Ы.Алтынсарин атындағы №1
мектеп-гимназиясы КММ
« Рәміздерім -Мақтанышым
»

Кентау
қаласы
2024-2025 оқу жылы
Мәлімет
Қараша айы – қараша-әділдік және жауапкершілік
айы.
Ы.Алтынсарин атындағы №1 мектеп-гимназиясы Ұлттық
құндылыққа негізделген біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында
Қараша-Әділдік және жауапкершілік айы.
7
сыныптармен «Рәміздерім-мақтанышым» тақырыбында сынып сағаты
өтілді.
Мақсаты:Оқушыларды Отансүйгіштікке,
адамгершілікке, Отанына, халқына адал қызмет етуге, елінің Туын,
Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеп, құрметтеуге, халқының тегін,
тарихын білуге тәрбиелеу.
Бүгінде жастарды патриоттыққа тәрбиелеудің түрлі
жолдары қарастырылып келеді. Соның бірі жастар, жас өрендер
арасында ұлттық нақыштарымыз рәміздерді насихаттау. Рәміз – бұл
мемлекеттің төлқұжаты десе артық айтпаған болар едік. Рәміздерді
насихаттаудағы мақсат – әрбір жас буын жеткіншектің Отан,
Қазақстан, туған жер туралы түсініктерін кеңейту. Қазақстан
Республикасының рәміздері туарлы түсініктерін қалыптастыру. Оларды
Отансүйгіштікке, адамгершілікке, Отанына, халқына адал қызмет
етуге, елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеуге, халқының
тегін, тарихын білуге тәрбиелеу.
Батырлықтың уызына жарыған,
Ер
түркіні байрағынан таныған
Өзі
ақын, өзі әнші халықта,
Кім
айта алар болмаған деп Әнұран –
деп
ақын жырға қосқандай, гректің «гимн» сөзі қазақша «ұран», «ұран
салу» деген ұғымды білдіреді. Басқа ұлттар секілді қазақ елінің де
әрбір ру-тайпасының өзіне тән таңба белгілері, жалауымен қатар,
Әнұраны да болған. Елді жау шапқанда жер-жердегі сарбаздарды
жинауға ат шаптырып, ұран салады, хабар береді. Кезінде сарбаздарға
рух берген, жауға қарсы ерлікпен күресе білуге
жұмылдырған.
Ежелден ер деген,
Даңқымыз шықты ғой.
Намысын бермеген,
Қазағым мықты ғой!
Ұрпаққа жол ашқан,
Кең
байтақ жерім бар.
Бірлігі жарасқан,
Тәуелсіз елім бар.
Қазақстан Әнұранының авторы
Жұмекен Нәжімеденов Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік Әнұранының сөзін жазған авторлардың бірі. оның «Менің
Қазақстаным» атты өлеңі 1956 жылы жазылған. Бұл өлең Нұрсұлтан
Назарбаевтың бастамасымен өзгерістер енгізіліп, 2006 жылы
Қазақстанның Әнұраны ретінде қабылданған.
Жұмекен Нәжімеденов қазақ
әдебиетінің ғана емес, ел руханиятының биік тұлғаларының бірі.
олардың туындылары мен еңбектері ұлттың рухын көтеріп,
ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып қала береді.
Әнұранында жазылған өлең
шумақтары – адамға зор рухани әсер беретін күштің, халықтың,
ұлттың, мемлекеттің, елдің бірлігінің нышаны
сипатталады.
Ал еліміздің көк туына келер
болсақ. Ту – бейбіт кезде құрметпен сақталып, ол тек жаугершілік
кезде ғана шығарылып отырған. Тудан айырылу – өліммен тең болған.
Бауыржан Момышұлы айтқандай «Ту – қасиет! Ту – әскерлердің ар
намысы»! Тарих беттеріне көз жүгіртсек, қазақ жеріне көз тігушілер
аз болмаған. Сондай бір қиын-қыстау кезеңде ұлы дана бабаларымыз
Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би ордабасындағы жиыннан кейін,
Әбілхайыр хан үш жүздің басын қосып, Бөгенбай батырға қазақтың туын
ұстатқан екен.
Күн сәулесі, көк аспан,
шаңырақ, жұлдыз, қанатты тұлпар, бидай сабақтары – барлығы
елтаңбаны бейнелейтін нақыштар.
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік елтаңбасының негізіне шаңырақ алынған. Ол елтаңбаның
жүрегі іспеттес.
Шаңырақ әлемнің біртұтастығын,
мемлекеттің бастауы отбасы ошағын бейнелесе, қанатты тұлпар
мәңгілік өмір, шексіз даму және Қазақстан секілді бір шаңырақ
астында өмір сүріп жатқан халықтардың рухани байлығының белгісі.
Қанатты тұлпар болашаққа үміт артар жас ұрпақтың арманы, самғау
биігі. Елтаңбадағы бес жұлдыз, жарық жұлдыз Отанымыздың жұлдызы
биіктеп, бақыт жұлдызынан нұр шашып тұрғанын білдіреді. Бидай
сабақтары – молшылықтың нышаны. Аспан ашық, жұлдызы жарқыраған,
шаңырағы биік, жеңімпаз, молшылық елінің перзенті
болу.
Сөз соңын қорыта келгенде,
еліміздің, жерімізді, рәміздерімізді, Отанымызды құрметтеуге және
патриоттық сезімімізді нығайта түсуге тырысу – ол әрбір азаматтың
парызы! Туған жер деген киелі ұғымды әрбір қазақстандық құрмет
тұтуға, қастерлеуге міндетті екенін естен шығармауға
тиіспіз.

