400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Реактивті қозғалыс" 9 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Физика пәні ұстаздарына арналған ашық сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Бекітемін»

ДОІЖО: ____________

Абдрахманова Т.Н

23 қаңтар 2020 ж

Пән: Физика

Сынып: 9

Мектеп: «С.Мәуленов атындағы орта мектебі» КММ-сі

Мұғалім: Мадиева Эльмира Куандыковна

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі

9.3А Сақталу заңдары


Сабақ тақырыбы

§24. Реактивті қозғалыс.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу

 мақсаттары (оқу бағдарламасына

 сілтеме)

9.2.3.3 табиғаттағы және техникадағы реактивті қозғалысқа мысалдар келтіру;

9.2.3.4 Байқоңыр ғарыш айлағының аймақтық және халықаралық маңыздылығына баға беру

Сабақ мақсаттары

Барлығы:

  • Реактивті қозғалыс жайлы мағлұмат алады;

Көпшілігі:

  • Табиғаттағы және техникадағы реактивті қозғалысқа мысалдар келтіреді;

Кейбірі:

  • Байқоңыр ғарыш айлағының аймақтық және халықаралық маңыздылығына баға береді.

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білу,түсіну,қолдану,талдау, жинақтау

Тілдік мақсаттар




Қазақша

Орысша

Ағылшынша

Реактивті қозғалыс

Реактивное движение

Jet propulsion

«Байқоңыр» ғарыш айлағы

Космодром «Байконур»

« Baikonur » spaceport



Құндылықтарға баулу

Құндылықтарға баулу арқылы тәжірибелік жұмыста шығарма -шылық және сын тұрғысынан ойлау арқылы жүзеге асады.

Пәнаралық байланыс

Биология,әдебиет,тарих

АКТ-ны қолдану дағдылары

АКТ интернет желісі,Bilimland ресурстары, компьютер

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

1-7 мин































































Сабақтың ортасы

8-35 мин



































































Сабақтың соңы

5 мин










І.Ұйымдастыру кезеңі

Амандасу.Түгендеу.

Тренинг: «Челенж»

Әсемпаз болма әр неге - деп мұғалім бастап,

Өнерпаз болсаң арқалаң

Сенде бір кірпіш дүниеге 
Кетігін тап та, бар қалан
!- деп оқушылар аяқтайды.

Олай болса, бойымыздағы қабілетімізді дұрыс пайдаланып, өз үлесімізді қоса білейік.

Үй тапсырмасын пысықтау мақсатында

«Сайкестігін тап» - әдісі арқылы қысқа жауапты қажет ететін жеке тапсырманы жүргіземін




Шаманың атауы

Өрнегі

Өлшем бірлігі

Мысалы


р=mv


Мылтықтан атылған оқ

Күш импульсі


Н*с



p1+ p2 = m1v1+ m2v2


Бильярд шарларының соқтығысуы

Дұрыс жауабы:

Шаманың атауы

Өрнегі

Өлшем бірлігі

Мысалы

Дене импульсі

р=mv

Кг*м/с

Мылтықтан атылған оқ

Күш импульсі

р=F*t

Н*с

Биіктікке көтерілу немесе түсу

Импульстің сақталу заңы

p1+p2=m1v1+ m2v2

Кг*м/с

Бильярд шарларының соқтығысуы

Дескриптор:

-Берілген шамалардың атауын жазады

-берілген шамалардың формуласын жазады

-берілген шамалардың өлшем бірлігін жазады

-берілген шамаларға мысалдар келтіреді

ҚБ: «Конфеттер» арқылы.



Сыныпты  түрлі-түсті стикердағы жазулар арқылы «Байқоңыр», «Зымыран» деп аталатын жұпқа бөл

Сіретте көрсетілген денелер қандай қозғалысқа негізделген?

Сабақ тақырыбы анықталады: Реактивті қозғалыс.





Жұптық жұмыс «Мағынаны ажырату»

Топ ережелері:

  1. Тақырып айналасында ғана сөйлейміз.

  2. Өз ойларымызды ортаға саламыз.

  3. Өз пікірімізді қысылмай айтамыз.

  4. Бір-бірімізді мұқият тыңдаймыз.

Реактивті қозғалыс

Биология

Сен

білесің бе?

5 жол өлең

Тарих

Ғарышты игерудің маңызы

Тәжірибе

Зымырандардың зиянды жақтары

Дескриптор:

  • Реактивті қозғалыс ұғымына толық ақпарат береді;

  • Ғылым мен техниканың даму тарихына тоқталады;

  • Теңіз жәндіктері мен өсімдіктер дүниесіндегі қозғалысқа тоқталады;

  • Ғарышты игерудің маңызын айтады;

  • Қарапайым тәжірибелерді жасай алады;

  • Синквейн әдісі бойынша 5 жол өлең құрастырады;

  • Зымырандардың зиянды жақтарын талдайды.

ҚБ: «Жұлдызша» арқылы


Жеке жұмыс «Есептей білгеннің есесі түгел»

№1 

Кішкене зымыранның массасы 200 г. Ондағы жанғыш заттың массасы 50 г. Газ зымыран соплосынан 100 м/с жылдамдықпен лезде шығады деп есептеп, зымыранның қозғалыс жылдамдығын анықтаңдар.

№2

Массасы 1кг шар түзусызықты және ілгерілемелі қозғала отырып, өзінің жылдамдығын 10 м/с-қа дейін арттырды. Шар импульсінің өзгерісін анықтаңдар 


Дескриптор:

-Есептің шарты бойынша шамаларды белгілейді

-Берліген есепке қатысты формулаларды жазады;

- Өлшем бірліктерін біледі;

-Халықаралық бірліктер жүйесінде айналдырады

-Арифметикалық шешу жолын біледі;

-Есепті шығара алады.

-Жауабын береді.

ҚБ: «2 жұлдыз,1 тілек»

Бағалау «Ұстазға ұшақ ұшыру»


Бұл сабақта мен үшін не қиын болды?

Мен топтағы сыныптастарымды ________________ мақтай аламын.

Менің ойымша ________ ___ орындай алмадым

Келесіде____________________________ескеремін

Бүгінгі сабақ ____________________деңгейде өтті.


Үй тапсырмасы: 4.2 жаттығу есептері

«Менің қиялымдағы ғарыш» тақырыбында эссе жазу





А.Құнанбайұлының өлең шумағы














Үлестірме қағаз











Слайд
































Сен білесің бе?

Қосымша материал мұғалім-слайд




















Ғарышты игерудің маңызы.

  1. ЖЖС байланыс үшін қолдану. Телефон мен телевизиялық байланыстың жүзеге асырылуы. Яғни, жасанды серіктер Ғарыштық байланысты қамтамассыз етеді. Ғарыш кеңістігіндегі жердің үстінен жүздеген серіктер ұшып жүр. Олардың біреулері радио және телевизиялық байланысты, басқалары Жерге ауа-райы туралы ақпарат жібереді, ал үшіншілерін ғылыми зерттеулер немесе әскери мақсаттарда қолданады. Кейбір серіктер секундына 8 шықырым жылдамдықпен ұшып, ұдайы қозғалыста болады. Ал басқалары Жердің тек бір ауданының үстінде орналасады. Байланыс Жасанды серіктер  радио толқындарды жіберу арқылы  телеграмма-сообщение, телефонограмма,  ұялы телефондармен сөйлесулер жүреді, факстер, интернетке шығуға болады. 

  2. Жасанды серіктерді теңіз навигациясы мен әскери мақсатта.

  3. Метереологияда алдн ала ауа-райын болжау және атмосферадағы болып жатқан өзгерістерді анықтау үшін.

  4. Ғылыми зерттеулер жүргізу, табиғи ресурстарды анықтауда.

  5. Ғарышты зерттеу және Күн жүйесіндегі басқа денелердің физикалық табиғатын зерттеуге қолданылады.






Биология:

Реактивті қозғалыс-теңізде жүзетін жәндіктер әлемінде,өсімдіктер дүниесінде кеңінен қолданылады.

Мысалы-кальмарлар,сегізаяқтар,каракатицалар қармалауыштары арқылы қозғалады.Ішек-қуыстылар типіне жататын суда еркін жүзіп тіршілік ететін медузалар қолшатырына жиналған суды шашу арқылы дөңес жағымен жүзіп қозғалады. Жалпы теңіз бен мұхиттарда тіршілік ететін жәндіктер жиналған суды шашыпжіберу арқылы 60-70 км/сағ қозғалады.

Өсімдіктер әлемінен қиярды айтуға болады.Әбден піскен қиярға тиіп кетсеңіз,ол сабағынан үзіліп түседі.Сабағынан үзілген жерден тұқыммен бірге сұйықтық шашырап,ол бір жаққа,қиярдың өзі бір жаққа ұшып кетеді.






Тарихи даталар: қосымша кітаптан ғылым мен техниканың даму тарихынан


1957ж 4 қазанда- ЖЖС ұшырылды.Жер серігімен Лайка атты ит ұшырылды.

1961ж. 12 сәуірдетұңғыш ғарышкер Ю.Гагарин  27 жасында ұшты.Ол 108 минут немесе 9 сағ 7 минут ұшты.

1963ж. 16 шілдеде әйел ғарышкер В.Терешкова ұшты.

1991ж. 2 сәуірде тұңғыш Қазақ ғарышкері Т.Әубәкіров ұшып, Арал теңізі аймағы бойынша жұмыстар жүргізіп келді,Қазақстанның 4 бұрышын түгелдей суретке түсіріп келді.

1994ж Т.Мұсабаев 135 тәулік бойы ұшты.



























Қосымша материал: «Сен білесің бе?»


1.Космодром (ғарыш айлағы) дегеніміз не?

Жылдам қозғалып барып ұшатын орын.

2.Неліктен космодром «Байқоңыр» деп аталған?

1961 жылы 12 сәуірде Ю.А. Гагарин қазақ жерінен космос әлеміне ұшып шығып, бірден бірнеше дүркін дүниежүзілік  рекордтар жасады. Сол күні халықаралық авиация және космонавтика ұйымдары Гагариннің рекордтарын ресми тіркеу үшін нақты қай жерден ұшып шыққанын айтыңыздар деп талап қойды. Сонда осы уақытқа дейін құпия болып келген Сырдария жағасындағы Төретам станциясынан ұшқанын білдірмеу үшін, сол жерден тура солтүстікке қарай орналасқан Жезқазған жеріндегі, Қарсақбай қасындағы Байқоңыр елді- мекені айтылды. Тұңғыш ғарышкер ұшып шыққан жер «Байқоңыр» деп аталып, қазақ сөзі әлемге тарап кетті.

2.Әлемдік рекордтарды тізетін Гиннес кітабына аты жазылған тұңғыш қазақ ғарышкері?

Т. Мұсабаев. 1994 ж. 126 тәулік бойы космос әлемінде ұшып жүрді. 1998 ж. Орбитада 7 ай бойы жүріп, 7 рет ашық аспан әлеміне шықты. Бас аяғы 30 сағатын космостың қара тұңғиығымен бетпе-бет өткізді.

3. Ғарышқа 5 рет ұшқан ғарышкер. В.А.Жәнібеков

4. Ғарышқа ұшқан ең жас ғарышкер. Г.Титов 25 жас

5. Ең алғаш рет Қытайда отшашуды көрсету үшін зымырандар пайдаланылған.

6. Ең алғаш рет зымыранды көлік құралы ретінде пайдалануды ұсынған орыс өнертапқышы Николай Иванович Кибалчич (1853–1881) болды.







 5 жол өлең (Синквейн әдісі)

  1. Зат есім. Ғарышкер

  2. Анықтауыш. Батырсың, төзімдісің

  3. Етістік .Қызығасың, зерттейсің, ұшасың

  4. Сөз тіркесі. Ғарышқа мәңгі жол ашқан

  5. Синоним. Адам













Оқушының аты-жөні:_________________________________________



Шаманың атауы

Өрнегі

Өлшем бірлігі

Мысалы


р=mv


Мылтықтан атылған оқ

Күш импульсі


Н*с



p1+ p2 = m1v1+ m2v2


Бильярд шарларының соқтығысуы



Оқушының аты-жөні:_________________________________________



Шаманың атауы

Өрнегі

Өлшем бірлігі

Мысалы


р=mv


Мылтықтан атылған оқ

Күш импульсі


Н*с



p1+ p2 = m1v1+ m2v2


Бильярд шарларының соқтығысуы



Оқушының аты-жөні:_________________________________________



Шаманың атауы

Өрнегі

Өлшем бірлігі

Мысалы


р=mv


Мылтықтан атылған оқ

Күш импульсі


Н*с



p1+ p2 = m1v1+ m2v2


Бильярд шарларының соқтығысуы



Оқушының аты-жөні:_________________________________________



Шаманың атауы

Өрнегі

Өлшем бірлігі

Мысалы


р=mv


Мылтықтан атылған оқ

Күш импульсі


Н*с



p1+ p2 = m1v1+ m2v2


Бильярд шарларының соқтығысуы







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
24 қаңтар
1130
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі