400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Рәміздер - біздің мақтанышымыз

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып оқушыларының мемлекеттік рәміздерге деген сүйіспеншілігін арттыруғ дәріптеу мақсатында құрылған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«№54 негізгі мектебі» КММ












Мемлекеттік рәміздер тәуелсіздігімнің нышаны!

(ашық тәрбие сағаты)








Өткізген: Бижанова Н.Б
















2017-2018 оқу жылы

Тақырыбы: Мемлекеттік рәміздер тәуелсіздігімнің нышаны!

Мақсаты: Оқушыларға рәміздер туралы мағлұматтар бере отырып, оқушылардың

патриоттық сезімдерін, танымдық қабілеттерін дамыту.
1.Психологиялық дайындық: Амандасу (музыка дайындау керек)

2.Сыныпты 3топқа бөлу. (сурет шығару керек)

І-топ: Ту

ІІ-топ: Елтаңба

ІІІ-топ: Гимн

2 .Видеоролик тамашалау

3.Әр топ өз нышандарын қорғайды

4. (тақпақтар айтады)

5.Сұрақ-жауап (Рухани жаңғыру эмблемасы шығу керек)

5.Рухани жаңғыруға тоқталу

Мұғалім: Саламатсыздарма! Бүгін біздің 3-сыныптың Мемлекеттік рәміздер тәуелсіздігімнің нышаны! атты ашық тәрбие сағатына қош келдіңіздер!

1.(ҚР-ның Гимні орындалады)

2.Психологиялық дайындық: Амандасу (музыка қосу керек)

3.Сыныпты топқа бөлу

Мұғалім: Біздің туып өскен жеріміз – Қазақстан Республикасы. Ол – көне замандардан басталатын ұзақ тарихы бар, аса бай ел. Қазақстан жерін ежелден қоныстанып келе жатқан ел – қазақ халқы. Көптеген ғасырлар бойы ел басқарған дана басшыларымыз, қолбасшы батырларымыз кең-байтақ жерімізді сырттан төнген қауіптен қорғап келді. Қазақ халқы – ержүрек, достыққа адал, бауырмал, қонақжай халық.
Қазір Қазақстанда ынтымағы жарасқан көптеген ұлттың өкілдері тұрады.
Қазақстан Республикасы 1991жылы өзінің тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет болды. Ол бүгінде дүние жүзінің көптеген елдерімен достық байланыс орнатқан, бүкіл әлем таныған елге айналды.

Қазіргі кезде дүние жүзіндегі көптеген мемлекеттер өмір сүріп жатыр сол үлкенді-кішілі мемлекеттердің барлығында бірінен-бірін ажырататын және өзіндік бет бейнесін айқындайтын нышан-белгілері болады. Оларды рәміздер дейді.

ҚР-ның рәміздері ? Видеоролик тамашалау.

Мұғалім: Міне балалар бейне баяннан ҚР-ның рәміздері туралы мәліметтер алдық. Ендеше әр топ рәміздерге байланысты плакаттарды қорғайды. (тақпақтарын айтады)

Қорытынды:

Сұрақ-жауап: (Рухани жаңғырудың суретін құрастыру)

1.Қазақстан Республикасы қай жылы өзінің тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет болды. (1991ж)

2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері қай жылы қабылданды? (1992 жылы 4 маусымда)

3.Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері?

4.ҚР-ның Ата заңының 9-бабында « Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері- Туы, Елтаңбасы және Гимні бар,»- делінген.Сондай -ақ осы заңның 34- бап, 2-тармағында « Әркім Республиканың мемлекеттік нышандарын құрметтеуге міндетті,» - делінген.

5. Ту шет елде екі жағдайда көтеріледі:
1.Мемлекет басшысының сапары кезінде;
2.Олимпиада жеңімпаздары анықталғанда.

6.Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасында не бейнеленген?

7.Елтаңбаның авторлары – Шота Уәлиханов пен Жандарбек Мәлібеков.

8.Гимн 2006 жылы 7 қаңтарда Қазақстан Республикасының жаңа Әнұраны қабылданды.

9.Тәуелсіздік алып бергеннен кейін көп өзгерістер болды. Қазақстанның астанасы – Астана қаласы болды. Төл теңгеміз айналымға енгізілді. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы қабылданды. Сонымен қатар Рәміздер де енгізілді.

10.Биыл Астана қаласына неше жыл толады? Туған күні?

11.Біздің Отанымыз? Отан туралы мақал айтып берші.

12.Мемлекеттік рәміздер қай жерде орналасады?

Мұғалім: Міне балалар тақтада ненің суретін көріп тұрсыңдар.

Рухани жаңғыру неше бағыттан тұрады? Бағыттарды кім атап айтады?

1. Бәсекелік қабілет

2. Прагматизм

3. Ұлттық бірегейлікті сақтау

4. Білімнің салтанат құруы

5. Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы

6. Сананың ашықтығы

1.Бәсекелік қабілет дегеніміз – ұлттың аймақтық немесе жаһандық нарықта бағасы, я болмаса сапасы жөнінен өзгелерден ұтымды дүние ұсы­на алуы. 

2.Прагматизм – өзіңнің ұлттық және жеке байлығыңды нақты білу, оны үнемді пайдаланып, соған сәйкес болашағыңды жоспарлай алу, ысырапшылдық пен астамшылыққа, даңғойлық пен кердеңдікке жол бермеу деген сөз.
3.Ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс.

4. Білімнің салтанат құруы   Білімді, көзі ашық, көкірегі ояу болуға ұмтылу – біздің қанымызда бар қасиет.  

5. Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы

эволюциялық даму қағидасы әрбір қазақстандықтың жеке басының дербес бағдарына айналуға тиіс.
6.Са­наның ашықтығы зерденің үш ерекшелігін біл­діреді.

Біріншіден, ол дүйім дүниеде, Жер шарының өзіңе қатысты аумағында және өз еліңнің айналасында не болып жатқанын түсінуге мүмкіндік береді.  

Екіншіден, ол жаңа технологияның ағыны алып келетін өзгерістердің бәріне дайын болу деген сөз. Таяудағы он жылда біздің өмір салтымыз: жұмыс, тұрмыс, демалыс, баспана, адами қатынас тәсілдері, қысқасы, барлығы түбегейлі өзгереді. Біз бұған да дайын болуымыз керек.

Үшіншіден, бұл – өзгелердің тәжірибесін алып, ең озық жетістіктерін бойға сіңіру мүмкіндігі.
Мұғалім: Құрметті оқушылар! Сендер тәуелсіз еркін елде ер жеткен ұлансыздар. Ендігі жерде еліміздің тағдыры, Қазақстан ертеңі өз қолдарыңызда. Туған елімізді жоғары дамыған елдер қатарына енгізетін мына сендерсіңдер. Ол үшін сендер терең әрі жан – жақты білім алу керексіңдер, – дей келе бүгінгі ашық тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.

Қош сау болыңыздар!






































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22 мамыр
589
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі