Тақырып бойынша 11 материал табылды

Реферат "Жас шағы кезеңдері"

Материал туралы қысқаша түсінік
Студенттерге арналған, студенттерге психология пәнінен өте керекті материал,
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі «М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі» КМҚК





Реферат

Тақырыбы: «Жас шағы кезеңдері»







Орындаған: Бақытбекова Ж.Б

Тексерген: Елеусізқызы М.











Семей 2017 – 2018

Жоспар

1. Кіріспе

2. Теориялық мәлімет

2.1 Жас шағы атаулары

2.2 Адам өмірінің негізгі кезеңдері

3. Ғалымдардың тұжырымдамасы

3.1 Л.С Выготский

3.2 Д.Б Эльконин

4. Қорытынды

Кіріспе


Жас кезеңдері негізі даму заңдылықтарымен анықталады.Отандық психологтар бала дамуының әрқайсының өзіндік ерекшелігін, кезеңнің әлеуметтік даму жағдайы және жетекші іс-әрекет түсініктерімен анықтайды.

Әлеуметтік даму жағдайы  Л.С. Выготскиймен анықталған. «Дамудың ішкі процестері мен сыртқы жағдай үйлесімділігі, ол әр жас кезеңіне тән және сол жас кезеңіне тең психикалық даму динамикасымен шарттасады және жаңа сапалық  өзіндік психологиялық жаңалық, яғни соңында байланысты».

Жетекші әрекет түсінігі А.Н.Леонтьев еңбектерінде ашылған. Әрбір жас кезіне сәйкес іс-әрекет түрі сәйкес келеді, ол баланың жеке басының дамуына және қалыптасуына, рның танымдық мүмкіндіктеріне әсер етеді.

Психологиялық – педагогикалық ғылымның тереңдетіліп дамуына байланысты, жас кезеңдері де зеттелуде. Бұған Д.Б. Элькониннің еңбектері дәлел бола алады.


















2. Өсу және даму - әрбір жеке ағзаға тән қасиеттердің бірі. Өсу мен даму кезінде ұлпалар мен мүшелерде сандық және сапалық күрделі өзгерістер байқалады. Адам ағзасының өсуі мен дамуында негізінен 2 кезеңді ажыратады. Бірінші ұрықтық даму(эмбриональдық). Бұл ағзаның ұрықтанған жұмыртқа жасушасынан бастап, туғанға дейінгі уақытты қамтиды. Ұрықтық даму анасының ішінде, яғни жатырда өтеді. Екіншісі - туғаннан бастап, өз тіршілігін жойғанға (өлгенге) дейінгі кезең. Әрбір ағзаның жеке дамуын ғылыми тілде онтогенез (гр. ontos — жекелей, genes - шығу тегі) дейді. Адамның туғаннан кейінгі жеке дамуында бірнеше кезеңдерді ажыратады.

2.1 1 жасқа дейін – шақалақ, нәресте.

1 жастан 10 жасқа дейін – сәби.

1 жастан 2 жасқа дейін қыз бала – бөпе, ұл бала – бөбек.

1 жастан 3 жасқа дейін – бүлдіршін.

3 жастан 5 жасқа дейін – балдырған, балауса.

6 жастан 7 жасқа дейін – ойын баласы, жеткіншек.

13 жастан 15 жасқа дейін – ересек бала, жасөспірім.

16 жастан 19 жасқа дейін – бозбала, бойжеткен.

20 мен 30 жас аралығы – жас жігіт, қыз.

30 бен 40 жас аралығы – дүр жігіт, аға, еркек, кәрі қыз, келіншек.

40 пен 50 жас аралығы – ер түлегі, отағасы, әке, көке, әйел, ана, тәте.

50 мен 60 жас аралығы – жігіт ағасы, сары кідір әйел.

60 пен 70 жас аралығы – қарасақал, ата, қара кемпір, апа, әже.

70 пен 80 жас аралығы – ақсақал, ақбұрым.

80 мен 90 жас аралығы – ақ үрпек шал, ақ үрпек ана, қарт, қария.

90 мен 100 жас аралығы – селкілдек шал, селкілдек кемпір.

100 жастан жоғары – кейуана, баба.

2.2 Нәрестелік кезең. Нәрестенің дүниеге келген күнінен бастап, 28-күнге дейінгі уақыт аралығы осылай аталады. Бұл кезде жаңа туған нәрестенің барлық мүшелері және мүшелер жүйесі өз алдына (анасының ағзасына байланыссыз) қызмет атқарып, өзара іс-әрекет жасайды. Мысалы, жылуды реттей алады. Тынысалу, ему, көзін жыпылықтату және басқа рефлекстерді өздігінен «іске қосады». Сондықтан бұл уақыт аралығы нәрестелік кезең деп жеке карастырылады.

Емшектік кезең. Мұнда нәресте анасынан нәрлі уыз сүтін емеді. Уыз сүтінде нәрестенің ағзасына қажетті тағамдық заттар өте мол. Сондықтан да «уызына жарыған ұлылыққа ұмтылар, азамат боп өседі, ізгілікке құнты бар» деген халық нақылында терең тұжырым бар. Ана сүтін ешбір тағаммен теңестіруге болмайды. Ана сүтіжетіспеген жағдайда ғана, 6-7 айдан бастап, қосымша тамақтандыруға болады. Бұл кезеңде сәбидің көп уакыты ұйқымен өтеді. Тамақ қажет болғанда, оянады. Емшектік кезеңде тамақ беру уақытын және тазалықты мұқият сақтау қажет. Олай болмаған жағдайда ұйқысы бұзылады, мазасыз болады, асқорытуы ауытқиды. Емшектік кезеңде нәресте қарқынды өседі. Қозғалыс әрекеттері дамиды: мойыны бекиді, отырады, еңбектейді, жүруге талпынады. Бұл кезеңде сүт тістері шыға бастайды, жеке сөздерге тілі келеді. Омыртқа бағанында иілімдер пайда болады. Қол-аяқ бұлшыкеттері де дами бастайды. Нәресте денесін шынықтыруға жүйелі түрде шомылдырудың және таза ауада серуендеудің маңызы зор. Нәресте денесін де, мінез-құлығын да дамытуда қайталау және жүйелілік ережелерін есте сақтау қажет. Мұның бәрі де тамақтануға, ұйкыға және т. б. байланысты шартты рефлекстердің дұрыс қалыптасуына септігін тигізеді.

Мектепке дейінгі сәбилік кезең. Бұл кезеңде жаңадан көптеген қозғалысқа байланысты дағдылар қалыптасады. Сәби еркін жүреді, сөйлейді. Айналасындағы заттарға әуестігі артады, әр нәрсені білгісі келеді. Ойлау кабілеті дамиды. Жаңадан шартты рефлекстер калыптасады. Сүт тістері (20) толық шығып үлгіреді.

Мектепке дейінгі естияр кезең. Бұл кезенді кейде мектеп жасына дейінгі кезең деп те атайды. Бұл кезеңде баланың айналасындағы болып жатқан жағдайларға кызығушылығы артады. Бұл не? деген сұрактарға жауап іздейді. Ми көлемі артып, дами түседі. Анық сөйлейді. Бұл кезеңде бала үшін әр түрлі ойынның маңызы зор. Ойын арқылы денесі өседі, көңіл күйі қалыптасады. Әсіресе, кимыл-өрекеті қажет ететін ойындар арқылы каңқасы мен бұлшыкеттері дұрыс жетіле түседі.

Мектеп жасындағы ересек кезең. Баланың іс-әрекетінде сапалық өзгерістер байқалады. Бұл негізінен баланың мектепке баруымен тікелей байланысты. Енді бала мектеп тәртібіне бағынуға байланысты іс-әрекеттерге талпынады. Жаңа дағдылар қалыптасады, жауапкершілікті, тәртіпті сезінеді. Ойлау қабілеті дами бастайды. Бойларының ұзындығы шамамен - 140-150 см, салмағы 30 килодан артады.

3. Жас кезеңдері тарихи сипатта болады деп П.П.Блонский мен Л.С.Выготский тұжырымдаған қағидаларды әрі қарай дамытады. Тарихи даму үдерісінде балалар өсетін жалпы әлеуметтік жағдайлар, оқытудың мазмұны мен әдістері өзгеріп отырады және бұлардың барлығы дамудың жас кезеңдерінің өзгерісіне әсер етпей қоймайды. Жас шамасы мен психикасының даму өзгешеліктерін білу үшін жас кезеңдерінің арасындағы сапалық өзгешеліктерді ажырату керек. Әр жас кезеңінің ұзақтығы әртүрлі болғанымен бір-біріне байланысты. Сондықтан әр жас шамасында балалық шақ кезеңі әртүрлі мөлшерде өтеді. Мысалы: нәрестелік кезеңде бір жылдың ішінде 5 сатыдан өтеді. 1-3 жасқа дейін 3 сатыдан, бастауыш сыныпта 3-4 сатыдан өтеді. Бұл баланың денесінің және психикасының әр кезеңде біркелкі дамымайтындығын көрсететін ерекше факт.

3.1 Нәрестелік кезеңнен өту кезеңі бір жастағы дағдарыс деп аталады. Бұл дағдарыс белгілері басқа әлеуметтік ортада емес, ең бірінші отбасында байқалады. Л.С.Выготский 1 жас дағдарысты баланың алғашқы автономды сөйлеуімен және өз бетінше алғашқы қадам басуымен байланыстырады. Бұл дағдарыс та әрбір дағдарыс сияқты, дербестілік, ызалану реакцияларының пайда болуымен байланысты болады. Үлкендердің бала тілегін, сөзін, ым-ишарасын түсінбегендіктен немесе түсініп, оған қажет нәрсені орындамау салдарынан балада реніш сезімі пайда болады. Бала бұл кезде жүре бастағандықтан немесе белсенді жылдам еңбектей алатындықтан, ол үйдегі көптеген заттарға қол жеткізе алады. Үлкендер өткір заттарды, розеткаларды жауып, ыдыстарды, кітаптарды жоғарыға қояды. Баланың барлық тілегін орындау мүмкін емес, себебі, оның әрекеті оған және айналасындағыларға кері әсерін тигізуі мүмкін. Бала «болмайды» деген сөзбен таныс, бірақ дағдарыс кезінде бұл сөз аса өзекті болып табылады.
Нәрестенің эмоциялық сезімі
Нәрестенің сезімінің дамуы күнделікті өмірде берілетін тәрбие жағдайының әсерінен басқа да психикалық үдерістермен қатар дамып отырады. Жаңа туған балаларда тек қана шартсыз рефлекторлық сезім реакциялары, мысалы, кенеттен жағдайдың өзгеруіне байланысты қатты дыбыстан тепетеңдігін жоғалтады, қатты қорқып кетсе қорғаныс рефлексі жылау түрінде көрінеді. Денесінің қысылғанын, не ауырғанын сезсе, тербету тоқталса, бала аяқ қолын қатты қозғалтып, долданып, қатты ашуланғанын білдіріп айғайлап жылайды. Осындай жағдайда тербетіп, жұбатып, сипалап үстінен қақсақ, балада жағымды эмоциялық көңіл-күй байқалады. Ең алғаш сезімнің пайда болып көрінуі баланың барлық органикалық қажеттіліктерімен қанағаттандырылуы дені сау, тамағы тоқ, төсек орны жайлы, киімі құрғақ, өзіне шақ болса бала сергек көңілді болады, жағымды эмоция туғызады. Ал, керісінше, ашықса, суыққа тоңса, қажеттіліктерімен қанағаттандырылмаса, жағымсыз эмоциялар байқалады. Неғұрлым мейірімді үнмен сөйлеп жақсы қарым-қатынас жасасақ көңілденеді, жағымсыз эмоция ащы дәрі ішкен кезде де байқалады.
Баланың үш жастағы дағдарысы
Үш жастағы дағдарысты қарастыруға себін тигізетін үш түрлі көзқарас бар. Біріншіден, бұл дағдарыс баланың өтпелі кезеніне байланысты. Өйткені бала психологиясында бұл кезеңде жаңа-құрылымдар мен саналы ерекшеліктер пайда болады. Бала психикасының дамуындағы дағдарыстын пайда болуын оның жақын арадағы даму аймяғына қатысгы қасиеттерді өзгеру заңдылығымен ұштасты түрде іздестіру керек болады. Үш жастағы дағдарысты тек теориялық схемамен қарастыруга болмайды. Біз іс жүзіндегі тиісті материалдарды талдаудан баста- уымыз керек, мұндай материалдарды түсіктіруде ұсынылған теорияға сүйену қажет. Үш жастағы дағдарыстын мән-жайын ашып көрсету үшін балаңың дамуьшдағы сыртқы және ішкі жағдайларды қарастыру қажет. Бұл мәселенін түйінді жері бяланың үш жаста дағдарысқа ұшырау себептері нендей жағдайларға байланысты болады және оның қалыпты жағдайдан ауытқуына әсер етуші фактор қандай деген мәселенің мәнін айқындап көрсетуді талап етеді.
Үш жастағы дағдарыстың екінші көрінісі — қырсығу. Жағымсыздық қырсығудан өзгеше қылық. Қырсығудың өзін қасарысудан ажырата білу керек. Мысалы, бала бір нәрсенің орындалуын өзінше талап етіп қасарысып тұрып алады. Бұл қырсықтану емес, бұл үш жастағы дағдарысқа дейін де кездеседі. Мысалы, бала бір затты иемденгісі келеді, бірақ оны бірден ала алмайды. Ол бұл заттың өзінікі болуына қасарысумен қол жеткізеді. Қырсықтану дегеніміз, сәбиге бір зат оған аса қажет болғандықтан қасарыса қалмайды, ол затты сұрағаны үшін ғана: қасарысады. Ол өз талабының орындалуын тілейді. Айталык, сәбиді ауладан үйге шақырдық дейік; ол көнбейді, бірақ біз оның үйге кіру керектігін дәлелдеп, үгітгейміз, ол дәлелді түсінгенімен; бәрібір үйге кірмейді. Сәбидің қырсықтану себебі өзінің бастапқы шешіміне байланысты болады.
Баланың жеті жастағы дағдарысы
Мектеп жасындағы бала, барлық жас кезендері сияқты, психикалық дамуыңда дағдарысқа немесе күрт өзгерістерге ұшырап отыратындығы ғылыми әдебиеттерде баяндаған. Мұндай өзгеріс баланын жеті жастағы дағдарысы деп те аталады. Осы кезевде баланың акьш-ойының өсуіне орай қауырт өзгерістерге үшырап, тәрбиесі жөнінен де бұрынғы уакытқа қарағанда неғұрлым қиындай түсетіні айқын байқалады. Бұл кезеңде оны енді мектеп жасына дейінгі бала деп те, оқушы деп те атау киын. Өйткені ол өтпелі кезеңді басынан кешіреді.
Жеті жастағы баланың басынан өтетін дағдарыстың негізінен екі түрлі ерекшелігін қарастырып көрейік. Бала айтқанға көнбей қырсығады. Жүріс-тұрысы өзгереді. Мінезінде ойланбай істейтін жасанды қылықтар пайда болады, ұшқалақ, қылжақбас күлдіргі қылықтары пайда болып, ол өзін сайқымазақ ретінде көрсетеді, Мұндай қылықтар баланың жеті жасқа дейінгі кезеңің болғанымен, оның төңірегінде оған жете мен бермейді.Жеті жастары баланын дағдарысынын ең басты көрініс оның жеке басының ішкі және сыртқы дүниесіндегі елеул; өзгерістерге ұшырау себептерімен байланысты.
Әлеуметтік даму жағдайы Л.С. Выготскиймен анықталған. «Дамудың ішкі процестері мен сыртқы жағдай үйлесімділігі, ол әр жас кезеңіне тән және сол жас кезеңіне тең психикалық даму динамикасымен шарттасады және жаңа сапалық өзіндік психологиялық жаңалық, яғни соңында байланысты».

3.2 Д.Б Эльконин бойынша жас кезеңінің бөлінуі
Д.Б. Элькониннің жас кезеңдері мына кестеде көрсетіледі: Нәрестелік жас туғаннан кейін -1 жас. жетекші әрекеті – эмоциональды қарымқатынас. Бұл жастағы маңызды жаңалық (жетістік) қарым-қатынасқа деген қажеттілік басқа адаммен.
Сәбилік кезең 1-3 жас. Жетекші әрекеті – заттық әрекет. Жетістік сөйлеудің дамуы және көрнекі әрекеттік ойлаудың дамуы.
Мектептегі жасқа дейінгі кезең-3-7 жас. Жетекші әрекеті – рольдік ойын. Жетістігі –қоғамдық маңызы, қоғам бағалы ісәрекетке ұмтылу. Бастауыш сынып оқушысы-7-14 жас. Жетекші әрекеті – оқу. өз процесінде ес қалыптасады., сыртқы әлемнің заттарын меңгереді. Бұл жастың жетістігі болып психикалық құбылыстардың ырықтылығы, ішкі әрекет жоспары, рефлекция алынады.
Жеткіншілік жас 11-15 жас. Жетекші әрекеті қоғамда пайдалы іс-әрекет жүйесіндегі қарымқатынас (оқу, қоғамдық –ұйымдастыру, еңбек т.б.) бұл процесте жеткіншек әртүрлі жағдайдағы қарым қатынас дағдыларын меңгереді. Маңызды жетістіктері болып өзін-өзі бағалаудың қалып, қоршаған адам. Сын көзбен қарау «ересек болуға ұмтылу және ұжым өмірінің нормаларына бағына білу іскерлігі мен дербестігінің қалыптасуы.
Балғын жастық шақ 15-17 жас. Жетекші әрекет - кәсіптік оқу, жетістігі: оқу процесінде дүниетанымы, кәсіби қызығушылығын, өзіндік санасы, арман, мұраты қалыптасады. Бұл классификация жас кезеңдерінің өзгеру механизмін ашуға, диалетикалық материалистік ілгеріге сүйене отырып дамудың қозғаушы күштерінің, яғни жаңа қажеттіліктер мен (оларды бұрынғыша) ескі мүмкіндіктерді қанағаттандыру арасындағы қайшылықтар күресін түсінуше мүмкіндік береді.
Мұнда, жас - нақты психикалық дамудың уақытпен шектелген сатысы. Ол физиологиялық және психикалық өзгерістер заңдылықтарының жиынтығы мен жалпы адамның жеке даму айырмашылықтарымен байланысты еместігімен сипатталады. Жас психологиялық ерекшеліктерінің нақты тарихи жағдайларымен шарттасқан бұлар тұқым қуалаушылық әрекет ерекшелігі индивидуалдылықтың қарым – қатынасы. Дамудың қозғаушы күштері – жеке бас өз өмірінде ішкі қайшылықтардың әсері негізінде дамиды. Олар жеке бастың қоршаған ортамен байланысына оның жетістіктерімен сәтсіздіктеріне қоғаммен индивидтің тепе – теңдігінің бұзылуына байланысты. Дамушы жеке бас жаңаша өмір сүру жағдайына қоғамдық маңызды әрекетке қарай ұмтылады. Осы мақсатты жүзеге асыруда өз дамуының жаңа қайнар көздерін табады.
Дамудың әлеуметтік жағдайы - әр жас кезеннің өзіне ғана тән және сол кезендегі психикалық дамуға әсер ететін сыртқы жағдай. Әр жастағы баланның өмірі , олардың өздеріне өмір мазмұнына толы. Қоршаған адамдармен өзара қарым – қатынасы белгілі бір жас кезендегі жетекші әрекет. Сонымен қатар әр жас кезенде бала орындайтын белгілі бір міндеттер және бала орындауға тиісті міндеттер болады. Дағдарыс - Бір жастан екінші жас кезеніңе өту кезінде психикада өзгеріс болып даму секірмелі сипатта болады. Дамудың жас дағдарыстары кейбір жалпы ерекшеліктермен сипатталады. Жетекші әрекет – адамдардың белгілі бір жас кезеңдерде пайда болатын және қалыптасатын негізгі психикалық жетістіктерді анықтайтын әрекет.

4. Қорытынды

Жас кезеннің көптеген теориялары бар. Биологиялық теориялар нақ өсудің биологиялық процестері басқаларының бәрінен басым болады деген оймен жас өспірімдікті алдымен организм эволюциясының белгілі бір кезеңі деп қарайды. Психологиялық теориялар психикалық эволюцияның заңдылықтарына, ішкі дүние мен өзін-өзі ұғынудың тән сипаттарына назар аударады. Психоаналитикалық теориялар жас өспірімдікті психосексуалдық  дамудың белгілі бір кезеңі деп біледі. Көрсетілген теориялар жас өспірімдікті алдымен индивид немесе жеке адамның дамуы ретінде ішкі процесс тұрғысынан қарайды. Бірақ бұл даму әр түрлі әлеуметтік және мәдени ортада әр келкі болып өтеді. Жас өспірімдіктің социологиялық теориялары оны алдымен социализацияның белгілі бір кезеңі, тәуелді балалықтан ересектіктің дербес те жауапты іс-әрекетіне көшу деп қарайды. Зерттеушілер адам меңгеруге тиісті әлеуметтік рольдерге, оның бағалаушылық бағдарларының қалыптасуына, еңбек өміріне аяқ басуымен байланысты проблемаларға назар аударады, яғни индивидтік-психологиялық проблемалар әлеуметтік проблемалардан шығарылады.








Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
06.11.2018
3978
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 11