400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Рахмет сізге Анашым

Материал туралы қысқаша түсінік
балабақшаға, ашық сабақ, мерекелік шара
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Рахмет сізге Анашым

Тәрбиеші : Сарсенова Ш.Х

Мақсаты : Балалардың аналарына , бар адамзат анасына сүйіспеншілігін ояту.

Ананың еңбегін ақтауға , ардақтауға,құрметтей білуге тәрбиелеу.

Көрнекілік: ертеңгілік жазылған плакат.Суреттер,шар,гүл суреттері.

Жүргізуші: Қымбатты балалар,сүйікті аналар,әжелер,ұстаздар . Құрметті әріптестер .

  • Бүгін біз Көктемнің алғашқы мерекесі 8-наурыз аналар мерекесін тойлайын деп отырмыз, мерекелеріңіз құтты болсын.Сөз кезегін ұлағатты ұстаз,мейірімді анамыз мектеп директоры: Б.Маратовнаға береміз.

  1. Бала,бала, бала деп,

Түнде шошып оянған.

Түн ұйқысын төрт бөліп ,

Түнде бесік таянған – демекші

  • Құрметті аналар, әжелер қадамдарыңа гүл бітсін, сіздерген арналған мерекемізді бастаймыз.

Музыка ырғағымен : Балалар ортаға шығады.

«Анашым мен сізді , жақсы көремін »

Суйкімді балапандарыңыздың орындауында

Хор : «Анашым,Ана-жаным!»

Раяна

Ана

Сен бақыттысың, жыламағын.

Жай түсіп жатқандада құламадың,

Тәңірімнен мен едім сұрамағын . Сондықтан жыламағын, жыламағын...

Балғынбек

Іш ауырса,тіс ауырса

Анам дәрі береді.

Барлық бала ,барлық ана

Оны жақсы көреді

Мейіржан

Бүгін наурыздың 8-і

Сұлулықтың негізі.

Әдемі сөз адамның

Анаға айтар лебізі

  1. Атаның ізін ұл басар ,

Ананың ізін қыз басар-дегендей алдарыңызда анасының ізін басып келе жатырған қызымыз Айсұлу әпкесі Айханмен

«Өзбек биі»



Саяна

Бөбегің оянса,

Ұйқыңнан мың тұрдың.

Гүліңмен балауса,

Көктемдей құлпырдың.

Айша

Аялап алақан,

Әлпештеп өсірген.

Аяулы жан анам,

Қатемді кешірген

Даврон

Солнцем к нам пришла весна,

Мамин празник приесла.

Дружно с мамочкой вдвоем

Песенку для вас споем.

  1. Ауылыңда қария болса, жазып қойған хатпен тең. Қария әжелеріміз аман болсын сахнада Әмірбек Таңсұлу «Сағындым әже» әнімен

Сырым

Мәпелейсің мені анам

Қолыңдағы құсыңдай

Құлпыра өсіп дем алам

Құшағыңда қысылмай.

Элиф

Мамочка красивая,

Самая любимая.

Словно сольнышко в окне

Даришь ты улыбку мне

Айсұлу

Анатайым анашым!

Жақсы көремін мен сені

Құрметтеп мәңгі өтемін

Еркелеймін өзіңе.

  1. Гүл өссе елдің көркі ,

Қыз өссе жердің көркі сахнада Бота тобының қыздары

«Тентегім» биімен

Хафиз

Аялаған , саялаған

Бар бақытым берекем

Апатайым құттықтаймын

Бүгін сенің мерекең

Амина

Күлімдеген көзіңнен,

Күн мейрімі сезілген.

Бұл жалғанда балаға,

Жақын жан жоқ өзіңнен.

Элим

Маму ,бабушку ,сестренок

И конечна всех девченок

От души мы поздравляем,

Счасье,радости мы желаем

М.Айзере

Ай қабақты анашым,

Күн сәулелі мамашым.

Ақ сүтінмен суардың,

Бөбегіңнің санасын.

  1. Күлсең кәріге күл дегендей.

– Алдарыңызда «Бота» тобының жігіттері «бабушкий,старушкий» биімен

Аяла

Айналайын анашым,

Әлпештеген баласын.

Емеп өскен бөбекпіз

Маматайым мамашым

Бексұлтан

Ел жатқанда жатпаған,

Мен деп тыным таппаған.

Бақыты үшін балаңның ,

Аман-сау бол, ақ мамам.

Салтанат

Айналайын анашым

Жұмысқа сен барасың

Қайтып мені көргенде

Шын сағынып қаласың

  1. Ананың сүті бал,

Баланың тілі бал.

Ортамызда «менің әжем » әнімен Муслім Айзере


  • Жарайсыңдар , алдарыңда көптен күткен тосын сый деп жүрген, балалар, өз қолдарымен аналарына арнап жасаған сыйлықтарын қарсы алыңыздар.

Балалар сахна шығып , сыйлықтарын береді . Музыка ырғағымен шеңбер жасап «Рахмет , сізге Анашым!»- деп бас иеді.

  • Құрметті аналар,әжелер,ұстаздар .Сіздерге ұзақ өмір , өшпес бақыт, денсаулық тілеймін . Бала ісі – шала дегендей Балалықпен жасаған бар қателігімізді кешіре білгейсіздер деп осымен бүгінгі ертеңгілік шараны жабық деп жариялаймыз. Меркелеріңіз құтты болсын.




























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
12 наурыз
551
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі