400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Рәміздер-ел бедері

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты: Оқушыларды Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандарын қадірлеуге, олардың символикалық айырым белгілерін білуге, әрқашан жоғары ұстауға, қорғауға тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Рәміздер-ел бедері

Мақсаты: Оқушыларды Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандарын қадірлеуге, олардың символикалық айырым белгілерін білуге, әрқашан жоғары ұстауға, қорғауға тәрбиелеу.

Түрі: тәрбие сағаты

Көрнекілігі: ҚР рәміздері, оқушардың шығармашылық жұмыстары

Барысы

-Оқушылармен амандасу. ҚР Мемлекеттік әнұраны шырқалады.

Екі жүргізуші ортаға шығады.

1-жүргізуші: Қымбатты қонақтар , ұстаздар, оқушылар! Еліміздің рәміздеріне арналған тәрбие сағатына қош келдіңіздер!


2-жүргізуші: Биік ұста тәуелсіздік жалауын

Бірлік , достық бейбітшілік қалауын

Мерейлі жыл 25 жылың құтты болсын

Бақ кетпесін әр үйіңнен қазағым


1-жүргізуші: Қарасам Қазақстан картасына

Кенелген мол байлықтың алқасына

Тұрғанда көкшіл туың көкті тіреп,

Бұйырсын әр қазақтың отбасына!


Жансая:  Мемлекеттік Рәміздер белгілі бір мағына берерлік өзара үйлесімде орналастырылған жанды-жансыз заттардың бейнелерінен құрастырылады. Мұндай бейнелер үйлесімінен мемлекеттің, елдің арман-мұраты, өзін-өзі түйсінуі көрініс береді.

Азамат: балалар осыдан тура 20 жыл бұрын 1992 жылы 4- маусымда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалауы туралы» «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы туралы», «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұраның музыкалық редакциясы туралы» заңдарға қол қойып, Қазақ елі өзінің мемлекеттік рәміздеріне ие болды. Содан бергі аралықта Қазақстан Республикасы дербес, тәуелсіз ел деп бүкіл әлем мойындап, ол негізгі халықаралық ұйымдарға мүше болып қабылданса, соның белгісі ретінде осы елдік айшықтарымызда да танып отыр!

Көркем: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы- Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің бірі. Мемлекеттік ту-көгілдір түсті тік бұрышты мата . Ені ұзындығының жартысына тең . Ортасында жан –жағына нұрын шашқан күн бейнесі мен самғап келе жатқан қыран бүркіт суреті саланған, ал тудың сабын бойлай тігінен алтын зерлі ұлттық өрнек тартылған.

Мансур:  Зерен көк түс- тудың негізгі нышандық белгісі ретінде бекер таңдалмаған. Ол адалдық, тазалық және сенім деген ұғымдарды білдіреді. Бұл киелі түс- бірлік пен ынтымаққа шақырып, барлық халықтар үшін әманда тыныштық, бейбітшілік пен береке символына айналған ашық аспанды еске салатын рең. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туының бір түсті болуының мәні бар. Ол Қазақстанның егемен ел ретіндегі біртұтастығын паш етеді.

Жаннұр: Күн бейнесі- байлық пен береке белгісі. Оның гафикалық көрінісіне айналған шеңбер болса- адамзат тіршілігінің, өмірдің символы

Аиша: Қыран бүркіт-биліктің, көрегендік пен дарқандықтың нышаны. Әдетте рәміздерге суретін салаған кезде оның жыртқыштық кейпі мен ызбар шашып тұрған сұсты кескінін бейнелеуге ұмтылу дәстүрі бар. Сол арқылы күш пен қуат артықшылығы идеясы беріледі деп есептеледі. Қазақ елінің туында бұл образ мүлдем жаңа көркемдік шешім тапқан. Қыран бүркіт образы қазақ халқының ұлттық дүниетанымында еркіндік, бостандықсүйгіштік, ерлік, жоғарғы аңсар, жан дүние кеңдігі, асыл мұрат, жүрек тазалығы сияқты адамгершілік асыл ұғымдармен астасып жатады.

Нурдана: Қазақы ою-өрнек- дүниені қазақ халқының өзіне тән өзгеше эстетикалық талғамына сай ерекше көркемдік тұрғыдан тану тәсілдерінің бірі.ол аса күрделі астарлы формалар, сызықтар мен ырғақтардың үйлесімі, сұлу жарасымы ретінде адамның ішкі жан дүниесін айрықша ашып береді.

Ержан: Егемен ел туындағы әсем өрнек- қазақ халқының сан ғасырлар бойы асыл арманы, ұлттық ұлы мұраты болып келген мемлекеттік тәуелсіздік идеясының жүзеге асқандығының тағы бір жарқын айғағы. Мемлекеттік тудың авторы суретші –Шәкен Ниязбеков

Ән шашу: Қазақ елі.

Аружан: Тұрғанда көкшіл туың көкті тіреп

Қазағым сен қашанда тұғардасың!

Биік ұста тәуелсіздік жалауын,

Бірлік, достық, бейбітшілік қалауын


Нуржан:  Көк аспандай көгілдір

Қазақстан байрағы

Тұрса күндей төгіп нұр

Жылдарымыз жайдары

Көк байрақтың бетінде

Қыран бүркіт қанаты

Сол қырандай еркіндеп,

Біз өсеміз талапты

Даяна: Мемлекеттік елтаңба- күн сәулелі уықтарын қос мүйізді, қанатты пырақтар бейнесі көмкерген шаңырақ бедерлі күрделі сәулеткерлік туынды. Астарына зерен көк түс, бедеріне сары алтын реңі пайдаланылып, шеңбер ішіне ойып жасалған белгінің төменгі жағында ел аты- «Қазақстан» деген жазу бар.

Ибрахим: Шаңырақ бейнесі- Қазақстанда тұратын барлық адамдардың ортақ үйінің бейнесі. Шаңырақтың беріктігі оның уықтарының сенімділігіне байланысты болса, ортақ үйдің бақыты да оның тұрғындарының талайлы тағдырына тікелей байланысты. Шаңырақ- туған үйдің, атамекеннің, әріден тартқанда, адамзаттың ортақ жер бесігі- айдай әлемнің символы.

Жанель: Әпсаналық арғымақтар-қанатты- мүйізді пырақтар образыбатылдық, тектілік және ерік-жігер күші тәрізді геральдикалық ұғымдармен сипатталады. Жылқы – қазақтардың ұлтық дүниетанымының маңызды белгісі. Оған өткен заманнан бері келе жатқан «Қазақ –жылқы мінезді» деген қазақ мәтелі айғақ.

Бексұлтан: Қанат болса-қуатты, көркейген мемлекет құру жөніндегі асыл арман нышаны. Оны сол сияқты қоғамда келісім, береке-бірлік салтанат құрып, табиғат пен және әлемдік өркениет мұраттарымен жарасымға қол жеткізуге және өсіп –өркендеуге бағытталған ізгі ойлар мен ұмтылыстардың көрінісі деседе болады. Елтаңбада қос қанатты тұлпар бейнелері бар. Олар киелі қара шаңырақты екі жағынан бірдей қорғап тұрғандай әсер береді, ортақ үй- туған Отанға адал қызмет ету идеясының жарқын көрінісі.

Асем: Бесбұрышты жұлдызды -биіктіктің, бұралаң өмір жолындағы адастырмас жарық сәуле- өзгеше рухани темірқазықтың, асқақтық пен мәңгілікке деген айрықша құштарлықтың белгісі ретінде қолдану- адам баласы бұрынғы замандардан бері берік ұстанып келе жатқан елтаңбалық дәстүр.

Нурдаулет: Жұлдыздың бес бұрышы болса- бес құрлыққа бірдей айқара ашықтықтың, барлық әлем мемлекеттері мен халықтары тарапынан ізгі ниетті, өзара пайдалы қарым –қатынастың қай- қайсысына да әрдайым әзір екендігінің белгісі.

1-жүргізушы: Қазақстан Республикасы мемлекеттік елтаңбасының авторлары- Жандарбек Мәлібеков пен Шотаман Уәлиханов

Елтаңбасы елімнің

Неткен қымбат, әдемі

Тұнығындай көңілдің

Ортада аспан әлемі

Құт, береке- шаңырақ,

Орын алған ол төрден

Қанатты қос арғымақ

Екі жақтан көмкерген.

Тәуелсіздік жолында

Талай-талай тер тамған

Билігім өз қолымда;

Еркіндігім – Елтаңбам


 Қорытынды: Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәмәздері тәуелсіздік нышаны ретінде ерекше қадірленіп, оларға биік мәртебе беріледі, сондықтан да мемлекет адамдарға мемлекеттік рәзімдерді қастерлеуді парыз етеді.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
18 мамыр
571
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі