«4 маусым-ҚР Мемлекеттік
Рәміздер күніне»арналған
«Ел рәміздері-еркіндік
нышаны»
мерекелік бағдарламасының
сценарийі.
Фанфары
Жүргізуші:
Тарихы терең қазақ деген көне
елде.
Ең
белгілі ерлік,өрлік өнерде,
Жахандағы ең жауынгер
халықта
Кім
сенеді ту болмады дегенге?!
Бұлтсыз ашық аспанымдай көк
туым,
Ту
төрінен елге нұрын төкті күн.
Ту
төбемде қанат қақты қырандай
Қуанбаған бірде қазақ жоқ
бүгін.
Тоздырмаймыз сені ешқашан
көнертіп,
Ием
бар де жауға бермей өлер тік.
Жаса мәңгі өз көгімде өз туым
Желбірей бер көсегемді
көгертіп.
Жүргізуші:
Армысыздар, құрметті
ұстаздар,ата-аналар,оқушылар!
4 маусым-Қазақстан
Республикасының Мемлекеттік Рәміздер күніне арналған «Ел
рәміздері-еркіндік нышаны» атты салтанатты жиынға қош
келдіңіздер!
Мемлекеттік нышандарымызда
қазақтың мың жылдық арман-тілегі,мақсат-мұраты түгел
тоғысқан.Еліміз үшін Көк байрағымыздың,Елтаңбамыз бен Әнұранымыздың
мән-маңызы айрықша.Бұл құндылықтар бойымызға зор мақтаныш және
жауапкершілік сезімін ұялатады.Мемлекеттік рәміздерді қадірлеу
азаматтың қастерлі парызы.
Жүргізуші:
Жиын,сап түзе! Қазақстан
Республикасының Мемлекеттік Туы
кіргізілсін.
Мемлекеттік Әнұран
орындалады.
Жүргізуші:
Салтанатты жиынға қатысушы қонақтармен таныс
болыңыздар:
1.№5 мектеп-лицей директоры Әбдіғапарова Әлия
Пауединқызы.
2.
3.
Жүргізуші:
Мерекелік сөз №5
мектеп-лицей директоры Әбдіғапарова Әлия Пауединқызына
ұсынылады.
Жүргізуші:
Қазақстан
Республикасының Мемлекеттік Туы-
Тудың авторы--Шәкен Оңдасынұлы
Ниязбеков,белгілі монументші-суретші.Біздің туымыз- көгілдір түсті,
тік төртбұрышты мата.Ол бірлік пен аман-есендікті көрсетеді.Оның
қақ ортасындағы сәулесін шашқан алтын күн-тыныштық пен байлықтың
белгісі.Қазақ халқы сонау ерте заманнан бері қыранды киелі,
қасиетті құс деп есептеген.Туда қыранның орын алу тәуелсіздік алған
Қазақстан қыран сияқты биікте болсын,қыран сияқты ғұмыры ұзақ
болсын деген ойдан туған.Тудан сабын бойлай ұлттық ою-өрнек
салынған тік жолақ қазақ елінің өзіндік сипатын,танымдық бейнесін
көрсетеді.
Жүргізуші:
Елтаңба
Мемлекеттік елтаңбаның
авторлары танымал суретшілер:Жандарбек Мәлібеков пен Шота Аман
Уәлиханов.Қазақта «Шаңырағың биік, керегең кең, босағаң берік
болсын» деген тілек сөз бар.Елтаңба авторлары осы сөздерді
басшылыққа алған. Қазақстан Республикасының Елтаңбасы көгілдір
түстің үстіне салынған шаңырақ бейнесінен тұрады. Одан жан-жаққа
күн сәулесі тәрізді уықтар тарайды. Шаңырақ пен уықтар біздің
Отанымызда тыныштықта жарасымды өмір сүріп жатқан көптеген
халықтардың бірлігін көрсетеді. Қазақстан Республикасының
Елтанбасының бір бөлігі ертедегі қанатты тұлпар. Елтаңбаның жоғарғы
жағындағы бес бұрыш бақытты өмірге жол сілтейтін жарық жұлдыздың
белгісі. Төменгі жағындағы «Қазақстан» деген жазу Республиканың
атын көрсетеді. Масақ Отанымыздың байлығы
іспеттес.
Жүргізуші:
Келесі мемлекеттік
рәміз- Асқақтаған
Әнұран
Кез келген мемлекеттік
рәміздердің ең маңыздысы – Әнұран. Әнұран мемлекеттің салтанатты
әні. Халық өмір салтын бүгінгі тіршілігі мен келешек армандарын,мың
жылғы тарихын осы әнге сыйғызған.
Мемлекеттік Әнұранның авторы
Шәмші Калдаяқов,сезін жазған Жұмекен
Нәжмеденов, Нұрсұлтан
Назарбаев. Алғашкы рет Қазакстан
Республикасынын
Әнұраны ретінде «Менің
Қазакстаным» әні 10 қаңтар, 2006 жылы елбасын ұлықтау рәсімінде
орындалды. Бұл әнұранның сөзі республикамыздың барлық халықтарының
жүрегіне жарқын, жұрттың бәрінің көңілінен шыққан, терең отаншылдық
сезімдегі ән.
Монтаж
1-окушы
Әйгілісің әуеніңмен әлемге,
Әнұраным ,көк аспанда әуеле!
Қазағыма қайсар шабыт
бергендей,
Ұран болып айтыла бер әр елде
2-окушы
Жүрегінен орын алып елімнің,
Шартараптан шарықтаумен
көріндің.
Әсем әнді әуеніңмен тербеткен,
Белгісісің кең жазира жерімнің.
3-оқушы
Қазағыма таныс өрнек ежелден,
Қуат берген зұлымдықтан
жебеген.
Қастерлеген «Қошқар мүйіз»
өрнегін,
Қасиеттің бір күніне теңеген
Қыран құстай маңғазы да қарағы
Болса екен деп Бейбітшілік
тұрағы
Сондықтан да көк туымда
қалықтап,
Қыран бүркіт қанат жайып
тұрады.
4 –оқушы
Желбірейді шалықтап
Қазақстан жалауы
Көкте қыран қалықтап
Қанат қағып барады
Көки аспанда нұрлы Күн
Күлімдейді далама
Бақыт тілеп тұр бүгін
Ол
барлық пәк балаға
Ұлттық өрнек мұрамыз
Адастырмас мұраттай
Нық
көтеріп тұрамыз
Жалауды біз құлатпай
5-оқушы
Бейнелеп сан ғасырды
Елтаңбасы елімнің
Таратады хас үлгі
Киесіндей елімнің
Бабам тұлпар жаратты
Тұлпар барда қанатты
Шайқалмайды шаңырақ
Өркениет төрінде
Нұр
төгеді елтаңба
Ақорданың төрінде
6-оқушы
Әнұраным-жан ұраным
Айтар әнім сөйлер сөзім
Туған жерім сағынарым
Жүрсем егер дүние кезіп
Қатар шапқан қос тұлпар
Ай
астында қазақ үй
Қалықтаған жас сұңқар
Шарықтаған таза күй
Бұл
таңбасы елімнің
Елдігімнің белгісі
Жүргізуші:
«Ту тапсыру»рәсіміне кезек
береміз.
Бүгінгі мереке құрметіне
орай Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы №5мектеп-лицейінің
11 «Б» сынып оқушысы, «Алтын белгіге» үміткері Ту көтеруші Уразбаев
Арманнан
№5мектеп-лицейінің 9 «Б»
сынып оқушысы, оқу озаты Мырзағалиев Нұрбақытқа
тапсырылсын.
Ант
Ту көтеруші
Мен,Қазақстан Республикасының
азаматы, №5 мектеп- лицейінің 9б сынып оқушысы Мырзағалиев
Нұрбақыт, Қазақстан Республикасның Мемлекеттік Туын қабылдап
отырып, Қазақстан Республикасының рәміздерін, конституциясы мен
заңдарын қастерлеп сақтауға, Ту көтеруші ретінде өзіме жүктелген
міндеттерді бұлжытпай орындауға, өз Отанымның, тәуелсіз
Қазақстанның Мемлекеттік рәміздеріне мұқият болуға салтанатты
түрде АНТ
ЕТЕМІН.
Ән:
Жүргізуші:
Мемлекеттік рәміздер-Ту,
Елтаңба және Гимн Қазақстан Республикасының дербестігі мен
тәуелсіздігін бүкіл әлемге танытушы әрі мемлекетіміздің өткені мен
бүгіні және болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын көрінісі.
Сондай -ақ рәміздер - халқымыздың мұқалмас рухын,қахармандығы мен
даналығын,асқақ арман тілегін жеткізетін құнды белгілер. Жас
ұрпақтың намысын оятып,патриоттық сезімдерін ұялататын рәміздер
мерекесі құтты болсын,көк байрағымыз биіктен көріне
берсін.
Жүргізуші:
Жиын! Сап түзе! Қазақстан
Республикасының Мемлекеттік Туы
шығарылсын!
Мемлекеттік Әнұран
орындалады.
Жүргізуші:
Құрметті қонақтар «4
маусым-ҚР Мемлекеттік Рәміздер күніне»
арналған «Ел рәміздері-еркіндік
нышаны » атты мерекелік бағдарламасын
жабық деп жариялаймыз!