізуші: Бүгін біз сауатымызды ашып білім негізін қалаған бастауыш мектебімізбен , алғаш қолымызға қалам ұстатып, оңымызбен солымызды танытқан алғашқы ұстазымызбен қоштасқалы отырмыз.
I –жүргізуші: Бүгін міне қоштасады бастауышпен балбұлақ,
Әніменен жырына, тарландарым сал құлақ.
Кешегі сәби, бүгін міне, жас ұлан ,
Лаулап жансын болашағың шамшырақ.
I –жүргізуші: Ендігі кезекті оқушыларға береміз. 
Оқушылар өлеңі: 
1-оқушы: 
Есімде ұстазым алғаш қарсы алғаны
Айқара есік ашып тастағаны.
Бір мереке думан болып осы маңда, 
Жетелеп бір сыныпқа алып барғаны.
Енді міне, сағымдай боп өте шықты,
4 жыл уақыт аз ба екен кім біліпті,
Ұстаз ана жасады мына бізден
Ел таңғалар азамат бір-бір мықты.
2-оқушы: 
Шаттанамын мен бүгін шаттанамын,
Ғылым сырын түсіндім мақтанамын
Осы сырды үйреткен 4 сыныбым
Түстей болып, міне бүгін артта қалдың
3-оқушы: 
Байсалды мінезіңнен бір қалыпты, 
Менің де көкейімде із қалыпты.
Ұстаттың қағаз, қалам қолыма өзің,
Ерінбей үйреттің де әр әріпті.
Қоссаңдар бірді екіге үш болады-
Деуші едің ,біліммен күш толады.
Алғыр болып , әдепті бол, сабырлы бол
Ақылмен іс істесең іс болады.
Беруші ең бізге айтып өлең- тақпақ
Таласып алушы едік біздер жаттап, 
Өзіңіз баға қойған күнделікті
Жоғалтпай өмір бойы жүрем сақтап.
4-оқушы: 
Біз барамыз артқа тастап 4 жылды,
Ұмытпаймыз ұстаздардыжаны ізгі.
Пана болған, дара болған біз үшін,
Жанымыздан артық көреміз біз сізді.
5-оқушы: 
Есігіңді алғаш ашқан балаңа,
Құшақ жайдың мектебім сен қуана
Сол бір сәтті мәңгі ұмыта алам ба?
Сенен артық дүниені табам ба?
6-оқушы:
Бірдей біздің ойымыз да, сырымыз ,
Бір мектептің ұлы менен қызымыз.
Бірдей өстік оқуда да ,еңбекте,
Күліп- ойнап бірімізбен- біріміз.
7-оқушы:
Мектебімде шырқалмаған жыр бар ма?
Мектебімде айтылмаған сыр бар ма?
Мектебімде алаулаған жас жалын,
Кетер мәңгі сөнбей талай жылдарға.
Мектеп, мектеп- ашық жарқын көңілім
Мектеп, мектеп- шаттық толы өмірім.
Мектеп, мектеп әнім болып төгілдің,
Мектеп, мектеп жан анам боп көріндің 
8-оқушы: 
Өткіздім мұнда балғын жасымды мен
Жаныма сіңді сенің асыл киең.
Сарқылмас бастаусың ұлылықтың ,
Мектебім саған мәңгі басымды ием.
Өзіңсің балауса көктемім
Мен сенен нәр алдым, көктедім
Өмірде алғашқы өткенім
Рахмет саған,бастауыш мектебім.
9-оқушы: 
Арымсың алтын ұя мектебім 
Саған айтар жыр алғысым көп менің 
Жүректерге жаққан білім шырағын , 
Мектебіме арналады бұл әнім.
10- оқкшы: 
Атағым Алатаудай биік болса
Тұрса төбем өсі, көкке тиіп.
Алдында әрқашан да тағзым етіп 
Тұрамын ұстазым деп басымды иіп.
11- оқушы: 
Әлі есімде мектепке келгеніміз,
Келгеніміз сыныпқа енгеніміз.
Жасқаншақтап, тосырқап тұрған шақта
Өзің болдың ұстазым сенгеніміз.
Арманым болып аңсаған
Мәңгілік қалдың мекендеп
Өзіңе арнап ән салам
Ардақтап сізді өтем мен.
12- оқушы : 
Ұстазым- ұлағатты саябағым
Шәкіртті өз балаңдай аяладым
Қолыма әліппенің кілтін берген
Адалдық ақ жолыңды бағаладым.
Көрмеген артық сөйлеп, артық күліп,
Шәкірттерін баулыды тәртіпті қып. 
Қоштасамыз біз бүгін ұстазбен
Ұстаз әнін жаңғыртып айтып тұрып.
13- оқушы: 
Жүзің жылы құшағың кең,
Сенен түлеп ұшамын мен.
Өзің берген біліміңмен
Биіктерге шығамын мен.
Байсалды мінезіңнен бір қалыпты,
Менің де көкейімде із қалыпты
Ұстаттың қағаз, қалам қолыма өзің ,
Ерінбей үйреттің де дер әріпті.
14- оқушы: 
О, ұстаз неткен мықты төзімдісің,
Қол бастаған батырдың дәл өзісің.
Шаршасаң да сездірмей күлімдейсің,
Шәкіртім білім алсын, білсін дейсің.
Үйретіп алғаш бізге әліппені
Мұғалім ғылымға жол салып берді
Адамның ой- арманы , мақсаттары,
Оқудың сәулесімен жарық көрді.
Әліппемен аштым өмір есігін,
Тербетемін білім бөбек бесігін
Өмір деген өрлі өзенге шомылып,
Жаттап өстім ұстазымның есімін.
15-оқушы: 
Жүрегімде ұстаз берген сабағы,
Өн бойыма тамырланып тарады
Ұмытпаймын салған жолын, ақылын
Мәңгі, мәңгі есімізде қалады.
I –жүргізуші:
«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға», -деп Абай атамыз айтқандай, ұстазымыз төрт жыл бойы білім нәрімен сусындатып, көп нәрсені үйретті. Сондықтан біз алғашқы ұстазымызға бәріміз мың алғыс айтамыз.
II –жүргізуші:
Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да , тілінен бал тамызған ақын да , көк күмбезінен әрі өткен ғарышкер де бәрі – бәрі ұстаздан білім- тәрбие алған, сондықтан ұлағатты ұстаздар , сіздерге бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді.
(оқушы бас иеді)
Оқушылар орындарына жайғасады.
I –жүргізуші: 
Ырысы мен байлығы таси берсін,
Абай дана мектебі көкке өрлесін.
Ғылым мен білімдері көлдей шалқып,
Жас ұрпағы білімнің дәнін терсін -, дей отырып Күзембай Жанасылдың орындауындағы «Мектебім» әнін қабыл алыңыздар.
I –жүргізуші: Осы біздің жылдан- жылға ер жетіп, марқайып келе 
жатқанымызға себепкер, бізбен бірге қиналып , уанған кім?
II –жүргізуші: Әрине, ол ата- аналарымыз. Біздің жамандығымызды жасырып, жақсылығымызды асырып жүрген әке- шешеміз.
I –жүргізуші: Адалдық пен мейірімділік, жауапкершілік пен кешірімділік те отбасынада шын ықылас-пейілмен баланың көкірегінен орын тебеді. Қазақ отбасында әуелі әке, содан кейін шеше, бұлар- жанұя мектебінің ұстаздары болады. Әке мен ананың баласына қоятын ең бірінші басты талап- тілектері- баланың «әдепті бала» болып өсуі. Қазақ жанұясы әрдайым: «Әдепті бол, тәрбиесіздік етпе, көргенсіз болма» деген сияқты сөздерді балаларының құлағына құйып өсірген.
II –жүргізуші: Дәстүрлі қоғамда ата- әжелер тәрбиесін көрмей өскен бала болмаған. Ата- әжелер жыр, дастан, ертегі айтып немере шөберелерін рухани байытып тәрбиелеп отырған.
I –жүргізуші: Қиындықта әркез бізбен бірге болатын да ата- ана.
II –жүргізуші: Бұл өмірде бәріміз ата- анаға қарыздармыз.
I –жүргізуші: «Анаңды меккеге үш рет арқалап барсаң даборышыңды өтей алмайсың» деген нақыл сөз бар.
II –жүргізуші: Сондықтан да ата- анамыздың еңбегін бағалай білгенге не жетсін.
I –жүргізуші: Құрметті ата- аналар! Бастауышпен қоштасу ертеңгілігіміздің келесі бөлімі сіздерге арналады. Қабыл алыңыздар.
16- оқушы: 
Маған ақыл беретін
Әжем менің асыл жан.
Сипап жақсы көретін,
«Құлыным» деп басымнан.
Жақсылыққа үйретіп,
Жамандықтан шектейді.
Ертегі айтып беретін,
Әжеме ешкім жетпейді.
Өзіңнің ерке балаң бұл
Арнайды бүгін сізге жыр.
Жақсылық тілеп жолыма,
Әрқашан әже аман жүр.
17- оқушы: 
Атам менің әманда 
Ақыл сөзі санамда.
Алдын орап кісінің
Жөніменен кішінің 
Кішіпейіл бол деген.
Мақтанбауды жөн көрем.
Кесіп өтпей көлденең.
Әдеппенен қол берем.
18- оқушы: 
Кеудемнен сезім сері ақтарылсын, 
Болармын күні ертең –ақ мақтанышың 
Білім алып, тер төгем , еңбек етем,
Жан ана сеніміңді ақтау үшін.
19- оқушы:
Әкешім, тілеуіңді тілеп жүрген,
Аумайсың жарығы мол ашық күннен
Шаршайсың жұмыс істеп біздер үшін
Ақылды балаларың оны білген.
20- оқушы:
Өмірде ана- бұлақ, ата-пана.
Өмірді өркендетер өзің ғана
Өсірген талай көсем, талай шешен
Талай ер, талай ақын, талай дана
Анашым сенің ғана атың дара.
21- оқушы:
Тыңда оның дегенін,
Анаң, тілің- сүй оны!
Басымды иіп келемін
Ана сүті киелі!
Бәрі: 
Аналарды сүйеміз,
Ақылын ойға түйеміз
Әкені де ардақтап, 
Әдеппен бас иеміз.
II –жүргізуші: 
Қамқорсың әке өмірде 
Арманым едің аңсаған.
Теңіздей шалқып жүремін,
Қуатым сенсің көңілге.
I–жүргізуші:
Әкелем бақыт мен саған
Сүйенер сенсің- тірегім.
Әлпештеп мені өсірдің,
Ұрпағың болып жалғасам.
II –жүргізуші:
Барсам да қайда, жан әке,
Ұшармын ертең көгіңде.
Қуаншы, әке, сен соған.
Өзіңмен бірге жүрегім.
I –жүргізуші: Әке- әулет басшысы, отбасы мүшелерінің тірегі, асырап сақтаушысы, қамқоршымыз. Сондықтан да ардақты әкеміз әрқашан аман жүрсін деп тілек айтып келесі ән- шашуымыз әкелер сіздерге арналады
1.Ән «Әкешім»
2.Би өзбек биі 
II –жүргізуші: 
Өмірге ана –бұлақ, әке пана,
Өмірді өркендетер ана ғана,
Өсірген талай көсем, талай шешен.
Талай ер, талай ақын, талай дана,
Ана! Ол біздің елде ардақты адам-,деп ақын Бүркіт Ысқақов жырлағандай келесі ән шашуымызды аналар сіздерге арнаймыз. 
1.Ән «Анашым»
2. Ән «Маматайым»
I –жүргізуші: Ән мен күйді төгілтіп,
Інжу маржан шашайық,
Қонақтарды таң қалдырып
Өнерден күмбез жасайық.
I –жүргізуші: Құрбылар, бізді болашаққа не бастайды? Хормен: Ұстаздың көрсеткен жолы ;Ата –ананың ақылы; Болашаққа деген сенім.
II –жүргізуші: Достар , бүгін бізде мейрам . Бастауышты бітіріп жатырмыз. Бір- бірлеріңе қандай тілек тілер едіңдер.Оқушылар өз тілектерін айтады.
22- оқушы:
Өмір деген сан- саналы қиыр жол,
Адампасаң одан да аларың мол.
Ұстаз, ана, әкенің, құрбының да, 
Саған достым тілейтінім тек ақ жол!
23- оқушы: 
Жайнаса бал- бұл бүлдіршін, 
Бір сынып тағы өрлесін.
Жайқалып тұрған көктемгі,
Өмірің сенің гүл болсын!
24- оқушы:
Құтты болсын, құрбыан,
Алға аттаған қадамың .
Білім деп соқсың жүрегің 
Жолыңа бестік шашамын!
25- оқушы:
Шақырып алыс арманға, 
Асулар күтіп тұр алда
Өмірге ұлы самғауға,
Жар бола көрсін бір Алла!
I –жүргізуші: Біз 4 жыл оқыған бастауышта әр түрлі мектепішілік іс- шараларға қатысып, өзіміздің біліміміз бен өнерімізді көрсете білдік.
II –жүргізуші: Ендігі кезекте сіздерге 4 жылдық қорытынды есебінде бейне көрініс ұсынамыз. 
Мұғалім сөзі: Ата- ана ,оқушыларды марапаттау. 
I –жүргізуші: осы марапаттаулардың құрметіне биші қыздарымыздың биін тамашалаңыздар
II –жүргізуші:
Бастауышым бал бұлағым,
Алдым сенен балдын дәмін.
Әріп танып, білім алдым,
Рақметімді жаудырамын.
I –жүргізуші:
Өзіңсің балауса көктемім,
Мен сенен нәр алдым , көктедім.
Өмірде алғашқы өткелім.
Рақмет саған, бастауышым мектебім!
II –жүргізуші: Кешіміздің соңында сыныбымыздың қыздарының «Дубара» биін тамашалаңыздар. 
I –жүргізуші:
Құрметті ата- аналар , ұстаздар,
Жақсы шәкірт азамат атанады.
Халқынан, ата- аанадан бата алады.
Ұрпағына айтсын беп ақ тілегін
Ортаға шақырайық ата- ананы-, деп ата -анаға сөз береді.
Мұғалім сөзі: 
Қырандарымыздың білім қуған қанаттары талмасын.
Тек биікке самғасын.
Әріптерді танып алып тұрсыңдар,
Естеріңде болсын алда бір сын бар.
4 жыл менен білім алып шыққанмен,
Келешекте жазылатын жырсыңдар.
7 жылда өтер зулап сынаптай,
Бақыттымын маған тұрса сын айтпай .
I –жүргізуші:
Болашаққа ұмтылған жолымыз бар,
Жарқын өмір тұтқасы қолымызда.
Осыменен аяқталады мерекеміз,
Көріскенше аман-сау болыңыздар.
Қарағанды облысы 
Сәтбаев қаласы 
Абай атындағы №4 мектеп- лицейінің
бастауыш сынып мұғалімі Агибаева А.Т



Сабақтың тақырыбы: «Бастауышым-балбұлағым»

Сабақтың мақсаты: Білім ордасын, ұстаздарын құрметтеп, еңбекті бағалай білуге тәрбиелеу.

Ата-анасының, Отанының адал ұл-қызы болуға жетелеу, тәрбиелеу. Ақыл, ой өрісін дамыту. Бастауыш сыныбымен, білімнің алғаш есігін ашқан ұстаздарымен қоштастыра отырып, жоғарғы сынып мұғалімдеріне әр баланы өз ерекшелігімен таныта отырып, сәт сапар тілеп табыстау.

Көрнекілігі: жазылған қанатты сөздер, мақалдар:

«Бастауышым- балбұлағым» - тақырып.

«Білім кілті – бастауышта» - слайд

Мұғалімнің кіріспе сөзі:

Құрметті ата- аналар, ұстаздар, оқушылар!

Сіздер «Бастауышым – балбұлағым» атты бастауышпен қоштасу тойына жиналып отырсыздар. Қадамдарыңыз құтты болсын!

Музыка әуенімен бастауыш сынып түлектері ортаға мектеп вальсін билеп кіреді. 

1-жүргізуші: Армысыздар, мұғалімдер, әз жандар!

2-жүргізуші:Білім іздеп инемен құдық қазғандар.

1-жүргізуші:Сан ұрпақты тәрбиелеп оқытқан

2-жүргізуші: Өмір деген үлкен жолда тарландар. 

1-жүргізуші:Бүгін міне, қоштасады бастауышпен балбұлақ әніменен жырына тарландарым сал құлақ.

2-жүргізуші:Кеше сәби, бүгін міне, жас ұлан. Лаулап жансын болашағың шамшырақ.

1- жүргізуші:

Қош келіпсіз, ақ жаулықты аналар,

Жүздеріңнен мейіріммен нұр тамар.

Алдарыңызда жауқазындай құлпырған

Біз алаңсыз балғын шақты балалар.

2-жүргізуші

Қош келіпсіз,өр тұлғалы әкелер,

Қыран құстай болашағын мәпелер. 

Бүгін міне, бастауышпен қоштасады

Азамат боп, кешегі сәби-еркелер.



Жүргізушілер қосыла Қош келіпсіздер,құрметті қонақтар!

Мың алғыс сіздерге, біздей түлектерден

Мың алғыс отты жүректерден

1-жүргізуші:Қоштасу тойын бастайық

Әнмен биге басайық

Өнерімізді көрсетіп

Құрметіне бұл тойдың

Ән мен шашу шашайық

2-жүргізуші Шашу, шашу, шашайық,

Ақ сандықты ашайық.

Бұл мереке, бұл тойдың

Бастаңғысын жасайық.



1-оқушы:

Есімде ұстаздың алғаш қарсы алғаны

Айқара есік ашып тастағаны

Бір мереке думан боп осы маңда 

Жетелеп бір сыныпқа алып барғаны.

Енді міне, сағымдай боп өте шықты

4 жыл уақыт аз ба екен, кім біліпті,

Ұстаз ана жасады мына бізден

Ел таңғалар азамат бір-бір мықты

2-оқушы 

Үйретіп бізге алғаш әліппені,

Ұстазым ғылымға жол салып берді.

Адамның ой-арманы мақсаттары,

Оқудың сәулесімен жарық көрді.

3-оқушы:

Өмірге жол бір өзіңнен бастадым, 

Алфавитті алғаш сенен жаттадым.

Ұстаз- ана естен кетпес мәңгілік,

Мейіріммен жаурынымнан қаққаның..

Хор: Аяулы мектебім

2-бастаушы: «Ұстаз!» Осы бір сөздің өзінде қаншама мән мағына, қасиетті ұғым жатыр. Ұстаз алдынан өтпейтін ешкім жоқ. «Жақсы мұғалім – мектептің жүрегі» - деген Ы.Алтынсарин атамыз. Жүрексіз өмір болмаса, мұғалімсіз білімнің, тәрбиенің іске аспайтыны белгілі, небір данышпан адамдар, қарапайым еңбеккерлер, тіпті арман қуған жеткіншектер де бірі бір адамға қарыздар. Ол – ұстаз! Ұстазсыз өмірдің нақты тұтқасын ұстау мүмкін емес. Адамды тәрбиелеп оны адамзат атандырудың өзі бір үлкен күш, сондықтан да ұстаздың еңбегі – ұлы еңбек.

Көрініс: Пәндер айтысы

Хор: Ұстазыма 

6- оқушы:

Оқындар ұл-қыздар деп,

Күлімдеген, ұстаздар.

Ән арнадық, арнайы,

Тағзым ете, ұстазға!

Хор «Ұстазым».

Көрініс:Ата ақылы (ортаға қария мен 5 оқушы шығады)

Хор:Ұстазым 

1-жүргізуші

Ұшырса да бұл өмірдің сан құсын,

Ұстаз-ғалым толастамас мәңгі ісін.

Тыншымайтын асыл жандар аяулы, 

Тыңдаңыздар шәкірттердің алғысын

.

2-жүргізуші: Шексіз алғысымызды айта отырып, жеке құндылықтарыңызды бағалай әр-түрлі номинациялармен сіздерді марапаттаймыз.

«Қамқор және мейірімді» номинациясымен бастауыш сыныптар бірлестігінің жетекшісі Марал Валиханқызы марапатталады..

1-жүргізуші: «Ұлағатты ұстаз»номинациясымен даярлық

топта бізге білім берген ұстазымыз Индира Қапанқызы марапатталады.

2-жүргізуші: «Инабатты» номинациясымен даярлық топта бізге білім беріп, ең алғаш қалам ұстауды үйреткен Гаухар Жарылқасымқызы Гүлзира Абикенқызы марапатталады.

1-жүргізуші: «Шебер ұстаз» номинациясымен орыс тілі пәнінің қыр сырын үйреткен мұғалімі Анар Манаповна Баян Шаудирбаевна марапатталады.

2-жүргізуші: «Алғыр ұстаз» наминациясымен Ағылшын пәнінің

мұғалімі Советкүл Шамсудинқызы марапатталады.

1-жүргізуші : «Сүйікті ұстаз» наминациясымен Өзін өзі тану

пәнінің мұғалімі Майра Сакенқызы марапатталады

2-жүргізуші: «Тәні саудың, дені сау» номинациясымен дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Ержан Нұралыұлы марапатталады.

1-жүргізуші

«Алғашқы ұстаз» номинациясымен біздің сынып жетекшіміз Ботан Есбергенқызы марапатталады.

Мың алғыс жолдаймыз түлектер атынан.

Хор: «Ұстазым» 

.Ән: Ұстазыма мың тағзым

4-оқушы Бастаушым-балбұлағым,

Алдым сенен балдың дәмін.

Әріп танып, білім алып,

Рахметімді жаудырам.

Бастауышым – балқұрағым,

Лаулап жансын шам-шырағың.

Өзің берген біліміңмен

Самғап ұшты тау қыраным.

Өтті сенде қызық шағым,

Бастауышым – балбұлағым.

Қоштасар күн жетті міне,

Қимастықпен қол бұлғаймын.

Ұстаз тілегі:
Өздіріңмен адымдап аспандаймын,
Сендер барда ешкімнен жасқанбаймын.
Бастауышты бітіргелі тұрған сендер,
Ал мен тағы бір белестен асқандаймын.
Мен үшін бәрің бірдей, қарақтарым,
Орындалсын арман, тілек талаптарың.
Самғаңдар биіктерге, қайырмасын
Енді ғана қатайған қанаттарың.


Аттанарда ұрпағым бақ жолына,
Түссін деп тура нақ жолына,
Арнайы ақ матадан жол төседік,
Ырым ғып түлектердің Ақ жолына!
(Ақ жолмен түлектер шығарып салынады)

Тақырыбы: «Бастауышым - балбұлағым» 
Мақсаты: Білім негізі бастауыштан қанаттанатын оқушылық өмірдің бастапқы баспалдағын аяқтаған бүлдіршіндердің аяулы ұстазы мен қоштасу рәсімін жасау.Өз мектебіне ата-анасына, ұстазына, жолдасына деген жауапкершілік сезімін дамытуға жағдай жасау. Оқушыларды мектебін құрметтеуге, сүюге тәрбиелеу. 
Көрнекіліктер: «Бастауышым балбұлағым» сөзі , шарлармен гүл-ленталармен безендірілген.

Мұғалім: Құрметті қонақтар! Қымбатты ұстаздар, аяулы ата – аналар! Бүгінгі күн осында отырған бәріміз үшін ерекше күн. Оның ерекшелігі сол, осыдан 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған балаларыңыз білімнің негізі болатын бастауышта оқып, білім алып, қанаттарын қатайтып бастауыш сыныппен қоштасқалы отыр. Сонымен «Бастауышым балбұлағым» атты ертеңгілігімізді ашық деп жариялаймыз
Бесіктегі баланың, күлгенін көрген - бір бақыт.
Алдына түсіп ананың, жүргенін көрген – бір бақыт! – дегендей, бастауыш сыныпты бітіруші түлектеріміз бүгін сіздер үшін бар өнерлерін көрсетіп, тағы да бір бақытқа кенелтпекші!
Толқимыз, толқып тұрсыз баршаңыз да
Мұндай күй болған сірә қаншаңызда
Қол соғып, қошеметтеп шақырайық
4 «г» сыныбын ортамызға!
Музыка әуенімен бастауыш сынып түлектері ортаға келеді.
(Әсем әуен ойналады, ортаға түлектер келеді)
Оқушыларды марапаттаулар арқылы шақыру.
Аудандық «Зерде» ғылыми жұмысының 2-орын иегері Қаршығаева Айнұр.
Халықаралық «Пони» конкурсының сертификатының иегері Иса Рүстем және Балмұхан Райымбек.
Ауыл әкімінің алғыс хаты иегері және Айғалиқызы Нұрдана
«Көктем аруы» сайысының 3 орын, әрі «Король и королева письма» конкурсының 1 орын иегері Берікбаева Раулана.
Мектепішілік олимпиаданың дүниетану пәні бойынша 2 орын, Аудандық топтық олимпиаданың 2 орын иегері Нұраш Ақторғын.
Жас ақындар мүшәйрасының 3 орын иегері Ходжаназарова Ақжүніс.
Мектепішілік шығарма сайысының 3 орын иегері Бітмалиева Әсемай т.б.
- Осында тұрған әрбір оқушыны қолынан ұстап, партаға отырғызып, әріп танытқан ұстазыда осында. Ендеше Арна апай бүгінгі шәкірттеріңіздің өнерін тамашалаңыз.
- «Есте қалар бір сәт!» видео роликті тамашалаймыз.
- Ендеше оқушылар бүгінгі 
Нұрдана. Есігіңді алғаш ашқан балаңа,
Құшақ жайдың мектебім сен қуана
Сол бір сәтті мәңгі ұмыта алам ба?
Сенен артық дүниені табам ба?

Бақытбек. Бірдей біздің ойымыз да, сырымыз,
Бір мектептің ұлы менен қызымыз.
Бірдей өстік оқуда да, еңбекте,
Күліп –ойнап бірімізбен-біріміз.

Ақторғын . Мектебімде шырқалмаған жыр бар ма?
Мектебімде айтылмаған сыр бар ма?
Мектебімде алаулаған жас жалын,
Кетер мәңгі сөнбей талай жылдарға
Мектеп,мектеп- ашық жарқын көңілім
Мектеп,мектеп- шаттық толы өмірім
Мектеп,мектеп әнім болып төгілдің,
Мектеп,мектеп жан анам боп көріндің.

Сабыржан . Өткіздім мұнда балғын жасымды мен
Жаныма сіңді сенің асыл киең.
Сарқылмас бастаусың ұлылықтың,
Мектебім саған мәңгі басымды ием.
Хор: Мектебіме мың алғыс
Саясат. Шәкірттердің тыңдап жауап сұрағын,
Жас санаға төгіп білім шуағын.
Хат танытып жол сілтеген өмірге,
Барша жанға құрметті жан-мұғалім.

Райымбек. Ұстазым! Ұстазым өзің едің асқақ әнім,,
Басталған ақ батаңнан жас талабым.
Ұғындым ұлылықтың, даналықтың,
Ұстаздың ұлағатынан басталарын
.
Өмірге жол бір өзіңнен бастадым
Алфавитті алғаш сенде жаттадым.
Ұстаз- ана естен кетпес мәңгілік,
Мейіріміммен арқамыздан қаққаның.

Ақбота . Алғашқы ұстазымыз анамызбен тең келеді,
Бар асылын бізге жиып, мол береді.
Қанатымен су себелеп асыл жан,
Әр шәкіртін баласынан кем көрмейді.

Байсалды мінезіңнен бір қалыпты,
Менің де көкейімде із қалыпты
Ұстаттың қағаз , қалам қолыма өзің,
Ерінбей үйреттің де дер әріпті.,

Ақбидай. Көңілін бар шәкірттің таба алатын,
Кеуделерге намыс отын жаға алатын,
Өзіңдей болса, шіркін барлық ұстаз,
Жез таңдай, күміс көмей, сөзі алтын.
Хор: Ұстазым
Мұғалім: «Жақсы мұғалім - мектептің жүрегі» - деп бекер айтылмаған. Жүрексіз өмір болмаса, мұғалімсіз білімнің, тәрбиенің іске аспайтыны белгілі. Ендеше 4 жыл бойы ұстаздарымыздан алған білімдерімізді көрсетейік.
Бастауышта түрлі пәнді оқыдық,
Ойға білім тоқыдық.
Көрсетеміз сіздерге,
«Не үйрендік , не білдік?» деп келесі «Білім» орталығына көшеміз.
Ана тілі:
Математика:
Қазақ тілі:
Дүниетану:
Әдебиет орталығы:
Рүстем:
Кемшілікті кезінде,
Кесіп айтар өзіне.
Өнеге мол өзінде,
Өсиет көп сөзінде.
Көңілінің хошын-ай
Көп шәкірттің досындай,
Сәуле апай осындай.
Ақжүніс:
Үйренеміз жалықпай,
Орыс тілін шарықтай.
Тіл сындырып,ән айтып,
Шаттанамыз қалықтай,
Аманбибі апай тәлімі
Сәулелісін шашқан жарықтай.
Қадір:
Сөз сөйлесе жарқын-ақ,
Күніміздей жарқылдап.
Қызық өтіп сабағы,
Өсіреді ой сананы.
Біздермен ойнап – күледі,
Сырымызды біледі.
Ақбала апай қашанда,
Қамқор болып жүреді.

Әсемай:
Баулыған әрбір өренді,
Гүлбану апай өнерлі.
Өз ісінің шебері,
Әр сөзі мәнерлі.
Қызықтырып өмірге,
Әнді үйретіп келеді.
Мінезі сондай сабырлы,
Сізге ұқсағым келеді.
Мінезі жайлы, жайдарлы қызығасың,
Кейде ашусыз мінезіне табынасың.
Күліп жүрер үнемі Нағима апай
Бейнелеудің қыр-сырын ұғынарсың!


Раулана. Білімнің байыбына барып терең,
Арна апай бастап еді әліппеден.
Жаны асыл ұстазымызға мың бір алғыс, 
Бастаған тәрбиесін алып келем.
Көрмеген артық күліп, артық жүріп, 
Шәкіртіңді баулыдың тәртіпті ғып.
Қоштасамыз біз бүгін, өзіңізбен
Шәкірттердің алғысын айтып тұрып.

Айнұр:
Оқытты ұстаз – анамыз
Өсті білім санамыз,
Білгіш ер боп өсетін,
Біз бақытты баламыз.
Бойымызда бұлан күш,
Еркін өскен ұланбыз.
Оқу-білім үйреткен,
Ұстаздарға мың алғыс!
Хор :Ұстаздарға мың алғыс!
- Ендеше сөз кезегін оқушыларымызға алғаш қалам ұстап , әріп танытқан алғашқы ұстазымыз Арна апайымызға береміз.
«Ғылым» орталығы
- Сыныбымызда 2013-2014 оқу жылында «Мал жүнінен жасалатын бұйымдардың танымдық тағылымы» тақырыбында Қаршығаева Айнұр аудандық көлемінде ғылыми жұмыс қорғап, 2 орынды иеленді. Айнұрдың сол тақырыпқа зерттеу жүргізу сәтін көрелік.
- Ендеше осы Айнұрды ғылыми жұмыс қорғауына үлкен үлес қосқан, мен қайда барайық десем сонда барған Айнұрдың ата-анасына алғыс хат табыс етуге рұқсат етіңздер!
- Жақсы балалар, бәріңде білімді екенсіңдер! Ұстаздарыңның үмітін ақтадыңдар! Ендеше сендерде қандай өнер бар , соны көрелік»\
«Өнер» орталығы
Қазақ биі: Орындайтын Ақбидай, Нұрдана,Ақрыс
Ән: Анашым. Орындайтын Ақторғын
Би; Үнді биі
КВН
Ән : Раулана
Би; Өзбек биі
Ән: Райымбек пен Бауыржанның орындауында 

Тайыр. Аналарды сүйеміз,
Ақылын ойға туйеміз
Әкені де ардақтап,
Әдеппен бас иеміз.

Ел жатқанда жатпаған,
Мен деп тыным таппаған.
Бақытты үшін баланың,
Аман – сау бол ақ мамам.

Құралай . Кір түсірмей жағаға,
Шашымды да тарайсың.
Мектебіме барарда,
Мейірлене қарайсың.

Тау қопарып тасты ұрып,
Тұрғыздың сен не қала.
Саған қандай жақсылық,
Жасай алам мен ана!
Саяхат:

- Бүгінгі мерекемізге өздерінің әлпештеп өсірген балаларының мерекелерін қызықтауға ата-аналарымызда келіп отыр екен. Ендеше сөз кезегін ата-аналарымызға берейік.
- Сонымен бірге осы үнемі мектепте оқушылардың жанында бірге жүріп, оларға және маған әрдайым керек кезде қасымызда табылған Жолдасбаева Қанбибіге алғыс хат тапсырамын.
- Күндіз түні ойладыңыз бала қамын
Тынымсыз атып жатыр әрбір таңын
Басқарып меңгеруші боп осы ұжымды
Баршаны аялаған алақанын – дей келе келесі сөз кезегін мектебіміздегі бастауыш сыныптар бойынша оқу ісінің меңгерушісі Үмбетқалиева Заря апайға сөз береміз.
Ұстаз тілегі:
Өлкеміздің айналыңдар ертеңіне,
Сенімдердің айналыңдар серперіне.
Ұстаздық ақ жүректен мен тілеймін,
Тек сәттілік – шәкірттерім ертеңіңе.
Айналайын жап- жарқын жүздеріңнен,
Аластайтын жаныңды күз көңілден.
Мен сендерге мәңгілік тілекшімін,
Тілек тілеп тұратын іздеріңнен.
Бастауыш сыныптан естелік ретінде оқушыларға винеткі тапсырылады.
Мұғалім: 
Осымен «Бастауышым - балбұлағым» атты кешіміз аяқталды. Зейін қойып тыңдағандарыңыз үшін шексіз алғысымызды білдіреміз.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ