400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Реферат : "Дәрілік өсімдіктердің емдік қасиеті "7-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздарға арналган қосымша ғылыми ақпарат ,таптырмас көмек деп ойлаймын
Материалдың қысқаша нұсқасы

  Дәрілік өсімдіктердің емдік қасиеті

Мындаған жылдар бойы адамзат өмірінде әртүрлі аруларымен күресуге дәрілік өсімдіктерді пайдаланды. Әрине ол әртүрлі елдерде әрқалай, әртүрлі дәрежеде пайдаланылады. Өркениетті елдерде дәрілік өсімдіктерді пайдаланудың өте бай тәжірибесі жинакталды. ХХ ғасырда ғылым мен техниканың дамуы нәтижесінде фармакологияда синтетикалық химияның дамуы көптеген ауруларды емдеуге пайдалануға болатын жасанды препараттарды өмірге әкелді. Соның нәтижесінде көптеген елдерде сол синтетикалық препараттарды пайдаланудың нәтижесінде дәрілік өсімдіктерге деген көзқарас өзгере бастады, яғни қызығушылық төмендеді. Бірақ та соңғы жылдары дәрілік өсімдіктерге деген көзқарасы өзгеріп, оларды кеңінен пайдалана бастады. Соңғы жылдары дамыған елдерде ауырған адамдардың көбісі табиғи жолмен алынған дәрілерді арттық көре бастады. Қазіргі таңда әсіресе Қазақстан аумағында адамдар ауырған жағдайда суық тиуге қарсы дәрілік өсімдіктерді көп қолданады.[1] Дәрілік өсімдіктер ( Plantae medicinalis) , шипалы  –  және мал дәрігерлігінде емдеу және алдын алу мақсатында қолданылатын .[2] Дәрілік өсімдіктердің емдік қасиеті олардың құрамында стероид, тритерпен, алкалоид пен гликозидтердің, витаминдердің, эфир  мен тұтқыр заттар сияқты түрлі химиялық қосылыстардың болуына байланысты.  Қазақстанда өсетін алты мыңнан астам өсімдік түрінің бес жүздей түрі дәрілік өсімдіктерге жатады. Дәрілік өсімдіктер кептірілген шөп, , қайнатынды, , , т.б. түрінде қолданылады.[1] Дәрілік өсімдіктердің құрамында химиялық элементтер бар соның ішінде приориттетті ауыр металдардың бірі қорғасын мен мыс. Қазақстанда дәріханаларда сатылатын қымбат дәрілердің 70-90%-ы шет елдерден әкелінген. Өз елімізде фармацевтикалық өндірісті дамыту үшін әрине көп уақыт керек. Сондықтан мұндай жағдайда біздің еліміз үшін әрине дәрілік өсімдіктерден препараттарды алуды тезірек ұйымдастыру елдеқайда тиімдірек. Ол үшін медицинада дәрілік өсімдіктердің өздерін кеңірек пайдалану қажет. Фармакогнозия (гректің pharmakon – дәрі, у және gnosis – зерттеу, білу) дәрілік өсімдіктерді, дәрілік қасиеті бар шығу тегі өсімдікке байланысты шикізатты және шығу тегі өсімдік және жануарларға байланысты өнімдерді алғашқы өңдеуді зерттейтін ғылым.[3]Ғылыми-зерттеу жұмысының мақсаты: Суық тиуге қарсы дәрілік өсімдіктердің құрамындағы мыс пен қорғасынды зерттеу.

  • "Зерде" фирмасының суық тиуге қарсы дәрілік өсімдіктерінің құрамындағы мыс пен қорғасынды зерттеу.

  • Дәрілік өсімдіктердің құрамындағы мыс пен қорғасынның жиналу ерекшелігі, өсімдіктердің морфологиялық және систематикалық ерекшеліктеріне тәуелділігін зерттеу.

  • Дәрілік өсімдіктердің құрамындағы мыс пен қорғасынға химикалық-экологиялық баға беру.

1.1 Суық тиюге қарсы дәрілік өсімдіктерге жалпы сипаттама Ауыр металдар - адам, жануарлар, өсімдіктер тіршілігінде маңызды баға жетпес таптырмайтын элементтер болып табылады. Олар көптеген элементтердің құрамына кіреді және биохимиялық және физиологиялық процесстерге қатысады.Ауыр металдардың биосферада екі түрлі аспектісі бар- олардың биологиялық тапшлығы мен экотоксиологиялық қалдықтары жоғарғы өсімдіктерге зиянды әсер ететініне байланысты. Ауыр металдар келесі тәртіп бойынша орналасқан. Ауыр металдардың рөлін ескере отырып, олардың қоршаған ортадағы заттардың құрамында болуы мен қатар сондай-ақ дәрілік өсімдіктерде болуын бақылап отыру қажет.Пармелия - жоғарғы тыныс алу мүшелерінің функциональды жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді. Иммунитетті көтеретін әсерге ие.Қызыл мия- жоғарғы тыныс алу жолдарының және асқазан жұмысының функциональды жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді. Ағзаның қорғаныс күшін күшейтеді.Өгейшөп - жоғарғы тыныс алу жолдарының және асқазан жұмысының функциональды жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді.Сәлбан - кешенді емде шаю үшін

  • ауыз қуысы ауруларында

  • ларингиттерде

  • трахеиттерде

  • фарингиттерде қолданылады.

Түймедақ - Жиынтық ем құрамында:

  • ішек түйілулерінде, метеоризмде, диареяда

  • гастритте, он екі елі ішек және асқазанның ойық жараларында

  • стоматитте, гингивитте, баспа кезінде шаю үшін қолданылады.

Жөке ағаш - Құрамындабиофлавоноидтардың болуына байланысты дене қызу жоғарлағанда көңіл күйдің жақсаруына ықпал етеді. Тыныштандырады және күйгелектікті басуға көметеседі.Итмұрын - Кешенді ем құрамында - С және гипо - және авитоминоздарының алдын алу және емдеу кезінде жалпы нығайтатын дәрі (жедел және созылмалы жұқпаларда, дистрофияда).Жалбызтікен - Жоғарғы тыныс алу мүшелерінің және асқазан жұмысының функциональды жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді.Тасшөп - Тыныс алу мүшелерінің функцииональды жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді. Жүйке жүйесінің жұмысын қалпына келтіреді. Асқорытуды және несеп шығаруды жақсартады.Шегіргүл - Жоғарғы тыныс алу жолдары мен асқазанның функциональды жағдайын жақсартуға ықпал етеді.Дәрілік өсімдіктердің құрамындағы мыс пен қорғасын мөлшері аса әлсіз екені туралы фрагментті мәлімдеме ғана бар.Химиялық элементтердің көп бөлігі жапырақтарында, ал аз бөлігі сабағында және тамырында болуы базипетальді орналасуымен сипатталады.Акропетальді керсінше, химиялық элементтердің көп бөлігі тамырда болуымен және сабақ пен жапырақтарда кемуіне байланысты ерекшеленеді.Әртүрлі өсімдіктердегі кез келген химиялық элементтердің концентрациясы бірінші кезекте түрдің биологиялық ерекшеліктеріне байланысты. Ауыр металдардың аз саны мүшелердің сақталуына тән. Осы өсімдіктің мүшелеріндегі белгілі ауыр металдардың аз мөлшердегі қажеттілігі алдын ала анықталуынан туындайды. Өсімдіктің бөлек мүшелерінің, сонымен қатар өсімдіктердің құрамындағы химиялық элементтер біршама тұрақсыз. Өсімдік мүшелеріндегі нақты элементтердің белгілі бір аккумуляциялық ерекшелігі анықталған. Мыстың жапырақтардағы мөлшері жоғары, бұл металлдың 60% -дан жоғары мөлшері хлоропластарда шоғырланған. Тамырларда мыс негізінен клеткалардың қабырғаларымен байланысқан және өте тұрақсыз. Өсімдіктердің репрадуктивті мүшелерінде мыстың мөлшері біршама көп, атап айтқанда тұқымдарында [15] .Сәлбен, шалфей (Salvia) – тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін , жартылай . Маңғыстаудың таулы шатқалдарында өседі. Олардың биіктігі 20 – 100 см. Гүлдерінің түсі жабайы өсетін түрлерінде қою сиякөк, ал гүлзарлардағы түрлерінде ашық қызыл. Мамырдан қыркүйекке дейін гүлдеп, жеміс салады. Жемісі – жаңғақша. Сәлбен – хош иісті, дәрілік өсімдік. Одан алынатын эфир майы медицинада, парфюмерияда және тамақ өнеркәсібінде қолданылады [4] .Өгейшөп ( Tussilago) – тұқымдасына жататын көпжылдық шөптесін өсімдік [4] . барлық жерінде кездеседі. Өзен жағалауында, жыра ішінде, тау баурайында, саз топырақты жерде өсетін 1 түрі – (Tussіlago farfara) бар. Оның биіктігі 20 – 100 см. Сабағы өрлеп өседі. Жапырақтары ірі, қабыршақ тәрізді, қоңыр-күрең түсті, сабаққа кезектесіп орналасады. Сарғылт түсті гүлі қос жынысты, жеке-жеке сабақтың ұшында жетіледі, жапырағынан бұрын пайда болады. Гүлшоғы – себет. Наурыз – сәуірде гүлдеп, мамыр – маусым айларында жеміс салады. Жемісі – дәнек. Өгейшөптің жапырағының құрамында , , , , болады. Халық медицинасында өгейшөпті пен заманынан бері қолданып келеді. Оны қолқа демікпесін, созылмалы бронхитті, ларингитті, жоғары тыныс жолдарының қабынуын емдеуге пайдаланады. Тұнбасын жөтелді басу үшін ішеді. Гүлінен ара бал жинайды [4] .Дәрілік түймедақ – ( Matricaria chamomilla) – тұқымдасына жататын бір жылдық шөп тектес . биіктігі 35-40см –ге жететін бір жылдық шөптесін өсімдік, тамыры нәзік,білеу. Дәрілік түймендақтың гүлдерінің құрамында 0,2- 0,8% дейін көк түсті эфир майы бар, эфир майының ең басты компоненттері матрицин мен матрикарин,осы қосылыстардан хамазулен (7% жуық) түзіледі, бұлардан басқа эфир майының құрамына сесквитерпендер фарнезен, бисаболен, кадинен және монотерпен мирцин кіреді. Сонымен қатар эфир майында флаваноидтар, кумариндер, ұштерпен спирттер, салицил қышқылы, аскорбин қышқылы, каротин және т.б. заттар кіреді [4] .Қызыл мия ( Glycyrrhіza glabra) –, туысына жататын көпжылдық шөптесін өсімдік. Қызылмия дүниежүзілік және отандық фармакологияға енген. Медицинада қызылмия препараттарын эликсир, сығынды, ұнтақ және қою шырын түрінде қақырық түсіретін және іш өткізетін дәрі ретінде пайдаланады. Тибет медицинасында қызылмия препараттарын өкпе туберкулезін емдеуге, артериосклерозға, т.б. қарсы, ал Батыс Еуропа медицинасында семіздіктен арылу үшін қосынды жасап қолданады. Мия ертеден қолданылатын дәрілік өсімдік. Мия тамыры дәмінің ерекше тәтті болуына байланысты ерекше ат беріп, дәрі ретінде қолданған. Грецияда –«Тәтті тамыр», Қытайда "ганьцао" - «тәтті шөп», Моңғолияда хунчир – «тәтті тамыр» деп аталған. Мияның тамыры, тамырсабағы біздің дәуірімізге дейін 2800 жыл бұрын Қытай, Тибет, Индия, Жапония медицинасында пайдаланылған. Ертеде Грек дәрігері Гиппократтың еңбектерінде мияның тамырының емдік қасиеттерін жазылған.Гректің атақты дәрігері Диоскорид өзінің еңбектерінде мияның сөлі өкпе, бауыр ауруларына және шөлді басатын дәрі екенін сипаттап жазған.Пармелия (Parmelia) - пармелиялар (Parmeliaceae) туысына және қыналар тұқымдасына жататын шөптесін өсімдік. Пармелия (тілінген шөп) - көпжылдық жерүсті өсімдігі, қынаның биіктігі 5 см-ге дейін.Итмұрын ( Rōsa) — тұқымдасына жататын жапырақ тастайтын бұта не шырмауық көпжылдық өсімдіктердің тегі. Итмұрынның құрамында Менделеев кестесінің жартысы бар деуге болады. Итмұрынның тамыры, жапырағы, жемісі адам ағзасына өте шипалы. Құрамындағы аскорбин қышқылы қарақатқа қарағанда 10 есе, лимонға қарағанда 50 есе артық мөлшерде болады. Медициналық тұрғыдан итмұрынның құндылығын оның құрамында көп мөлшердеболатын С дәрумені арттырады. Сонымен қатар итмұрынның құрамында В, К, Рдәрумендері, тұқымында Е дәрумені, каротин, қант, сондай-ақ, илік, пектинді, бояулық заттар, органикалық қышқылдар, минералды заттар, макро микроэлементтер болады. Медицинада итмұрынды поливитамин ретінде, ағзада дәрумендер жетіспегенде, атеросклерозға қарсы, қан қысымы көбейгенде, қан аздыққа, иммунитетті көтеруге, сынған сүйекті тез бітіретін және бауыр ауруларын емдейтін дәрілік өсімдік ретінде пайдаланады. Итмұрыннан тосап жасайды. Жемісін кептіріп, қыста тұмауға қарсы қайнатып ішеді. Гүлдерін шайға қосып бұқтырып ішеді. Әдемі гүлдерінің арқасында көгалдандыруда кең қолданыста. Бұтағы тікенекті болғандықтан, қоршаудың орнына өсіруге де болады.Жөке ағашы ( Tilia) – тұқымдасына жататын тастайтын . Жөке гүлдерін дәрілік мақсатта қолданады және шай ретінде ішеді. Гүлдерін гүлдеу кезінде жинап алу керек, одан кешірек жинайтын болса, гүлдердің емдік қасиеті төмендейді. Гүлдерінің қайнатпасы мен тұнбасы микробтарды жояды, ісік қайтарады, несеп жүргізеді. Шипа ретінде оны асқазан, ішек жолдары, бауыр, бүйрек, қуық ауруына да қолданып, қайнатпасын күйікке, жараға жағады. Жөке гүлінің тұнбасы шашты бекітеді. Жөке ағашының гүлімен қатар діңінің қабығы, жапырақтары мен дәндері медицинада кеңінен қолданылады.Жалбызтікен ( Althaea) —  жататын көп жылдық шөптесін өсімдіктер туысы. Дәрілік, шірнелі өсімдік. Жалбызтікеннің тамыры, жапырағы мен гүлдерінің дәрілік қасиеттері бар. Тамырында пектин, крахмал, аспарагин заттары бар. Жалбызтікен тамырынан көптеген дәрілер жасалады. Тамыр тұнбасы, шырыны, сығындысы тыныс жолдары ауруларын емдейтін дәрі ретінде қолданылады.Тасшөп ( Thymus serpyllum) – тұқымдасы, туысына жататын жартылай . Тасшөптің құрамында илік заттар және шайыр, флавоноидтар, әр түрлі қышқылдар, минералды тұздар және эфир майы бар. Дәрілік шикізатының құрамында ащы және илік заттар, флавноидтар, шайыр, кейбір минералды тұздар, урсоль және олеаноль қышқылдары, майлар және басқа да заттар бар. Тасшөп препаратын қақырық түсіруге, жүйкені тыныштандыруға, радикулит және неврит кездерінде құрысуға қарсы қолданады. медицинасында Тасшөпті тыныс жолы, пен қуық, іш ауырғанда, ұйқы қашқанда, бас ауырғанда, өкпе  шалдыққанда береді.Шегіргүл ( Viola) – жататын бір жылдық, көп жылдық шөп тектес, кейде бұталы өсімдік. Шегіргүлден алынған препараттар бронх бездерінің қызметін күшейтеді. “Тривиолин” препараты жөтелге ем.Үш түсті шегіргүл (Viola tricolor) — дәрілік өсімдік, оның құрамында глюкозидтер, сапониндер, қышқылдар, флаволоидтар, алкалоидтар, каротин және дәрумендер (С, Е, Р) бар. Халық медицинасында өсімдіктің қайнатпасы мен тұнбасын ішіп немесе теріге жағып, сары ауруды, ұшықты, қышыма қотырды, т.б. тері ауруларын емдеуге, сондай-ақ несеп жүргізіп, тер шығаруға, қан тазартуға кеңінен қолданады [4] .Америка Құрама Штаттарында дәрігерлердің жазған рецептерінің 25%-ы өсімдік препараттары. Халықтың арасында сұрау жүргізгенде сол мәлімет берген адамдардың Голландияда және Бельгияда 60%, Англияда 74% қосымша медицинаны халықтың пайдалануға мүмкіншілігі болу керек деген. Қазақстанда дәріханаларда сатылатын қымбат дәрілердің 70-90%-ы шет елдерден әкелінген. Өз елімізде фармацевтикалық өндірісті дамыту үшін әрине көп уақыт керек. Сондықтан мұндай жағдайда біздің еліміз үшін әрине дәрілік өсімдіктерден препараттарды алуды тезірек ұйымдастыру елдеқайда тиімдірек. Ол үшін медицинада дәрілік өсімдіктердің өздерін кеңірек пайдалану қажет.Соңғы жылдары осы мәселенің өзектілігін ескере отыры Қазақстан үкіметі Республикалық ғылыми техникалық бағдарламаларға көңіл бөліп қаржыландырып келеді. Ерте заманғы, жабайы адамдар жергілікті флорамен танысқанда өздері үшін көптеген пайдалы өсімдіктерді таба білген, оның ішінде әрине, шипалық қасиеті бар өсімдіктер де болған. Ол туралы әдебиетте мәліметтер жеткілікті. Мысалы: халықтың ауруға, аштыққа төзімділігін арттыру үшін Шығыс Азия халықтары шай ішкен, Орталық Америка халықтары какао ішкен, Оңтүстік Америка халықтары мате жапырақтарын пайдаланған. Амазонка индеецтері гуарананы (Gyarana) пайдаланған. Дәрілік шикізат ретінде гуарананың тұқымдары пайдаланылады, оның құрамында белсенді зат гуаранин, кофеин бар. Гуарандар Америкада шығарылатын энергетикалық коктейль «Солтүстік энержи» құрамына кіреді. Осы алынған өсімдіктердің бәрінде кейіннен жалпы бір дәрілік зат – кофеин алкалоиды бар екендігі анықталған.Гельминттермен (паразит құрттар) күресу үшін Африка тұрғындары куссо гүлін, Азия тұрғындары камалу деген өсімдікті, ал солтүстік халықтары папоротниктің тамыр сабағын қолданған. Бұл өсімдіктерде гельминтке қарсы әсер ететін заттар бір класқа жататын табиғи қосылыстар екендігі анықталған.[5]Көпжылдық байқау және тәжірибе жүзінде қат-қабат тексерілген және ұрпақтан-ұрпаққа көп ғасырлар бойы берілген мәліметтердің нәтижесінде фармакогнозия деген фармацевтикалық ғылымның бір саласы өмірге келді. Фармакогнозия (гректің pharmakon – дәрі, у және gnosis – зерттеу, білу) дәрілік өсімдіктерді, дәрілік қасиеті бар шығу тегі өсімдікке байланысты шикізатты және шығу тегі өсімдік және жануарларға байланысты өнімдерді алғашқы өңдеуді зерттейтін ғылым [5] .Біздің дәуірімізге дейінгі Таяу Шығыс халықтары (Шумерлер, Ассириялықтар, Вавилондықтар) дәрілік өсімдіктер туралы молырақ мәліметті грек әдебиеттерінен алған. Гректер тек өз білімдерін ғана емес, сонымен қатар Египет, Таяу Шығыс халықтарының дәрілік заттары туралы мәліметтерін кеңінен пайдаланған [5] .Оңтүстік – Шығыс Азия халықтарында көптеген дәрілік өсімдіктер белгілі болды. Олардың ішінде ең ерте дамығаны Қытай медицинасы болды. Әдебиеттердегі мәліметтер бойынша біздің дәуірімізден 3000 жыл бұрын Қытайда дәрілік өсімдіктердің 230 түрі пайдаланылған. Жануарлардан алынған 65 дәрілік заттар, 48 дәрілік минералдар болған. Қытайда жазу пайда болғаннан кейін ол мәліметтердің бәрі «Книга о травах» деген кітапта жазылған. Ең белгілі «Травникті» Қытайда Ли-Ши-Чжен құрастырды. Ол ХVІ ғасырда басылып шыққан. Бұл «Травникте» 1892 объект, соның ішінде 900 дәрілік өсімдіктер жазылған [5] .Индия медицинасының да Қытайдікі сияқты өзіндік орны бар. Индияда ең белгілі еңбек ол «Аюрведа» («Наука о жизни» - өмір туралы ғылым). Ол еңбек бірнеше рет қайта өңделген. Олардың ішіндегі ең белгілісі ол Индия дәрігері Сушруттың (IV ғасыр б.д.д.) өңдегені. Ол еңбекте дәрілік өсімдіктердің 700 түрі келтірілген. Тибет медицинасы Индия медицинасы негізінде пайда болған. Ол Тибетке буддизм арқылы еңген. Тибет медицинасындағы белгілі еңбектердің бірі ол «Чжуд-Ши» (сущность целебного – «Шипалықтың мәні») ол Индиядағы «Аюрведа» негізінде жазылған. Медицина және фармацияның даму тарихына Араб ғалымдары үлкен үлес қосты. Джундишапур және Александрия қалаларында медициналық мектептер гүлденіп дами бастады. Бұл мектептерде Грецияда және Римде шыққан медициналық кітаптар араб тіліне аударылды. Тарихта көптеген араб дәрігерлерінің еңбектері туралы мәліметтер бар. Олардың ішінде атап айтсақ, Абу Манзу Мувафикті келтіруге болады. Ол 997 жылы фармакогнозия туралы кітап жазды. Ол кітапта 466 дәрілік өсімдіктер туралы мәліметтер бар. Бірақ та, бұл кезінде ең белгілі болып дүние жүзіне атағы жайылған тажик халқының ұлы Абу Али Ибн - Сина болды (Авицена) Бухарадан. Ол 980-1037 жылдары өмір сүрді. Абу Али Ибн – Синаның дүние жүзіне әйгілі болған еңбегі ол «Канон врачебной науки». Ол еңбек латын тіліне аударылған. Содан кейін көптеген тілдерге аударылған. Ол еңбек Еуропада ұзақ уақыт үлкен құрметпен пайдаланылды. Сол еңбектің екі томы № 2 және № 5 түгелімен фармацеяны қамтыған. Ибн Сина шығу тегі өсімдік, жануар және минералдар болатын дәрілік заттарды әсіресе өсімдіктерден алынған дәрілік заттарды кеңінен пайдаланған [5] .Ибн Синаның замандасы, өзбек ғалымы энциклопедист Хорезм шахарынан Абу Райхан Бируни болды (973-1048). Бирунидің негізгі еңбегі «Фармакогнозия в медицине» (Китаб ас-Сайдана Фит-т-Тибо). Европа ғылымына бұл еңбек 1902 жылға дейін белгісіз болды. 1932 жылдан бастап бұл еңбек басқа тілдерге аударыла бастады. 1973 жылы У.И.Каримов бұл еңбекті бірінші рет орыс тіліне аударды. Бұл еңбек «Сайдана» деген атпен белгілі. «Сайданада» 1116 тарау бар, соның 880 тарауында дәрілік өсімдіктер туралы мәліметтер жазылған [5] .Дәрілік өсімдіктер түрлерінің көптігі жөнінен Қазақстан одақ көлемінде бірінші тұр. Өсімдіктер дүниесінің осындай молдығына байланысты олардың ішіндегі дәрілік өсімдіктің зерттеудің маңыздылығы айтпаса да түсінікті. Мал бағумен ақылым заманнан айналысқан қазақ халқы шөптердің, жалпы өсімдіктердің емдік, дәрілік қасиеттерін ертеден білген. Сөйтіп ел арасында ауруға шалдыққан адамдарды дәрілік өсімдіктермен емдеу ілгеріден-ақ кеңінен таралған. Ертеде өмір сүрген әл-Фараби, Әбу Әли Ибн Сина, Баруни әл-Джуржани және орта ғасырларда өмір сүрген тағы да басқа Шығыс ғалымдарының қазақ халық медицинасының дамуына әсіресе дәрілік өсімдіктерді танып пайдалануына еткен ықпалдары зор болды [6] .Әр облыстың, аймақтың, халық дәрілік өсімдіктердің әр түрлі қасиеттерін өздерінше пайдалануы да мүмкін. Оның да жөні бар. өйткені кейбір өсімдіктердің бірнеше түрлі дәрілік қасеттері бар .Қазақ емшілерінің ауру-сырқауларымен ұзақ жылдар күресу барысында қолданып келе жатқан алуан түрлі дәрі-дәрмектердің қайнар көзі – ұлы табиғатты өсімдіктер дүниесі [7] .Өсімдіктердің сабағы, тамыры, гүлі, жапырағы, қабығы, жемісі шәйірі және тұқымынан дәрі - дәрмек жасалады. Қазақ емшілерінің қолданатын дәрілерінің басым көпшілігі - өсімдіктер. Өсімдіктердің әрбір бөлігінің, мәселен, тамыр, сабақ, жапырақ, гүл, жеміс тұқымдарының дәрілік қуаты әртүрлі болып келеді. Сондықтан оларды емдік қуаты ең күшті болатын мезгілде жинағанда ғана сапалы дәрі - дәрмек алуға болады [8] .Дәрілік өсімдіктерді ластайтын – заттар

  • Қазіргі кезде қоршаған ортаны (атмосфера, су, топырақ)15 мыңға жуық ластайтын заттар белгілі.

  • Олардың ішінде ең қауіпті токсикалық заттар:полициклді ароматты көмірсулар:

  • бенз – α- пирен;металдар: стронций (Sr), хром (Cr), селен (Se), магний (Mg), алюмений (Al), никель (Ni), кадмий (Cd), қорғасын (Pb), мыс (Cu), мырыш (Zn), темір (Fe), марганец (Mn) және т.б.;

  • нитраттар:

  • калий, натрий, кальций, аммиак селитрасы, мочевина, аммофос, нитроаммофос және т.б.;

  • гербецидтер, пестицидтер:

  • прометрин, трифлурамин, 4,6- динитро – ортокерзол (ДНОК) және т.б.

Дәрілік өсімдік шикізаттарының нормативті құжаттарында радиоактивті ластану нормаларын есептемегенде, құрамындағы қауіпсіз зиянды заттар және жіберілетін нормалар көрсеткіштері сипатталады. Көптеген өсімдік тамақ өнімдері үшін осындай нормалар (уақытша мүмкіндік дәрежесі– УМД немесе шекті мүмкіндік концентрациясы –ШМ К ) бар. Ғылыми деректердің болмауы өсімдіктер үшін металдардың және БАП нің шекті мүмкіндік концентрация мәнің, сонымен адам ағзасы үшін аталған шикізаттың зияндық дәрежесін анықтау да қиынға соғады. Өсімдіктер үшін БАП құрамы жалпы қабылданған фон дәрежесі – 1-5 мет/кг –ға дейін ауа – құрғах массасы, топырақтаШРК–20мкг/кг. Барлық ел қалаларының ауа құрамында БАП ШМК жоғары, көптеген қалаларда 3 еседен жоғары. Ауаның БАП мен ластану дәрежесі әсіресе қара, түсті металургия кәсіпорындары, көмір және асфальт бетон өндіретін өндірістер, көмірмен жұмыс істейтін қазандықтар орналасқан қалаларда жоғары болады. Металды – ластағыштар. Металдың БАП – нен ерекшелігі метал өсімдіктердің табиғи компоненті болып табылады. Олар өсімдік ағзасының өмір сүруі үшін метоболикалық процесте (тыныс алу, фотосинтез, қоректік заттардың ассимиляциясы және т.б.) үлкен роль атқарады. Өсімдіктер адам ағзасына металдардың түсудің маңызды көзі, ал дәрілік өсімдіктер ББЗдың макро және микроэлементтерін теңестіретін, жүрек –қан тамыр ауруларында, диабетте, анемияда және т.б. ауруларды емдеу үшін бағалы дәрілік заттар қызметін атқарады. Өндірістің және ауыл шаруашылығының қарқынды дамуы экологиялық жағдайды нашарлатып, табиғаттағы метал концентрациясыларын артыруына әкеледі. Олар өсімдіктермен топырақта жинақталады. Ластанған ДӨШ пайдалану барысында метал ластағыштар адам ағзасына түседі. Ұзақ уақыт аз дозамен әсер ету барысында (ДӨШ мен емдеу курсы кемінде он күннен аз емес) адам ағзасының физиологиялық реакциясымен биохимиялық көрсеткіштері өзгереді. Ағзаны метал ластағыштардың үлкен дозасымен әсер еткенде спецификалық патологияға немесе табиғи химиялық аурулардың дамуына әкеледі.Мысалы: Алюмений минералды зат алмасудың, жүйке жүйелерінің қызметінің бұзылуына, мутагенді белсенділікке қабілетті;Мыс өткір улануды, жоғары гепатотоксикалық қабілетті, эритроциттердің гемолизінтудырады;Никель жалпы улану әсерін, бас ауруын, тәбетті төмендетеді, артериалды гепотонияның вегетативті бұзылысына, жүрек қызметтерінің өзгерістеріне, өкпt ауруларына, аллергия; Қорғасын перифериялық жүйке жүйелерінің, сүйек кемінінің, қан, тамыр, генетикалық аппараттардың бұзылылуына әкеледі, Метал ластағыштар өсімдіктердің өзіне де әсер етеді. Мысалы: қорғасын лип гүлінің құрамындағы флаваноидтарды төмендетеді, әртүрлі металдардың сульфаттары мен сульфидтері фитонцидтердің бөлінуін төмендетеді. Қоршаған ортаны метал ластағыштармен ластаудың негізгі көзі автотранспорттар мен әртүрлі өндірісті кәсіпорындар.Мәселен автотранспорттар жол бойындағы аймақтарды Pb Zn Cu Cd Fe Cr Co Mo Sr ластағыштар көзі болып табылады. Ауылдық жерлердегі жол бойынан жиналған шикізаттардың құрамыннан, қала маңындағы жол бойларына жақын жерлерден жиналған шикізаттардың құрамында Pb Zn мөлшері анағұрлым жоғары. Автомобиль жолдарына (бес метрге дейін) жақын өсетін ДӨ де БАП және металдардың концентрациясы жоғары, ал арақашықтық жолмен бір метр болған жағдайда концентрация максималды болады [9] .

1.2 Дәрілік өсімдіктердің құрамына химиялық талдау Өсімдіктер танқаларлық әртүрлі зат алмасу процесіне және көмірқышқыл газынан, судан және органикалық емес зат қосылстарынан алуан түрлі қосылыстарды синтездеуге қабілетті.Әр өсімдік организмінде заттардың пайда болуы және жинақталуы көптеген факторларға бағынышты: қоршаған ортаға, жасына, тіршілік жағдайына, дамуына, қоректенуіне. Динамикалық процесс жоғарыда аталған факторларға және басқа жағдайларға байланысты өзгереді. Оған қосымша әрбір өсімдік онтогенез процесінде вегетациялық түрлену, гүлденуі, жемістену және тыныштық фазаларынан өтеді. Онтогенез барысында өсімдіктердегі заттар мөлшері оның әртүрлі мүшелерінде әрқалай болуы мүмкін. Өсімдіктер құрамында 21 химиялық элемент табылған (Муравьева, 1991). Олардың 16 элементі (Н, C, N, O, P, S, Na, K, Ca, Cl, Mn, Fe, Co, Cu, Zn) барлық өсімдіктерде кездеседі, ал 5 элементі (B, Al, V, Mo, J) тек кейбір түрлерде ғана кездеседі. Сандық құрамына байланысты оларды макро (K, Ca, Mg, Na, Cl, P, Si) және микро (Cu, Zn, J, Co, Mn, Al, S, Fe) элементтерге бөледі. Қарапайым органикалық емес қосылыстар (Co2, H2O, NO3, SO4-2 және PO4-) өсімдіктерге 6 негізгі элементтерді береді – С, H, O, N, S, P, ал олардан ұлпалардың көптеген компоненттері құрамында белоктар, нуклеин қышқылдары, көмірсулар, липидтер және т.б. қарапайым қосылыстар негізінде өсімдіктерде күрделі қосылыстар синтезделеді (алкалоидтар, фенолды қосылыстар, терпеноидтар және т.б.). Барлық өсімдіктер құрамында болатын (Мамонов, Музычкина, Корулькин, 2008) заттар:Таза клетчатка – суда ерімейтін және әдеттегі еріткіштерде ерімейді. Қабықта, тамырда, сүйектерде ағаштанған клетчатка болады. Өсімдік клетчаткасы қабықшасының негізгі құрам бөлігі.Целлюлоза – Өсімдіктер клеткалары қабырғаларының сүйегі, сүйеніші.Пектинді заттар – өсімдіктер мүшелерінің клеткааралық заттары. Өсімдікті қайнатқанда пектинді заттар суға ауыспайды, салқын суда ерімейді.Шырыштар (слизи) – табиғаты полисахаридті зат.Крахмал – полисахарид, дән тәрізді клеткадағы заттар өте жиі тамырларда, тамырсабағында, тамыржемісте кейбір тұқымдарда болады. Салқын суда ерімейді. Т0600С-тан жоғары болғанда жабысқан коллоидты ерітінді түзіледі, глюкоза босап шығады.Көмірсулар – моно-ди-олиго және полисахаридтер. Өсімдіктердің бәрінде, барлық мүшелерінде болады, Әсіресе жемістерге, суда онай ериді.Белокті заттар – барлық өсімдіктерде өте мол тұқымдарда болады.Шыны майлар – қорлық және каптап орап алатын заттар. Жапырақтарда пайда болып сосын өсімдіктің барлық басқа мүшелеріне ауысады. Қорлық зат ретінде тұқымдарда кейінге қалдырылады.Пигменттер – барлық өсімдіктерде болатын заттар, жасыл бөліктерінде-хлорофилл, қызыл, қызыл-қоңыр, сары-каратиноидтар, флавоноидтар, антрахинондар, антоциандар. Олардың ең көп мөлшері – гүлдерде, жемістерде жинақталады [10] .Органикалық қышқылдар. Көмірсулар, органикалық қышқылдар және белоктармен қатар органикалық қышқылдар өсімдіктер мүшелерінде ең көп кездесетін заттар қатарына жатады, олар әсіресе көп мөлшерде шырынды жемістерде, жапырақтарда, азырақ мөлшерде өсімдіктердің басқа мүшелерінде кездеседі.Смолалар – көмірсутектер, эфир майы, каучук, өсімдіктердің барлық мүшелерінде болады.Липидтер Жоғарғы май қышқылдарының және глицериннің немесе басқа копатомды (жоғары молекулалық) спирттердің күрделі эфирлері. Өсімдіктерде липидтер барлық ұлпаларда болады, әсіресе көп мөлшерде тұқымдарда және жемістерде.Балауыз (Воск) – май қышқылдарының және бір атомды жоғарғы молекулалық спирттердің күрделі эфирлері.Гликозидтер – күрделі заттар, олардың өсімдіктердегі алуан түрлілігі англикондар және көмірсулар фрагменттерінің табиғатымен С-О-С, С-С және С-S байланыстарымен анықталады.Өсімдіктердің фармакологиялық белсенді заттарына, негізінен екінші синтез заттары (алкалоидтар, сапониндер, жүрек гликозидтері, флавоноидтар және т.б.) сонымен қатар кейбір бірінші синтез заттарын да (витаминдер, липидтер, көмірсулар) жатқызуға болады. Дәрілік өсімдіктердің биологиялық белсенділігінің спектрі оларда әртүрлі химиялық кластарға, топтарға жататын эфир майларының, флавоноидтардың, полифенолдардың, полисахаридтердің және т.б. заттардың болуына байланысты. Дәрілік өсімдіктердегі әртүрлі заттардың саны оннан бірнеше жүзге дейін болуы мүмкін. Өсімдіктің фармакологиялық әрекеттілігі сол нақты өсімдіктің нақты химиялық құрамында тікелей байланысты. Сонымен заттар дәрілік өсімдіктің шипалық қасиеті жоғарыда келтірілген заттардан, басқа кейбір әлі толық анықталмаған фармакологиялық әсері бар заттардың болуына (антрогликозидтер, алкалоидтар, стероиды қосылыстар және т.б.) байланысты. Мұндай заттар тек кейбір дәрілік өсімдіктер түрлерінің құрамында ғана кездеседі, ол заттар бұл өсімдік түрлеріне өте тар белгілі биологиялық белсенділік береді (мысалы, кардиотоникалық, нейротроптық, адаптогендік және т.б.). Мұндай заттардың белсенділік дәрежесі мен сипатына байланысты кейбір дәрілік өсімдіктерді улы өсімдіктер қатарына жатқызады.Алкалоидтар және гликоалкалоидтар. Алкалоидтарға белгілі физиологиялық белсенділігі бар құрамында азоты бар органикалық заттар жатады. Өзінің аты бұл заттар Alkaly (Сілті-щелоч) деген латын сөзінен алады. Бірақта барлық алкалоидтардың бірдей сілтілік сипаты болмайды.Өсімдіктерден әртүрлі мәліметтер бойынша 4000-нан 10000-ға дейін алкалоидтың фармакологиялық қасиеттері зерттелген. Басқа ББЗ салыстырғанда алкалоидтар өздерінің өте улы әсерімен ерекшеленеді. Сондықтан құрамында алкалоидтары бар өсімдіктерді өте үлкен сақтықпен, өте аз мөлшерде пайдалану керек.Гликоалкалоидтар– бұл циклопентанон гидрофенантрененнің туындылары, қасиеттері жағынан стероидты. Кеңінен және молынан алкалоидтар қосжарнақтылар өкілдерінде болады. Қосжарнақтылар арасында алкалоидтарға өте бай тұқымдастар көкнәрлер (Papaveraceae Juss), сарғалдақтар (Ranunculaceae Juss), бұршақтар (Fabaceae), бөріқарақаттар (Berberidaceae Juss), алқалар (Solanaceae), кенділер (Apocynaceae Juss) және т.б. (Гренкевич, Сафонич, 1983, Муравьева 1991).Бетаниндер – суда және су-спирт ерітінділерінде жақсы ериді, амин қышқылдары сияқты биполярлық кондар түрінде болады. Сілті және қышқыл ерітінділерде ериді.Белоктар – барлық өсімдіктер құрамында болатын компоненттер белоктар, биополимерлер. Белоктар химиялық элементтер: көміртегі, сутегі, өттегі, азот, күкірт, фосфор және т.б. бірқатар элементтерден құралған күрделі органикалық қосылыс. Белоктар қарапайым (гидролиз болғанда тек аминқышқылдарын береді) және күрделі – бұларда белоктар табиғаты белок емес заттармен байланысқан: нуклеин қышқылдарымен (нуклепротеидтер, полисахаридтермен (гликопротеидтер), липидтермен (макропротеидтер), пигменттермен (хромопротеидтер), металдар иондарымен (металопротеиндер), фосфор қышқылының қалдықтарымен (фосфопротеидтер) және т.б.Нуклеин қышқылдары – бүкіл тірі жүйенің тұрақты және қажетті құрам бөлігі нуклеидтердің – өте көп қайталануынан құралған бөлімшелер, өсімдіктер нуклеин қышқылдары медицинада емдеу үшін қолданылмайды.Ферменттер – биохимиялық реакциялардың катализаторлары, белокты бөліктен (апоферменттер) және белоксыз бөліктен (коферменттер немесе коэнзимнен) тұрады.Антроценді заттар – Үш конденсацияланған сақинасы бар табиғи заттар тобы, жалпы формуласы С6-С2-С6.Антрахинондардың әртүрлі туындылары негізінен Rubiaceae Juss., Rhamnaceae Juss., Polygonaceae Juss., Fabaceae Lidl.,Liliaceae Juss тұқымдастары өкілдерінде жиірек кездеседі.Витаминдер – әртүрлі химиялық құрылымды организмнің дұрыс тіршілік етуіне өте қажетті төменгі молекулалық органикалық қосылыстар тобы.Өсімдіктерде түріне байланысты витаминдер және витаминдерге ұқсас қосылыстар мөлшері бірдей емес. Өсімдіктердің кейбір түрлерінде витаминдер мол болуы мүмкін. Тағамдық өсімдіктер және олардан алынатын препараттар авитаминоздан сақтандыру үшін пайдаланылады. Мысалы раушан (Rosa – шиповник), қалақай (Urtica – крапива), жеміс ағаштары, цитрустар.Гликозидтер – құрамында әртүрлі агликондар және көмірсулар фрагменттері бар көптеген биологиялық белсенді қосылыстар тобы.Сапониндер – бір молекулада гидрофильді және гидрофобты қалдықтар болуына байланысты зор беттік белсенділігі бар заттар.Жүрек гликозидтері жүрек бұлшық еттеріне таңдамалы кардиотоникалық әсер ететін табиғи биологиялық белсенді заттар тобы. Бұл қосылыстардың агликоны болып циклопентанпергидрофенан трен болып саналады. Кәдімгі қанттардан басқа – глюкоза, фруктоза, рамноза, жүрек гликозидтерінде ерекше дезоксиқанттар (дигитоксоза және цимороза) болады. Көптеген гликозидтер этил эфирінде, хлороформда, петролеид эфирінде және суда аз ериді, ал метил және этил спиртінде жақсы ериді.Флороглюцидтер – флороглюцин немесе пироның моно, ди, үш және т.б. туындылары. Аз зерттелген табиғи қосылыстар мол мөлшерде усасыр (Dryopteris – щитовник) туысы өкілдерінде кездеседі.Иридоидтар – химиялық құрамының табиғатына қарағанда бұл топ гликозидтерге жатады. Иридоидтар негізінен «қышқыл» өсімдік түрлерінде болады. Олар суда және төменгі спирттерде (метил және этил) оңай ериді, органикалық ерітінділерде (бензол, хлороформ) нашар ериді.Илікзаттар – дегеніміз бұл ерекше «илегіш» қасиеті бар органикалық заттар, жиі табиғаты полифенолды. Практикалық тұрғыдан барлық өсімдіктерде гидролизденетін, конденсацияланған немесе аралас илік заттар болады. Илік заттар өсімдіктердің әртүрлі бөліктерінде жинақталады: өте жиі қабығында, тамырларында, тамырсабағында, сирегірек-жапырақтарында, сабақтарында, жемістерінің қабығында. Өсімдіктер ұлпаларында илік заттар еріген күйінде болады.Изопреноидтар – изопрепеннің биогендік ауысуының өнімі, табиғи қосылыстар. Изопреноитарға әртүрлі терпендер, олардың туындылары терпеноидтар және стероидтар жатады.Эфир майлары – алифатикалық, моноциклдік бицклдік терпен қосылыстарының жиынтығы. Өсімдіктер гүлдерінің, жемістерінің және басқа мүшелерінің иістері осы эфир майларының болуына байланысты, сондықтан эфир майлары тек медицинада ғана емес оған қосымша парфюмерияда, кондитер өндірісінде, әртүрлі ішімдіктер өндіруге пайдаланылады.Каратиноидтар – сары және қызғылт сары табиғи пигменттердің үлкен тобы.Стероидтар – молекуласында циклопенганпертидрофенантрен қаңқасы бар қосылыстар класы. Стероидты стериндер; Д-тобының витаминдері, өт қышқылдары стероидты сапониндер, кардиотоникалық стероидтар, стероидты алкалоидтар және стероидты гормондар болып бөлінеді.Кардиотоникалық стероидтар немесе кардиотоникалық немесе жүрек гликозидтері. Олар медицинада миокардтың қысқаруын ынталандыру үшін қолданылады. Барлық стероидтар биологиялық белсенді.Липидтер – жоғарыда бұлардың қысқаша сипаттамасы берілген.Көмірсулар – көмірсулардың сипаттамасы жоғарыда берілген.Инулин – суда еритін жоғары молекулалы фруктоза, негізінен жер асты мүшелерінде жинақталады (Бақбақ – Taraxacum – одуванчик, цикорий – Cichorium, андыз – Inula – Девясил және т.б.).Сілемейлі Шырыш (Слизи) – химиялық табиғаты жағынан камедилерге ұқсас, бірақ айырмашылығы құрамында пектозандар көп және суда жақсы ериді.Камедь (Шырыш) гетересахаридтерден тұрады. Суда еруіне байланысты жақсы еритін және нашар еритін болып бөлінеді, бірақ та суда ісінеді. Олар шырыш жолдарында, бездерде және тағы басқа да өсімдіктердің секрет жүйелерінде түзіледі. Кейбір камедилер тамақ өндірісінде және медицинада пайдаланылады.Полисахаридтер – зат алмасуда үлкен роль атқарады, ісікке, қабынуға қарсы елсенділігі бар. Сахароза, крахмал, пектиндер тамақ өндірісінде целлюлоза-қағаз, текстиль, химия өндірісінде пайдаланады.Фенолды қосылыстар – өсімдіктер ұлпаларында кездесетін хош иісті заттардың үлкен тобы. Өсімдіктерде фенолды қосылыстар мономер, димер, олигомер және полимер түрлерінде кездеседі. Мұндағы олигомерлер зат алмасу процесінде белсенді қатысады. Ал полимер әдетте клетка қабырғаларында қалады – лигнин немесе вакуольдерде жинақталады, ал таниндер бос күйінде гликозидтер түрінде болады [11] .

1.3 Дәрілік өсімдіктедің құрамындағы мыс пен қорғасынның адам ағзасына әсері Ауыр металдар – тығыздығы тығыздығынан (7,874г/см3) артық болатын түсті тобы. Оларға , , , , , , , , , жатады. Ауыр металдардың көптеген қосылыстары, әсіресе, тұздары  үшін зиянды. Олар тағам, , арқылы ағзаға түскенде ыдырамайды, кейбір органдарды (,, , т.б.) жиналып, денсаулыққа қауіп төндіреді. Сондықтан Ауыр металдардың қоршаған ортадағы мөлшері белгіленген шамадан аспауы керек [12] .Мыстың зияндылығы - Мыстың кейбір қоспалары ас пен суда ШРК-сы көп болған жағдайда өте зиянды. Ішетін суда мыс 2 мгс/л-ден аспауға тиіс (14 күннің ішіндегі орташа өлшемі), бірақ мыстың судағы жетіспеушілігі де болмағаны дұрыс. Осыған байланысты ДСҰ 1998 жылы былай деп хабарлама жасады: «Адам ағзасына келтіретін кауіпі бойынша мыстың көптігінен аздығы асып түседі». 2003 жылғы ДСҰ-ның интенсивті тексеруі нәтижесінде мыстың зияндылығы туралы көзқарастарын өзгертті. Осыған байланысты асқазан жолдары қызметінің бұзылуына мыс әсер етпейді деп есептелінді. Гепатоцеребральды дистрофия () ағзада мыстың көптеп жиналуымен байланыстыпайда болатындықтан қорқыныш болатын. Өйткені оны бауыр өтке бөліп шығармайтын. Бұл ауру ми мен бауырдың зақымдануына әкеліп соғады. Бірақ та аурудың пайда болуына мыстың ағзаға қабылдануы туралы себеп-салдар қолдау таппады. Тек қана бұл аурумен ауырған адамдардың ас пен су құрамындағы мыстың көптігіне өте сезімталдығы ғана анықталды.Мыстың маңыздылығы. Мыстың ағза үшін маңызы көпке белгілі. Олар қысымды үсіреді, заттардың алмасуын қалыптастырады және дұрысын айтқанда барлық бәлеге панацея (барлық ауруларды емдейді-мыс дейтін әбебап дауа) болып саналады. Шындығында, мыстың әрекетінің механизмі ақырына дейін түсінікті болмаса да оның ем болатын қасиеттері жоғары.

  • Жақсы белгілі клиникалық факт - аурулардың үлкен мөлшері кезінде (гепатит, бауырдың циррозы, қан аздық, ақ қан, диатез, туберкулез, менингит және т.б) қандағы мыстың концентрациясы анағұрлым көбейеді. Ол ол ма, қан сарысуындағы мыстың мөлшерінің және қабынудың нәтижесінде дене температурасынң арасында тікелей тәуелділік бар. Мсы жасушалы деңгейде тотығу - тотықсыздануы процестерінде маңызды роль атқарады, және оның жетіспеушілігі қабынудың профилактикасын және емдеуді едәуір қиындатады.

  • Гемоглабиннің синтезделуін активтендіреді, жасушаның тыныс алу және мидың жасушаларында оттегін сақтау процесстеріне қатысады. Гемоглабинге ұқсас, оттегінің тасымалына қатысатын ақуызбен комплексті қосылыстардың қүрамына ( мыс - протеидтер ) кіреді.

  • Ақуызды алмасуды мақұлдайды, сүйек ұлпасының құрылымынақатысады.

  • Мыстың иондары көптеген иондардың құрамына кіреді.

  • Жүйке импульсінің өткізгіштігіне қатысады, жүйке жүйесінің жұмысын қалыптастырады.

  • Біздің теріміз бен шашымыздың түсін қамтамасыз ететін пигменттердің құрамына кіреді.

  • Шаштың жақсы өсуін қамтамасыз етеді олардың күйіне игілікті әсерін тигізеді. Мыстың жетіспеушілігі кезінде шаш сынғыш, құрғақ және тіл алмайтын болып қалады.

Оның көптеген ферменттер құрамына еніп немесе олардың ырықтығына жанамама әсер етушілік қасиеті де мыстың физиологиялық маңызын анықтайды. Ортодифенолоксилаза, бензиламиноксидаза, ксантиноксидаза, диаминооксидаза,урантоксидаза, бензиламиноксидаза, триптофанипирролаза, рибулозодифосфаткарбоксилаза, сульфидтрансфераза ферменттерінің құрамына мыс енеді. Мыс өсімдіктегі азотты қосындылардың алмасуына қажет нитраттардың тотықсыздануына қатысады. Бұл элементтің азот игерілуіне де қатысы бар екендігі белгілі болды. Оның әсеріне түйнекшелердегі нитратредуктазаның ырықтығы күшейеді, ферредоксиннің мөлшері көбейеді. Ол молекулалық азоттың игерілуіне де қатысады.Өсімдік клеткасында мыс түрінде енеді. Оның шамамен 60%-ті байланысқан яғни ерімеген күйде болады. Жапырақтағы барлық мыстың 70%-ке жуығы хлоропластардың және шамамен жартысы пластоцианиннің құрамында шоғырланған. Құрамында мысы бар плостоцианин белоктың фотосинтез процессіндегі маңызы туралы бұдан бұрын айтылады.Мыс тапшылығынан өсімдіктер хлороз ауруына шалдыңады, бұтақтануы нашарлайды, дәндері дұрыс қалытаспайды [9] .Мыстың биологиялық рөлі - Мыс жоғарғы санатты өсімдіктер мен жануарларға қажетті элементтің бірі болып табылады. Қанда мыс  белогымен тасымалданады. Ішекте сіңірілген мыс бауырға альбуминнің көмегімен тасымалданады. Сонымен қатар мыс өте көп мөлшерде ферменттердің құрамында бар. Мысалы цитохром-с-оксидазада. Мыс пен мырышы бар супероксид дисмут ферментінде және деоттегін тасымалдайтын гемоцианин белогында бар. Малюскалар мен көпаяқтыларда мыс темірдің орнына оттегіні тасымалдайды. Мыс пен мырыш асқазан жолдарындағы өңделу кезінде бірімен-бірі бәсекелес деп болжанады. Сондықтан екеуінің біреуі ас құрамында көп болса екіншісінің азаюына алып келеді. Дені сау адамға күніне 0,9 мг мыс қажет.Егер ағзада мыс жетіспесе, бауырда қорланған темір гемоглобинмен байланысқа түсе алмайды. Мыстың мөлшерінің аз немесе көп екендігінің көрсеткіші — адамның шашы. Мыстың мөлшері төмендеген кезде немесе жетіспеген жағдайда шаш тез ағарады. Мыс қанға оттегінің өтуін қамтамасыз етеді.Қорғасынның негізгі қасиеттері:Қорғасын адамзаттың ең алғаш қолданған ауыр металдарының бірі. Оны біздің заманымыздан бұрынғы ІІІ-ІІ мыңжылдықтырынан бері қолданылып келеді.Ең алдымен Римдіктер қорғасыннан су өткізетін құбыр жасапты.Содан кейін шарап құйып сақтап қоятын ыдыстар жасап, шарап сақтап қойыпты.Қорғасын ыдыста сақталған шарапты олар жоғары бағалапты. Өйткені қорғасын зиянды зат бөліп, шараптың дәмін өзгертіпті. Бұл дәмнің қаншалықты ден саулыққа зиян екенін римдіктер ол кезде білмепті.Қорғасынның атауы «Өте лас» деген мағына береді. Химиялық қасиеттері:Табиғатта қорғасын таза күйінде сирек кездеседі.Ол жұмсақ, майысқақ және икемделгіш метал.Азот қышқылында тез ериді.Оның барлық қоспалары қатты улы болады.Биогеохимикалық зерттеулер кезінде өсімдіктегі элементтің химиялық құрамын зерттеу айырқыша роль атқарады.  В. И. Вернадскийдің пікірі бойынша - өсімдіктер биогеохимилық процесстер кезінде затттарды биосфераға тасымалдау барысында ең құдыретті күш. Соымен қатар, орасан зор түрленуі кезіндегі өсімдіктердің ролі, қоршаған ортада элементтерді табу барысында формасын өзгертеді.Н.И. Базилевич мәліметі бойынша кептірілген өсімдіктің құрғақ салмағы - 2,5*1012 т. Құрғақ өсімдіктің құрамындағы қорғасының массасына сәйкес оның орташа концентрациясы- 1,25 мкг/г; 3,1*106 т тең.Пайдалануы: Қорғасынды электр желілерін, аккумляторлар,оқ-дәрі өндірісінде кеңінен қолданылып келеді. Қорғасын гамма сәулелерін жақсы сіңіреді.Сондықтан оны радиоактив заттармен және рентген сәулелері мен жұмыс істегенде қолданып келеді.Ренткенге түсіретін адамдардың алжапқыштары мен қолқаптары өте ауыр болады.Өйткені ол қорғасын қосылған жіптен жасалады. Қорғасын адамды рентгеннің өткір сәулесінен қорғайды. Кейбір еріген қосылыстары медицинада қолданылады.Қалай айтсақта қорғасын, бағалы, дүниежүзілік саудада сұранысқа ие метал. Қорғасынның адам денсаулығына әсері. Қорғасын-бұл ауыр метал,улы,улылығы 1-3 грам,адам өміріне қауіпті мөлшері 10 грам. Ағзаға қорғасын қосылыстары асқорыту жүйесі ,тыныс алу жүйесі, тері арқылы түседі. Қорғасынмен уланған кезде миға зақым келеді (энцефалопатия), эритроциттердің бұзылуынан қанның тыныс алу қызметі, ас қорыту жүйесінің қызметі бұзылады. Оқушылардың шаштарының құрамындағы қорғасын мен кадмийдің деңгейі олардың ақыл ойының дамуына әсер ететіндігі анықталған.Англияда 40 мың мектеп оқушысының қанының құрамындағы қорғасынды тексеріп,орташа 2,5 микрограм/децилитр болыпты Мамандар мұның өзі улы әсер ететінін дәлелдеп отыр. «Қорғасын жоғары жүйке жүйесіне қатты әсер етіп, баланың мінез-құлқын өзгертіп жібереді»-дейді мамандар. Балалардағы төмен салмақ, аласа бой, есту кемістігі сияқты аурулар қорғасынмен уланудан болады. Қанда қорғасынның шектен тыс көбеюі ақыл кемістігіне әкеліп соғады.Қорғасын қосылыстары ересек адамдарда қан қысымының жоғарылауы, жүйке жүйесінің, бауырдың, бүйректің қызметінің бұзылуына зиянды әсер етеді. Сонымен қатар қорғасының адамның репродуктиві қызметіне әсері осыдан 100 жыл бұрын белгілі болған. Жүктіліктің 12-14 апталарында қорғасын қосылыстары жиналып, соның салдарынан түсік, тастау, іштей өлі туылуы, жаңа туылған сәбидің жүйкесінің зақымдануы ,кемтар баланың дүниеге келуі байқалады. Қорғасын ағзаға түскеннен кейін бірнеше минут өткен соң қан жасушасына қосылып, эритроцитке жабысады, өйкені эритроцитте плазмаға қарағанда 16 есе көп мөлшерде қорғасын сақталады.Сүйек құрамындағы кальций жетіспеушілігне шалдықтырып, тіс құрамын бұзады. Ерлер организімінде қорғасының спрематогенезге зиянды әсер зор. Мысалы оған хромосомдық аберрациялар, сперматозидтар санының азаюы, олардың пішіні мен қызметінің бұзылуы дәлел болды. Ағылшындар қазіргі кездегі тәрбиелеуі қиын балалардың, үлгерімі төмен балардың біразының қан құрамын зерттеп, қорғасын қосылыстарының көп мөлшерде екендігін анықтап,олардың осындай болуына бірден-бір себеп осы удың әсері деп ұйғарды.Біздің ауылымызда ден саулығы жақсы, мүлдем ауырмайтын, бірақ сабаққа мүлдем үлгермейтін балалар бар. Мұның себеп салдары сол ауыр металдармен улану екеніне дәрігенрлердің көзі енді ғана жетіп отыр [13] .

"Зерде" фирмасының суық тиюге қарсы дәрілік өсімдіктерінің (қызыл мия, сәлбан, түймедақ, пармелия, өгейшөп) құрамындағы мыс пен қорғасынның мөлшері анықталды, қорғасынның орташа мөлшері - ±0,63 мг/кг тең, ал мыстың -±0,40 мг/кг тең. Әртүрлі өсімдіктер селективті қабілеттілігімен және мыс пен қорғасынның жиналуы бар екенімен анықталған. Ең жоғары қорғасынның мөлшері Сәлбанның құрамында анықталды (0,98 мг/кг), ал ең аз мөлшері - түймедақтың құрамында ( 0,33 мг/кг). Мыстың максималды мөлшері өгейшөпте (0,73 мг/кг), ал минималды мөлшері қызыл мияда (0,12 мг/кг) анықталды.

  • Ауыр металдардың соның ішінде мыс пен қорғасынның өсімдікте жиналуы, өсімдіктердің систематикалық және морфологиялық ерешеліктеріне және барлық элементтердің биологиялық ерешеліктеріне байланысты екені анықталған. Зерттелген элементтер дәрілік өсімдіктердің морфологиялық еркешелігіне байланысты келесі геохимиялық қатарды құрайды:

шөбі > жапырақтары > гүлдері > тамырыжапырақтары > тамыры > шөбі > гүлдері3. Зерттелген дәрілік өсімдіктердің құрамындағы қорғасын мен мыстың мөлшері систематикалық көрсеткішке тәуелді. Максимальды қорғасынның мөлшері Lamiaceae (0,98 мг/кг) тұқымдастығында, ал минимальды Parmeliaceae (0,44 мг/кг) тұқымдастығында анықталды.Мыстың ең жоғары мөлшері мөлшері Parmeliaceae (0,7 мг/кг), ал төмен мөлшері Lamiaceae (0,13 мг/кг) тұқымдасында анықталды. 4. Зерттелген дәрілік өсімдіктердің құрамындағы мыс пен қорғасынның мөлшері ШКР (10 мг/кг) -дан аспайды. Қорғасынның орташа мөлшері 16 есе, ал мыстың мөлшері - 25 есе ШРК дан төмен, сондықтан бұл суық тиюге қарсы дәрілік өсімдіктердің зияны жоқ және пайдалануға болады.











Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
15 желтоқсан
1427
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі