400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ральф Стогдилл мен Ричард Манның көшбасшылық қасиеттерді анықтау туралы ойлары

Материал туралы қысқаша түсінік
o Басшының және қызметкерлердің этикалық қарым-қатынас кодексін әзірлеу. o Қақтығыстың қызметі мен түсінігі Б.С.Волков, Н.В.Волкаваның o Ральф Стогдилл мен Ричард Манның көшбасшылық қасиеттерді анықтау туралы ойлары
Материалдың қысқаша нұсқасы

І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті



РЕФЕРАТ

Тақырыбы:

  • Басшының және қызметкерлердің этикалық қарым-қатынас кодексін әзірлеу.

  • Қақтығыстың қызметі мен түсінігі Б.С.Волков, Н.В.Волкаваның

  • Ральф Стогдилл мен Ричард Манның кошбасшылық қасиеттерді анықтау туралы ойлары.





Орындаған: А.Д. Талғатова ХПқ-211

Тексерген: С.Қ.Мамилина



Талдықорған

2020 жыл








Жоспар:

/Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі.

1. Жалпы ережелер

2. Мінез-құлықтың жалпы стандарттары

3. Қызметтен тыс уақыттағы мінез-құлық стандарттары

4. Қызметтік қатынастардағы мінез-құлық стандарттары

5. Көпшілік алдында, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында

сөйлеумен байланысты мінез-құлық стандарттары

/Қақтығыстың қызметі мен түсінігі Б.С.Волков, Н.В.Волкаваның

/Ральф Стогдилл мен Ричард Манның кошбасшылық қасиеттерді анықтау туралы ойлары


Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі

(Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары)

1. Жалпы ережелер

1. Мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады және мемлекеттік қызметшілердің моральдық-әдептілік бейнесіне жоғары талаптар қояды.

Қоғам мемлекеттік қызметші өзінің барлық күш-жігерін, білімі мен тәжірибесін өзі жүзеге асыратын кәсіби қызметіне жұмсайды, өзінің Отаны – Қазақстан Республикасына қалтқысыз әрі адал қызмет етеді деп сенеді.

Мемлекеттік қызметшілер өз қызметінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың саясатын жақтауға және оны дәйекті түрде жүзеге асыруға тиіс.

Ескерту. 1-тармақтың орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді – ҚР Президентінің 05.05.2017 № 471 Жарлығымен.

2. Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің осы әдеп кодексі (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары) (бұдан әрі – Кодекс) Қазақстан Республикасының Конституциясына, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" 2015 жылғы 23 қарашадағы, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасының заңдарына, жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларына сәйкес мемлекеттік қызметшілердің моральдық-әдептілік бейнесіне қойылатын жалпы қабылданған талаптарды, сондай-ақ олардың мінез-құлқының негізгі стандарттарын белгілейді.

Кодекс халықтың мемлекеттік органдарға сенімін нығайтуға, мемлекеттік қызметте өзара қарым-қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыруға және мемлекеттік қызметшілердің әдепсіз мінез-құлық жағдайларының алдын алуға бағытталған.

3. Мемлекеттік органдардың басшылары, орталық атқарушы органдарда – орталық атқарушы органдардың жауапты хатшылары немесе белгіленген тәртіппен орталық атқарушы органдардың жауапты хатшыларының өкілеттіктері жүктелген лауазымды адамдар, ал орталық атқарушы органдардың жауапты хатшылары немесе аталған лауазымды адамдар болмаған жағдайда – орталық атқарушы органдардың басшылары осы Кодекс талаптарының орындалуын, осы Кодекстің мәтінін мемлекеттік органдардың ғимараттарында баршаға көрінетіндей жерде орналастыруды қамтамасыз етеді.

4. Мемлекеттік қызметші мемлекеттік қызметке тұрғаннан кейін үш күн мерзімде осы Кодекстің мәтінімен жазбаша нысанда таныстырылуға тиіс.

2. Мінез-құлықтың жалпы стандарттары

5. Мемлекеттік қызметшілер:

1) Қазақстан халқының бірлігі мен елдегі ұлтаралық келісімді нығайтуға ықпал етуге, мемлекеттік және басқа тілдерге, Қазақстан халқының салт-дәстүрлеріне құрметпен қарауға;

2) адал, әділ, қарапайым болуға, жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын сақтауға, азаматтармен және әріптестерімен қарым-қатынаста сыпайылық пен әдептілік танытуға;

3) өздері қабылдайтын шешімдердің заңдылығы мен әділдігін қамтамасыз етуге;

4) жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қозғайтын шешімдерді қабылдаудың ашықтығын қамтамасыз етуге;

5) мемлекет мүддесіне нұқсан келтіретін, мемлекеттік органдардың жұмыс істеу тиімділігіне кедергі жасайтын немесе тиімділігін төмендететін іс-әрекеттерге қарсы тұруға;

6) қызметтік міндеттерін тиімді атқару үшін өзінің кәсіби деңгейі мен біліктілігін арттыруға, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектеулер мен тыйымдарды сақтауға;

7) өзінің іс-әрекетімен және мінез-құлқымен қоғам тарапынан айтылатын сынға себепкер болмауға, сынағаны үшін қудалауға жол бермеуге, орынды сынды кемшіліктерді жою мен өзінің қызметін жақсарту үшін пайдалануға;

8) жеке сипаттағы мәселелерді шешу кезінде мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, мемлекеттік қызметшілер мен өзге де адамдардың қызметіне ықпал ету үшін өзінің қызметтік жағдайын пайдаланбауға;

9) шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтерді таратпауға;

10) мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз етуге, өзіне сеніп тапсырылған мемлекеттік меншікті, автокөлік құралдарын қоса алғанда, ұтымды, тиімді және тек қызметтік мақсатта ғана пайдалануға;

11) қызметтік тәртіпті бұлжытпай сақтауға, өзінің қызметтік міндеттерін адал, бейтарап және сапалы атқаруға, жұмыс уақытын ұтымды және тиімді пайдалануға;

12) мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша тұрақты түрде шаралар қабылдауға, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тұтынушысы ретінде толығымен халықтың сұранысына бағдар ұстануға;

13) жасағаны үшін заңнамада тәртіптік, әкімшілік немесе қылмыстық жауаптылық көзделген құқық бұзушылықтар мен теріс қылықтарды жасауға жол бермеуге;

14) іскерлік әдепті және ресми мінез-құлық қағидаларын сақтауға тиіс.

Мемлекеттік қызметшілердің сырт келбеті олардың қызметтік міндеттерін орындау кезінде мемлекеттік аппараттың беделін нығайтуға ықпал етуге, іскерлікпен, ұстамдылықпен және ұқыптылықпен ерекшеленетін жалпы қабылданған іскерлік талаптарына сай болуға тиіс.

Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Президентінің 24.01.2019 № 828 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

6. Мемлекеттік қызметшілер қызметтік жағдайларын және онымен байланысты мүмкіндіктерді қоғамдық және діни бірлестіктердің, басқа да коммерциялық емес ұйымдардың мүдделеріне, оның ішінде өзінің оларға көзқарасын насихаттау үшін пайдаланбауға тиіс.

Мемлекеттік қызметшілер, оның ішінде басшы лауазымдарды атқаратындар, ұжымда өз діни көзқарасын ашық көрсете алмайды, бағынысты қызметшілерді қоғамдық және діни бірлестіктердің, басқа да коммерциялық емес ұйымдардың қызметіне қатысуға мәжбүрлей алмайды.

3. Қызметтен тыс уақыттағы мінез-құлық стандарттары

7. Мемлекеттік қызметшілер қызметтен тыс уақытта:

1) жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын ұстануға, қоғамға жат мінез-құлық, оның ішінде қоғамдық орындарда адамның қадiр-қасиетiн және қоғамдағы адамгершілікке нұқсан келтіретін масаң күйде болу жағдайларына жол бермеуге;

2) қарапайым болуға, тиісті көрсетілетін қызметтерді алу кезінде өзінің лауазымдық жағдайын баса көрсетпеуге және пайдаланбауға;

3) өз тарапынан қоғамдағы адамгершілікке, тәртіпке және қауіпсіздікке қол сұғушылыққа әкелетін заңнама талаптарын бұзуға және басқа азаматтарды құқыққа қарсы, қоғамға жат әрекеттерді жасауға тартуға жол бермеуге тиіс.



4. Қызметтік қатынастардағы мінез-құлық стандарттары

8. Мемлекеттік қызметшілер әріптестерімен қызметтік қарым-қатынасы кезінде:

1) ұжымда іскерлік және тілектестік өзара қарым-қатынасты әрі сындарлы ынтымақтастықты орнату мен нығайтуға ықпал етуге;

2) басқа мемлекеттік қызметшілер тарапынан қызметтік әдеп нормаларын бұзудың жолын кесуге немесе оларды болдырмау жөнінде өзге шаралар қабылдауға;

3) ұжымда әріптестерінің ар-намысы мен абыройына кір келтіретін жеке және кәсіптік қасиеттерін талқылаудан аулақ болуға;

4) әріптестерінің өз лауазымдық міндеттерін орындауына кедергі келтіретін әрекеттерге (әрекетсіздікке) жол бермеуге міндетті.

9. Басшылар қарамағындағы қызметшілермен қарым-қатынас кезінде:

1) өзінің мінез-құлқымен бейтараптықтың, әділдіктің, риясыздықтың, жеке тұлғаның ар-намысы мен абыройына құрметпен қараудың үлгісі болуға;

2) меритократия қағидаттарын сақтауды қамтамасыз етуге, кадр мәселелерін шешу кезінде туыстық, жерлестік және жеке басына берілгендік белгілері бойынша артықшылық көрсетпеуге;

3) олардың қызметінің нәтижелерін бағалау, сондай-ақ көтермелеу және жазалау шараларын қолдану кезінде әділдік пен объективтілік танытуға;

4) еңбекті, денсаулықты қорғауға, тиімді қызмет ету үшін қауіпсіз және қажетті жағдайларды жасауға, сондай-ақ қызметшілердің ар-намысы мен қадір-қасиетін кемсітушіліктің және қол сұғушылықтың кез келген нысандарын болдырмайтын қолайлы моральдық-психологиялық ахуалды қалыптастыруға бағытталған шараларды қабылдауға;

5) қызметтік емес сипаттағы мәселелерді шешу кезінде олардың қызметіне ықпал етуге өзінің қызметтік дәрежесін пайдаланбауға;

6) құқыққа қарсы қылықтарды, сондай-ақ жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларына жат қылықтарды жасауға мәжбүрлемеуге;

7) оларға қатысты негізсіз айыптауларға, дөрекілік, қадір-қасиетін қорлау, әдепсіздік және орынсыз мінез-құлық фактілеріне жол бермеуге тиіс.

10. Төмен тұрған лауазымдарды атқаратын мемлекеттік қызметшілер:

1) басшылардың тапсырмаларын орындау кезінде тек объективті және шынайы мәліметтерді ұсынуға;

2) өздеріне мәлім болған қызметтік әдеп нормаларының бұзу жағдайлары және мемлекеттік қызметке кір келтiретін тәртіптік теріс қылықтар туралы басшылыққа және әдеп жөніндегі уәкілге дереу хабарлауға;

3) басшының заңды тапсырмаларын орындауға кедергі келтіретін әрекеттерді (әрекетсіздікті) болдырмауға;

4) басшылыққа қатысты жеке берілгендікке, олардың қызметтік мүмкіндіктері есебінен пайда және артықшылықтар алуға ұмтылуға жол бермеуге тиіс.

5. Көпшілік алдында, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында

сөйлеумен байланысты мінез-құлық стандарттары

11. Мемлекеттік орган қызметінің мәселелері бойынша көпшілік алдында сөйлеуді оның басшысы немесе мемлекеттік органның бұған уәкілеттік берілген лауазымды адамдары жүзеге асырады.

Мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік қызметтің беделіне нұқсан келтірмей, пікірсайысты сыпайы нысанда жүргізуге тиіс.

12. Мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік саясат және қызметі мәселелері жөніндегі өз пікірін, егер ол:

1) мемлекет саясатының негізгі бағыттарына сәйкес келмесе;

2) жариялауға рұқсат етілмеген қызметтік ақпаратты ашатын болса;

3) мемлекеттің лауазымды адамдарының, мемлекеттік басқару органдарының, басқа да мемлекеттік қызметшілердің атына әдепке жат сөздер айтудан тұрса, көпшілік алдында білдіруіне болмайды.

13. Мемлекеттік саясатты жүргізумен, мемлекеттік органның және мемлекеттік қызметшілердің қызметімен байланысты емес мәселелер бойынша мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік органның атынан жарияланымдарына жол берілмейді. Педагогикалық, ғылыми және өзге де шығармашылық қызмет бойынша материалдар жариялауды мемлекеттік қызметші жеке тұлға ретінде тек өз атынан жүзеге асыра алады.

14. Мемлекеттік қызметшіге сыбайлас жемқорлық көріністерін жасаған деп көпшілік алдында негізсіз айып тағылған жағдайда, ол осындай айыптау анықталған күннен бастап бір ай мерзімде оны теріске шығару жөнінде шаралар қолдануға тиіс.

Қазақстан Республикасы

Президентінің

2015 жылғы 29 желтоқсандағы

№ 153 Жарлығымен

БЕКІТІЛГЕН

Әдеп жөніндегі уәкіл туралы

ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер

1. Әдеп жөніндегі уәкіл – қызметтік әдеп нормаларының сақталуын және мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін (бұдан әрі – Әдеп кодексі) бұзушылықтардың профилактикасын қамтамасыз ету қызметін жүзеге асыратын, сондай-ақ өз функциялары шегінде мемлекеттік қызметшілер мен азаматтарға консультация беретін мемлекеттік қызметші.

2. Әдеп жөніндегі уәкіл өз қызметінде "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" 2015 жылғы 23 қарашадағы, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасының заңдарын, Әдеп кодексін, осы Ережені, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерін басшылыққа алады.

Әдеп жөніндегі уәкілдің дербес лауазымы аумақтық бөлімшелері немесе ведомстволарының аумақтық бөлімшелері, шет елдегі мекемелері бар орталық мемлекеттік органдарда (құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігін қоспағанда), сондай-ақ облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және Астана әкімдерінің аппараттарында енгізіледі.

Аумақтық бөлімшелері немесе ведомстволарының аумақтық бөлімшелері жоқ мемлекеттік органдарда (құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігін қоспағанда), орталық мемлекеттік органдардың ведомстволарында және аумақтық бөлімшелерінде, орталық мемлекеттік органдар ведомстволарының аумақтық бөлімшелерінде, шет елдегі мекемелерде, тексеру комиссияларында, облыстық маңызы бар қалалар, аудандар, қалалардағы аудандар әкімдерінің аппараттарында әдеп жөніндегі уәкілдің функциялары осы мемлекеттік органдардың қызметшілеріне жүктеледі.

Әдеп жөніндегі уәкілдің функциялары басшылық қызмет атқаратын, сондай-ақ ұжымда қадірлі және құрметке ие болған мемлекеттік қызметшіге жүктеледі.

Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 01.06.2017 № 487 Жарлығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

3. Әдеп жөніндегі уәкілдің дербес лауазымын атқаратын адам осы мемлекеттік органдардың құрылымына кіретін ведомстволардың және аумақтық бөлімшелердің, шет елдегі мекемелердің, аудан деңгейіндегі жергілікті атқарушы органдардың әдеп жөніндегі уәкілдеріне әдіснамалық басшылық жасауды үйлестіреді және жүзеге асырады әрі орталық атқарушы органның жауапты хатшысына бағынады, ал жауапты хатшы немесе көрсетілген лауазымды адамдар болмаған жағдайда – мемлекеттік органның аппарат басшысына не қызметке тағайындауға және қызметтен босатуға құқығы бар адамға бағынады.

Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 01.06.2017 № 487 Жарлығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

2. Әдеп жөніндегі уәкілдің негізгі функциялары

4. Әдеп жөніндегі уәкіл өз құзыреті шегінде мынадай функцияларды жүзеге асырады:

1) мемлекеттік қызметшілерге Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасының және Әдеп кодексінің талаптарын сақтау мәселелері бойынша консультациялық көмек көрсетеді;

2) мемлекеттік қызметшілердің заңдарда белгіленген шектеулер мен тыйымдарды сақтауына ықпал етеді;

3) өзі жұмыс істейтін мемлекеттік орган басшылығының тапсырмасы бойынша мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын бұзу фактілері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды;

4) ұжымда жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларына сәйкес келетін өзара қатынастар мәдениетін қалыптастыруға жәрдемдеседі;

5) мемлекеттік қызметшілердің құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған жағдайларда, оларды қорғауға және қалпына келтіруге бағытталған шараларды қабылдайды;

6) мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын сақтауын мониторингтеуді және бақылауды жүзеге асырады;

7) мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелері басшыларының қызметтік әдеп нормаларын бұзу деректері бойынша тиісті шараларды қабылдамау жағдайлары туралы мемлекеттік органның басшылығына хабарлайды;

8) мемлекеттік қызметшілер Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын және Әдеп кодексін бұзған жағдайларда, құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен шарттарды талдайды және мемлекеттік органның басшылығына оларды жою туралы ұсынымдар енгізеді;

9) Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын және Әдеп кодексін бұзу профилактикасы және оған жол бермеу, сондай-ақ мемлекеттік қызметтің оң бейнесін қалыптастыру мақсатында азаматтық қоғам институттарымен және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасайды;

10) Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын және Әдеп кодексін сақтау мәселелері бойынша мемлекеттік қызметшілермен түсіндіру жұмыстарын тұрақты негізде жүргізеді;

11) заңнамада белгіленген тәртіппен тиісті лауазымды адамдарға қызметтік әдеп нормаларын бұзуға жол берген мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігін қарау туралы ұсыныммен жүгінеді;

12) қызметтік әдеп нормаларын бұзудың профилактикасы мақсатында өзге де қызметті ұйымдастырады.

5. Әдеп жөніндегі уәкіл өзіне жүктелген міндеттерді орындау үшін:

1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын және Әдеп кодексін бұзуға ықпал ететін себептер мен жағдайларды талдауға қажетті мәліметтер мен құжаттарды сұратады және алады;

2) өзі жұмыс істейтін мемлекеттік органның атынан Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасының, сондай-ақ Әдеп кодексінің нормаларын түсіндіру үшін тиісті уәкілетті органдарға заңнамада белгіленген тәртіппен жүгінеді;

3) мемлекеттік органның басшысына мемлекеттік органның оң имиджін және ұжымда жағымды ахуал қалыптастыруға елеулі үлес қосқан адамдарды көтермелеу туралы ұсыным енгізеді;

4) қажет болған жағдайда өзінің құзыретіне қатысты мәселелерді қарау кезінде кадр қызметінен мемлекеттік қызмет өткеру мәселелеріне қатысты мемлекеттік қызметшілердің жеке істерін, өзге де материалдар мен құжаттарды сұратуға және алуға құқылы.

Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 22.07.2019 № 74 Жарлығымен.

6. Негізсіз бас тартылғанда, мемлекеттік органның басшысы тиісті шаралар қолданбағанда не ол әдеп жөніндегі уәкілге жүктелген функцияларды орындауға кедергі келтіретін әрекеттерді (әрекетсіздіктерді) жасағанда, әдеп жөніндегі уәкіл бұл туралы мемлекеттік қызметі істері уәкілетті органға (бұдан әрі – уәкілетті орган) не оның аумақтық бөлімшесіне хабарлайды.

Уәкілетті орган не оның аумақтық бөлімшесі мұндай хабарлама келіп түскен кезде Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасында белгіленген тиісті шараларды қолданады.

Ескерту. 6-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 22.07.2019 № 74 Жарлығымен.

3. Әдеп жөніндегі уәкілдің қызметін ұйымдастыру

7. Мемлекеттік орган басшыларының бейтараптығы негізді күмән тудыратын, лауазымдық өкілеттіктерін тиісінше орындамауға әкеп соғатын мән-жайлар (мүдделер қақтығысы) болған кезде әдеп жөніндегі уәкіл өз қызметін дербес негізде жүзеге асырады.

8. Әдеп жөніндегі уәкіл өз қызметінің нәтижесі бойынша уәкілетті органға есеп береді. Есеп беру нысанын және мерзімдерін уәкілетті орган бекітеді.

9. Әдеп жөніндегі уәкіл өзінің функцияларына жататын мәселелер бойынша мемлекеттік қызметшілерді және басқа да азаматтарды олардың өтініші бойынша немесе баршаға көрінетіндей жерде орналастырылған кестеге сәйкес айына кемінде бір рет қабылдауды жүзеге асырады.

Қажет болған жағдайда, азаматпен немесе мемлекеттік қызметшімен әңгімелесу телефон арқылы не тиісті ақпарат беруді қамтамасыз ететін басқа да коммуникациялар құралдарын пайдаланумен жүргізілуі мүмкін.

Әдеп жөніндегі уәкіл туралы мәліметтер, оның ішінде тегі, аты-жөні, фотосуреті, кабинет және телефон нөмірлері заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органның интернет-ресурсында және мемлекеттік органның ғимаратында баршаға көрінетіндей жерде орналастырылады.

10. Қызметтік әдеп нормаларының сақталуын, сондай-ақ ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйін мониторингтеу мақсатында әдеп жөніндегі уәкіл кемінде жарты жылда бір рет уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша анонимді сауалнама жүргізіледі.

Қақтығыс және оның түрлері мен келіп шығу себептері, факторлары

Ғылыми-әдістемелік, педагогикалық-психологиялық әдебиеттерде ғылыми халықаралық термин – конфликт қазақ тілінде қақтығыс, егесу, керісу, жанжал, дау-жанжал, тартыс деген мағыналарда жиі қолданылады. Бұл аталған ұғым, түсініктер оқушыларға білім беру, оқыту, үйрету барысында, оларды тұлға ретінде қалыптастыруда, олардың мәдени қарым-қатынасында, мінез-құлқында жиі көрініс табатыны белгілі.

Оқушылардың даму процесінде, олардың жас және жеке педагог-психологиялық ерекшеліктеріне байланысты, олар арасындағы қақтығыс және оның басқа түрлерінің келіп шығуы, пайда болуы табиғи нәрсе екендігін де ұнытпаған жөн.

Ғылыми-педагогикалық және психологиялық туындыларға сүйене отырып, қақтығыс (конфлик)тің мынадай түрлерін атауға болады: «тұлғааралық қақтығыстар, отбасындағы (ерлі-зайыптылар) қақтығыстар, басшы-бағынушылар» арасындағы қақтығыстар, әлеуметтік топтар арасындағы қақтығыстар, саяси және мемлекетаралық қақтығыстар және т.б.



Сонымен қатар, педагогикалық мамандыққа қатысты «педагогикалық еңбек, қызметтегі қақтығыстар», инновациялық (жаңалықтар енуімен байланысты) қақтығыстар»ды өз алдына бөліп жеке қарастыруға да болады.

Қақтығыс, конфликт адамдар арасындағы қарым-қатынас психологиясының негізгі бір компоненті болғандықтан сол ұнамсыз қатынастың келіп шығу себептері, факторлары, жағдайлары, оның түрлері, технологиясы мен механизмі, көріністері, дамуы немесе тежелуі, оларды болдырмау немесе шешімін табу жолдары сияқты мәселелерге жан-жақты тоқталамыз. Мамандық саламызға сай тұлғааралық қақтығыстар мәселесі терең де жан-жақты қамтылады.

Психолог-ғалымдар тұлғааралық қақтығысқа мынадай анықтамалар береді:

«Екі күшті, бірақ қарама-қарсы бағыттағы пікір-көзқарастың қақтығысуы, тартысы» (А. Лурия);

«Тұлғаның терең және өзекті себеп (мотив) және қатынастардан қанағаттанбау нәтижесі» (В. Мерлин);

«Санада ерекше құндылықтар ретінде қалыптасқан екі ішкі сезім-түсініктің тоқтығысуы» (Ф. Василюк және т.б.);

Сонымен, қорыта айтқанда, тұлғааралық қақтығыс дегеніміз – «Адамның ішкі сезім дүниесінің ұзақ созылған арпалысынан, күресінен пайда болған, тұрмыстық ортаның қайшылықтарын аңғартатын, шешімі әлі табылмаған тұлғаның уайым, ренжуі» (А. Я. Анцунов, С. Б. Баклановский «Конфликтология» Питер, 2007, 127 бет)

Субъекттердің өзара әрекетіне қарай отбасындағы қақтығыстар былайша бөлінеді: ерлі-зайыптылар арасындағы, ата-аналар мен балалар, ерлі-зайыптылар мен олардың ата-аналары, әкелер (аталар) мен немерелер арасындағы қақтығыстар (бұл туралы жан-жақты осы тақырыпты өткенде беріледі).



Басшылар мен оған бағынушылар арасындағы өзара қарым-қатынас ғылымда да, практикада да өзекті мәселе. Мұнда басқарудың стилі, басшының абыройы, сый-құрметі, ұжымда социал-психологиялық жағдай-климат жасау мәселелері үлкен мәнге ие.

Басшы мен бағынушы арасындағы қақтығыс себептері объектив және субъектив түрде кездеседі.

Объектив себептер:

Қатынастың субординациялық характері функциональды және тұлғалық қатынас арасындағы қарама-қайшылық әрқашан да қақтығыс тудырады;

«Адам-адам» жүйесіндегі қызмет те табиғатында қақтығыссыз емес;

«Тікелей басшы-бағынушы» арасында әрқашан да қақтығыс бар;

Борыш, құқық пен міндет тең болуы қажет;

Басшының сезім және профессиональдық жағдайда бейімделгенінің күрделілігі және т.б.

Субъектив себептер:

Басқарушыға тән себептер: дұрыс басқара алмау, мамандықтың төмендігі, еңбек стимулын ұйымдастыра алмау т.б;

Тұлғалық себептер: қатынас жасау мәдениеті төмендігі, өз міндетін шын ықыласпен орындамау, бастыққа жағымпаздану, жеке психологиялық ерекшеліктері және бастық пен бағынушылар келіспеушілігі (қарсы келу, эмоциялық тұрақсыздық, күйіп-пісу, өзін жоғары ұстау, кейбір мінез-құлыптарының ұнамсыздығы және т.б.);

Қақтығыстың тұлғалық себептері, олардың жеке психологиялық ерекшеліктерімен байланысты (екі тұлға арасындағы) .

Ол себептер төмендегідей:

Өзгенің мінез-құлқын, қимыл-әрекетін төзімсіз деп бағалау;

Социал-психологиялық қабілет-мүмкіндіктерінің төмен деңгейде болуы;

Психологиялық тұрақтылықтың жетіспеуі;

Басқаларды сыйлау, құрметтеу қабілетінің жетіспеуі (эмпатияның нашар дамуы);

Өзін өзгеден жоғары деңгейде санау, есептеу, сынақ нәтижесінде өзгелерді жоғары кемсіту, кекету, жоғары талаптар қою;

Темпераменттің холерик типі қасиеттерінің болуы және т.б.

Қақтығыстардың келіп шығу себептері мен факторлары да түрліше болуы мүмкін. Қақтығыстардың келіп шығуы және дамуы 4 топ факторлар мен себептерге негізделеді. Олар: объективтік, ұйымдастыру-басқару, тұрмыстық-психологиялық және жеке тұлғалық:

I) Қақтығыстың объективтік себептеріне адамдардың тұрмыстық жағдайдағы өзара қимыл-әрекеттері, яғни олардың қызығу, көзқарас, пікір, ұстанымдардың қақтығысуы жатады. Объектив себептері қақтығыстық жағдайды тудырады. Ал субъектив себептер қақтығыс мүшелерінің (оппонеттер) жеке психологиялық ерекшеліктермен байланысты, яғни қақтығыс тудыратын, сол қақтығыс арқылы объектив қайшылықтарды шешуге бағытталған жеке психологиялық қасиеттерімен ерекшелінеді. Әрқандай ситуация (жағдайда) оны қақтығыспен және қақтығыссыз шешуге мүмкіндік болады.

Сондықтан да тәжірибеде әрқандай қақтығыстың объектив-субъектив себептер комплексі бар. Олар:

Адамдардың күнделікті тұрмысында, өмірінде материалдық және рухани қызығулардың табиғи қақтығысы;

Адамдар арасындағы қарым-қатынас процесінің құқықтық және нормативтік қағидаларының, тұрмыстық қайшылықтардың толық жете жетілмегендігі;

Материалдық және рухани байлық, құндылықтардың адамның нормаға сай өмір сүруіне тең бөлінбеуінен;

Республика халқының тұрмыс- тәрізінің әртүрлілігі;

Ұлттар арасындағы жеке тұлғааралық және топаралық қақтығыстардың болуы.

Сонымен қатар, адамдар жасайтын өңірлерде экологиялық жағдайлардың нашарлауы, әртүрлі төтенше апат жағдайлары және т.б. қақтығыстардың келіп шығуына себеп болады.



II). Қақтығыстың ұйымдастыру – басқару себептеріне – ұжымдар, ұйымдар және топтар құрылуымен, дамуымен және қызметімен байланысты болған жағдайлар жатады. 4 түрлі себептерді көрсетуге болады. Олар:

Құрылымдық-ұйымдастыру – яғни ұйымның құрылымының сол еңбек түріне сай келмеуі.

Ұйымның құрылымының мақсат-міндеті талаптарға сай болуы қажет. Кері жағдайда ондағы жеке тұлғалар (басшылар және топтар арасындағы қақтығыс күшейе түседі. Жалпы өнім төмендейді. Сондықтан да ұйымның құрылымын жасауда, жобалауда олқылыққа жол бермеу қажет. Ұйымдағы тапсырма, міндеттер анық, шеберлікпен ұйымдастырылмаса қақтығыс, қиыншылықтар молая түседі.

Функциональдық-ұйымдастырушылық ұйымының сыртқы ортамен тиімді функциональдық байланыстары төмендегенде, ұйым ішіндегі бөлімдер мен жеке құрылымдар арасындағы байланыс бұзылғанда, жеке жұмысшылар арасындағы сыйластық, түсінушілік төмендегенде қақтығыстарға себеп болады.

Жеке тұлғалық-функциональдық – лауазымдағы қызметке, басшылардың өз мамандығына, адамдық, моральдық қасиеттерімен сай келмеу себебі: Мұндай ұжымда бастық пен қызметкер, мамандар, жұмысшылар арасында қақтығыстық болуы сөзсіз.

Ситуациялық-басқарушылық – ұйым басшысы, оған бағынушылар тарапынан қате шешім мен қаулылардың қабылдаыуына байланысты қақтығыстар себебі. Басшының орынсыз шешімі оған мойынсынушылардың наразылығын тудырады.

Әрбір әлеуметтік топтардағы сияқты жалпы білім беретін мектептерге де әртүрлі қақтығыстар тән.

Педагогикалық сала жеке тұлғаны мақсатты түрде қалыптастыру, әркетінің жинақталған түрі яғни өмірде көрініс табатын барлық тәжірибені оқушылардың санасына сіңдіру, дағды, іскерліктерді қалыптастыру. Сондықтан да мұнда педагогтар, ата-аналар және оқушылар үшін қолайлы, ұнамды, жағымды педагогика-психологиялық жағдай жаратылған болуы қажет.

Ағартушылық саласында 4 субъектің қызметі өз бірлестігін, өзара ықпалдастығын таба білуі қажет: Оқушы, оқытушы, ата-аналар және басқарушы (администратор), олар арасында өзара қақтығыстар жүзеге келу ықтималы бар.

Оқыту мен тәрбие процесі, әрқандай даму сияқты, қақтығыссыз және қайшылықсыз өтпейді. Балалармен қақтығысқа келу, реал өмірдің бір құрамы ретінде көрініс табады.

Психолог М. Рыбакованың пікірінше оқытушы мен оқушы арасында қақтығыстың төмендегідей түрлері кездеседі:

– Қызмет, лауазымымен байланысты қақтығыстар, олар көбінесе балалардың үлгерімімен байланысты, сабақтан тыс тапсырмаларды нашар орындауымен немесе орындамауымен байланысты пайда болады.

Оның себептері әртүрлі болуы мүмкін: Шаршау, оқу материалдарының қиындығы мен күрделілігі, оқытушының орынсыз ескертулер беруі және т.б;

Іс-әрекет, өзін ұстай білмеуден, құлықтағы ұнамсыз көріністерден келіп шығатын қақтығыстар. Яғни оқушылардың мектепте және мектептен тыс кезде өзін ұстай білу қағида, ерекшеліктерін бұзуы.

Ол ұнамсыз әрекеттердің себептері әртүрлі болуы мүмкін. Кейде оқытушы ол себептерді анықтамай тұрып, оқушыға баға береді, жазалауға әрекеттенеді;

Қатынастағы қақтығыстар яғни оқытушы мен оқушының эмоциялық көңіл-күйімен, тұлғаның мінез-құлқымен байланысты жүзеге келетін қақтығыстар. Мұндай жағдайда оқушының жеке тұлғалық мәні іске түседі, оларда оқытушыға деген ұзаққа созылатын наразылық, келіспеушілік, ұнамсыз пікір пайда болады. Олар арасындағы өзара қатынас ұзақ мерзімге бұзылады.

Оқытушы-оқушы арасындағы қақтығыстың ерекшеліктері төмендугідей көріністе болуы мүмкін:

Проблемалық ситуация, жағдайларды дұрыс шешу оқытушының негізгі міндеті.

Қақтығыс мүшелерінің статусы (орны) айырықша (оқытушы-оқушы) –олардың қақтығыстағы құлқы, өзін ұстауы ерекше;

Қақтығыстың шешілуінде олардың өмір тәжірибесі әртүрлі дәрежеде, деңгейде, сондықтан да жауапкершілік те әр түрлі деңгейде болуы қажет;

Оқиғаның мәні мен себептерін олар түрліше түсінеді, пікірлейді;

Басқа оқушылардың қақтығыстың куәсі болуы олардың да тәрбиесіне әсер етеді;

Оқытушының маман ретінде қақтығыстағы орны ерекше, сондықтан да қақтығыстың шешімін табуды ол өз жауапкершілігіне алуы қажет, мүмкіндігінше оны оқушы пайдасына шешуге әрекеттенуі керек, өйткені ол оқушы тұлғасын қалыптастырушы;

Оқытушы қақтығысты шешуде қателікке жол қоятын болса, ол басқа қатысушылар үшін жаңа қақтығыс пен проблемалар тудырған болады;

Қақтығысты тиімді шешуден гөрі, оның алдын алған абзал, жеңіл, ұтымды.

Оқытушылар қақтығыстарды басқаруда мынадай негізгі ұсыныстар беріледі:

Өз эмоцияңды бақылауда объектив болу қажет, оқушыларға өз пікір, көзқарастарын түсіндіруге, дәлелдеуге мүмкіндік берген мақұл, оларды «сөйлетіп алу» қажет;

Оқушыға өз пікір, түсінігіңді, ойыңды баса көктеп өткізуге әрекеттенбеу (мысалы, «мен сені білемін», «сен мені алдамай»сың ба?» және т.б.);

Оқушыны балағаттап, кемсітпеу, қапа етпеу (кейінгі әрекеттердің барлығы бекер, зая кетеді);

Оқушыны сыныптан шығарып жіберуге әрекеттенбеу керек;

Қақтығыс жөнінде мүмкіндігінше бастықтарға жеткізбеуге әрекеттену керек;

Оқушының дөрекі әрекеттеріне дөрекілікпен жауап қайтармауға әрекеттену қажет (өз құрмет-абыройыңды төккен болсын).

оның жеке тұлғалық абыройын төкпе, аяқ асты қылма, жанұясын қоспа, тек оның анық нақты әрекеттеріне баға бер;

Қайшылықтың шешілу нәтижесінің дұрыс-бұрыстығына қарамай, қатынасты жалғастыруға әрекеттену қажет (қақтығыс жөнінде өз өкінішіңді, пікіріңді айтып отырма);

Оқушылармен қақтығыстың болуынан қорқпау, қашпау керек, оларды тиімді шешудің инициативасын жылдам өз қолыңа алуға әрекеттену керек.

Табиғатта, әлеуметтік ескінің орнына жаңалық кіріп келуі әрқашанда объективті құбылыс. Сондықтан да жаңалық пен ескілік арасындағы қарама-қайшылықтардың көрініс табуы табиғи және мәңгілік мәнге ие. Көп жағдайда бұл қайшылықтар қақтығыстарға айналатыны да белгілі. Әрқандай құбылыстың даму сатысында онда болып жататын өзгерістердің мерзімі, тездігі және көлемі әр түрлі деңгейде көрінеді. Ол өзгерістердің мән-мазмұнына, өмірге қажеттілігіне қарай олардың сақталу мерзімі, құндылығы, қарқыны арта түседі, соған орай қақтығыстар туындауы да жиілейді.

Жаңалықтар енуімен байланысты болған инновациялық қайшылық, қақтығыстардың мынадай түрлері және келіп шығу себептері болады:

Тұлғааралық инновациялық қақтығыстар – бұл еңгізілген жаңалықтың қолдаушылары мен қарсыластары арасындағы қарсы әрекеттер, яғни қарсыластар мен қолдаушылар арасындағы ұнамсыз көңіл-күй, түсінісбеушілік.

Тұлғааралық инновациялық қақтығыс себептерін төмендегідей 5 топқа ажырату мүмкін:

Объективті себептер – жаңашылдар (новотарлар) мен ескішілдер (консерваторлар) мүдделері арасындағы табиғи қақтығыс, тартыс. Жаңалықты қолдаушылар мен қарсыластар әрқашан да болған, болады да, қазір де бар. Айтылған себеп олар арасындағы қақтығыстың негізгісі.

Ұйымдастырушылық-басқарушылық себептері – бұл жаңалықты еңгізу, бағалау, жариялау, тарату барысында саяси, тұрмыстық, басқарушылық механизмінің жетілмегендігі, жетіспеушілігі.

Инновациялық себептер – еңгізілуге бағытталған жаңалықтың өзінде кездесетін, кемшіліктердің, олқылықтардың болуы. (жаңалық сипатында, мінездемесінде).

Тұлғалық себептер – инновациялық (жаңалық еңгізушілер) процесс қатысушыларының жеке-психологиялық ерекшеліктеріне байланысты себептер. Яғни көптеген қызметкерлердің жаңалық, өзгерістерге деген ұнамсыз, жағымсыз пікір-көзқарасының болуы, қалыптасуы, кейбір психологтардың есептеуінше 50% дейін (Ю. Н. Мягков).

Ситуация, жағдаймен байланысты себептер – жаңалық еңгізумен байланысты сол нақты жаңалықтың әсерінен туатын ситуация.

Тұлғааралық инновациялық қақтығыстарды шешудің негізгі мәселелері, жолдары төмендегідей:

Әрқандай жаңалықты еңгізудің техникалық, технологиялық жақтары емес, социалдық, психологиялық процесс жағын есепке алу;

Жаңалықты қолдаушылар мен қарсыластар арасындағы ұнамсыз эмоция жағдай күшті болса, ол жаңалық тиімді болмағаны;

Жаңалық еңгізушілер консерваторларға (ескішілдер) қарағанда көбірек күйіп-піседі, ойланады, толғанады;

Еңгізілетін жаңалық қаншалықты тиімді болса, оны жақтаушылардың жеңісі орынды болады, қақтығыста олар жеңіске жете береді;

Жаңалық еңгізушілердің қатары (қолдаушылары) молайа берсе, қақтығыстар олардың пайдасына шешіле береді;

Ұжым мүшелері еңгізілетін жаңалық (оның мәні, мазмұны, ерекшеліктері) жөнінде толық мәлімет, деректерге ие болса, қақтығыстың шиеленісуі төмендей береді;

Асығыс, жан-жақты ойластырылмай еңгізілген жаңалықтан гөрі, біртіндеп ойластырылып, ұйымдастырылған жаңалық кем қарсылық тудырады.



Көшбасшылықтың барлық анықталған қасиеттерін жалпылап, топтаған алғашқы шетелдік ғалымдардың бірі Ральф Стогдилл болды. Өз зерттеулерінің негізінде ол 1948 жылы көшбасшылықты негізінен келесі бес қасиет сипаттайтынын айтты:

ақыл немесе интеллектуалдық қабілеттер;

өзгелерден артық болу немесе үстемдік;

өз-өзіңе деген сенімділік;

белсенділік пен жігерлілік;

өз ісін білуі.

Р.Стогдилл: «көшбасшылық адамдар арасында қандай да бір әлеуметтік жағдайда болатын байланыс және бір жағдайда көшбасшы болып табылатын адамдар басқа жағдайларда міндетті түрде көшбасшы болмайды»-дейді. Ол анықтаған бес белгі көшбасшылық феноменінің бар табиғатын түсіндіріп бере алмады. Зерттеулер бойында осы қасиеттері бар барлық адамның көшбасшы еместігін, ізбасар болып қалатынын көрсетті. Көшбасшылардың түрлі жағдайлардың бәрінде абсолютті көшбасшы болып қалуы сирек кездескен.

Әрі қарай басқа теорияларда кез келген көшбасшының ұжымдағы көшбасшылығы айтылады

топтық бірлескен міндеттерді шешкен кездегі жоғары белсенділік және жеке тұлғаның бастамашылығы; шешілетін міндет, топ мүшелері, жалпы жағдай туралы ақпаратқа қанық болу;

топтың басқа мүшелеріне неғұрлым баса ықпал ету.

Ал енді дамытсаңыз сізге нағыз көшбасшы болуға көмектесетін негізгі қасиеттер туралы айтайық

Өз өміріңізде көшбасшы болу – өз өміріңізді басқара білу, өзіңізді қайрай білу, өз-өзіңізге мақсат қойып, оларды жүзеге асыру үшін қимылдау – көшбасшылыққа апаратын алғашқы қадам. Дәл осы көшбасшылық қасиет сіздің әрі қарайғы жеңістеріңізге негіз болады.

Перспективаны көру – бұл көшбасшылық қасиет тұрақты даму мен жаттығуды талап етеді. Біліміңіз бен тәжірибеңіз неғұрлым көп болған сайын болашақты айқынырақ елестететін боласыз.

Ашықтық – көшбасшы үнемі даму үстінде болады. Күн сайын ол жаңа ақпарат алады, адамдармен араласады, шешім қабылдайды. Мақсатқа жету үшін ашықтық ауадай қажет.

Ерлік – бұл маңыздылығы жағынан екінші тұрған көшбасшылық қасиет. Өз қорқынышыңды бақылай білу және қорқынышыңызға қарамай әрекет ету – көшбасшының батылдығы. Бәрі қорқады, бірақ өз мақсатына қарай жүрген адам ғана табысқа жетеді.

Батылдық – кез келген адамның өмірі шектеулі. Сондықтан көшбасшылар уақытын бос әңгімеге жұмсамайды. Егер шешім қабылдау үшін ақпарат аз болса олар оны алу үшін қолынан келгеннің бәрін жасайды және әрекет етуді жалғастыра береді.

Жігерлілік – негізгі көшбасшылық қасиеттердің бірі. Көшбасшының өмірі үлкен эмоционалды және физикалық шығынды талап етеді. Оған шыдау үшін мол энергия керек.

Позитивті көзқарас – Қиындықтар адамның бәрінде бар және үнемі бола береді. Ештеңе істемейтін адам ғана қателеспейді. Позитивті көзқарас көшбасшыға кінәлілерді емес, шешім іздеуге көмектеседі.

Өзгелерді тыңдай білу – ешкім барлық салада маман бола алмайды. Көшбасшы мұны түсінедіКөшбасшының күші – сарапшыларды тауып, оларды ортақ іске жұмылдыра білуінде.

Ал осы қасиеттерді қайда және қалай дамытуға болады? Бұл үшін осы сайттың мәзірінде жасөспірімдерге арналған орталықтарды таба аласыз. Ондағы мамандар осы қасиеттерді дамытуға көмектеседі. Егер оларды мұқият оқысаңыз олар тек міндетті түрде көшбасшы болу үшін ғана емес, кез келген адамның өміріне қажет.



Пайдаланылған әдебиеттер:



1.А.Я. Ансупов , С.Б. Баклоновский Конфликтология в схемах и рисунках Питер 2007 стр127-128.

2.Ж. Б. Қоянбаев Р.М. Қоянбаев Педагогика. Алматы- 2000.

3.«Отбасы татулығы бағдарламасы» әдістемелік құрал. Астана 2007.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
15 маусым
2158
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі