
Ұйымдастырылған тәрбие жұмысы қызметінің технологиялық картасы
Тақырыбы: «Рәміздер-ел беделі»
Мақсаты: Балалардың Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы
білімдерін толықтыру.Туған ел,Отан туралы түсініктерін кеңейту.
Отан сүйгіштікке баулу,елін жерін құрметтеуге тәрбиелеу.
Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Сана- сезімге түрткі
болатын,жетелейтін
бөлім
Балалар шеңберде тұрып,жылулық
шеңберін орындайды.
Әр түрлі қимылмен көрсетеді.
-Балалар біздің өз отанымыздың
туының түсі қандай?
-Ендеше өз туымызды алып шеңбер
бойымен айналып,қолды жоғары
көтеріп жүру.
-Неліктен көк туды таңдадыңдар?
Сәлем гүлім!
Сәлем жерім!
Сәлем,саған туған елім!
Сәлем саған,сәлем сізге,
Ашық аспан,жарық күн!
Бір шаңырақ астында,
Сен тұрасың,ол тұрады.
Мен тұрамын.
Біз тұрамыз!
Жүрек жылуын,берем саған,
Берем сізге,берем мен бәріңізге!
Ол біздің көк туымыз.
Ұйымдастыру-нәтиже
бөлімі
-Балалар,«Отан»дегенді қалай
түсінесіңдер!
-Анамызды біз неліктен
құрметтейміз,қадірлейміз?
-Отанды неліктен «анамыздай»
қастерлейміз?
Біз қай мемлекетте тұрамыз?
-Еліміздің бас қаласы қай қала?
-Қ.Р.президенті кім?
-Жарайсыңдар балалар!
1.Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік рәміздеріне нелер
жатады.
2.Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік Туында қандай түстер
кездеседі.
3.Мемлекеттік Елтаңбада кездесетін
аспан денесі
4.Мемлекеттік рәміздер күні
5.Мемлекеттік Туда бейнеленген,
Балалардың жауаптары тыңдалады.
Атамекен-ол біздің туып-өскен
ауылымыз,қаламыз,ол біздің туған
жеріміз.
Атамекен-ата-бабадан ұрпаққа мұра
болып қалған ежелгі құтты
қоныс,мекен.
Атамекен- аталарымыз,
әжелеріміз аянбай күресіп,
жауларға бермей қорғап қалған жері.
Ол-кең байтақ қазақ жері.
Ту, Елтаңба, Гимн
Көк, сары
Жұлдыз
4 маусым

еркіндікті білдіретін құс
6.Мемлекеттік Елтаңбада бейнеленген
жануар
Қанатты пырақ
Қазақстан тәуелсіз мемлекет.
Тәуелсіз болу деген – ешкімге
бағынышты емес,өз еркімен өмр сүру
деген сөз.Қазақстан көпұлтты
мемлекет.
Мемлекеттік Туда бейнеленген
күннің, қыран құстың мағынасын
түсіндіріңдер?
Тудың авторы –
Мемлекеттік елтаңбаның
авторлары
Мемлекеттік Әнұранның авторы
«Мақалды жалғастыр»
Отанды сүю-
Отансыз адам –
Отан –қуат,
Отан –
Отанға опасыздық еткенің,
Балалар мақалды жалғастырып
айтады.
-Балалар біздің туған жеріміздің
табиғаты туралы айтып беріңдерші!
-Қандай ғимараттар,көрікті жерлер
бар?
-Өскенмен қаласында қандай
ғимараттар бар?
Ендеше ойын ойнағыларың келе ме?
«Бәйтеректі құру»
Қыран бүркіт
Қанатты пырақ
Біздің туымыз-көгілдіртүсті,
тіктөртбұрышты мата.Ол бірлік пен
аман-есендікті көрсетеді.Оның
ортасында сәулесінен шашқан алтын
Күн –тыныштық пен байлықтың
белгісі.Туда қыранның орын алуы
тәуелсіздік алған Қазақстан қыран
сияқты биікте болсын,қыран сияқты
ғұмыры ұзақ болсын деген ойдан
туған.
Шәкен Оңдасынұлы Ниязбеков белгілі
монументші-суретші.
Жандарбек Мәлібеков пен Шота Аман
Уәлиханов
Мемлекеттік Әнұранның авторы
Шәмші Қалдаяқов,
сөзін жазғандар Жұмекен
Нәжмеденов, Нұрсұлтан Назарбаев.
Отбасынан басталады.
Ормансыз бұлбұл.
Отбасы – шуақ.
оттан да ыстық.
Өз түбіңе өзің жеткенің.
Отан оттан да ыстық.
2.Туған жердей жер болмас,
Туған жердей ел болмас.
Отансыз адам ормансыз бұлбұл.
Өз елің алтын бесігің,
Отаны бардың оты өшпес.
Бәйтерек, парктер т.б.
Әуен қосылып балалар шеңберде

«Дұрыс және бұрыс»
Сөздер дұрыс айтылса шапалақ
соғады,бұрыс айтылса қолдарын артқа
тығады.
-Дұрыс айтасыңдар, балалар туған
жерді ауылды,қаланы көркейтуіміз,
оған қамқорлық жасауға өз үлесімізді
қосуымыз туған жерге сүйіспеншілікті
білдіреді.
Елтаңба,ту туралы тақпақ жаттату.
Жарайсыңдар балалар!
билейді.Бір бала бәйтеректі құрсаудың
ішінде көтереді,қалғандары бәйтеректі
құрады.Қолдарын жоғары созады.
-Туған жеріме қамқор
болмаймын.
-Туған жерімді сүйемін.
-Туған жерге құрмет
көрсетпеймін.
-Өз Отанымды қорғаймын.
-Мен Қазақстанның ұланымын.
-Мен тәуелсіз елімді жақсы
көремін.
-Отанымма басымды иемін.
Желбірейді көк туым,
Ортасында қыран құс.
Елтаңбада ат пырақ,
Қанаттары бейне құс.
Ортадағы шаңырақ,
Біріктірген халықты.
Қазақстан жазуын
әлем танып алыпты.
Рефлекстік нәтиже
бөлімі
Рәміздер туралы тақпақ жаттату.
Сәнді айшығы, бедері,
Рәміздер – ел беделі!
Бойға таққан тұмардай,
Қастерлеймін мен оны!
Күтілетін нәтиже:.
Білу: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін атап,көрсете білу.
Орындай алу: Қазақстан республикасының рәміздерін атап ажыратады.
Істеу,істей білу: Мемлекеттік рәміздердің мән-мағанасын білу.