2024-2025 оқу жылы
Күні: 24.12.2022 жыл
Тақырыбы:«Рақмет,саған Әліппе!»
әліппемен қоштасу ертеңгілігі.
Мақсаты:Білімнің бастауы болған «Әліппеден»
үйренгендерін тиянақтау,
білімдерін ортаға
салу.Өнерлерін тамашалау, әліппе оқулығына
оқушылардың ерекше құрметі, бағасы, мектеп өміріндегі оқулықтың
орнын түсінуге,Тәуелсіздігіміздің ұландары екендерін ұғындыру.
Білімдерінің артып, сөз байлығының молайып, саналарының өскендерін
көрсету.Отанын, мектебін, ұстаздарын, ата - аналарын құрметтеуге
тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: : Интерактивті
тақта, шарлармен
безендіру,слайдтар
Сабақ барысы:
1 жүргізуші Сымбат:
- Асылжан, сенің есіңде ме? алғаш рет мектеп табалдырығын аттаған кез?
2 жүргізуші Асылжан:
- Әрине, Сымбат,есімде. Бізді апаймыз жылы шыраймен қарсы алып еді ғой. Біз де, оңымыз бен солымызды тануды, қолымыздан ұстап әріпті жазуды үйреткен.
1 жүргізуші Сымбат:
-Еркелігімізді көтеріп,бұзықтығымызды кешіріп,еркелететін еді.
2 жүргізуші Асылжан:
- Ия,ия солай. Бәрі де есімде.
Қайта оралып келіп тұрмыз алдыңызға,
Өстік міне өзіңіздің арқаңызда.
Бастауышта талай сәтті бастан кештік,
Еске аламын сол кездерді аңда санда.
1жүргізуші Сымбат:
- Ендеше,бізге, қазіргі шәкірттеріне оқуды,жазуды үйреткен алғашқы ұстаздарымызыды ортаға шақырайық.( Өлең шумағымен)
------------------------
Мұғалім:-1
- Рақмет, сүйкімді шәкірттерім.
-Құрметті ата-аналар,ұстаздар ! Біз сүйікті Әліппемен қоштаспақшымыз.Әліппені бітіру – алдағы өмірге бастайтын көп белестердің бірі. Ендеше, біз сол белестің бірінен астық. Бүгінгі «Рақмет,саған Әліппе!» атты мерекемізге қош келдіңіздер!
Мұғалім:-2
Армысыздар,құрметті ата-аналар,оқушылар!
Осыдан 4 ай бұрын мектеп табалдырығын қысыла да, қызыға аттаған, бірі отбасының тұңғышы,бірі кенжесі, ата-әжесінің сүйікті де еркесі болып жүрген ұл-қыздарымыз, өздерінің ең алғашқы оқулығы болған Әліппемен бүгін қоштасқылы отыр.Ендеше, кішкентай бүлдіршіндеріңіздің білім өлкесіне қарай басқан алғашқы қадамдары құтты болсын!
1 жүргізуші:Сымбат
«Тыңдаңыздар,
тыңдаңыздар!
Оқу білім
бастауы.
Ілім, ғылым
арқауы
Бүлдіршінге тіл
ашқан
Көкірекке нұр
шашқан
«Әліппе» тойы басталды»
-
2
жүргізуші:Асылжан
Бала шаққа болашақты
жырлатып,
Шәкірттерге ой түзеген
сымбатты.
Күн нұрындай сәуле құйған
көңілге,
Армысыздар ұстаздарым
сымбатты.
1
жүргізуші:Сымбат
Армысыздар әжелер мен
аналар,
Ұрпағыңыз күнде өзіңнен бата
алар.
Бүгін міне әліппемен
қоштасады,
Азамат боп кешегі сәби
еркелер.
2 жүргізуші:Асылжан
Нұрлы үмітін арқалаған
арқаға,
Жан сәулесін тарататын
баршаға.
Шын пейілмен құрмет етіп,
сендерді,
Бүлдіршіндер шақырамын
ортаға.
1 жүргізуші С:
Топтың алды Айару деген қылықты қыз,
Мінезіне көркі сай сұлуымыз.
2 жүргізуші Е:
Береке жігіттердің ақ сұлтаны.
Анасының құдай берген қол қанаты.
1 жүргізуші С:
Жанерке жаны ерке тобымызда,
Қасыңнан табылады жабыққанда.
2 жүргізуші А:
Нұрпейіс салмақтыда,ойшыл бала
Ата анасын құрметтейді әр қашанда.
1 жүргізуші С:
Зерделіде, білімді біздің Аяла,
Әлі талай қуанышты сыйла.
2 жүргізуші А:
Серікболсын ақылдыда, алғыр бала
Қатарынан қалмаған жүрген алға
2 жүргізуші А:
Медина атты аруымыз ақылдығой,
Сабағында жақсы оқиды әр қашанда.
1 жүргізуші С:
Әлинұр екен жігіттердің ең батылы,
Батырлардың ізін қуар болашақта.
1 жүргізуші С:
Нұрын шашқан, езуінен күлкі тартқан,
Ерасыл көңілдіде алғыр, дара.
2 жүргізуші А:
Нұршат сұлулығы маржан тектес,
Қанша асылға тенесемде саған жетпес.
2 жүргізуші А:
Томирис деген бүлдіршін қыз тәрбиелі,
Үлкендерге ізет қылар әрқашан.
1 жүргізуші С:
Біздің Ілис жақсы оқып сабағында,
Бос уақытта көмектер достарына.
2 жүргізуші А:
Ботадай екі көзі жарқ жұрқ еткен,
Ақбикеш ғой бұл сыныптың нұры көркем.
1 жүргізуші С:
Арсен болашақта азамат боп,
Күлімсіреп жүре бергін қуанышта
2 жүргізуші А:
Ақжігіт ер мінезді нағыз жігіт.
Айбарлыда өжет бала рухы биік.
1 жүргізуші С:
Аруай білімдінің тандаулысы,
Анансының баға жетпес ару қызы.
Хормен:
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз.
Қонақтарды құрметтеп,
Бас иеміз біз.
1 Жүргізуші:С
Армысыздар, көрермендер, әз
жандар!
Бармысыздар, инемен құдық
қазғандар!
Әліппеге рақмет деп шырқайық!
Ал, қанеки енді тойды бастайық!
Не үйреніп, не білдік, жырдан
шашу шашайық!
Олай болса,бәрімізге ең қымбат «Әліппені»
ортаға шақырайық.
Оқушылар хормен : Әліппе,Әліппе
Әліппе: .(Інжу)
Әліппе әнімен ортаға шығады.
- Армысыңдар жас достар!
Армысыңдар, ата - ана!
Болашаққа жол бастар,
Әліппең келді ортаға.
Мерекеңмен
құттықтаймын
Бүлдіршіндер,
балғындар!
Не үйретіп, не білдік,
Қане, ортаға салайық!
-Мен туралы тақпақ білесіңдер ме?
Оқушылыр хормен: Әрине
Әліппе туралы тақпақтар айтылады
2 жүргізуші: Асылжан
Өсті міне бойларың,
Өсті ақыл-ойларын.
Қуанышқа ортақпын,
Құтты болсын тойларын!
-Балалар,
- Іші толы әріпке,
Білімдегі жарық
не?
Хормен:
Болашаққа жол ашқан,
Ол сүйікті Әліппе.
Хор: «Үйретеді»әні
1Жүргізуші:С
Рахмет,балалар! Әріптердің
бәрін таныпсыңдар!
Айттың әділ бағаны
Әріпсіз сөз болмайды
Буын онсыз толмайды
Адам барлық әріпті
Ардақтайды, қолдайды.
Ортаға әріптерді шақырайық
О,Т,А,Н,Ы,М әріптері шығады
жаттауларын айтады
Әліппе
- Балалар, қандай сөз шықты?
- Отаным.
-Жарайсыңдар,Отан туралы және әліппеден алған білімдеріңді тексергім келіп тұр.
Қане онда ,«Кім тапқыр»ойынын ойнайық.
«Додекадаэдр»
Әліппе :
-Жарайсындар, балалар,
-Балалар,менен алған білімдеріңді одан әрі шыңдай түсетін,өз тілімізді сүюге,қадірлеуге үйрететін кітап – «Ана тілін» ортаға шақырайық.
Ендігі сендердің жаңа достарың –Ана тілі оқулығы болады.
Ана тілі: Нұрасыл
Сәлеметсіңдер ме, балалар ?
Туған елдің тілімін,
Ақылымен танылам,
Түсіндірер бәріне
Ана тілі пәнімін.
Ана тілің – арың бұл –
Ұятың боп тұр бетте,
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте!
-Балалар, мен сендердің келешекте сауатты азамат болатындарыңа сенемін.Енді бұрынғыдан да көп оқитын боласыңдар.Мен сендерге көп қызықты ертегілер,әңгімелер арнаймын.Тек мені таза ұстап,ынта қойып оқыңдар.Менің бір ерекшелігім – қазақ тілін менімен қатар оқитын боласыңдар.
1 жүргізуші С:
-Жоғары төрлетіңіз,Ана тілі.
Әліппе:Інжу
Бүлдіршіндер,сендер мені жақсы игеріпсіңдер.Енді сендермен қоштасатын да уақыт келіп жетті.Көп рақмет,сендерге.
Кір шалмасын беттерің,
Таза болсын оқулық пен дәптерің.
Оқығандарың есте болсын,
Күнделіктерің беске толсын!
«Ана тілі» оқулығын таза ұстап,жақсы оқыңдар.Сау болыңдар!
Барлығы:
«Қош бол сүйікті әліппе »
Хор:«Рахмет ,саған әліппе!» әні
2 Жүргізуші А:
Әліппемен қош айтысып қаламыз,
Енді қолға ана тілін аламыз.
Ата - ана қуанышқа ортақ бол,
Сауатты боп шықты міне балаңыз!
1 жүргізуші С:
Бізді осындай күнге жеткізіп, бірге қуанып, бірге ренжіп жүрген әкелеріміз бен әжелеріміз, аналарымызға мың алғыс айтамыз.Біздің әліппені жақсы меңгеріп, сауатты оқып, жазуымызға ата-аналардың қосқан үлесі мол. Қане, бәріміз ата-аналарға рахмет айтайық.
Бәрі:
Рахмет саған ата-ана!
Би:
2-жүргізуші:А
Рахмет балалар. Жарайсыңдар!Бүгін сендер өз білімдеріңді көрсетіп нақты әліппені меңгергендеріңді көрсеттіңдер және өнерлі екенсіңдер.Осының бәрін үйреткен кім?
Оқушылар Хормен: Мұғалім
Өмірде ата-анаңмен бауыр қымбат,
Тай құлындай бірге өскен достар қымбат.
Сусындатып білім беріп үйреткен,
Ұмытылмас дара тұлға ұстаз қымбат.- дегендей ұстазымыздан білім алған шәкірттерінің ән шашуын қабыл алыңыздар:
Ән: Шот Аруай «Оқып,білім,аламыз »
1 жүргізуші С:
Айдында аққулар сылаңдаған,
Біреулер күй,біреулер жыр арнаған.
Шықсын енді ортаға бишілер,
Тал шыбықтай иіліп,мың бұралған.
Би: «-------------»
Мұғалім: Балалар, бүгін біздің ортамызда ата-аналарымыз да қуанышымызға ортақтасып отыр. Құрметті ата-аналармен қызықты ойын өткізейік. Ортаға 5 ата-ана шыға қойсын. Манадан бері балалар әріптердің сырын ашуға тырысты.
Ендігі кезек сіздердікі.
Мұғалім.
Рахмет құрметті ата аналар.
Балаларыңыз, әліппеден алған білімдерін болашақта толықтырып, армандарына жетсін.
2 жүргізуші
А:
Жиналған қауым таң қалсын,
Ән- бимен шашу шашылсын.
Мың бұралған бишілер.
Әнімен,биіменен кешті жалғасын.
БИ: жалпы
2 жүргізуші: А
Жақсы шәкірт азамат атанады,
Халқынан,ата анадан бата алады.
Ұрпағына айтсын деп ақ тілегін,
Ортаға шақырайық қонақтарды
(сөз сөйлейді)
1 жүргізуші:С
Балалардың білімі құтты
болсын,
Денсаулығы ауырмайтын мықты болсын.
Білімдерін әрі қарай дамытатын,
Ерінбейтін енбекқор күшті болсын!
Осымен «Рақмет,саған Әліппе!» ертеңгілігімізді аяқтаймыз!
Мұғалім:
-Құрметті қонақтар, қымбатты балдырғандар! Еліміздің білімді де тәрбиелі, елін сүйетін, көк туын көкке көтеретін ұл-қыздары боп өсе беріңдер.
Осымен ертеңгілігімізді аяқтаймыз. Келіп тамашалағандарыңызға рахмет.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Рақмет,саған әліппе! 1-сынып

шағым қалдыра аласыз