400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

РӘМІЗДЕР – ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ БІРЛІГІ МЕН ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ СИМВОЛЫ

Материал туралы қысқаша түсінік
"РӘМІЗДЕР – ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ БІРЛІГІ МЕН ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ СИМВОЛЫ" ТАҚЫРЫБЫНДА ӨТКІЗІЛГЕН СЫНЫП САҒАТЫНЫҢ ЖОСПАРЫ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сынып

7-А

Сынып жетекші

Тысымбаева С.А.

Сынып сағаты

Рәміздерді құрметтеу

Тақырыбы

РӘМІЗДЕР – ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ БІРЛІГІ МЕН ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ СИМВОЛЫ

Мақсаты

Тәуелсіздікті дәріптеп, оның негізгі белгілері – рәміздерді құрметтеуге баулу. Бұл әрбір қазақөстандық азаматтың ең қымбатты борышы екенін түсіндіру. Оған деген көзқарастардың жетілуіне дағдыландыру. Мемлекеттік мүдде үшін ұлтжандылық пен жоғары жауапкершілікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі: 

Мемлекеттік рәміздер, кітаптар көрмесі.

Кіріспе сөзі.

Біздің туып-өскен жеріміз – Қазақстан Республикасы. Ол көне замандардан басталатын тарихы бар, аса бай ел. Қазақстан жерін ежелден қоныстанып келе жатқан ел – қазақ халқы, сонымен қатар басқа да ұлт өкілдері.

Қазақстанның «Мен азаматпын» дейтін әр адамын рухани бай, адамгершіл, мәдениетті етіп тәрбиелеуде мемлекеттік рәміздердің мәні зор. Олай болса Атамекен жеріміздің тәуелсіз ел екендігін, мақсат-мұратын білдіретін қастерлі рәміздерді құрмет тұту, сыйлау, асқақтата дәріптеу Қазақстанда туып-өскен және оны мекендейтін әрбір азаматтың ең қымбатты борышы.

Қазақстандықтар өздерінің Отандық Елтаңбасы, Туы, Әнұранына деген ізет-құрметті дамытуға аянбай қызмет етсек, келешек ұрпаққа және тарих сахнасында айшықты орынға ие боларымыз сөзсіз.

Сұрақ-жауап:

  • ҚР тәуелсіздігін қашан атап өтеміз?

  • Тәуелсіздігіміздің негізгі құжаты не деп аталады? (Ата заң)

  • Негізгі белгілері туралы не білесіңдер?(рәміздер)

  • Республикамызда тағы қандай заң түрлері бар? (ҚР конст. Балалар құқығы туралы конвенциясы, ҚР Президентінің рәміздер туралы үкімі, тіл туралы, еңбек туралы, білім туралы т.б. заңдар.)

  • Мемлекттік рәміздердің маңызы неде?

  • Олардың авторларына тоқтал.

  • ҚР рәміздері қашан қабылданды?

  • ҚР рәміздерінің пайда болу тарихы туралы кім біледі?

  • Өз еліңнің азаматы болу дегенді сен қалай түсінесің?

  • Азаматтың ұлтжандылығы неден көрінеді?

  • Сенің қандай құқықтарың бар?

  • Мемлекеттік атрибуттарға нелер жатады екен?

  • Олар қай жерлерде тұру керек және орындалу керек?

  • Сонымен, рәміз дегеніміз не?

Рәміз – белгілі бір нәрсені өз қалпынан өзге, жанама сипаттап көрсетуден туатын сыр-таңба, шартты белгі, яғни бір нәрсенің мән-жайын, толық бейнесін білдіреді.

Оқушылардың рәміздер туралы білімділіктерін тексеру

1-о. бүгінгі ел-жұрт бабалар аманатына адалдығын танытып, талай ғасырлар арман болған тәуелсіздікке қол жеткізіп отыр. Мұны ұлы ұғымдар өлшемі аясында ұлт бақыты десе болады. Сол сезімнің ең басты көзайымы, тәуелсіздігіміздің қасиетті бойтұмарлары – елдік нышандарымыз, мемлекеттік рәміздеріміз. Елдің елдігін танытып тұратын айрықша мәнділері – Ту, Елтаңба, Әнұран.

2-о. Біз жаңарған Туы, Елтаңбасы, Әнұраны бар ел болдық. Туымыз, Елтаңбамыз, Әнұранымыз бүкіл халқымызды, көп ұлтты Қазақстан жұртшылығын ортақ мақсатқа жұмылдырып, қасиетті істерге шақырып, жігерлендіріп, рухтандырып тұру керек.

3-о. Ата-мекен жеріміздің тәуелсіз ел екендігін, құдіреітн, байлығын, бірлігін, мақсат-мұратын білдіретін осы қастерлі рәміздерді құрмет тұту, сыйлау, асқақтата дәріптеу әрқайсымыздың ең қымбат борышымыз.

4-о: 1992 жылғы 4 маусымда қабылданған аспанкөк Туымыз (Шәкен Ниязбеков), айшықты Елтаңбамыз (Жандарбек Мәлібеков пен Шота Аман Уалиханов), Елұран (1-авторлары мен 1-әнұран) – 2006 жылдың 11 қаңтарында Президен инагурацисында қабылданған Шәмші Қалдаяқов пен Жұмекен Нажмединовтың «Менің Қазақстаным» әні ҚР Әнұраны болып бекітілді. Олардың басты қасиеті – халқымыздың табиғатына етене жақындығы, төлтума өнер тілімен терең сыр шертіп, асыл аңсауларымыз бен алыс-жақынға деген ізгі пейілімізді кемел жеткізе алуында. Сонымен көзге жылы ұшырайды, сонымен көңілдің ең бір нәзік пернелерін дәл басып, арайлы асқақ сезімдерге бөлейді.

Бәрі де тұр жазулы сенде, Байрақ!

Дәл қазір желбіреген желмен ойнап.

Үстінде Ақ орданың жалғыз жалау –

Аспанның елшісіндей келген жайнап.


Шарықта, шарла көкті көк Байрағым,

Арманым, Азаттығым, көпке айғағым.

Мен сенің салтанатт ысағатыңа,

Өлеңмен алтын шашақ шоқ байладым.

Ант:

«Мен (біз), ҚР-ның жеткіншегі, Отаным Қазақстанның дүние жүзінде алдыңғы қатарлы, әділетті, өркениетті ел болуы үшін сапалы білім аламын. Жоғары мәдениетті азамат боламын. Туған халқымның ата-дәстүрін жалғастырамын. Мемлекетімнің Президентін құрметтеймін. Конституциясы мен Заңдарын бұлжытпай орындаймын, елімнің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын сыйлап, қастерлеймін»

Қорытынды:

Елдік белгілер – ел үмітінің шырағданы іспеттес. Көтерген туы жығылмай, асқақ әнұраны аяққа тапталмауы – қай халықтың да ең бір асыл, ең бір көкейтесті тілегі. Ниеті адал қазақстандықтардың да ең бір ізгі арманы осы. Тәуелсіздіктің игі нышандарына айналған жаңа мемлекеттік рәміздеріміз алысқа бет алған көшкеруеніміздің рухани желеп-жебеушісі бола бергей.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28 желтоқсан
520
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі