Материалдар / Рахмет саған бастауышым!

Рахмет саған бастауышым!

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздарға
ЖИ арқылы жасау
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Сабақтың тақырыбы: Рахмет саған, бастауыш мектеп!

Сабақтың мақсаты: Білім негізі бастауыштан қаланатын оқушылық өмірдің бастапқы баспалдағын аяқтаған бүлдіршіндердің аяулы ұстазымен қоштасу рәсімін жасау.

Бастауыш сыныпта алған білімдерін, өнерлерін байқату, ортаға салу.

Ұстаз еңбегін бағалай білуге, жан- жақты білім алуға, саналы азамат болуға тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: слайд, шарлар, гүлдер, нақыл сөздер.

Ағайын, жұрт ардақты армысыздар,

Бәріңіз де есен сау бармысыздар.

Көрермен куә болсын бастауышқа

Болашақ шәкірттердің жалғасы бар

Мектеп –мектеп бақытқа толы үйің,

Ұша білсең болмас-ау қону қиын.

Бастауыштың соңғы әнін шырқап бүгін,

Бастауыштың билейміз соңғы биін.

Биылғы бастауыш пен қоштасқалы отырған түлектерді ортаға шақырамыз

Әр оқушыға арналған өлең шумақтары оқылады.

Осы тұрған оқушыларға алғаш әріп үйреткен алғашқы ұстазын ортаға шақырамыз.

Ұстаз! Осы бір сөздің өзінде қаншама мән- мағына, құдіретті күш, қасиетті ұғым жатыр.

Ұстаз алдынан өтпейтін ешкім жоқ. «Мұғалім - мектеп жүрегі» -- деген Ыбырай Алтынсарин атамыз. Жүрексіз өмір болмаса, мұғалімсіз білімнің, тәрбиенің іске аспайтыны белгілі.

Өмірдегі қоғам қайраткері небір данышпан адамдар, қарапайым еңбеккерлер, тіпті арман қуған жеткіншектер де бәрі- бәрі бір адамға қарыздар. Ол - Ұстаз! Ұстазсыз өмірдің нақты тұтқасын ұстау мүмкін емес. Адамды тәрбиелеп, оны азамат атандырудың өзі бір үлкен күш. Сондықтан да ұстаздың еңбегі ұлы еңбек.

Төртінші сынып оқушыларының ұстаздарына арналған тілектері мен өнерлерін тамашалаңыздар.

Ақниет: Бала шаққа болашақты жырлатып, Күн нұрындай сәуле құйған көңілге

Шәкірттерге ой түзеткен сымбатты. Армысыздар, ұстаздарым қымбатты.

Айдын: Армысыздар әжелер мен аталар, Ел дәстүрін мәңгі сыйлап оқы деп,

Ұрпағыңыз күнде өзіңнен бата алар. Үйреткен ғой Абай, Ыбырай бабалар



Үміт: Армысыздар өр тұлғалы әкелер! Азамат боп, кешегі сәби еркелер,

Қыран құстай балапанын мәпелер. Бүгін міне бастауышпен қоштасады.



Ералхан: Армысың сен, алтын ұя мектебім, Жүректерге жаққан білім шырағын,

Саған айтар жыр-алғысым көп менің, Мектебіме арналады бұл әнім.



Иә мектебімізге қандай жыр арнасақ да жарасады. Ендеше сыныптастарымыздың мектепке арнаған жарларын тыңдалық

Алихан: Мектеп деген білім кені, жыр кені, Мектеп деген тәрбиеші адамға.

Мектеп деген ғылымның ең үлкені. Мектеп деген даналардың мекені.



Жанерке: Мектебім - білім берер алтын ұям. Арада өтсе дағы дүркіреп жыл

Ер жетіп сенде сөзім, артты санам. Әр күні балалықтай бір жүрек бұл

Баулыған төрт жыл бойы ата- анамдай. Өзіңе борыштармын өмір бойы,

Әрқашан қасиетті атың маған. Есейген шәкіртіңнің серті деп біл.



Ринат: Армысың сен алтын ұя мектебім, Жүректерге жаққан білім шырағын.

Саған айтар жыр алғысым көп менің Мақтан етем сені мәңгі мектебім.



Тоты: Ұлылықты ардақ тұтар үнемі, Алтын ұя, ақ босаға киелі.

Қанат қаққан білім алып өзіңнен, Күллі шәкірт саған басын иеді.



Бағлан: Мектебім, алтын ұям, нұрың жарық Сүйкімді сенің күміс қоңырауың

Жайнаттың үмітімнің гүлін жарып. Тұрады құлағымда сыңғыр қағып.



Еркебұлан: Мектеп – үйім, ұстазым менің ата- анам, Саяң ыстық , сен мәуелі бәйтерек.

Сенен өсіп, сенен ғана нәр алам. Тамырланып сан тарапқа тараған.



«Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға» , - деп Абай атамыз айтқандай, алғаш қолымызға қалам ұстатып, оңымыз бен солымызды танытқан, бізбен бірге қуанып, 42 әріпті танытып, білім нәрімен сусындатқан, мектептегі анамыз – ұстаз екені бәрімізге мәлім. Балалардың ұстазға арналған ән –жырларын айтпас бұрын , ұстаз туралы не айтар едің.

Әр шәкіртін өз баласынан кем көрмей, оқуға, жазуға үйреткен мұғалім еңбегі шексіз. «Мұғалім - мектептің жүрегі» - деп Ыбырай атамыз бекер айтпаған.

Дұрыс айтасың , ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, көкті шарлаған ғарышкер де, бәрә-бәрі ұстаздан білім мен тәрбие алған.

Иә, бұл туралы батыр Бауыржан атамыз: « Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді» - деген екен. Олай болса келесі жырларымызды ұстаздарымызға арнаймыз.

Ұстаздарға арналған құттықтаулар:

Мектеп директоры Жорабек ағайға:

Қанша жыл бұл мектепті басқардыңыз

Түлеп ұшқан жас түлек сан салалы.

Үлесі бар мектепті көркейтуге

Жорабек ағай сізге алғыс жолданады.

Мұхамеджан ағайға:

Еліктеп сізге келеміз,

Өрлерге жүзсін кемеңіз

Дара тұлға санасақ үлгі етіп,

«Бала» ғой бізді демеңіз

Мұхамеджан ағай сізге жыр жаздық

Құрмет қып мұны елеңіз

Қаракөз әпкейге:

Ақжарқын, тіл табысқыш, пейілі кең,

Қаракөз әпкейге кім тең келеді.

Мейірлене сөйлегенде ізетпенен,

Қисық пен қыңырың да түзеледі.

Балагүл әпкейге:

Өнері тамылжып саусақтан

Оюмен өмірді жасатқан,

Балагүл әпкейім ғажап жан.

Тұрсын ағайға:

Зор үміт күткен біздерден,

Тұрсын ағай біздің қымбат жан.

Сізден алған біліммен,

Шыңдарға биік шығармыз

Бастауыш сынып ұстаздарына:

Аққыз, Элмира, Қымбат, Динара; Қасиет, Лиза, Ғалия ұстаздары

Бастауыштың

Басында жүрген әркез жақсы істің.

Шеберлері мектептің алға сүйрер.

Ірге тасын қалайтын сан білімнің

Теміржан ағайға:

Шынықсаң шымыр боласың,

Ауырмайсың ешқашан.

Дейді бізге д/ш ағай,

Оның аты Теміржан.

Қайсар ағайға:

Көңілін бар шәкірттің таба алатын,

Кеуделерге намыс отын жаға алатын.

Өзіңдей болса шіркін барлық ұстаз,

Жез таңдай, күміс көмей сөзі алтын.

Нәзира әпкейге:

Орыс тілді үйреткен,

Тілімізді ширатқан.

Назира әпкей Қабыл ал, алғыс балаңнан.

Айдана: Алғашқы ұстазымыз анамызбен тең келеді, Қанатымен су себелеп асыл жан,

Бар асылын бізге жиып береді. Әр шәкіртін баласынан кем көрмей.



Құралай: Тек үйреттің әділдікті, адалдықты, Жалғастырар ақ жолың сенің салған,

Жирендік, ажыраттық жамандықты. Бар деп ұққың әрқашан балаң мықты.



Ринат: Жарық күннен жылы жүзің елестер, Жанарымда алыс тартқан қара жол,

Құлағымда өзің берген кеңестер. Көз жұмсам да көретұғын белестер.



Гүлназ: Қоңыр үнді әсем даусың таңдардай, Мейірлене қарап қойып біздерге,

Ұстазымның жүзіндегі нұр қандай? Күн астынан сабақ беріп тұрғандай.



Ернұр: Ұстазым! Ұстазым өзің едің асқақ әнім, Ұғындым ұлылықтың, даналықтың,

Басталған ақ батаңнан жас талабым. Ұстаздың ұлағатынан басталады.



Мөлдір: Мұғалім ұстазысың балалардың Өмірде сенің алар орыныңа,

Болашақ ғалымдардың, даналардың Бірі де жеткізе алмас бағалардың.



Ералхан : Кеп- кешегі жабырқау қайда қалған Мейірің бе, ұстаздық жүрегің бе?

Шықпаушы едік бір елі айналаңнан. Жан дүниесін баланың жаулап алған.

Алихан: Нұр құйған санасына зейіндінің, Дарыттың адамдықты шәкіртіңе,

Нұрлы шам сәулесіндей мейірімің Дамыттың дарын отын бейімдінің.

Үміт: Алғашқы ұстаз ерекше тұлға дара шың. Сағына әркез суреттерді парақтап,

Ұмытылмастай көңілде мәңгі қалатын. Шәкірттерін жиі еске алатын.

Айдын: Жаралған жақсы үмітпен мұраттардан, Жатталады жан жүректе есіміңіз,

Жансыз ғой әлдилеген шуақты арман. Адамның аяулы үні сияқтанған.

Ринат: Шәкірттер сіздерді айтып мақтанамыз, Біз әлі биітерден көрінеміз,

Бейнеңіз жүректерде сақталады. Үміт пен сеніміңіз ақталады.



Бәрі: Мың алғыс сізге біздей түлектерден,

Мың алғыс мына отты жүректерден!

Иә осыдан 4 жыл бұрын, біз 6 жастағы сәби балалар сөмкемізді зорға көтеріп, мектеп табалдырығын жасқана аттаған едік

Енді міне сауатымызды ашып, білім негізін қалаған бастауыш мектеппен қоштасып, орта буын қатарына қосылғалы отырмыз.

Иә, міне сағымдай өте шыққан 4 жыл ішінде біздің ұстаз анамыз сауатты, тәрбиелі, өнегелі азамат етіп шығарды.



Ендеше бастауыш сыныбымыз туралы неге айтпасқа!



Жанерке: Жасқана кіріп жарық сыныпқа біз, Мұғалім сабақ өтіп жатқан кезде,

Әр бетін Әліппенің күле ашқанбыз. Қайталап атымызды сұрасқанбыз.

Тоты: Әр үйдің ерке өскен тентегі едік, Бойымыз бірте-бірте үйренісіп,

Ақылға келе алмадық ерте көніп, Мектептің ережесін үйрендік кеп.

Ақниет: Өмірдегі жолымды бір өзіңнен бастадым

«А» әрпін алғаш сенен бастадым

Ұстазым естен кетпес мәңгілікке,

Мейіріммен жауырынымнан қаққаның.

Бағлан: Бірдей біздің ойымыз да сырымыз, Бірдей өстік оқуда да еңбекте,

Бір мектептің ұлы менен қызымыз. Күліп – ойнап біріміз бен біріміз.

Еркебұлан: Бастауышта шырқалмаған жыр бар ма? Бастауышым – бал бұлағым,

Бастауышта айтылмаған сыр бар ма? Алдым сенен балдың дәмін.

Бастауышта алған білім жырларым, Әріп танып, білім алып,

Азық болар мәңгі талай жылдарға. Рахметімді жаудырамын.

Құралай: Бастауышым - балбұлағым, Өзің берген біліміңмен,

Лаулап жанған шам шырағым. Самғап ұшар тау қыраның.

Ринат: Өтті сенде қызық шағым, Қоштасар күн жетті міне,

Бастауышым – балбұлағым Қимастықпен қол бұлғаймын.



Біздер бастауыш сыныпта жоғарғы сыныптарда өтілетін әдебиет, тарих, биология, алгебра, физика, химия т.б пәндерге негіз болатын ана тілі , математика, дүниетану, орыс тілі пәндерін зер салып оқып үйрендік.

Айдана: Анашымдай сыр шерткен, Ана тілін сүйеміз

Ақыл – білім үйреткен. Құрметпен бас иеміз,

Ана тілін оқыдық, Ана тілмен қоштасамыз

Ерекше зор құрметпен Әдебиетпен достасамыз.

Мөлдір: Ойланып есеп шығартып, Ғылымдардың патшасы,

Төрт таңбаны білдірген Математика данасы.

Гүлназ: Қазақ тілі пәнінен, Жалғаулар мен жұрнақтар

Білім алды балалар. Ережесін жаттадым Сөйлемді, сөз таптарын, 5-шіге барғанда Еттістіктің шақтарын Ұстаздарым бағалар

Ернұр: Ой жіберсең бәріне, Жер байлығы көп екен,

Дүниетану пәніне, Игеруді қалайды

Өмір сырын үйретер, Осының бәрін білдірген,

Пәннің жақсы бәрі де. Дүниетану сабағы.

Алихан: Үйренеміз жалықпай, Тіл сындырып, ән айтып,

Ағылшын тілін шарықтап, Шаттанамыз қалықтай.



Біздің жамандығымызды жасырып, жақсылығымызды асырып жүрген біздің ата*анамыз. Қатарымыздың теңі болып, тамағымыз тоқ, көйлегіміздің көк болып жүруі сол кісілердің арқасы.

Ералхан: Әкешім тілеуімді тілеп жүрген,

Аумайсың жарығы мол ашық күннен.

Шаршайсың жұмыс істеп біздер үшін,

Ақылды балаларың оны білген.

Ыстық – ау кім-кімге де әке деген,

Суыққа шалындырмай мәпелеген.

Өмірдің соқпғымен өрге тартып,

Алдымнан адам бол деп жетелеген – дегендей әкенің орны бөлек ау.

Әр ана өз баласын мейірімді болса екен, жақсы оқып, елге қалаулы азамат болса екен дейді. Халқымызда мынадай бір нақыл сөз бар: «Анаңды Меккеге үш рет арқалап барсаң да боышыңды өтей алмайсың» деген. Алайда ардақты анамыздың ақ сүтін ақтай білгенге не жетсін!

Иә, дұрыс айтасың Біз болашақта саналы да, ақылды бала болып өссек ананың арманы орындалды деген осы емес пе?



Үмі т: Дүниеге әкелген, ол да сенің анашың,

Ақ сүт беріп өсірген, ол да сенің анашың.

Тіл алмасаң кешірген, ол да сенің анашың

Мәпелеген баласын, аман болсын анашым!

Кеудемнен сезім селі ақтарылсын

Болармын күні ертең-ақ мақтанышың.

Білім алып, тер төгем, еңбек етем,

Өзіңнің сеніміңді ақтау үшін!

Ән:

Жетекші боп жүрдіңіз түлегіңе

Біздерді ойлап көңіліңіз жүдеді де,

Шәкірттер тыңдаңыздар ұстаз сөзін,

Сіздерге арнап айтатын тілегін де – дей отыра сөз кезегін ұстазымызға береміз







Құрметті, ұстаздар, ата- аналар, оқушылар!

Кеше ғана білім ордасына тарыдай болып еніп, жан- жақтарына таңырқай қарап, жүрексіне табалдырық аттаған кішкентай бүлдіршіндеріміз бүгін міне бой түзеп, ойларына сана қосып, еліміздің саналы бір азаматы болғалы отыр.

Алдарыңызда тұрған 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын тәй-тәй басып аттаған кіп- кішкентай бүлдіршіндер еді. Енді міне, бойлары да, ойлары да өсіп бастауыш сынып білімін аяқтап, жоғарғы сыныпқа қадам басқалы отыр.

Бастауыш мектеппен қоштасу салтанатын аяқтай келе төртінші сыныпты сапалы білімдерімен аяқтаған шәкірттеріме жоғарғы сыныпқа барғанда да осы сапалық құрамын сақтап, үнемі жақсы оқумен бірге, саналы тәртіпті оқушылар болыңдар.

Тәуелсіз еліміздің тірегі болар азамат боп өсіңдер деп тілек білдіремін

Өлкеміздің айналыңдар ертеңіне,

Сенімдердің айналыңдар серперіне.

Ұстаздық ақ жүрекпен мен тілеймін,

Тек сәттіллік - шәкірттерім ертеңіңе.

Айналайын жап- жарқын жүздеріңнен

Аластайтын жаныңды күз көңілден.

Мен сендерге мәңгілік тілекшімін,

Тілек тілеп тұратын іздеріңнен.



ЖИ арқылы жасау
22 Желтоқсан 2017
588
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі