Тақырыбы:
Органикалық қосылыстардың химиялық
құрылыс теориясы және оның маңызы.
Изомерия
Білімділік
мақсаты, дамытушылық, тәрбиелік:
Оқушылардың органикалық реакциялардың
жіктелуі және механизмі туралы алған
білімдерін қайталау;
түсіндіру
біліктілігі мен дағдыларын жетілдіру,
көңіл аудару, еске сақтау қабілеттерін
дамыту;
сабақ
уақытын бағалауға үйрету, еңбекқорлыққа
және пәнге қызығушылығын арттыру.
Сабақ
типі: Қайталау сабағы Джигсо, Ойлан
жұптас бөліс
Сабақ
өткізілу түрі: кітаппен өздік жұмыс,
орындау, кестемен жұмыс, мұғалімнің
түсіндіруі, кітаппен өздік жұмыс,
фронталды сұрақтар;
Құралдар
мен реактивтер: Кітап, дәптер, интерактивті
тақта, ХЭПЖ
Ұйымдастыру
кезеңі: (Сабақтың мақсаты мен кезеңдерін
анықтау.)
-
сабақта қалыпты жұмыс істеуге мүмкіндік
жасау;
-
оқушыларды психологиялық дайындау.
Амандасу.
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
Оқушылардың көңілін сабаққа аудару.
Сабақтың жалпы мақсатын ашу, оны өткізу
жоспарын көрсету.
Үй
тапсырмасын тексеру кезеңі: Сабақтың
білімділік мақсаты:
-
үй тапсырмасының дұрыс, толық орындалғанын
тексеру;
-
білімдеріндегі кеткен кемшіліктерді,
тапсырма орындау барысында қиындықтарды
анықтау;
-
кеткен кемшіліктерді жою.
Жаңа
сабақты түсіндіру кезеңдері:
Білімділік
міндеттері:
Берілген
материалды оқушылардың қабылдауын есте
сақтауын қамтамасыз ету;
-
оқушылардың білімді қабылдауына, алған
білімнен қорытынды шығаруға, жүйелеуге
қажетті түрлі әдіс – тәсілдерді үйрету;
-
оқушылардың білімді қайта жаңғырту
әдістерін қабылдауы; берілген оқу
материалын өз бетінше ұғынуға,
түсініктерді, заңдарды, анықтамаларды
философиялық тұрғыдан түсінуге көмек
жасау.
1.
Мұғалімнің түсіндіруі:
Органикалық
қосылыстардың химиялық құрылыс
теориясының
пайда болуы:
1.
өндіріс пен халық шаруашылығының өскелең
талаптарына сай келмеуі, органикалық
химияның даму деңгейінің төмендігі
2.
химия ғылымында мына заттардың қасиеттерін
түсіндіре алмауы жаңа теорияның
қажеттігі:
•
органикалық заттардың көптүрлілігі;
•
валенттіктің сәйкес келмеуі;
•
изомерия құбылысы;
•
органикалық заттар үшін тұрақты таңбаның
болмауы.
3.
Типтер теориясы: Жерар әрбір затты
біртұтас қарауды ұсынды. Барлық
органикалық қосылыстар қарапайым
бейорганикалық қосылыстардың туындылары
деп есептеді: сутек, хлорлы сутек, су
деп бірнеше типке бөлуді ұсынды:
1
тип – сутек, 2 тип – хлорсутек, 3 тип –
су.
4.
Радикалдар теориясы: Берцелиус органикалық
заттар екі бөліктен – радикалдардан
тұрады деп пайымдады. Ол химиялық реакция
кезінде радикалдар өзгеріссіз сақталады
деп есептеді.
5.
1860 жылы Карлсруэ қаласында өткен химиктер
съезінде атом - молекулалық ілімді
қабылдады.
6.
Франкленд және Кекуле жұмыстарының
нәтижесінде химияда валенттілік туралы
түсінік қабылданып, көміртек атомының
4 валенттігі туралы түсінік енгізілді
(Кекуле).
7.
Ал 1857жылы Кекуле және Купер қосылыстардағы
атомдардың тізбектелу идеясын
ұсынды.
Қорытынды:
Ғылымдағы
барлық жетістіктер органикалық химияның
дамуында жаңа жағдайлар туғызды –
органикалық қосылыстардың химиялық
құрылыс теориясы.