Материалдар / «Рахмет сізге, бәрі де ана бір өзіңнен басталады....»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Рахмет сізге, бәрі де ана бір өзіңнен басталады....»

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш класс оқушыларының мектеп пен ата- ана сабақтастығын жетілдіру, оқушылар бойында ізгілік,инабаттылық,адамгершілік қасиеттерді қалыптастыруда аналарымыздың орнының жоғары екендігін түсіндіру, анаға деген сүйіспеншілікке, ананы құрметтеп, сыйлауға тәрбиелеу .
Авторы:
09 Маусым 2023
303
10 рет жүктелген
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мерзімі: 17.02.23. сағат: 17:30

Тақырыбы: «Рахмет сізге, бәрі де ана бір өзіңнен басталады....»

«Талаптыға нұр жауар» бастауыш сыныптар апталығының «Бәрі де ана бір өзіңнен басталады» тақырыбындағы сыныптан тыс шарамызға қош келдіңіздер!

Бүгінгі шараның мақсаты: Бастауыш класс оқушыларының мектеп пен ата- ана сабақтастығын жетілдіру, оқушылар бойында ізгілік,инабаттылық,адамгершілік қасиеттерді қалыптастыруда аналарымыздың орнының жоғары екендігін түсіндіру, анаға деген сүйіспеншілікке, ананы құрметтеп, сыйлауға тәрбиелеу .


Ұстаздар, ата-аналар, қош келдіңіздер!Ұлпа қармен үлпілдеген ақпаннан кейінгі келер көктемнің алғашқы күні алғыс айту күні. Аналар сіздерге мың алғыс! Сіздердің бар болғандырыңыз үшін алғыс!Рахмет айтамыз!




Әр адам көзін ашып дүниеге келгенде мейірімді, жүрегі жылы жанды көреді. Ол - Ана. Қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай бауырына басып, біз үшін жанұшыра шырылдайтын да – Ана. Әрқашан дұрыс, таза жүр, адал бол деп тілейтінде – Ана. Ана, бұл жел жағымызға пана, бәріміз үшін дара, дана тұлға. Балаға анадан артық, анадан қымбат жан жоқ. Әрбір ана отының өшпеуін, шаңырағының құламауын сәбидің жыламауын, сұм соғыстың болмауын, қызыл гүлдің солмауын тілейді.

Мектеп пен отбасы сабақтастығын тереңдету мақсатында ұйымдастырылып отырған бүгінгі шарамызда әр сыныптың аналары белгілі тақырыптарда өз өнерлерін көрсететін болады. Басутыш бірлестігі ұйымдастырып отырған кешімізге ниет білдіріп қолдап келген аналарымызға өз рақметімізді айтамыз. Олай болса, ортамызда өнерлі аналарымыздың өнерлі балаларын қарсы алыңыздар!


1- оқушы:

Алтын анам жасымнан аялаған,


Мен үшін игілікті аямаған.


Сабақтан шаршап үйге келгенімде,


Бал сөзі жаным деген сая маған.


2- оқушы:

Ардақты Ана, аяулы ана, қымбаттым


Тәтті  ұйқыңды бөліп талай үн қаттың


Өміріме нәрін берді ақ сүтін


Кең құшағың аясындай гүл бақтың


3-оқушы:

Ана деген,ана деген бұл өмірдің  тірегі


Аналардын мөп-мөлдір ғой тілегі


Құлыным  шырылдаған ,ешбір тыным таппаған,


Ауырмасын, ауырмасын ,аналардың жүрегі.


4- оқушы:

Бәрі де, ана, бір өзіңнен басталды
Сен деп жаздым алғаш өлең-дастанды
Қуандым ба, өзің бар деп қуандым,
Жыладым ба, өзің жоқ деп жас тамды.


5- оқушы:

Бәрі де, ана бір өзіңнен басталды.
Жанарыңнан көрдім алғаш аспанды
Еркелесем, бір өзіңе еркелеп,
Жасқандым ба, тек өзіңнен жасқандым.


Жүргізуші:

Жақсылық тілеген,

Анашым данасың.

Осынау дүниеде

Біз үшін дарасың

дегендей алдарыңызда 3 «В» класс оқушыларының аналарының орындауында Шәмшінің әндерінің бірі «Арыс жағасында» қабыл алыңыздар.


Жүргізуші: Қазақтың халық аспаптары ғасырлар бойы ұрпақтан ұрпаққа мирас болып келе жатырған мәдени мол мұра.Халық аспаптарының өзіне тән үні бар.Ендеше алдарыңызда 3 «А» класс оқушыларының өнерлі аналарының орындауында аспаптармен «Гүлдерайым» әнін қабыл алыңыздар.



Жүргізуші:

Ән халық мұрасы. Халық әндері сарқылмас қазына. Ән халықтың өмір айнасы – дегендей 3 «Г» класс оқушыларының аналарының орындауында халқымыздың сарқылмас қазынасы «Халық әндері» қабыл алыңыздар.


Жүргізуші: Ән де өнер, биде өнер. Өнерге шектеу жоқ. Бишілерде өнер көп, билейді әнді мәнерлеп дегендей өнерлі биші 3 «Б» класының аналар өнерін қарсы алыңыздар.



Жүргізуші:

Адам бар ма ана сүтін татпаған,

Алуан-алуан ауыр сынды аттаған,

Адалдықты ар-намысты сақтаған

Мен ананың сонысына мақтанам

- дегендей 3 «Ә» класс оқушыларының орындауында «Қазіргі заманғы әндер» өнерлерін қабыл алыңыздар.

Жүргізуші:

Жанұяның тірегі әке болсын,

Шаңырақтың шуағы ана болсын,
Бар тілекті арнайтын балаңызға
Көңіліңіз ғажайып нұрға толсын.



Хор: орындайтын 3 класс оқушылары «Ақ дидарлы анашым».

Жүргізуші:

Адамды дүниеге әкелетін,өмірге сыйлайтын құдіретті ана емес пе? Сол құдірет иесінің алдында бәріміз де бас июге тиіспіз. (Бас иеді барлық оқушы)

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!