400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Растрлық және векторлық графиканы салыстыру

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал ұстаздар үшін
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ жоспары

Picture 9

Мектеп: №17 Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі


Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 6.2В –

Компьютерлік графика


Күні: 09.12.2019 ж.

Мұғалімнің аты-жөні: Миралиева М.А.

Сынып: 6 сынып

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы:

Растрлық және векторлық бейнелерді салыстыру.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.2.2.3 - растрлық және векторлық графика артықшылықтары мен кемшіліктерін бағалау

Сабақтың мақсаты:

Компьютерлік графика ұғымымен таныса отырып, графиканың түрлері туралы білімдерін қалыптастырып, растрлық және векторлық графиканың артықшылықтары мен кемшіліктерін меңгеріп түсінеді.

Бағалау критерийлері:

  • Компьютерлік графиканың түрлерін біледі.

  • Растрлық және векторлық графиканы салыстыру арқылы артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтайды.

  • Алған білімін жинақтай отырып, Paint графикалық редакторымен жұмыс жасайды.

Тілдік мақсаттар:

Пәнге тән лексика және терминология:

Растрлық графика, векторлық графика, пиксель, графикалық примитив, бұрмалау, графиканың сапасы, файл өлшемі, кеңейтілімі.

Диалогтар мен әріптер үшін пайдалы тіркестер:

… растрлық және векторлық графиканың артықшылықтары мен кемшіліктері болып табылады

Құндылықтарға баулу:

Қарым-қатынас жасау қабілеті;

Шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау;

Жауапкершілік; Бір-бірін топта тыңдау, сыйластық таныту;

Пəнаралық байланыс:

Суреттер салу арқылы бейнелеу, сызу, фигуралар сызу арқылы геометрия пәндерімен байланысады

Алдыңғы білімі:

5 сыныптағы «Растрлық кескіндерді құру және өңдеу» 6 сынып «Векторлық кескіндерді құру және өңдеу»


Сабақ барысы

Сабақтың

жоспарланған

кезеңдері


Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері


Ресурстар

Сабақтың басы


3 минут




































2 минут





Ұйымдастыру. Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу.

Оқушылардың сабаққа белсене қатысу мақсатында орындалатын «Көтеріңкі көңіл күй» тренингін өткіземін

- Көңіл - күйлеріңіз қалай ?

Керемет (қолдарын көтеру)

- Сабаққа дайынсыңдар ма ?

Тамаша (шапалақ)

- Ендеше бастайық.

О – о – о (бас бармақтарын көрсету)

Стикер арқылы 2 топқа бөлемін.

І-топ Растр

ІІ-топ Вектор

Бағалау парақшаларын топтарға үлестіремін

№

Оқушы аты-жөні

Үй тапсырмасы

Сұрақ-жауап

Ребусты шешіңдер

«Балық қаңқасы»

Топтық жұмыс

"Қай жұп жылдам" компьютерде жұптық жұмыс

Семантикалық карта.

Қорытынды

1








2








3








4








5









Алдыңғы білімдерін пысықтау мақсатында «Сұрақ- жауап» арқылы оқушылар нені біледі, нені білмейтінін анықтаймын.

1. Растрлық сурет неден тұрады?

2. Векторлық графика қандай объектілерден құралады?

Жауабы:

  1. Растрлық бейнелер пиксель деп аталатын ұсақ элементтерден құралған нақыш суреттер болып табылады.

  2. Векторлық графикада бейнелер қарапайым геометриялық кескіндемелерден құрастырылады. Геометриялық кескіндемелер ретінде түзу сызық, эллипс, тік бұрыш, сонымен бірге қисық сызықтар таңдалады.






Стикерлер









Бағалау парақшасы












Стикерлер


Сабақтың ортасы


1минут















4 минут























Поле 7

Растрлық графика






























































































10 минут

























7 минут




















1 минут




















9 минут

№1 тапсырма: Ребусты шешіңдер Графика

WordArt 1 ,, ,,,




,,,,,,,,


Д ескриптор:

  • Ребустың жауабы арқылы жаңа сабақтың тақырыбы анықталады.

  • Компьютерлік графикадан түсінік алады;

ҚБ. «Басбармақ» әдісі арқылы бағалау

Жаңа тақырып: Растырлық және векторлық бейнелерді салыстыру

Мақсаты: 6.2.2.3- Растрлық және векторлық графика артықшылықтары мен кемшіліктерін бағалау

Жаңа сабақты байланысты оқушылар видео көреді

Слайд арқылы жаңа сабақты түсіндіремін.

Компьютерлік графика – әр түрлі кескіндерді (суреттерді, сызбаларды, мультипликацияларды) компьютердің көмегімен алуды қарастыратын информатиканың маңызды саласы. Қазіргі компьютерлік графика қолданылу әдісі бойынша мынадай негізгі салаларға бөлінеді

Компьютерлік графика үш түрге: растрлық, векторлық және фракталдық болып бөлінеді. Олар бір-бірінен монитор экранында бейнелену және қағаз бетіне басып шығарылған кезде кескіндердің қалыптасу принциптері бойынша ажыратылады.







Поле 1

Компьютерлік графика





Стрелка вправо 1 Стрелка вправо 2

Поле 2

Екі өлшемді графика



Поле 3

Үш өлшемді графика




Прямая со стрелкой 1 Прямая со стрелкой 2 Прямая со стрелкой 3 Прямая со стрелкой 4


Поле 4

3D графика



Поле 5

Векторлық графика





Поле 6

Фракталды графика






Растрлық бейне (немесе биттік карталар — Вitmар) дегеніміз — түрлі -түсті нүктелердің (пиксельдердің) жиынтығы.

Растрлық графиканың артықшылықтары:

Сурет салу қарапайымдылығы және айқындылығы.

Масштабтау қажет болмаған жағдайда күрделі бейнені жылдам өңдеу мүмкіндігі.

нүктелерді қажет болмаса ішінара алып тастауға немесе қоюлатуға, сондай-ақ кескіннің әр нүктесін ақ-қара немесе басқа кез келген түске өзгертуге болады.

Бейнені құру қарапайымдылығы – кез келген ұнаған бейнені сканерден өткізсе болғаны.

Бейнені оңай баспадан шығаруға болады.

Растрлық графиканың кемшіліктері:

Бейнені айналдырудағы және басқада түрлендірудегі қиындықтар, себебі растрлық бейне біртұтас объект түрінде беріледі.

Масштабтаудағы, яғни пикселдеудегі қиындықтар, яғни бейнені үлкейткенде бейненің бұзылуы.

Мысалы, кескінді үлкейткенде, оның көрінісі дөрекіленіп кетсе, кішірейткенде – кескін сапасы өте нашарлап кетеді (нүктелерін жоғалтқандықтан).

Растрлық бейне сақталған файлдың көлемінің үлкен болуы.

Бірақ бұл кемшіліктеріне қарамастан, қазіргі техникада растр өте жоғары сапалы кескін алуға мүмкіндік береді. Сондықтан растрлық кескіндер көркем графикада кеңінен қолданылады.

Растрлық графика электронды (мультимедиалық) және полиграфиялық басылымдарды жасап шығару үшін де жиі қолдылады. Растрлық графикалық редакторлар көбінесе жаңа суреттерді салу үшін емес, дайын суреттерді өңдеу үшін қолданылады. Осы мақсатта көбінесе суретшілердің қолымен салынған дайын суреттер сканерленіп алады немесе фотосуреттер алынады. Соңғы кездері растрлық кескіндерді компьютерге енгізу үшін сандық фотокамералар мен видеокамералар кеңінен қолданылуда.

Векторлық графика - бұл - сызық, доға, шеңбер және тікбұрыш сияқты геометриялық объектілер жинағынан тұратын кескіндер. Бұл жерде вектор дегеніміз - осы объектілерді сипаттайтын мәліметтер жиынтығы.


Векторлық графиканың артықшылықтары:

Көлемнің шағын болуы, яғни векторлық кескіндердің ақпараттық көлемі растрлық кескіндермен салыстырғанда әлдеқайда аз болады.

Оңай масштабтауға болады, яғни оңай кішірейтуге және үлкейтуге болатындығы. Оңай түзетуге болады.

Векторлық графиканың басты артықшылығы оған кескін сапасын жоғалтпай өзгеріс енгізуге болады.

Векторлық графикамен жұмыс істеуге арналған программалық құралдар бірінші кезекте кескіндерді өңдеу үшін емес, оларды жаңадан салу үшін қолданылады. Бұндай құралдар жарнама агенттіктерінде, дизайнерлік бюроларда, редакциялар мен баспаханаларда кеңінен қолданылады. Қарапайым геометриялық объектілер мен қаріптерді пайдалануға негізделген безендіру жұмыстары векторлық графика құралдарының көмегімен әлдеқайда оңай іске асады.


Векторлық графиканың кемшіліктері:

Шынайы бейнелерді құрудағы қиындықтар.

Тұтас аймақты бейнелеу мүмкіндігінің болмауы, себебі объектілер «сым» қаңқа түрінде ұсынылады.

Суреттеу алдында алдын ала өңдеуді қажет етеді.


№2 тапсырма:

«Балық қаңқасы» әдісі бойынша топтық жұмыс постер қорғау


AutoShape 2 AutoShape 3 AutoShape 5 AutoShape 19 AutoShape 20 AutoShape 21



AutoShape 1 AutoShape 28

Oval 1

AutoShape 22 AutoShape 23 AutoShape 24 AutoShape 25 AutoShape 26 AutoShape 27





І-топ

Растрлық графиканың артықшылықтары мен кемшіліктері.

ІІ-топ

Векторлық графиканың артықшылықтары мен кемшіліктері.

Дескриптор:

  1. Оқушылар растырлық және векторлық графика артықшылықтарын жазады.

  2. Оқушылар растырлық және векторлық графика кемшіліктерін жазады.

ҚБ. Бірін-бірі бағалау «Үш шапалақ» әдісі.

3 шапалақ – Өте жақсы!

2 шапалақ – Келісуге болады!

1 шапалақ – Түсініксіз болды.


№3. Практикалық тапсырма: «Қай жұп жылдам» ойыны

(сурет беру арқылы Paint графикалық редакторында жұмыс жасау)

Paint графикалық редакторында төмендегі нысанды салу



Дескриптор.

  1. Paint графикалық редакторында берілген суретті салу үшін үшбұрыш, дөңгелек және т.б. стандартты фигураларды қолданады;

  2. Суретті боямас бұрын Ерекшелеу-Көшіру командасы арқылы екі көшірмесін жасайды

  3. Түстер палитрасын қолданып суреттерді әртүрлі түске бояйды және масштабын екі есе үлкейтіп көреді

ҚБ. Фигуралар арқылы бағалау


Сергіту сәті.


№4тапсырма:

Растрлық графика мен векторлық графиканың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын салыстырыңдар.

Семантикалық карта. Кестемен зерттеу жұмысы

Критерийлер

Растрлық графика

Векторлық графика

Басты элементі

Пиксель (нүкте)

Сызық, доға, шеңбер және тікбұрыш сияқты геометриялық объектілер

Масштабтау

Сапасын жоғалтады

Сапасын жоғалтпайды

Файлдар өлшемі

Үлкен

Кіші

Қолданылуы

электронды (мультимедиалық) және полиграфиялық басылымдарды жасап шығару үшін, дайын суреттерді өңдеу үшін қолданылады

кескіндерді салу үшін жарнама агенттіктерінде, дизайнерлік бюроларда, редакциялар мен баспаханаларда кеңінен қолданылады.

Артықшылығы

кескінді түзетуге, әдемілей түсуге, оның кез-келген бөлігін өзгертуге болады;

оған кескін сапасын жоғалтпай өзгеріс енгізуге, оңай кішірейтуге және үлкейтуге болатынды. ақпараттық көлемі аз.

Кемшілігі

Файлдар өлшемінің үлкендігі, масштабын өзгерткенде сапасын жоғалтады.

Шынайы бейнелерді құру,Тұтас аймақты бейнелеу

Файлдар пішімі

BMP, PSD, GIF, PNG, TIFF, JPEG,

WMF, EPS, CDR, SVG, CGM

Графикалық редакторлар

Adobe Photoshop, Corel Photo-Paint, Paint, Adobe Image Ready, Gimp,Photofinish

Word мәтіндік редакторына құрамдас графикалық редакторды, СorelDRAW, Adobe illustrator, Inkscape

Дескриптор.

  1. Растрлық және векторлық графикаларды салыстырады;

  2. Растрлық және векторлық графиканың артықшылықтарын ажырата біледі;

  3. Растрлық және векторлық графиканың кемшіліктерін ажырата біледі;


Қ Б. Бірін-бірі бағалау.

.

Басқа көз қарасым бар!



Келісемін!



Толықтырамын.






«Басбармақ» әдісі арқылы бағалау.






Презентация .




https://bilimland.kz/kk/courses/informatika-kk/5-synyp/lesson/grafikalyq-redaktorlar









































































Үлестірме

қағаз



















































Фигуралар арқылы бағалау















































Сабақтың соңы

3 минут








«Поезд» тәсілімен стикер жабыстыру арқылы


1-вагонға; Бүгін не үйрендің?

2-вагонға; Бүгінгі сабақта не ұнадыма?

3- вагонға; Бүгінгі көңіл-күйің қандай болды?

4-вагонға; Басқаларға көмегің тидіма?


Үйге тапсырма:

«Растрлық графика мен векторлық графиканың ерекшеліктері» тақырыбында реферат жазып келу.

Стикер


Әр оқушы кері байланысқа стикермен оз пікірлерін жазады.

Саралау – Сіз қандай тəсілмен

Көбірек қолдау көрсетпексіз?

Қабілеттігіне қарай тест тапсырмалары беріледі, диалог арқылы






Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру

Деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

«Үш шапалақ» әдісі.

«Басбармақ» әдісі.

«Фигуралар» арқылы бағалау.

Дескриптор арқылы бағалау

Жұптық бағалау.






Денсаулық жəне

Қауіпсіздік техникасын

сақтау

Компьютер сыныбында техника қауіпсіздігін сақтауды үнемі ескерту.


Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма? Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен?

Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланыңыз. Сол бағандағы өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз.

«Поезд» тәсілімен стикер жабыстыру арқылы

оқушылардан кері байланыс алу.

Жалпы бағалау

Сабақта ең жақсы өткен екі нəрсе (оқыту мен оқуғақатысты)?

1: Компьютерлік графикаларды ажырата білді


2: Paint графикалық редакторында жұмыс жасай алды.


Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал келтіреді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:


2:


Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нəрсеге назар аудару қажет?


Тексерілді

ДОІЖО........... Ә.Успанбаев

09.12.2019 ж.











Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
10 қаңтар
5088
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі