Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Рәміздерім - мақтанышым" Оқырмандар сайысы 8 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Рәміздер күніне орай ұйымдастырылған оқырмандар сайысы. Барлық сынып жетекшілерге пайдасы зор.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Рәміздерім - мақтанышым» оқырмандар сайысы

(ҚР-ның Мемлекеттік рәміздері күніне орай)

Мақсаты: ұлттық сана-езімі жоғары, рухани ойлауы терең, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол, еңбекқор ұрпақтың бойына еліміздің рәміздері күніне орай патриоттық сезімді ұялату, кітапты сүйе білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: «Ел бастаған Елбасы» кітап көрмесі, слаид, «Рәміздерім - рухым» тақырыптық сөре.

Кітапханашы: Халқымыз өнер мен білімді қадірлеген. Бүгінгі заманда барлық адамзат алдында тұрған басты мақсат- білімді ұрпақ тәрбиелеу. Тәуелсіздігіміздің арқасында ұлттық рәміздеріміз – елтаңбамыз елдік еншімізді ерекшелеп, көк байрағымыз биікке көтерілді. Әнұранымызды әлемдегі қауым тыңдап құрметтейді. Талай мемлекетте Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалды. «Менің Қазақстаным!» Бұл сөзді жайбарақат айта салу қиын. Тіпті, мүмкін емес. Оны айтқанда бойыңды ерекше сезім билеп, санаңда әлдебір жарқын сәуле жалт еткендей әсерге бөленесің. Бүгінгі «Рәміздерім - мақтанышым» оқырмандар сайысына қош келдіңіздер!

Сайысымыздың кезеңдері:

1- кезең. Таныстыру. «Көк байрақты көтерген, ұрпағымыз асылдың»

2- кезең. «Тәуелсіз елдің ұланымын» Мәнерлеп оқу.

3- кезең. «Бір жерде, бірге жүрсең басын қосып, біріңнің бірің сөйле , сөзін тосып»

4- кезең. Сен білесің бе? (карточкаларды ашу арқылы сұрақтарға жауап)

5-кезең. Мақтанышым Қазақстан. Әңгіме құрау.

Барысы:

Әр салада барлайық,

Сынды сынға жалғайық.

Әділ баға беретін,

Әділқазы сайлайық.

Әділқазы мүшелерімен таныстырып өтейін.

Жүргізуші: Әділқазы мүшелерімен танысып болсақ, ендігі кезекті топтарға берсек.

1- кезең. «Көк байрақты көтерген, ұрпағымыз асылдың» топтардың өздерін таныстыруы.

Жүргізуші: Еліміз тәуелсіздік туын тігіп, егемендік алды!

Біз қазақпыз!

Есігі ашық, төрі кең,

Жылап өттік жылдар өмір өһрінен,

Жетер енді желпінейік, қарайық,

Мына өмірге иегердің көзімен.

Топтар «Тәуелсіз елдің ұланымын» тақырыбында тақпақтар оқиды.

3- кезеңіміз «сұрақ -жауап» Ұяшықтарды ашу арқылы сұрақтарға жауап береді. Қазақстанның мемлекеттік рәміздері туралы сұрақтар қойылады.

  1. ҚР. Рәміздері қабылданған күн? 1992 жылы 4 маусымда.

  2. Елтаңбаның авторы кім? Жандарбек Мәлібекұлы, Шот-Аман Ыдырысұлы

  3. Қазақстан Республикасының Гимнінің авторларын ата? Сөзін жазғандар: Н.Назарбаев, Ж.Нәжімедтнов, Әні: Ш.Қалдаяқов.

  4. Елтаңбаның жүрегі не? Шаңырақ.

  5. Тудың түсі неге көк? Көк түс аспанды бейнелейді, Аспан – бейбітшілік пен молшылық белгісі.

  6. Рәміздер дегеніміз не? Түрлі ұғымдардың бірлесуі, Ту, Елтаңба, Гимн.

  7. ҚР.-ның астанасы – Астана қаласы болып қай жылы жарияланды? 1997 жылдың

10 желтоқсанында

  1. ҚР. Туының авторы кім? Шәкен Оңласынұлы Ниязбеков

  2. «Тәуелсіздікке аңсап, зарығып жеттік. Енді сол тәуелсіздіктің қасиетті белгілерін де ерекше қадірлеуіміз, қастерлеуіміз керек. Әрбір азамат Қазақстанның Туын, Елтаңбасын, Әнұранын тұмардай қасиет тұтуы қажет. Елдігіміздің сыналатын бір тұсы-осы» – деп кім айтқан? Ел Басшысы Н.Ә. Назарбаев

  3. Менің Қазақстаным» әні ең алғаш рет қай жылы Мемлекеттік Гимн ретінде орындалды?

10 қаңтарда 2006 жылы Елбасын ұлықтау рәсімінде орындалды.

Жүргізуші: 4-кезеңіміз «Бір жерде, бірге жүрсең басын қосып,

біріңнің бірің сөйле , сөзін тосып» әріптерді пайдалана отырып, сұрақтарға жауап береміз. І-топ сұрақтары:

  1. Қазақтың ұлттық тағамдарын атаңыз?

  2. Кімге еркелейсіз?

  3. Әжелер тамақты қалай дайындайды?

  4. Жыл бойы не істейсіз?

  5. Тілек айтыңызшы?

  6. Сергу үшін секіру керек пе?

  7. Адамға не керек?

  8. Спорт түрлерін атаңыз?

  9. Адам аттарын атаңыз?

  10. Басыңыз ауырса не істейсіз?


ІІ-топ сұрақтары:

  1. Сенің сүйікті ертегің қандай?

  2. Сен қандай түсті ұнатасың?

  3. Жыл бойы не істейсіз?

  4. Сүйікті пәніңіз?

  5. Досыңның аты кім?

  6. Қандай гүлді ұнатасың?

  7. Спортпен шұғылданасың ба?

  8. Сынып жетекшің ұнай ма?

  9. Адам аттарын ата?

  10. Қандай ұлттық ойындарды ұнатасың?

Жүргізуші: 5-кезеңіміз «Менің Қазақстаным» атты тақырыпта әңгіме қозғау. Оқушы пікірлерін тыңдау.

Жүргізуші: Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Біздер үшін өте қуанышты да үлкен мереке. Мемлекеттік рәміздер күні! Осы мерекемен баршаңызды шын жүректен құттықтаймыз! Енді кешімізді қорытындылау үшін сөз кезегін әділқазы мүшелеріне береміз.


Юсупова Асем Нысанбайқызы

Қызылорда облысы

Жаңақорған ауданы

163 орта мектеп кітапханашысы


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
12.12.2018
1531
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12