жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Редоксиметрия әдісі
Тақырыбы: Редоксиметрия әдістері.
Жоспары:
1. Редоксиметрия принципі. Жіктелуі.
2. Редоксипотенциал және оның әр түрлі факторларға тәуелділігі.
3. Перманганатометрия.
Негізгі ұғымдар: редоксиметрия, тотығу, тотықсыздану, перманганатометрия, иодометрия, индикатор.
Мазмұны: 1. Тотығу-тотықсыздану титрлеу әдістері әрекеттесуші заттардың тотығу дәрежесінің өзгеруімен байланысты реакцияларға немесе тотығу-тотықсыздану реакцияларына - редоксиметрия, оксидиметрияға негізделген.
Ең кең тараған тотықтырғыштар перманганат, хромат (бихромат), ванадат, церий (IV), бромат, иодат, иод, темір (III) және т.б. болып табылады. Тотықсыздандырғыштан жиі иод, тиосульфат, иодид, сутек пероксиді, темір (ІІ), аскорбин кышқылы және сирегірек басқа тотықсыздандырғыштар қолданылады. Тотықтырғыш және тотықсыздандырғыштарды тіке және кері титрлеу арқылы, сондай-ақ ауыспалы валенттіктері болмайтын иондарды жанама анықтау үшін редоксиметрия әдісі қолданылады. Сондай-ак орын басу титрлеуі де қолданылады.
Жүз мыңнан астам тотығу-тотыксыздану реакциялары белгілі, бірақ оның ішінде төмендегі талапқа жауап беретін реакциялар ғана пайдаланылады:
- олар соңына дейін тез және стехиометриялык түрде өтуі керек;
- белгілі химиялық кұрамдағы (формулалар) өнімдер түзуі қажет;
- титрлеудің соңғы нүктесін дәл белгілеуге мүмкіндік болуы қажет;
- зерттелетін ерітіндідегі косымша өнімдермен жөне баска заттармен титранттар реакцияға түспеуі керек.
2. Редоксипотенциал және оның әр түрлі факторларға тәуелділігі. Потенциал заттың тотығу-тотықсыздану қабілетінің өлшемі больш табылады.
Бір редоксожұптың потенциалын өлшеу мүмкін емес, сондықтан екі электрод потенциалдарының айырымын өлшейді. Негізгі салыстыру электроды ретінде стандартты (калыпты) сутек электродын қолданады. Ол ұсақ дисперсті платина қабатымен қапталған платина пластинкасы болып табылады. Сутекті 1 атм қысым астында электродқа береді, онда ол адсорбцияланып атомдыққа айналады. Электрод активтіктері 1-ге тең сутек иондары ерітіндісімен жанасып тұрады. Стандартты электродтың потенциалын 0,00 В (еркін шама) деп қабылдаған.
Егер заттың тотыққан түрі сутек ионына қарағанда күштірек тотыктырғыш болса, редоксожұптың потенциалы плюс белгісімен, ал тотықсызданған түрі сутекке қарағанда күштірек тотықсыздандырғыш болса минус белгісімен жазылады.
Стандартты электродтық потенциал Е° деп, берілген тотығу-тотықсыздану жүйесі стандартты жағдайға ие болатын потенциалды санайды: компоненттер активтігі 1-ге тең. Кестелерде, әдетте, стандартты электродтық потенциалдар мәнін келтіреді (қалыпты сутектік электродпен салыстырғанда - қ.с.э.с.)
Жартылай реакция потенциалының оң шамасы қанша жоғары болса, редокс жұптың тотыққан түрі сонша күштірек тотықтырғыш болып табылады.
Мынандай ереже бар: редокс жұптың тотыққан түрі аз потенциалмен сипатталатын жұптың тотықсызданған түрімен әрекеттеседі (яғни, стандартты потенциалдар кестесінде төмен орналасқан түрі), бірак потенциалы үлкен редокс жұптың тотықсызданған түрімен әрекеттеспейді.
Жүйедегі ерімтал компоненттердің концентрациясы өзгерген сайын потенциал шамасы стандартты потенциал шамасынан ерекшеленеді. Эксперимент жүзінде потенциалдын концентрацияға тәуелділігін, идикаторлық электродтан және потенциалы белгілі салыстыру электродынан тұратын үяшыктың электр қозғаушы күшін (Э.Қ.К.) өлшеп анықтайды. Редокс-жүйенің компоненттердің әр түрлі концентрацияларындағы электродтық потенциалының теориялық мәні Нернст теңдеуі бойынша есептеледі:
Нернст теңдеуі бөлме температурасында (25°) қысқарады:
Титрлеудің тотығу-тотықсыздану әдісінде калий перманганаты КМпО4 ерітіндісі стандартты ерітіндісі болып табылады. Тотықсыздандырғышты осы реагентпен тотықтыруды кышқыл, бейтарап және сілтілік ортада өткізуге болады. Калий перманганатының эквиваленттік факторы бұл орталарда әр түрлі және сәйкес 1/5, 1/3 және 1-ге тең.
Қышқыл ортада марганецпен (VII) тотығу. Бұл ортада көптеген тотыксыздандырғыштар жеті валентті марганецті бес электронға тотықсыздандырып жеткілікті дәрежеде оңай титрленеді. Бұның өтудің стандартты потенциалы мынаған тең:
Бұрын келтірілген темір (П) сульфатының тотығуы мысалында (12.106) Ғе8О4 эквиваленттік саны 1-ге тең. Темір (II) сульфаты эквивалентгерінін мольдік массасы оның мольдік массасына тең:
Калий перманганатымен бейтарап немесе әлсіз сілтілік ортада тотығу. Дәл сол реагенттер осы орталарда баска теңдеулермен әрекеттеседі:
Бұл реакциядағы калий перманганатының эквиваленттік факторы fэкв = 1/3, яғни марганец (VII) үш электронды қосып алып, төрт валентті күйге өтеді де марганец диоксидінің тұнбасын түзеді. Берілген реакцияның эквивалентінің мольдік массасы:
Сілтілік ортада перманганатпен тотығу. Сілтілік ортада сол реагенттермен реакция мына теңдеумен өтеді:
яғни, реагенттер эквивалентінің мольдік массасы олардың мольдік массаларына тең, екі реагенттің де эквиваленттік факторлары бірге тен, себебі тотығу-тотықсыздану әрекеттесу процесі тотықсыздандырғыштың бір электронының тотықтырғышқа өтуімен жүреді.
Тәжірибеде калий перманганатын тотықсыздандыруды көбіне қышқыл ортада өткізеді.
Перманганат ерітіндісімен титрлегенде индикатор жиі керек болмайды, себебі бар ерітінділер ашық күлгін кызыл түске боялған. Ерітіндінің температурасы және қышқылдығы тәжірибеде қызғылт бояудың көріну шекарасына әсер етпейді. 0,1 мл 0,01 н КМпО4-ке 100 мл суға қосқанда, ерітіндінің түсі ақшыл қызғылт, ал 0,2 мл қосқанда бояуы байқалатындай болатындығын анықтаған. Дифениламин, фенантранил кышқылы-индикаторларын қолдану, редоксиндикатор эквивалеттік нүктесіне жетпей реакцияға түспейтін жағдайда, КМпО4-тің өте сүйылтылған ерітінділерімен жұмыс істегенде ғана ұсынылады. Калий перманганаты қышқыл ортада көптеген тотықсыздандырғыштармен тез және стехиометриялы әрекеттеседі.
Перманганатометрияның кемшілігі - перманганатты таза күйінде алудың қиындығында (ол марганец қосоксидінің ізімен ластанған болады), КМпО4 ерітіндісінің дәл концентрациясын алдын ала аныктау кажет (мысалы, натрий оксалаты бойынша). Жұмысшы ерітінділерде және дистилденген суда тотықсыздандырғыштар бар, олар марганец қос оксидінің қосымша мөлшерінін түзілуіне алып келеді, ол өз кезегінде сақтағанда перманганат ерітінділерінің әрі қарай катализдік ыдырауын жылдамдатады. Марганец диоксидін жою үшін ерітіндіні колданудың алдында перманганатты тотыксыздандырмайтын шыны сүзгі аркылы сүзеді (қағаз сүзгі жарамайды).
Марганец қос оксидінен ерітінділерді узақ уақыт сақтауға болады. Перманганаттың қышкыл ерітінділері бейтараптарына карағанда тезірек ыдырайды. Ыстық сілтілік ерітіндіде де ыдырайды. Перманганатпен титрлеу кышқыл ерітіндіде (жиі күкірт кышкылда) жеңілдеу жүреді.
Бақылау сұрақтары:
1.Тотығу-тотықсыздану титрлеу (редокс-метрия) қандай реакцияларға негізделген ?
2.Тотығу-тотықсыздану реакцияларының көп боуына қарамастан олардың 10 шақтысы ғана пайдаланылады. Неге ?
3.Эквиваленттік нүктені қалай анықтайды ?
4. Индикаторлардың түстерінің өзгеруі қандай жағдайда байқалады ?
5.Перманганатометрияда қолданылатын титранттың титрін белгілі уақыт аралығында тексеріп тұру керек. Неге ?

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген