Әліппемен
қоштасу ертеңгілігі.
Мақсаты:
Оқу тілін
дамытып, сөздік қорын молайту. Оқушылардың әліппеден алған
білімдерін тиянақтау.
Әр оқушының іс
- әрекеттері арқылы икемділігін, қабілеттерін көрсету, шығармашылық
мүмкіндіктерін ашу;
Оқушылардың
елін, Отанын сүюге, оны қорғай білуге
тәрбиелеу.
Көрнекілігі:
Қазақ әліпбиі, суреттер, нақыл сөздер, «Әліппе», «Ана тілі»,
«Матем» оқулықтарының мұқабасы, ауызша есепке көрнекілік,
шарлар.
Мұғалім:
Армысыздар
құрметті қонақтар, оқушылар! Шәкірттердің қолдарына тұңғыш рет
ұстап, бетін ашқан оқулығы «Әліппе». Барлық ғылымның атасы,
болашағымыздың негізі - әліппені бітіру
тойына қош
келіпсіздер!Сондықтан қазір осы уақытқа дейін алған
білімдерімізді көрсетіп ән-күймен өрнектеп өнерімізді ортаға
салайық.
Айқаракөз:
Көз салып қараңызшы
бойымызға
Ортақ боп бүгінгі өскен
ойымызға.
Хош келіпсіз, ұстаздар, ата -
аналар,
Әліппемен қоштасу
тойымызға.
Гүлім:
Армысыздар, мұғалімдер, әз
жандар,
Білім іздеп, инемен құдық
қазғандар,
Құшақ жая қарсы аламыз
сіздерді,
Би биленіп, әнде бүгін
шырқалар..
Нұрдәулет:
Қош келіпсіз ақ
жаулықты аналар.
Жүздерінен
мейіріммен нұр тамар.
Алдарыңда
қызғалдақтай құлпырған,
Біз алағсыз балғын шақты
балалар.
Ақниет:
Шаттанамын мен бүгін
шаттанамын,
Әріп сырын үйрендім мақтанамын.
Әріп сырын үйреткен әліппемде.
Түстей болып міне бүгін артта
қалды.
Мұғалім:Балалар осы төрт ай барысында не
үйрендік?
Оқуды,жазуды,есептерді шығарды,сурет
салуды,ән айтуды,ойнауды,дене шынықтыруды.
1.Мектепке жылдың қай мезгілінде келдіңдер?
(Күз
мезгілі)
2.Күз мезгілінің қай айында?
(қыркүйек)
3.Мектепке келген күні қай пәннен
басталды?.
(әліппе)
4.Алғаш қазақ балалары әліппені кім
жазды? (Ы.Алтынсарин)
Мұғалім:-Балалар,мен сендерге жұмбақ жасырайын,соны
тауып көріңдер?
Бар білімнің
бастауы,
Бар ғылымның
бастауы
Жас балаға нұр
шашқан
Қандай кітап
тіл ашқан?
Ол сүйікті
Әліппе!
Олай болса
өздерің алғаш рет қолдарыңа ұстаған Әліппені ортаға
шақырайық
Әліппе,әліппе,әліппе.
Әліппе:
Армысыздар,жас
достар,
Армысыздар,ата-ана.
Болашаққа жол
бастар,
Әліппең келді
ортаға.
Мұғалім:Қош келдің,Әліппе,кел төрлет.Біздің
сыныптың балаларының білімі мен өнерлерін тамашала.Қонақ
бол!
Ән:
«Менің атым Әліппе» Ілес
Айзере
Асия:
Алфавитті
жаттадық
Онда жүйе қалып
бар.
Біздің қазақ
тілінде,
42 әріп
бар.
Айдана:
Алфавиттің А тұрады басында,
Әрқашанда Ә тұрады қасында,
Байқадың ба Б тұрады үшінші,
Ал осының сыры неде түсінші.
Бекболат:«А» деген ол — аналар ғой
ардақты,
«Ә» деген ол — әкелер ғой салмақты.
«Б» деген ол — балалар ғой көңілді,
Біздің елде үшеуі де кәделі.
ӘН: «Тәтті» Қыдырбай
Айқаракөз
Айару:
Толқыны
өбіп жағаны,
Өзен
баяу ағады.
Айдынында
қалықтап
Аққу
жүзіп барады.
Білесің
бе араны?
Жолай
көрме жанына –
жақындасаң
шағады!
Айзере:Әтеш
әнге басады,
Таңғы
ұйқыңды ашады.
Жетіп
келсең жанына,
Тырағайлап
қашады.
Ғазиз:
Жағалаудың көгі еді
–
Мама
қаздың жегені.
Балпаң –
балпаң соңынан
Балапаны
ереді.
Жантөре:
Күн
шуағын төккенде,
Жаңбыр
сеуіп өткенде,
Қызыл –
жасыл далада
Гүл
тереміз
көктемде
Ақтөре:
Ғарыш
деген – көк аспан,
Ай,
жұлдызы жарасқан.
Мен
ғарышкер боламын –
Айға
барып қонамын!
Аяжан:
Дуадақ
құс далада,
Жоламайды
қалаға.
Дельфин
жүзер теңізде,
Ол
теңізбен егіз бе?!
Санжар:
Нәр
алатын жауыннан,
Қорықпайтын
дауылдан
Емен
деген ағаш бар
Жапырағы
жайылған.
Азиз:
Тұмсығы
оның күшті,
аяқтары
сұсты,
таси
алады жүкті –
піл
дегенің мықты!
Айдар:
Самолетке
ұқсаған
Инелікті
ұстағам.
Қойсаң
болды қамалап,
Ит үреді
абалап.
Зарема:
Қамқор
болып орманға
ағаштарын
қорғаңдар.
Жақсы
азамат болмайды
Көк
орманды орғандар.
Мұғалім:Балалар Әліппе сендерді
оқуға,жазуға үйретті.Сол үшін әліппеге не айту
керек
Рақмет,рақмет,рақмет.
Әліппенің
тойында,
Әркім құштар
ойынға,
Әріптер сыр ашады,
Қыздар биге басады.
БИ: «Жаяу»
Әліппе:-Балалар,сендер менімен ғана
достасып қана қойған жоқсыңдар,сонымен қоса қандай негізгі пәндерді
оқыдыңдар?
Математика,дүниетану,жаратылыстану,музыка,бейнелеу
өнері,дене шынықтыру Ендеше математикадан білімдеріңді тексеріп
көрейін.
Табақта бес алма,
Қолымда екі алма,
Қосқанда барлығы,
Болады неше алма.(7)
Көлден ұшты жеті қаз,
Қайтып қонды екі қаз.
Қонбады онвң нешеуі
қане,кім тез шешеді. (5)
Аулада бес үйрек,
Қорада үш үйрек.
Барлығы неше үйрек? (8)
Сегіз қияр базардан,
Сатып алды Сәлімжан.
Бес қиярды алғанда,
Нешеу қалды дорбада? (3)
Әліппе:
Терең білім сананың,
Тегі деп ой саламын.
Маңызды етіп оқыңдар,
Математика сабағын.
Айдана:
1-дегенім бесік,Шықтым содан өсіп.
2-дегенім егін, Далам,тауым,көлім.
3-дегенім үміт, Үміт жақсы жігіт.
4-дегенім төзім, Төзе білем өзім.
5-дегенім бақыт,Бағалайтын уақыт.
6-дегенім ақыл,Тыңдағаның мақұл.
7-дегенім жалау,Жүректегі алау.
8-дегенім сөзім,Серт беретін кезім.
9-дегенім тоқтау,Елдің жоғын жоқтау.
10-дегенім Отан,Қорға соны ботам.
Мұғалім:
Жиналған қауым таң қалсын,
Ән бимен шашу шашылсын.
Ортамызда жігіттер,
Бименен кешті жалғасын.
Би: «Жігіттер
биі»
Әліппе:-Балалар,мен сендердің
білімдеріңді көріп риза болдым,мен
кетейін.
Мұғалім:-Балалардың саған арнаған өлең
шумақтарын тыңдап кет.
Айзере:
Әліппемен қош айтысып қаламыз,
Енді қолға ана тілін аламыз.
Ата-ана қуанышқа ортақ бол,
Сауатты боп шықты міне балаңыз!
Алинұр:
Ең алғаш алғанымда «Әліппені»
Қызығып қарай бердім әріптерді.
Мен үшін жұмбақ болып қалар ма еді,
Ұстазым оның кілтін алып берді.
Мейіржан:
Таныстырғын 42 әріппен,
Қош бол менің қасиетті әліппем.
Сенің арқаң оқи жаза білгенім,
Сауатты адам санатына кіргенім.
Бексұлтан:
Қош бол құтты әліппем,
Бар нәрсені үйреттің.
Таныстырып әріппен,
Толқындатып сөйлеттің
Мұғалім:— Ал балалар, бүгін сендер
енді әліппенің жолын әрі қарай жалғастыратын ана тілі пәнімен
танысасыңдар. Ана тілін ортаға
шақырайық.
Ана тілі:
-Сәлеметсіңдер ме, балалар?
Туған елдің тілімін,
Ақылымен танылам.
Түсіндірер бәріне
Ана тілі мен болам.
Әліппе:-Балалар мен сендердің келешекте сауатты азамат
болатындарына сенемін.
Ал, енді мен сендермен қоштасамын. Қош
болыңдар, балалар! Сабақты жақсы оқыңдар!
Хормен: Қош бол,қош бол , құтты Әліппем!
Ана
тілі:-Балалар,енді мені бұрынғыдан
да көп оқитын боласыңдар.Мен сендерге көп қызықты
ертегілер,әңгімелер арнаймын.Тек сендер ынта қойып мені ұқыпты
оқысаңдар көп нәрсені
үйренесіңдер.2.Мынау-доға қарайық
Мұғалім:-Ана тілі
кел.Біздің оқушыларымыздың өнерін
тамашала.
Ән:«Сұлу
қыз»әзіл
ән.
Мұғалім:Бізді осындай күнге
жеткізіп,бірге қуанып,мұңайса бірге мұңайып жүрген аналарымыз бен
әкелеріміз,аталарымыз бен әжелерімізге мың алғыс айтамыз.Ендеше
ата-аналар өлең шумақтары сіздерге
арналады.
Бексұлтан:Баланың да тірегі,
Ананың да тірегі
Шаншымасын ешқашан,
Аналардың жүрегі.
Гүлім:Апатайым анашым,
Ақылы мол данасың.
Қамқоры сен сәбидің.
Гүлі де сен әр үйдің.
Көрініс: «Қошқар мен теке»
Мұғалім:Әсем әнім
сырнайдай
Әлем сүйі тыңдайды-ай.
Тамылжытып ән салмай,
Күнде думан болмайды-ай.
Ән: «Біз бақытты баламыз» Сариев
Алинұр
Мұғалім:Әліппені бітірді балаларым,
Әліппеден нәр алған даналарым.
Өзі оқып жазатын қалге жетті, Құтты
болсын қадамы балалардың
Қымбатты шәкірттерім
сендердің білім баспалдағына өрлеген сапарларың сәтті,қадамдарың
құтты болсын!Бүгінгі кешімізді қортындылай келе мектебіміздің
басшысы Ханзура Бекжанқызына сөз кезегін
береміз
Мұғалім:Уақыттарыңызды
бөліп,қуанышымызға ортақтасып келіп отырғандарыңызға үлкен
рақмат!Қош сау болыңыздар!