Химия
– 8 сынып
Күні:
03.03
Сабақтың
тақырыбы:
Кристалл торларының түрлері. Заттардың
қасиеттерінің құрылысына тәуелділігі.
Сабақ
мақсаттары:
-
оқушыларға молекулалық, атомдық және
иондык кристалл торлары туралы түсінік
беру, заттардың қасиеттері кристалл
торлардың түріне байланысты екенін
және кристалл торлардың әр түріне
химиялық байланыстың қандай түрі сәйкес
келетінін түсіндіру;
-
ақпаратпен өз бетінше жұмыс жасай
отырып, қорытынды жасай алу, тапсырмаларды
орындай алу дағдыларын дамыту;
-
өз бетінше және топта жұмыс жасай алуды
қалыптастыру.
Сабақ
түрі: аралас.
Сабақ
қалыпы: жекеше,
топтық.
Сабақ
әдістері:
«білім ағашы» әдісі, топтық тапсырмаларды
орындау.
Құрал-жабдық:
ХЭПЖ, таратпа қима қағаздар, интерактивті
тақта, презентация, электрондық оқулықтағы
кесте.
Сабақ
барысы
1.Ұйымдастыру
кезеңі (3 мин).
Сәлемдесу.
Химиялық
элементтердің таңбалары көмегімен
сыныпты төрт топқа бөлеміз. Элементтер:
натрий, алюминий, фосфор, хлор. Топ
мүшелері топ жетекшілерін сайлайды,
топ жетекшісі топ жұмысын реттеп, бағалау
парағын толтырады.
Топтарға
бағалау парақтары таратылады. Бағалау
парағын толтыру ретін түсіндіру.
2.
Өткен тақырыптар бойынша білім, білік,
дағдыларын тексеру. (11 мин).
«Білім ағашы» әдісін қолдану. Оқушылар
жеке жауап береді. Сұрақтарды қиындығына
қарай өздері таңдайды.
-
«жасыл алмалар»- төмен деңгейдегі
сұрақтар;
-
«сары алмалар» - орташа деңгейдегі
сұрақтар;
-
«қызыл алмалар»- жоғары деңгейдегі
сұрақтар.
Егер
алманы таңдаған оқушы сұраққа жауап
бере алмасы, бұл сұраққа қолын бірінші
болып көтерген оқушы жауап беруге
мүмкіндігі бар. Дұрыс жауптар үшін
сәйкес түсті қағаз алмасы беріледі.
Жасыл
алмалардын астындағы сұрақтар.
Электртерістік
деген не? (Кез келген элемент атомының
өзіне электрон тарту және өзінен
электронды тебу қабілетін қоса сипаттау
үшін саластырмалы электртерістік деп
аталатын шама қолданылады)
Электртерістігі
ең үлкен элемент. (фтор)
Электртерістігі
ең төмен элемент. (франций)
Период
бойынша электртерістік қалай өзгереді?
(солдан оңға қарай өседі)
Топ
бойынша электртерістік қалай өзгереді?
(жоғарыдан төменге қарай кемиді)
Қандай
байланысты коваленттік деп атайды?
(ортақ электрондық жұптар пайда болу
арқылы түзілетін байланысты коваленттік
деп атайды )
Коваленттік
полюссіз байланыс деп қандай байланыс
түрін атайды? (коваленттік полюссіз
байланыс электртерістіктері бірдей
бейметал атомдар арасында түзіледі)
Коваленттік
полюсті байланыс деген не?
(электртерістіктерінде айырмашылықтары
бар әртүрлі бейметал атомдары арасында
пайда болады)
Иондық
байланыс деп қандай байланыс түрін
атайды? (Иондық байланыс кезінде атомдар
электрондарын беріп жіберу немесе
қосып алу арқылы оң не теріс зарядталады.
Мұндай зарядталған атомдар иондар деп
аталады: катиондар мен аниондар.
Қарама-қарсы зарядталған иондар
арасындағы байланысты иондық байланыс
деп атайды)
Қандай
байланысты металдық деп атайды? (Металл
иондары мен бос электрондар арасында
түзілетін байланысты металдық байланыс
деп атайды)
Сары
алмалардын астындағы сұрақтар.
Келесі
элементтерді электртерістігі өсу реті
бойынша ата: фосфор, магний, кремний,
натрий, күкірт, алюминий, хлор. (натрий,
магний, алюминий, кремний, фосфор,
күкірт, хлор)
Келесі
элементтерді электртерістігі кему
реті бойынша ата: германий, қорғасын,
кремний, қалайы, көміртек. (көміртек,
кремний, германий, қалайы, қорғасын)
Мына
заттардағы химиялық байланыстың типін
анықтаңдар: N2,
Na2S,
SO2,
Fe. (N2
–ковалеттік полюссіз, Na2S
-иондық, SO2
–коваленттік полюсті, Fe -металдық)
Мына
заттардағы химиялық байланыстың типін
анықтаңдар: P2O5,
O2,
Au, Ca3P2.
(P2O5
–коваленттік полюсті, O2
–коваленттік полюссіз, Au -металдық,
Ca3P2
-иондық)
Мына
заттардағы химиялық байланыстың типін
анықтаңдар: Сu, P4,
CO2,
K3N.
(Сu – металдық, P4
– коваленттік полюссіз, CO2
– коваленттік полюсті , K3N
- иондық)
Мына
заттардағы химиялық байланыстың типін
анықтаңдар: BaCl2,
Ag, CH4,
Br2.
(BaCl2
- иондық, Ag - металдық, CH4
– коваленттік полюсті, Br2
– коваленттік полюссіз)
Қызыл
алмалардын астындағы сұрақтар.
Қосылыстағы
элементтердің массалық қатынастарын
есептеңдер: NO2
(m(N):m(O)= 14:32= 7:16)
Қосылыстағы
элементтердің массалық үлестерін
есептеңдер: SO2.
(ω(S)=33,33%, ω(O)=66,67%)
102
грамм алюминий оксидінде неше грамм
алюминий болатының есептеңдер? (m(Al)= 54
г)
Дұрыс
жауап үшін: «жасыл алма» -1 балл, «сары
алма»- 2 балл, «қызыл алма»- 3 балл.
Топ
жетекшісі бағалау парағына оқушылардың
баллдарын есептеп жазады.
Бағалау
парағы
Топ
_____________ Топ жетекшісі _______________________
Алмалар
саны бойынша баллдар:
жасыл-1
балл,
сары-2
балл,
қызыл-3
балл
Смайлик-тер
саны бойынша баллдар:
әр
смайлик 1 балл
Бар-лығы
бал-лдар саны
Сабақ
үшін баға
1.
Жасыл-
Сары-
Қызыл-
2.
Жасыл-