Материалдар / Реферат 201-топ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Реферат 201-топ

Материал туралы қысқаша түсінік
Маған керек
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Қазан 2020
379
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Есік гуманитарлық экономикалық колледжі»












Реферат

Тақырыбы: «Қазақстандағы автоматты метеорологиялық станциялардың дамуы»

Практика: Жаратылыстану бойынша


Топ: 201

Жазған: Амрахунова Эльнора

Тексерген: Жумабаева Света Нурмашевна
















2020-2021жылы




Соңғы жылдары кейбір дистанционды метеорологиялық станциялар мен автоматты метеостанциялар метеорологиялық құралдар мен қондырғылардың орнын басты.

Автоматты метеостанциялар (АМС) алыс нүктелердегі қоршаған ортаның сипаттамаларын анықтауға арналған. Датчиктерінің құрамына байланысты АМС жалпыметеорологиялық және арнайы болуы мүмкін. Автоматты метеостанциялардың бірнеше түрлері болады.


  1. Автоматты метеостанциялар (АМС)

- ауа температурасының датчигі;

- ауаның салыстырмалы ылғалдылығының датчигі;

- атмосфералық қысым датчигі;

- жел жылдамдығы мен бағытының датчигі;

- жауын-шашын түрі мен мөлшерінің датчигі.


2. Автоматты жол метеостанциясы (АЖМС) қосымша бөліктерден тұрады:

- интеллектуалды жол датчигі;

- көріну қашықтығы датчигі;

сыртқы қосымша қондырғылары

- СОПО;

- басқарушы жол белгілері;

- ақпараттық табло.


3. Автоматты аграрлық метеостанциясы (ААМС) қосымша бөліктерден тұрады:

- топырақ температурасының датчигі;

- күннің сәулешашу датчигі;

- қар жамылғысы биіктігінің датчигі;

сыртқы қосымша қондырғылары

- автоматты жер суландыру датчигі;

- оранжереяны вентилдеу жүйесі.


4. Автоматты экологиялық метеостанциясы (АЭМС) қосымша бөліктерден тұрады:

- газдардың концентрациясын анықтайтын электро-химиялық датчиктермен;

- CO – улы газы;

- CO2 – көмір диоксиді;

- NO2 - азот диоксиді;

- SO2 - күкірт диоксиді;

сыртқы қосымша қондырғылары

- авариялық сақтандыру жүйесі;

- туннелдерді вентиляциялау.













АМС метеобағаннан, жұмыс шкафынан және метеодатчиктер жиынтығынан тұрады.

Метеобаған деп жерге мықты бекітіліп, метеодатчиктердің кеңістікте орналасуын және бағытын көрсететін құбырды айтады. Метеобағанға сонымен бірге жұмыс шкафы бекітіледі. Метеодатчиктердің ыңғайлы жұмыс істеуі үшін метеобағанның еңкею мүмкіндігі қарастырылған.

Жұмыс шкафы дегеніміз метеодатчиктерден алынатын бағдарламалық бақылау ақпараттарын, тоқ өңдеушілерді, байланыс қондырғыларын және термостаттық жүйелерді орналастыру үшін арналған екі қабат қабырғасы және қақпағы бар қорапша.

Метеодатчиктер жиынтығы қоршаған ортаның параметрлерін өлшеу үшін арналған. Жалпы оның құрамына ауа температурасы мен ылғалдылығы, атмосфералық қысым, жел жылдамдығы мен бағыты, жауын-шашындардың түрі мен қарқындылығы датчиктері, сонымен қатар жол үстіндегі параметрлердің қазіргі күйін анықтайтын көп функциялы жол датчигі кіреді. Қажетті жағдайларда АМС қосымша датчиктермен, мысалы, көріну қашықтығы, сәулешашу, қар жамылғысының биіктігі, топырақ температурасы, көмірқышқыл газының құрамы және т.б датчиктерімен жабдықталады. Одан басқа, жолдың күйін көзмөлшермен анықтау үшін және басқа мақсаттар үшін АМС толық көрінетін басқару камерасымен жабдықталады.

АМС-тан метеоақпаратты алу жиілігі 1 секундтан бастап ондаған минуттарға дейін аралықта жүргізілуі мүмкін. Ақпараттарды беру құралдары АМС-ның орналасу орнына байланысты таңдалады, және кезкелген түрде болуы мүмкін. Байланыс каналының қажетті минималды өткізу мүмкіндігі - 32 Кбит/с.


Автоматты метеорологиялық станциялар


МЛ-102 метеостанциясы (сурет.10.2) Ресей тұтынушылары үшін адапталған Вайсал – MAWS фирмасының кіші АМС-ның жаңа дәуір негізімен құрастырылған.

Бұл метеостанция Вайсал (Финляндия) фирмасы шығарған бірыңғай корпустағы азгабаритті құралдың - WXT510 трансмиттері – метеорологиялық модулі негізінде құрастырылған. WXT510 модулі жел жылдамдығы мен бағытын, жауын-шашындарды, атмосфералық қысымды, ауа температурасы мен салыстырмалы ылғалдылығын өлшейді.

Станция бақылауларды шұғыл ұйымдастыру үшін және нақты метеорологиялық мәліметтерді алу үшін берілген, бір винттің көмегімен жеңіл орналастырылады және өздігінен жұмыс жасайды. WXT510 автоматты метеостанциясының түрі Мемлекеттік өлшеу құралдары реестрінің 35668-07 нөміріне тіркелген және Ресей Федерациясының (куәлік FI..C.28.001.A нөмір 28938 04.09.2007 жылдан) территориясында қолдануға рұқсат етілген.

Метеостанция АМС МЛ-101

АМС МЛ-101 автоматты метеостанциясы (сурет.10.3) жаңа метеорологиялық станциялардың негізінде өлшенетін шамалардың өлшем бірлігіндегі датчиктердің электрлі параметрлерінің белгі берушілерінің тіркелуі мен қайтадан жаңаруының электрондық компонентерді, сонымен қатар Финляндияның Вайсал фирмасымен дайындалған метеорологиялық ақпараттардың өңделуін бағдарламалық қамтамасыздандыруды қолданып құрастырылған.

Станция құрамының негізгі түрінде температураның, салыстврмалы ылғалдылықтың, атмосфералық қысымның, жел жылдамдығы мен бағытының датчиктері, сонымен бірге қоректену көзі мен тіркеушінің орналасатын платасы (MAWS жиынтығы QML201А тіркеушісімен) қолданылады.





Vaisala TacMet™ Тактикалық метеорологиялық жүйелері MAWS201M және MAWS201MP

Vaisala TacMet ™ Тактикалық метеорологиялық жүйелері MAWS201M және MAWS201MP– әртүрлі датчиктердің, оның ішінде кіші авиацияны қолдайтын және жарқырауықты көрсететін жиынтықты ыңғайлы метеорологиялық станциялар.


MAWS201MP – тұрақты құрылғыларға арналған бағанда қалыптасқан станция. Оның негізінде тексерістен өткен Тактикалық метеорологиялық жүйесі MAWS201M жатыр.


Vaisala HydroMet™ Автоматты метеорологиялық станциясы MAWS201

құралған портативті автоматты станция. Оның жеңіл салмағы, процессорының еске сақтаушылығының аз жұмсауы мен үлкен көлемі бұл станцияны әртүрлі зерттеулер кезінде тыңғылықты жұмыс жасауын қамтамасыздандырады.


Автоматты ауа райы станциясы VAISALA MAWS301

Ауа райына қашықтықтан бақылау жүргізу үшін жәй және кең қабылданған шешім болып табылады.

Климаттық бақылаулар;

Ауа райының алыстатылған автоматты станциялары;

Гидрометеорологиялық жүйелер;

Күрделі телеметрикалық станциялар.

Vaisala MAWS301 электр энергиясын аз жұмсайтын мықты ыңғайлы жүйе болып саналады. Ол көптеген метеорологиялық және гидрологиялық параметрлер жөнінде мәліметтерді сенімді және үздіксіз қамтамасыздандырады:

конфигурациясы мен қызмет етуі жай орналастырылады;

әртүрлі алыстан жұмыс істеу кезінде энергияны аз жұмсайды;

сенімді және нақты;

модернизациялай жолы үнемді;

бағдарламалық қамтамасыздандыруда мүмкіншіліктері үлкен;

дисплейлер, датчиктер және телеиетрикалық қосымшалар үшін сериялық порттары көп;

датчиктер жиынтығы мен қосымша байланыстары кең;

Flash еске сақтау картасында мәліметтерді архивтеу мүмкіншіліктері кең.

Vaisala фирмасының жаңа автоматты ауа райы станциясы MAWS301 қоректену торабы немесе байланысы жоқ немесе жеткілікті үнемделмеген жерлерде қолдану үшін арнайы құрастырылған. Станция жаңа байланыс және өлшеу технологиясына негізделген. MAWS301 әртүрлі телекоммуникациялық құрылғылармен, соның ішінде PSTN, GSM және радио модемдерімен, сонымен қатар сателлит беру датчиктерімен хабарландырылады. Технология қолданысында жеңіл, қалыптастырылып жабдықталған MAWS301 станциясы кең диапазонды қолдану үшін аз қаржыға сенімді және нақты метеорологиялық өлшеулер талап ететін жерлерге өте жақсы таңдау болып табылады.

Campbell Scientific Corporation өндірген күн сәулесімен жұмыс істейтін автоматты метеорологиялық станциясы

Жаңа автоматты станция және құрылғы халықаралық даму бойынша (ЮСАИД) АҚШ агенттілігінің қаржылық қолдауы кезінде табиға қорларды басқаруды (NRMP) қалыптастыру бойынша Жобасымен орнатылған. Станция Қазақстанда орналасқан төрт автоматты метеостанциялардың бірі болып табылады.

Campbell Scientific Corporation өндірген күн сәулесімен жұмыс істейтін автоматты метеорологиялық станциясы нақты уақыт режимінде метеорологиялық өлшемдерді автоматты түрде өлшейтін және өңдейтін қолданыста ыңғайлы сенсорлармен және бағдарламалық қамтамасыздандырумен жабдықталған.

Campbell Scientific Corporation өндірген күн сәулесімен жұмыс істейтін автоматты метеорологиялық станциясының құрамында келесі датчиктер бар:

- ауа температурасы мен ылғалдылығының;

- жел жылдамдығы мен бағытының;

- ТЕ 525 ММ жауынөлшегіші;

- қысымның CS105 барометлік сенсоры;

- күннің жиынтық радиациясының;

- 10 см тереңдіктегі топырақ температурасының.

Бұл жүйе метеорологиялық шамаларды қашықтықтан өлшеп мәліметтерді ПЭВМ-ға береді. Станция қоректендіру күн сәулесі арқылы жүргізіледі.

















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!