400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Реферат: Көмірсулар

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларға "Көмірсулар" тақырыбын түсіндіру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Көмірсулардың адам өміріндегі маңызы

Көмірсулар – құрамына көміртек С, сутек Н, оттек О кіретін күрделі органикалық қосылыстар, олар адам массасының 0,6%-ын құрайды.

Көмірсулар табиғатта өте көп таралған және адам өмірінде маңызы өте зор. Көмірсулардың өте маңызды қосылыстар екені дәлелденді. Олар нуклеин қыщқылдарының және кейбір белоктардың құрамында кездеседі. Белоктар адам организмінде иммундық системаның құрылуында маңызды рөл атқарады.

Адам организміне тағаммен бірге құрамы күрделі (полисахарид – крахмал) әрі қарапайым (фруктоза, глюкоза, т.б.) көмірсулар түседі.

Көмірсулар адам организміндегі майлар мен нәруыздардың алмасу реакцияларына қатысады. Көмірсулар да майлар сияқты энергия көзі. Мысалы, глюкоза – адам миы үшін қажет ең басты энергия көзі. Адам организміне көмірсулар жетіспесе, нәруыздар мен майлардың алмасуы бұзылады. Адамды ұйқы басады, әлсірейді, басы ауырады, жүрек айниды, діріл, ашығу сезімдері пайда болады. Бұл ауру белгілерінен арылуға кәдімгі қант көмектеседі. Сонымен қатар көмірсуларды көп мөлшерде пайдалану артық салмақтың пайда болуына әкеледі. Қанттың және тез сіңірілетін көмірсулардың мөлшерден артуы глюкозаның меңгеруіне қажетті инсулин бөлетін ұйқы безі жасушаларына ауырлық түсуінен, содан кейін олардың жойылуынан жасырын қант диабеті пайда болуы мүмкін. Бірақ қант және құрамында қанты бар өнімдер қант диабетін туғызбайды, тек оның даму қаупін арттырады.

Ағзада көмірсулардың қоры өте аз көлемде, сондықтан оның артық мөлшері де ағзада аз болады. Ағзаның көмірсуға деген қажеттілігін қанағаттандыру үшін көмірсулар тағамдармен үздіксіз түсіп тұруы керек.

Глюкоза – жеміс-жидектердің, балдың құрамында көп кездеседі. Глюкоза ағзада гликогеннің пайда болуы үшін қолданылады, мидың ұлпаларының қоректенуіне, бұлшық еттердің қоректенуіне, оның ішінде жүрек етінің, қанның құрамында қанттың нормада болуына және бауырда гликогеннің қорының жиналуына әсерін тигізеді.

Фруктоза ішекте жай сіңеді, қанға түскен соң, қанның ағымынан тез шығады. Фруктозаның 70-80%-ы бауырда болады да, қанның құрамында қанттың көбеюіне себеп болмайды. Жасы келгендер мен кәрі кісілерге және ой еңбегімен айналысатын кісілерге ұсынылады.Фруктоза май алмасу процесі бұзылған адамдар үшін ең жақсы қант болып табылады, өйткені ағзада оның аз мөлшері ғана майға айналады. Мына тағамдар құрамында көп кездеседі: бал, құрма, жүзім, алма, алмұрт, қарбыз және т.б. азық-түліктерде.

Гликоген- бауыр мен бұлшық еттерде, қанда да жиналады. Ол- организмге қуат беретін заттық қор.

Крахмал адам тамақтануындағы барлық көмірсулардың 80%-ын құрайды. Ол ұн, картоп, макарон өнімдері, нан өнімдерінде кездеседі. Крахмал глюкозаға дейін ыдырай отырып, қатысты түрде жай қорытылады.

Әсіресе дене еңбегімен айналысатын адамдар үшін көмірсулар негізгі энергия көзі болып табылады. Адамға тәулігіне 400-500г көмірсу қажет.

Көмірсуларға әсіресе жеміс-жидектер, көкөністер, жармалар, нан сияқты өсімдік тектес азықтар бай. Сүттен басқа жануар тектес азықтар құрамында көмірсулар аз. Асқорыту жолында көмірсулар глюкозаға дейін ыдырайды, қанмен бірге жасушаларға сіңіріледі. Глюкоза әсіресе өсу кезінде жаңа жасушалардың түзілуі үшін қажет. Көмірсулар орталық жүйке жүйесіндегі зат алмасу үшін қажет. Адамның қанында қанттың мөлшері төмендеген кезде жүйке жүйесінің бұзылуы байқалады, ол қалшылдау, ақыл-есінен танудың басталуынан көрінеді. Бірнеше түйір қантты қабылдау организмнің жағдайын жақсартады.























Пайдаланылған әдебиеттер

1. П.К. Кенжебеков, «Биологиялық химия», Шымкент, 2005ж.

2. Т.С. Сейтембетов, Б.И. Төлеуов, А.Ж. Сейтембетова «Биологиялық химия». Алматы, 2010 жыл.

3. С.О. Тапбергенов «Медициналық биохимия». Алматы, «Эверо», 2009 жыл

4. Березов Т.Т. «Биологическая химия (Электронный ресурс): учеб.

5. Т.Т. Березов, Б.Ф. Коровкин. – 3-е изд.,стереотип. – М.: ОАО Издательство «Медицина», 2008 год.

6. Р.Ұ. Бейсенбаева, Б.Т. Төлегенова «Биологиялық химия». Алматы, 2008 жыл.



































Есік гуманитарлық-экономикалық колледжі



















Shape1

Тексерген: Бану Каматаевна

Орындаған: 101 топ студентіАренбай Аяулым

















2019 жыл



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
6 ұстаз жүктеп алған
27 қараша
4449
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі