Материалдар / Разработка Аман болшы қарттарым
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Разработка Аман болшы қарттарым

Материал туралы қысқаша түсінік
барша ұстаздарңа
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
24 Қазан 2018
794
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

мақсаты: оқушы бойына халқымыздың асыл қасиеттерін сіңіру, үлкенді сыйлау, өз ата – бабасын ұмытпай сақтау үшін және салт – дәстүрден нәр алып өсуіне, инабаттылыққа, жақсы мен жаманды ажырата білуге аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу.


1-жүргізуші:Мейіржан

Хош келіпсіз ақ жаулықты аналар,

Ақыл кенін арқалаған аталар.

Алдарыңда жауқазындай құлпырған,

Біз алаңсыз балғын шақты балалар

Армысыз ауылымның асылдары

Жайнасын көңілдердің жасыл бағы

Сіздер үшін ән мен күй, өлең мен би

Сіздер үшін мереке шашулары

2-жүргізуші:Арай

Қымбатты ақылдың кенін арқалаған айбынды аталар! Ақ жаулықты аналар! Шынайы да ізгі сезімдерді, білімнің алтын діңгегін сыйлаушы ұстаздар қауымы! Барлықтарыңызды қазан айының алғашқы мерекелері қарттар, ұстаздар мерекесі тоғысқан күнімен құттықтаймыз.

Аппақ шашың күн сайын қылаңдаған,

Зейнет емес бейнеттен арылмаған.

Тәңірімдей табынып өтем мәңгі,

Қариялар өзіңді ел сыйлаған.

1-жүргізуші:Мейіржан

Ел мүддесін бәрінен биік қоятын, өзінен кейінгі ізіне ерген інілеріне ізеттігін аямайтын, ізінен ерген ұрпағына ұлылығын ұялатып, бір қауымға бас-көз бола білген ауыл қарттарының орны ерекше, олай болса әр халықтың бойында ықылым заманнан бері қалыптасып оны өзгелерден даралап тұратын, тек өзіне ғана тән қасиеттері болады. Біздің халқымыздың сондай ерекшеліктерінің бірі – үлкенді сыйлау, оның сөзіне құлақ асу. Қазақ қарты жасына лайық ауызы дуалы, сөзі берекелі, ісі тыңғылықты ойы терең ақылы телегей теңіз болып келеді. Міне осындай теңеуге лайық қарияларды жылына бір рет келетін Қарттар күнімен құттықтай отырып, «Қарттарым –асыл қазынам» атты мерекелік бағдарламамызға хош келдіңіздер.

Кешімізді бастамас бұрын сөз кезегін мектебіміздің директоры Нариман Малгаждарұлы Жылқыбайға береміз.

2-жүргізуші:

Дүниеге келер бір рет

Құрыштан құйған құдірет

Балалар, ол кім?

Әрине қарттарымыз.

Олай болса бүгінгі мерекелік бағдарламамызды әсем әнмен ашуға рұқсат етіңіздер.

Ән:

1-жүргізуші:Мейіржан

Өн бойың тұнған ақыл, ұлағат

Ешкімге жасамайтын қиянат

Жайлап қана ақылменен түзейтін

Болып қалса ұғына алмай бір сағат дей келе алдарыңызда мың бұралған бишілер. Қарсы алыңыздар.

Би:

2-жүргізуші:

Жадыраймын жадырайын,

Көңілденіп күлемін.

Жанар ма деп талабым,

Ата ақылын тыңдаймын.

Ән:

1-Жүргізуші: Халқымыздың тәлім – тәрбиесі ананың ақ сүтімен, әже өнегесімен, аталар ақылымен берісіп, өзіндік қасиетімізді қалыптастыру көзделген. Алдарыңызда өлең шумақтар. Қабыл алыңыздар

Арлан:

Сән еңкейген нұр жүзінен әл тайып,

Қуат кетіп бара жатыр қартайып.

Отбасында, бала – шаға қасында

Жетпістер мен сексендер жүр қалқайып.

Көңіл жетім болмаған соң сыңары

Жас баладай жаутаңдаған жанары

Қайта – қайта қарағың кеп тұрады

Қағыс естіп қалбақтайды баладай

Мәпелеңдер қарт біткенді аялап

Ниеті ақ, көңілі кең даладай

Кімге болсын қарттық жетер аяңдап.

Ұлжан:

Атам менің әманда

Әдепті жан бол деген

Атам сөзі санамда

Жасы үлкенге жол берем

Алдын орап кісінің

Кесіп өтпе көлденең

Ізетімен кішінің

Сәлемдесіп қол берем.

Олжас:

Әжем менің әманда

Кішіпейіл бол деген.

Әже сөзі санамда

Мақтанбауды жөн көрем

Қалдыратын ұятқа

Жалған сөзге төзбеймін

Жеткізеді мұратқа

Тек шындықты көздеймін.

Меруерт:

Ата күні - әже күні әлем күні

Әлемде теберінділер ақылды үні

Әжесіз жан туған жоқ жер бетінде

Ұғып ал бөбектерім сендер мұны

Ата - әже мерекелеріңіз құтты болсын

Жанұяңызға тек қана шаттық толсын

Немерелеріңіздің өнерін тамашалап

Жүздеріңізге көтеріңкі көңіл толсын.

2-жүргізуші:

Асқар тауым, ақылгөйім, ғұлама,

Аспанымдай мәңгі жаса, құлама

Ер жетсем де еркелігім қалмайды,

Көз алдымда сен тұрғанда ұлы Ана!

ВИДЕО : «Атаңа не қылсаң алдыңа сол келер»

Ата ардақты тұлға «Әкеден ұл тусайшы, ата жолын қусайшы» деп халық ұрпаққа атаның мұрасын жалғастыруды уағыздайды. Ата ұрпағының, қайырымды, мейірімді, ақылды іскер болуын тілеп сол үшін қамқорлық іс - әрекеттерін өзі қол жеткенше дамыта береді, өнеге көрсетеді, өсиет айтады.

1-жүргізуші:

Тұра – тұршы есейгенде ұл – қызың

Жүре тұршы жалғанғанда үзігің

Маған бақыт неге керек ақ әже – ау

Өзің бірге көре алмасаң қызығың

Алдарыңызда әсем ән қабыл алыңыздар.

Ән:

2-жүргізуші:

Адамның өмірінің мәні мен сұлулығы, адамның келешегіне сенімділігі – баланың ата – анасын ардақ тұтып өзінің перзенттік қарызын бір сәтке де есінен шығармауында. Өз отбасынан жылу таппаған қаншама қарттарымыз қарттар үйлерінде өмірлерін жалғастыруда.

«Әке қадірі» бейне ролик

1-жүргізуші:

Той деп бүгін халқым шашу шашады.

Той деп бүгін әлем сырын ашады.

Қарттар күні мейрамына арналған

Бишілер өнерлерін шашады

Би:

2-жүргізуші:

Егеменді ел болып қалыптастық,

Өркениетке нақты анық бастық.

Туған жердің тұғыры биік бол деп,

Шын жүректен ән – жырды сыйға тарттық.

Ән:

1-жүргізуші:

Абырой амандығың арта берсін

Бақ дәулет қызығымен қатар берсін.

Ұрпағың жақсы көрген жиі келіп,

Таусылмас дәм-тұзыңды тата берсін.

Тыныштық елімізге бере берсін.

Молшылық жерімізге ене берсін.

2-жүргізуші:

Соғыстан ел жұртымыз аман болып

Қызығын бейбіт өмір көре берсін

Қарттарым сіздерге Алла саулық берсін

Денсаулық ауыз-бірлік бола берсін

Тап-таза абыройлы болғаныңды

Қазіргі ел билеген жастар көрсін

- деп тілек тілеп бүгінгі кешімізді аяқтаймыз. Зейін қойып тыңдағандарыңызға көп – көп рахмет. Енді сіздерден осы оқушыларымызға бата берулеріңізді сұраймыз. Келесі кездескенше қош сау болыңыздар.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!