400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Разрядтан аттамай екі таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша бөлу

Материал туралы қысқаша түсінік
3 сыныпқа арналған қысқа мерзімді жоспар
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 3А бөлім – Кестеден тыс көбейту және бөлу

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні :

Сынып:

Қатысқандар:

Қатысқандар:

Сабақтың тақырыбы

Разрядтан аттамай екі таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша бөлу

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

3.6.1.2. Екі таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша бөлуді үйрену, әртүрлі тәсілмен есептер шығару

Сабақ мақсаттары

Екі таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша бөлуді үйренесің

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

Пәндік лексика және терминология:

Жазбаша бөлу алгоритмі, бұрыштап жазу.

Құндылықтарды дарыту

Жауапкершілік, ынтымақтастық.

Пәнаралық байланыстар

Әдебиет, дүниетану

Алдыңғы меңгерілген білім


Разрядтан аттамай екі таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша көбейту


Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері


Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут































Сабақтың ортасы

25 минут













































Сабақтың соңы

5 минут

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Амандасу, түгендеу.

1-тапсырма

Тиімді тәсілмен есептеп, Ахмет Байтұрсынұлы қай кітаптың авторы екенін анықта.

(400 + 160) : 40 = 14


2-тапсырма.

Есептеудің қалай орындалғанын түсіндір.

​(60 + 9) : 3 = 60 : 3 + 9 : 3

Екі таңбалы сандарды бөлуді баған түрінде жазып есептеген ыңғайлы. Онда бұрыштап жазу қолданылады. Бөлуді үлкен разрядтан (ондықтан) бастап орындайды.

Бөлу қалай орындалғанына қара.

Жазамын: бөлінгіш – 86, бөлгіш – 2. Бірінші толымсыз бөлінгіш – 8 ондық. Бөліндінің мәнінде 2 цифр болады (ондық, бірлік).
​Ондықтарды бөлемін: 8 : 2 = 4, бөліндіге 4 санын жазамын. Тексеремін: қанша ондықты бөлдік? Ол үшін көбейтемін: 2 ∙ 4 = 8, ондықтардың астына 8-ді жазамын. Азайтамын: 8 – 8 = 0, ондықтар толық бөлінді.
​Бірліктерді бөлемін: 6 : 2 = 3, бөліндіге 3 санын жазамын. Қанша бірлікті бөлгенімді тексеремін. Ол үшін көбейтемін: 2 ∙ 3 = 6, бірліктердің астына 6 санын жазамын. Азайтамын: 6 – 6 = 0, бірліктер толық бөлінді.
Жауабын оқимын: 43.​

3-тапсырма

Өрнектерді баған түрінде жаз және есепте.

Дұрыстығын тексер.

84 : 2 = 42

64 : 2 = 32

55 : 5 = 11

93 : 3 = 31

86 : 2 = 43

77 : 7 = 11

69 : 3 = 23

84 : 4 = 21

63 : 3 = 21


4-тапсырма.

а) Жолаушылар пойызындағы 3 вагонның әрқайсысында 32 жолаушыдан, ал 2 вагонның әрқайсысында 24 жолаушыдан бар. Пойызда барлығы қанша жолаушы бар?


3 вагонның әрқ. – 32 жолаушы

2 вагонның әрқ. – 24 жолаушы

Барлығы қанша жолаушы бар - ?

Шешуі: 32*3 + 24*2 = 144

Жауабы: Пойызда барлығы 144 жолаушы бар.

ә) Өрнек бойынша есеп құрастырып, оны шығар.

32*3-24*2

5-тапсырма

Есепті әртүрлі тәсілмен шығар.

а) Аудандағы балалар кітапханасына екі қорап кітап әкелінді. Бірінші қорапта 24 кітап, екіншісінде 32 кітап бар. Барлық кітап әр сөреге 8-ден қойылды. Қанша сөреге кітап қойылды?


1-қорапта – 24 к.

2-қорапта – 32 к.

Әр сөреге – 8 к.

Қанша сөреге кітап қойылды - ?

Шешуі: 1-тәсіл. (32+24):8 = 7

2-тәсіл. 32:8+24:8 = 4+3 = 7

Жауабы: Әр сөреге 7 кітаптан қойылды.


ә) Шешуі осындай болатын есеп құрастыр және шығар.


6-тапсырма

Көрсетілген өлшем бірліктеріне өрнекте.

476 мм =  4 дм 7 см 6 мм

7 дм 5 см = 75 см = 750 мм

1 км = 1000 м

1 м = 100 см = 1000 мм


7-тапсырма

Бір қарбыздың және бір алманың массасы қанша?



Рефлексия. «Күншуақ»: оқушылар барлығын түсінсе күнді, жартылай түсінсе – күн мен бұлтты, ештеңе түсінбесе – бұлтты таңдайды.









Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
33 ұстаз жүктеп алған
23 қаңтар
4694
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі