жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Рашова Айгерім Мейрамбекқызы
Ұйымдастырылған оқу әрекетінің технологиялық картасы
Рашова Айгерим Мейрамбекқызы
Білім беру саласы: Әлеуметтік орта
Бөлімі :Қоршаған ортамен танысу
Тақырыбы: Менің мектебім. Мектеппен танысамыз
Мақсаты:Мектептегі және сыныптағы негізігі ережелерді білу және оларды сақтау.
Барлық тәрбиеленушілер: Мектеп қызметкерлерінің еңбегі туралы директор, оқу бөлімінің меңгерушісі, кітапханашы, еден жуушы, аспаз, медбике , мұғалімнің атқаратын қызметтерін біледі.Мектеп қызметкерлеріне сыйластық танытады.
Көпшілік тәрбиеленушілер: Мектеп қызметкерлеріне сыйластық танытады.
Кейбір тәрбиеленушілер: Мектепке жарнама жасайды.
Көрнекі құралдар:Сюжетті суреттер, слайд, мектеп суреттері.
Әдіс-тәсілдер:Сұрақ-жауап, түсіндіру, жұппен жұмыс.
Тілдік мақсат: білім – образование-education
Сөздік жұмыс
Қызметтің кезендері
|
Тәрбиеші әректтері
|
Балалардың әректтері
|
Мотивациялық-түрткі болатын Қызығушылықты ояту |
Сабағымыздың мақсаты: Мектеп қызметкерлерінің еңбегі туралы директор, оқу бөлімінің меңгерушісі, кітапханашы, еден жуушы, аспаз, медбике , мұғалімнің атқаратын қызметтерін білу.Мектеп қызметкерлеріне сыйластық таныту.Өзімідің оқып отырған мектебімізге жарнама жасай білу. -Балалар бүгінгі сабағымызға көптеген қонақтар келіп отыр. Сондықтан өзімізді жақсы ұстап,сабақта белсенділік танытайық. |
Балалар орындарынан тұрып өлең жолдарын айтады |
Ұйымдық-іздену Мағынаны ажырату |
1- тапсырма Слайд ( балаларға өз мектебі туралы слайд көрсету) Пікір алмасу сұрақтары. -Балалар, слайд беттерінен не жайлы білдік? -Мектеп бізге не үшін қажет? -Мектепте өзімізді қалай ұстаймыз?
2- тапсырма Оқулықпен жұмыс Сурет бойынша әңгіме қүру.
-Балалар суреттен нені көріп тұрсыңдар? Қоңыраудың үнін тыңдату. -Қоңырау не үшін соғылады? -Балалар демалу үшін. Тамақтану үшін. ??? -Мектеп ауласынан кімдерді көріп тұрмыз? Өзіміздің мектеп ауламыз жайлы айтып берейікші. 3 –Тапсырма Тақтамен жұмыс ?1
-Мектеп кімдер жұмыс істейді? -Мектеп қызметкерлерімен қалай қарым-қатынас жасау керек. - Директор, мұғалім, аспаз, медбике, аспаз, еден жуушы, кітапханашы. -Мектеп қызметкерлері қандай қызмет атқарады? -Директор мектептің білім жүйесін басқарады. Оқушыларды тәртіпке ,оқуға шақырады.Мұғалім оқушыларға білім береді. Аспаз балаларға тамақ пісіреді. Медбике балалардың денсаулығын қарайды. Кітапханашы кітап береді. Еден жуушы мектептің тазалығын қарайды.Гүлдерге су құяды. 5-тапсырма Тақтамен жұмыс 2 Сурет бойынша сынып кабинеті қандай болатынын әңгімеле. Оқушылар қайда отырады? Тақта не үнін қажет? Өзіміздің сынып кабинетімізде не бар екен қарап салыстырайық.
Сергіту сәті: «Мектебім» әнімен бой сергіту.
5-тапсырма Жұппен жұмыс Не артық?ойыны
-Балалар қазір жұппен жұмыс жасаймыз. Әркім өзінің қасындағы оқушымен бірге берілген тапсырмадан артық затты табамыз.
6-тапсырма Компьютермен жұмыс -Балалар,бізге мектепке бару үшін не қажет? -Сөмке, оқу құралдары. Айсұлу мен Қуаныш та сенер сияқты мектепке оқуға келіпті. -Балалар, біз сыныпта бір-бірімізбен доспыз ба? -Бір-бірімізге көмектесеміз бе? Ендеше біз Қуаныш пен Айсұлуға оқу құралдарын жинауға көмектесейік пе? -Әр оқу-құралдықалай қолданамыз?
|
Балалар сұраққа жауап береді.
Сурет бойынша әңгімелеп айтады.
Мектепте мұғалімнен басқа кітапханашы, аспаз, дәрігердің жұмыс істейтіні жайлы айтады.
Оқулық бойынша Қуаныш пен Айсұлуға көмектеседі.
Сұрақтарға жауап береді. Сынып кабинетімен салыстырады.
Жұппен екі оқушы жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. |
Рефлекстік-тузету Ойтолғаныс |
-Балалар, біз бүгінгі сабақта не жайлы білдік? - Мектеп бізге не үшін керек ? ? Мектепек жарнама 1- оқушы Жанасыл Менің мектебім оқушыларға терең білім береді. Мектебімнің ауласы таза, көрікті.Онда әдемі гүлдер өсіп тұр. Біз мектеп ауласында серуендеп ойнаймыз. 2-оқушы Бекзат Менің сыныбымдағы балалар бір-бірімен тату дос.Біз достарымызға көмектесеміз.сабақты жақсы оқимыз. 3- оқушы Айзере Бізге даярлық сыныпта орыс тілін, ағылшын тілін оқимыз.Сабақтан кейін үйрмелерге қатысамыз. Мен балаларды мектебіме оқуға шақырамын.
Бағалау?
|
. |
Күтілетін нәтиже :
Білу
Түсінуге тиіс
Істей білу керек

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген