400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 19 материал табылды

«Рәміздерді ардақтайық!»

Материал туралы қысқаша түсінік
Балалардың аса маңызды мемлекеттік белгілер - рәміздер жөніндегі білімдерін жан-жақты сарапқа салу, оларға мемлекеттік белгілердің аса маңызды екенін ұғындыру, оны ерекше құрметтеп, мақтан тұту керектігін ашып көрсету;
Материалдың қысқаша нұсқасы


Эрекова Әлия Аширбаевна

№19 «Назерке» бөбекжайы» тәрбиешісі

Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, Теңге кенті.

Тақырыбы: «Рәміздерді ардақтайық!»


Мақсаты:        
Білімділік: Балалардың аса маңызды мемлекеттік белгілер - рәміздер жөніндегі білімдерін жан-жақты сарапқа салу, оларға мемлекеттік белгілердің аса маңызды екенін ұғындыру, оны ерекше құрметтеп, мақтан тұту керектігін ашып көрсету;
Тәрбиелік: Отаншылдық, ұлтжандылыққа, өз елін, тегін, тарихын сүюге тәрбиелеу; 
Дамытушылық: Ой-өрісін, танымдық қабілетін, жеке дара тұлға ретінде дамыту.
Көрнекілігі:Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері: Туы, Елтаңбасы, Әнұраны
Әдіс тәсілі: Түсіндіру, ойын, сұрақ-жауап.


1. Ұйымдастыру кезеңі:

-Сәлеметсіздер ме балалар! Бүгін біздің ұйымдастырылған  «4 маусым – Қазақстан Республиканың рәміздер күні» атты тақырыптық іс-әрекетімізді бастайық.

Шаттық шеңбер:

Күлімде күн күлімде,

Күлсін барлық бала шат.

Бүгінгідей күн қайда,

Бейбіт болсын болашақ!

Балалар, сендер өте зейінді, ақылды, әдемі, сұлу, дарынды, мейірімді  балаларсыңдар. Біз аспаны ашық сәулелі кең байтақ елде  тұрамыз. Олай болса балалар бәріміз біргеҚазақстан Республиксының  Мемлекеттік  Әнұраның шырқайық.

-Балалар, сендер қандай ән орындадыңдар?

-Қазақстан Республикасының әнұранын орындадық.

Балалар бүгін сабағымыз ерекше болмақ.Бүгін4 маусым – Қазақстан Республиканың рәміздер күні.  Бүгін мен сендердің бүгінге дейінгі Қазақстан Республикасың рәміздері жайында не үйренгендеріңді, білгендеріңді сұраймын:

  • Балалар, біздің Республикамыз қалай аталыды?

  • Егенменді, тәуелсіз Республика.

  • Елімізді астанасы қандай қала?

Республиканың қандай рәміздерін білесіндер?

Раяна: Ашық аспандай көгілдір туымыз.

Али: Айбынды Елтаңбамыз бар.

Аяулым: Мағыналы әнұраны.

- Елбасы, Президентіміз –Қасым Жомарт Тоқаев Кемелұлы

Ел Тәуелсіздігінің ең басты белгілерінің бірі – оның өзіне ғана тән мемлекеттік рәміздерінің болуы. Кеңестік дәуірде де одақтас республикалардың бірі ретінде Қазақстанның Туы, Елтаңбасы, Әнұраны болды. Бірақ бұл толық дербестігімізге, егемендігімізге кепілдік бере алмайтын еді. Біз одақ құрамындағы бодандық құрсауындағы ел едік. Еліміз толық тәуелсіздікке 1991 жылы ғана қол жеткізді.
Неге мемлекеттік рәміздерге осынша мән беріліп отыр? Өйткені Отанға деген сүйіспеншілік, ел тарихына құрмет мемлекеттік рәміздерге деген құрметтен басталады. Тәуелсіз Қазақстан рәміздері біздің болашағымыздың, еліміздің орнықты, оң үдерісте дамуының ерекше белгілері.

Мемлекеттік рәміздер 1992 жылы, 4 маусымда қабылданды
Туға сипаттама :  Ту көгілдір түсті мата, ені 1 м, ұзындығы 2 м, Авторы – Шәкен Ниязбеков. Ортасында 32 шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген. Көгілдір түсті, төрт бұрышты мата. Тудың сабының тұсында ұлттық өрнек, Тік шолақ түрінде нақышталған.
   Елтаңбаның авторлары - Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлиханов.

Мемлекеттік  елтаңбаның  басты нышандық белгісі: уықтар көтергеншаңырақ боп табылады. Уықтар ол Қазақстан территориясында өмір сүретін барлық ұлт өкілдерін көрсетеді. Яғни Қазақстан территориясында өмірсүретін 130 дан астам ұлт өкілдері бір шаңырақтын астында тату-тәтті өмір сүріп жатыр дегенді көрсетеді.
Мемлекеттік әнұран

Әнұран –Гимн (грек тілінде) – ерекше, барынша манызды жағдайларда орындалатын салтанатты ән

Әнұран - Гимн – сөзден тоқылған мемлекеттік туы.

- Әнұран жайлы  ақпаратпен  бөлісетін болсақ  алғашқы гимн 1992 жылы желтоқсан айында қабылданған. Қазіргі Әнұранымыз 2006 жылы қаңтар айында қабылданды
Мемлекет басшыларын қарсы алу және шығарып салу кезінде сол елдердің Әнұрандары орындалады. Бұл – мемлекеттің екінші мемлекетке ресми түрде көрсеткен жоғары дәрежедегі құрметі.

Сергіту  сәті:

Ақ көгершін, көгершін,

Қол қанат құс сен едің.

Бар кезіп қайт, ел үшін,

Кең дүниенің көлемің.

Әділеттің құсы деп,

Көз алмастан жолыңнан,

Ұшырамын қолымнан.

-«Қазақстан Республикасының мелекеттік рәміздері  туралы қандай  тақпақтар білесіңдер?»

Аяулым: Рәміздерім-елдігімнің белгісі,

Білу керек-бала-дағы ең кіші.

Рәміздерім-Әнұран,Ту, Елтаңба,

Рәміздерді жатқа білген жөн кісі.

Айым:Әнұраны елімнің

Шақырады бірлікке.

Егеменді халқымның

Болашағы бірлікте.

Жақсы жауапты баса сал

 Екі жақтан көмкерген.

Малика:Қазақстан жалауы

Азаттықтың алауы.

Желбірейді аспанда,

Отан орны асқарда.

-Өте жақсы балалар, енді біз рәміздер туралы көп білдік.​

Қорытынды бөлім: Сондықтан біз балалар бір-бірінді татулыққы, достыққа шакырайық.

Біз көппіз және бәріміз – бір Елміз, бір халықпыз..

Біз бәріміз бір атаның – қазақ халқының ұлымыз.

Бәріміздің де туған жеріміз біреу – ол қасиетті қазақ даласы.

Мемлекеттік рәміздерді қадірлеу тәуелсіз Қазақстанның әрбір азаматының қасиетті борышы. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу – елді, халықты, тарихты, әдет- ғұрыпты, салт- дәстүрді қастерлеу болып табылады. Құрметті оқушылар! Сендер тәуелсіз еркін елде ер жеткен ұлансыздар. Ендігі жерде еліміздің тағдыры, Қазақстан ертеңі өз қолдарыңызда. Туған елімізді жоғары дамыған елдер қатарына енгізетін мына сендерсіңдер. Ол үшін сендер терең әрі жан – жақты білім алу керексіңдер, – дей келе бүгінгі тақырыптық іс-әрекетімізді аяқтаймыз.

Сау болыңыздар!

 































«Тексерілді»

«№19 «Назерке» бөбекжайы»

жедел басқару құқығындағы МҚКҚ-ның әдіскері

Сарыева Ж.А__________


Тақырыптық іс-әрекет

«Рәміздерді ардақтайық!»




№11 «Ертөстік» ересек тобы тәрбиешісі:Эрекова Ә








2025ж











Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
26 ақпан
8
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі