Материалдар / Реактивті қозғалыс
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Реактивті қозғалыс

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушы мұғалімдері
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Қараша 2018
979
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

9-сыныпКүні:14.11.2018жСабақтың тақырыбы: Реактивті қозғалыс Сабақтың мақсаты:а) оқушыларға реактивті қозғалыстың басқа салаларда қолданылуын түсіндіру, оқушылардың оқу материалын меңгеру деңгейін анықтау, жан-жақты ізденуге мүмкіндік жасау;б) жобалап оқыту технологиясы бойынша оқушылардың өз бетімен жұмыс жасауына, өз жетістіктерін сезініп, шығармашылықпен жұмыс жасауға үйрету;в) еңбекке баулу, ғылымға қызығушылығын арттыру, өз бетімен ізденуге дағдыландыру.Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгерту.Сабақтың типі: кіріктірілген сабақ.Сабақтың әдісі: дамыта оқыту технологиясы.Сабақтың көрнекілігі: компьютер, плакат, физикалық тәжірибелер, ауа шары.Пәнаралық байланыс: биология, әдебиет.Сабақтың барысы:I.Ұйымдастыру кезеңіII.Ой қозғау III.Жаңа сабақты түсіндіруИмпульстің сақталу заңының практика жүзінде қолданылатын қызықты әрі маңызды орны- реактивті қозғалыс.Реактивті қозғалыс деп- дененің бір бөлігі қандай да бір жылдамдықпен бөлініп шыққан кездегі пайда болатын қозғалыс немесе тұйық жүйеде денелер біp-бірінен тебілген кезде пайда болатын қозғалысты айтамыз. Реактивті қозғалысты біз күнделікті тұрмыс-тіршілігімізде кездестіреміз, бірақ оны көбіміз байқай бермейміз.Мысалы, бау-бақша суаратын шлангінің бойымен су жібергенде, оның өздігінен жазыла бастағанын байқаймыз. Оны жазылуға мәжбүр ететін су ағынының реактивті күші.Қарапайым тәжірибе:Балалардың ойын шарын үрлеп, қайта жіберейік. Шардан ауа шыға бастағанда оның басқа жаққа қарай ұшқанын көруге болады. Осы- реактивті қозғалыс.Техникада реактивті қозғалыстың принципіне зымыранның ұшуы негізделген.Ал зымыранды жер маңындағы кеңістікті және Күн жүйесін зерттеу үшін пайдаланылатынын білеміз. Бірақ көпшілігіміз оның құрылысын және не себепті қозғалатынын біле бермейміз. Зымыран- күрделі құрылғы. Оның мынадай негізгі бөліктерін атап өтуге болады: зымыранның қауызы, отын бағы, зымыранға орнатылған реактивті двигательдер, пайдалы жүктерді сақтайтын контейнер және басқару аппаратурасы.Пайдаланылатын отынның агрегаттық күйіне байланысты зымыран двигательдері сұйық отынды зымырандар және қатты отынды зымыран двигательдері болып бөлінеді.Отын бакка толтырыладытын жанып азайған сайын бак қажетсіз жүкке айналып қалады. Ары қарай зымыранға үдеу беру үшін отын жұмсау керек.Осыны ескеріп зымырандарды бірнеше сатыдан тұратын етіп жасайды.Зымыранды аспанға алып шығуға екпін беретін, стартқа арналған ең ауыр бөлігін бірінші саты деп атайды.Бірінші ауыр сатысы отынның барлық қоры түгел жанғанда бөлініп қалады. Ары қарай екпін беруді бірінші сатыдан жеңілдеу екінші саты жалғастырады. Бірінші сатының жылдамдығына жылдамдық қосып,содан соң бөлініп қалады. Үшінші саты жылдамдықты қажетті мәнге дейін арттырып, орбитаға пайдалы жүкті жеткізеді.Зымыранның бас бөлігінде тұрған серік немесе қандай да бір ғарыштық аппарат аққыш жамылғымен қоршалған, аққыш форма, ұшу кезінде зымыранның ауа кедергісін азайтуға мүмкіндік тудырады. Реактивті газ ағыны үлкен жылдамдықпен зымыраннан атқылағанда зымыран қарама-қарсы бағытқа бағытталады. Осы жерде Ньютонның III заңы бойынша жұмыс денесіне зымыран әсер ететін F күші жұмыс денесі тарапынан зымыран қабықшасына әсер ететін F күшіне шамасы жағынан тең, бағыты жағынан қарама-қарсы.F1 = - F F - реактивті күші деп аталады, бұл зымыранға үлкен жылдамдық береді. Осы өрнектен денеге берілетін импульс күштің осы күш әсер ететін уақытқа көбейтіндісіне тең екені шығады. Сондықтан бірдей уақыт аралығында денеге әсер ететін бірдей күштер бірдей импульс береді. Осы жағдайда зымыран алған импульс m бөлініп шыққан газдар импульсіне тең болуы қажет.Реактивті қозғалыстың нәтижесінде Жердің жасанды серіктерін үлкен жылдамдықпен қозғалатын ұшақтарды, ғарыш зымырандарын жасауға мүмкіндік туды. Сонымен, зымыранның көмегімен біздің елде 1000-нан аса ЖЖС-мен космос корабльдері космос кеңістігіне шығарылды. Ай бетіне жерден басқарылатын өздігінен жүре алатын аппараттар жеткізілді. Алға жылжытатын жанармай болса, зымыран ауасы бар жерде, жоқ жерде де ұша алады. Сондықтан қазіргі кезде ауасыз кеңістіктен космосқа ұшудың бірден-бір құралы алып зымырандар болып отыр.Реактивті қозғалыс- теңізде жүзетін жәндіктер әлемінде, өсімдіктер дүниесінде кеңінен қолданылады. Осы жөнінде биология пәнінің мұғалімі Тоқтыбаева Анар былай дейді:"Реактивті қозғалыс өсімдіктерге де тәнеңіз бен мұхиттарда тіршілік ететін жәндіктер жиналған суды шашып жіберу арқылы 60-70 км/сағ қозғалады. Мысалы: кальмарлар, сегізаяқтар, каракатицалар қармалауыштары арқылы қозғалады.Ішек-қуыстылар типіне жататын суда еркін жүзіп тіршілік ететін медузалар қолшатырына жиналған суды шашу арқылы дөңес жағымен жүзіп қозғалады.Өсімдіктер әлемінен қиярды айтуға болады. Әбден піскен қиярға тиіп кетсеңіз, ол сабағынан үзіліп түседі. Сабағынан үзілген жерден
578тг - Сатып алу
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!