400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 27 материал табылды

Разрядтық қосылғыштардың қосындысы

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып мұғалімдеріне, сабақ өткізу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қажымұқан ауылы, № 4 негізгі мектебі











Shape1








Пәні: математика


Тақырыбы: Разрядтық қосылғыштардың қосындысы









Өткізген: 2 «А» сынып жетекшісі Садуова Ш.А.








2016-2017 оқу жылы

Тақырыбы: Разрядтық қосылғыштардың қосындысы

Мақсаты:

Білімділік: Разрядтық қосылғыштардың қосындысын бірнеше жағдайларын түсіндіріп, қосу амалына есептеу дағдысын қалыптастыру,оқушыларды есеп шығаруға дағдыландыру;

Дамытушылық: тез есептеу,есте сақтау,логикалық ойлау қабілеттерін дамыту;

Тәрбиелік: әсемдікке баулу,алға қойған мақсаттарына жетуге

ұқыптылыққа,ізденімпаздыққа,тапқырлыққа,үздігінен жұмыс жасауға тәрбиелеу.

Сабақтың типі: жаңа сабақ.

Сабақтың түрі: саяхат сабақ.

Көрнекілігі: слайдтар,интерактивті тақта, пәнаралық байланыс:дүниетану,әдебиеттік оқу.

Сабақтың барысы:

I. Үйымдастыру кезеңі:

  • оқушылармен сәлемдесу;

  • түгендеу;

  • кабинет тазалығын тексеру;

  • оқушылар назарын сабаққа аудару;

  • сабақтың мақсат – міндеттерімен таныстыру.


— Балалар, сабағымызды өлең шұмағынан бастаймыз.

Сарыарқа төсінде,

Сән беріп Есілге.

Жас қала – Бас қала,

Астана өсуде.

 

Күн болып қарайды,

Шуақ боп тарайды.

Әлемге нұр шашқан,

Астанам арайлы.

— Мына өлең арқылы қай қала туралы айтылған?

— Кім жауап береді?

— Қалалар.

— Дұрыс. Балалар, бүгінгі сабағымыз өткен сабақтардан өзгеше өтеді. Қазақстан қалаларына саяхат жасаймыз. (Экранда слайд «Қазақстанның картасы»)


— Алматы қаласынан шығып Астана, Қарағанды қалаларына барамыз. Ол қалаларға жету үшін берілген тапсырмаларды орындауымыз керек.


Саяхатқа пойызбен шығамыз. Пойызға отыруға рүқсат алу үшін үй тапсырмасын тексерейік.



Разряд деген не? Мына сандарды разрядқа бөліп түсіндір? 456, 562, 825...

Математикалық диктант

  1. 1метрде неше сантиметр бар?

  2. 1 дм. неше см бар?

  3. 1 м неше дм бар?

  4. 1 ц неше кг бар?

  5. 1 т неше кг бар?

6. 1 т неше ц бар?



Слайд Разрядтық қосылғыштардың қосындысы түрінде жазып түсіндіру

Біз қай қалада тұрамыз?


- Астана. Бізге Астана қаласына жету керек.


Олай болса, Алматыдан Астана қаласына бару үшін пойызға отырамыз.Бірақ пойыз жүргізушісі бізге мынадай шарт қойып отыр: «үйге берілген тапсырманы орындағандар ғана пойызға отырады»- дейді.


II. үй тапсырмасын тексеру


  • Барлығымыз тапсырманы орындадық па?

  • Олай болса балалар,сендерге сәттілік.


Әрбір қалаға келген сайын ол қала туралы қысқаша мәлімет айтылады. Мысалы:


Астана-бас қала. Қарағанды- көмір қойнауы. Алматы-алмалы қала.

  1. Жаңа сабақ.


— Балалар, мынау Онтүстік Қазақстанның астанасы — Алматы қаласы.

— Экранға назарымызды аударамыз.

– Балалар бүгінгі сабағымыздың түсіндірмесін тыңдау үшін интерактивті тақтаға назар аударайық.

— Сендерге мынадай тапсырма қоямын. Берілген суретке қарап, Алматы туралы әңгімелеп беріңдер. ( Алматының көрікті жерлері) (Экранда «Алматы» вокзалы


Балалар, енді мына жұмбақты шешіп көрелік. Тақтаға назар аударайық.

Бір керуен қатарында өңшең түйе,

Аузынан жалын шығар қара күйе,

Жүрмейді ұрса-дағы басқалары,

Бәріне жалғыз бура болған ие. ( Пойыз)



— Пойызға отырыңдар, кеттік. (Экранда слайд «Пойыз», «Қарағанды» вокзалы)


ІV. Сергіту сәті.



— Балалар, Қарағанды қаласына келдік. Көз алдарында не елестеді? (Экранда слайд


«Көмір»)

— Қазір екі минут ішінде «Көмір» сөзіне фонетикалық талдау жасаңдар.


— Қарағанды қаласы Қазақстанда көмір Отаны деп саналады. Тапсырманы дұрыс орындадыңдар, саяхатымызды жалғастырайық. Енді өзіміздің сүйікті қаламыз Алматыға бет бұрайық.


Енді өз қаламызға қайту үшін пойызға отырамыз. Пойызға отыру үшін бізге билет керек.Ал билетті алу үшін бізге қысқаша жазылуы бойынша есеп құрастыру керек Экранда слайд


«Пойыз»



– Міне, біз Қазақстанның елордасы-Астана қаласына келдік.

- Балалар Астана қаласын аралап, қаланың көрікті жерлерімен таныстыңдар. Астана қаласының қандай жерлері ұнады?( Балалар жауаптары).


— Балалар, сендер Астана туралы не білесіңдер? (Экранда слайд «Бәйтерек»)

— Кім Астанада болды?

— Астанада нелер бар?

— Астананың қай жерінде болдың?


— Саған океанариум ұнады ма? Неліктен?


— Жақсы, жол жүру үшін келесі тапсырманы орындайық.



Астана күннен күнге көркейіп келе жатыр. Астана — біздің мәртебеміз, мақтанышымыз.

— Сонымен, саяхатымыз аяқталып келе жатыр. Өз қаламызға оралдық. Өз туған мектебімізге келіп түстік. («Мектеп»)


— Бүгінгі саяхат сендерге ұнады ма? Неге?

- Разрядтық қосылғыштардың қосындысы туралы сұрақтар бар ма?


V. Сабақты қорытындылау.

VІ.Үйге тапсырма. VІІ.Бағалау.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21 қараша
720
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі