15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Рәміздерім - мақтанышым
Білім беру саласы: Коммуникация
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы: «Рәміздерім мақтанышым »
Мақсат –міндеттері:
*Қазақ
халқының тұңғыш президенті Нұрсұлтан
Әбішұлы Назарбаев туралы және 1-желтоқсан
мерекесі туралы түсінік беру.
*Елбасын
құрметтей отырып, Отанын, халқын сүюге
патриоттық сезімге тәрбиелеу.
*Бүлдіршіндер
жүрегінде елбасына деген сүйіспеншілік
сезімін ояту, құрметтеу.
Әдіс- тәсілдері: түсіндіру, көрсету, сұрақ- жауап, логикалық ойын.
Көрнекілігі: Суреттер, буклет « Нұрсұлтан Назарбаев - тұңғыш президент»
Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар: Өздері тұратын қаласы туралы әңгіме жүргізу.
Полингвизм: Қазақстан-Казакстан-Kazakhstan; Әнұран-гимн-anthem; Елтаңба-герб-coat of arms; Ту-флажок-flag
Оқу қызмет кезеңдері |
Тәрбиешінің қызметі |
Балалардың қызметі |
Мотивация лық қозғаушы |
Шаттық шеңбері: Аспанға қарап айды көрдім, Төменге қарап жерді көрдім. Оңға бұрылып, солға бұрылып, Егеменді елді көрдім. |
Балалар шаттық шеңберіне тұрып, тәрбиешімен бірге орындады. |
Іздену ұйымдас тырушы. |
Балалар, оқу қызметін бастамас бұрын әнұранымызды орындап алайық. Біздің
Елбасымыз - Н. Ә. Назарбаев Сергіту сәті: Орнымыздан тұрайық, Қолды белге қояйық. Бір отырып, бір тұрып, Бір тынығып алайық. -Балалар біздің мемлекетіміз қалай аталады? -Сендер қандай қалада тұрасыңдар? -Отан деген сөзді қалай түсінесіңдер? -Қазақстан республикасы үлкен мемлекет, кіші қалалар мен ауылдар бар. Онда бірнеше ұлт өкілдері тұрады. Ол ұлттардың өздерінің сөйлейтін тілі, мәдениеті, салт-дәстүрі болады. Дегенмен де бәрімізге ортақ мемлекеттік тіл-қазақ тілі. -Ал сендер қандай тілде сөйлейсіңдер? Қазақ тілін қандай тіл деп айтамыз дедік? Балаларға буклеттерді көрсетіп, сұрақ қою. Балалардан өздері тұратын қалалары туралы сұрау. Қаланың көркейгені ол мемлекеттің экономикасының өркендегені барлық қазақстандықтардың үлесі бар екенін түсіндіру. Балалар мынау ненің суреті?
-Ал мынау ше? Өздеріңнің қалаларың туралы айтып беріңдерші?
-Сендер қандай балабақшаға барасыңдар? Логикалық ойын: «Кім шапшаң» Шарты:Суретте берілген тулардың ішінен Қазақстан Республикасының туын тауып, түсін, не бейнеленгенін айту. |
Балалар қолдарын жүректеріне қойып әнұранды айтты.
-Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың арқасында
Балалар тәрбиешіні мұқият тыңдады.
Оқу қызметіне қызығушылық білдірді.
Барлығы бірге сергіту сәтін қимылмен орындады.
Қазақстан Республикасы. -Орал қаласында Отан-менің үйім, елім, жерім, табиғатым, отбасым.
-Қазақ тілінде сөйлейміз. -Ана тіліміз, мемлекеттік тіл деп айтамыз.
-Бұл біздің көк туымыздың суреті -Бұл елтаңба
Балалар өз ойларын айтып берді. -Балбұлақ балабақшасына барамыз.
Балалар ойында белсенділік танытты. |
Рефлексивті коррекция Лаушы |
Балалар оқу қызметінде не жайлы айттық? -Біздің еліміз қалай аталады?
-Біздер қай тілде сөйлейміз? -Елбасымыз кім?
-1-желтоқсан қандай мереке? -Астанамыз қай қала? -Барлығымыз бірге бүгінгі жаңа сөздердің үш тілде баламасын айтайықшы. Қазақстан-Казакстан-Kazakhstan Әнұран-гимн-anthem Елтаңба-герб-coat of arms Ту-флажок-flag -Жарайсыңдар, балалар! |
-Еліміз туралы айттық Қазақстан Республикасы деп аталады. Қазақ тілінде. -Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев -Тұңғыш президент күні -Астана қаласы.
Барлығы бірге сөздерді үш тілде айтты.
Мадақтауға қуанды. |
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: Қазақстан Республикасының қазіргі жағдайы, өздері тұратын қала жайында әңгімелеп беруді білді.
Қандай түсініктерді игерді: Қазақстан Республикасының халқы, тілі, сәулетті әдемі көпқабатты үйлері мен балабақша, мектеп, дүкен, үйлер жайында түсініктерді игереді.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Ойын арқылы басқа тулар арасынан Қазақстан туын табу дағдысын меңгерді.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген