жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Əрдайым көмектес ешқашан зиян келтірме
К
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министірлігі
«М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі» ҚМҚК
«Бекітемін»
________________
Колледж әдіскері: Турбаева М.К
«Келісемін»________________
Сынып жетекшісі: Құдайберген Г.Т
Өзін-өзі тану пәні бойынша сабақ жоспары
Тақырыбы: «Әрдайым көмектес, ешқашан зиян келтірме»
Өтетін орны: «№3 ЖОББМК» КММ
Сынып: 1«Б»
Мерзімі: 28.04.2020
Тобы: 201
Машықкер: Сырлыбай Аяжан
Баға: «___ » _____________________
Баға: «___ » _____________________
Семей 2020
Өзiн-өзiтану сабағының жоспары
Мектеп: №3 «ЖОББМ» КММ
Мерзiмі: 28.04.20ж
Тақырып: Әрдайым көмектес, ешқашан зиян келтірме
Құндылық: дұрыс әрекет
Қасиеттер: Сыйластық, жауапкершілік,қайырымдылық, ұқыптылық, бауырмалдық
Машықкер: Сырлыбай Аяжан
Күні: 28.04.20ж
Сынып: 1 |
Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: |
||
Сабақтың тақырыбы |
Әрдайым көмектес, ешқашан зиян келтірме |
||
Сабақтың мақсаттары |
|
||
Құндылықтарды дарыту |
Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу. |
||
Пәнаралық байланыс |
Әдебиеттік оқу, өнер |
||
АКТ қолдану дағдылары |
бейнеролик, таныстырылым. |
||
Сабақ барысы |
|||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
|
Сабақтың басы 2 минут |
Машықкер: - балалар, міне «Өзін-өзі тану» пәнінің кезекті сабағы да келді. Сіздерді осы сабақта көргеніме әрқашанда қуаныштымын. Осындай қуаныш сіздерде де болсын деп, көңілді сәлемдесуге шақырамын. Шеңбер бойынша мұғалім қасында тұрған оқушы күнді қасында тұрған оқушыға беріп, оның атын және бір сипатын айтады. Мысалы: әдемі – Аяжан. Енді осы оқушы келесі оқушыға күнді беріп, оның аты мен сипатын айтады. Осылай соңғы оқушыға дейін тапсырма орындалады. Соңында барлығы бірге ортаға қолдарын созып «Сәлем» - деп хормен айтады. Машықкер: - Балалар, біз осы уақытқа дейін «Өзін-өзі тану» сабағында қандай жақсылық, құнды қасиеттер туралы өттік? (оқушылардың жауаптары тыңдалады) - Жарайсыңдар, балалар! - Бүгінгі біздің өтетін тақырыбымыз осы құнды қасиеттердің бірі.
|
|
|
Үй тапсырмасын сұрау 2 минут |
Балалардың жауаптары тыңдалып, түйінделеді. |
|
|
Сабақтың ортасы 15 минут
|
Дәйексөз «Ешкімге де, еш нәрсеге де қылдай қиянат жасама!» халық мақалы - Мақалды қалай түсініп отырсыңдар? Нағыз күшті адам еш нәрсеге, ешкімге зиян келтірмейді, қиянат жасамайды. Айналаңа сүйіспеншілікпен, түсіністікпен қарасаң, еш нәрсеге, ешкімге зиян келтірмейсің. Ең бірінші өзіңе қиянат жасама.
№1 «Аңыз» өсиет әңгімесін түсініп оқыңдар.
Ойын. «Көмектесе білейік» Тапсырма: «Көмектесе білейік» Нұсқау: Әр оқушының алдында кесте парағы және жұмыс конверті жатады. Кесте шеңбер мен одан тараған 5 сызықтан тұрады. Шеңберлерде «Жанұядағы көмек», «Достық көмек», «Өз өзіме көмек», «Табиғатқа көмек» деген көмектесудің түрлері жазылған. Ал, конверттерде тақырыптағы қатысты сөздер карточкаларда жазылып, араластырылып беріледі. Оқушылар берілген 5 минуттың ішінде , өз тақырыптарын ашатын сөздерді тайып, шеңбердің айналасына жабыстырады. «Жанұядағы көмек» деген конвертте: өзімнен кейінгі іні-қарындастарымды ойнатамын, анама көмектесемін, бос уақытымда кітап оқимын, ыдыс жуғанды жақсы көремін, гүлге су құямын, далада көп ойнаймын, сабақтан бестік баға алып ата-анамды қуантамын, ата-анамды тыңдаймын. «Достық көмек» деген конвертте. Досыммен жиі ұрысамын, досым екеуміз қиын сабақты бірге оқимыз, достарыммен әрдайым тату жүремін, достарымды жақсы көріп, сыйлаймын, жалғыз ойнағанды жақсы көремін, достарым көп болғанын қалаймын, досыма қиындықта көмектесуге дайынмын. «Өз-өзіне көмек» деген конвертте. Әрдайым дене шынықтырумен айналысамын, бос уақытымды тиімді пайдалануға тырысамын, азанда салқын сумен шайынып, тісімді жуамын, киімімді тазалаймын, өтірік көп айтамын. Кітапты көп оқимын. Соңында әр топтан бір оқушы жұмысты қорғайды, талдау жасалады. «Табиғатқа көмек» деген ковертте. Әрдайым гүлдерге су кұямын, ағаштарды сындырамын, кішкентай күшіктерді қорғаймын, бұлақты ластамаймын, құстардың ұялырын бұзбаймын, қоқыстарды қоқыс жәшіктеріне тастамаймын. Сұрақтар: - айналаңыздарға көмек көрсеткенде сіздердің көңіл-күйлеріңіз қандай болды? - көмек алған адамдар не сезінеді? (оқушылардың жауаптары
|
Таныстырылым, оқулықпен жұмыс Сөйлеуде дауыстың өзгеруі жазуда арнайы белгілермен белгіленеді..?!
конверттер |
|
Сергіту сәті 4 минут |
https://www.youtube.com/watch?v=bn5AzXrITyg
|
Сергіту сәтіне арналған жинақ |
|
Мұғалім сыйы 6 минут |
https://www.youtube.com/watch?v=ryKx1ZQIYnc
Көмек дегенді қалай түсінесіздер?
|
Мультфильм |
|
Қызықты тапсырма 4 минут |
Сурет бойынша тапсырма. Әңгімелеп беріңдер?
|
Түрлі тапсырмалар сурет |
|
Аяқталуы 7 минут
|
№3 Дәптермен жұмыс. Жақсылық тақырыбына сурет салу.
|
Ақ қағаз
|
|
Сабақтың соңы 3 минут
|
Рефлексия
|
Жаңа тақырыпты қаншалықты меңгергеніңді, осы кемені бояу арқылы кері байланыс жаса |
|
Қорытынды 3 минут |
Үй тапсырмасын беру
|
|
|
Көрнекіліктер

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген