400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 15 материал табылды

Реферат мұнай

Материал туралы қысқаша түсінік
Реферат ...................... үүүүүүүүү
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мұнай туралы қызықты ақпарат.

Жанузакова Айдана.

































Орыс тіліндегі «нефть» сөзінің түбі араб тіліне тіреледі. Араб тіліндегі nаft, nаftа сөздері – шашу, шығару деген мағынаны білдіреді. Сондай-ақ, аталмыш сөздің шығуының тағы бір нұсқасы бар, оған сәйкес

1- Мұнай сөзінің әртүрлі тілдегі нұсқаларының этимологиясы

Орыс тіліндегі «нефть» сөзінің түбі араб тіліне тіреледі. Араб тіліндегі nаft, nаftа сөздері – шашу, шығару деген мағынаны білдіреді. Сондай-ақ, аталмыш сөздің шығуының тағы бір нұсқасы бар, оған сәйкес, ежелгі аккад тілінде «оңай жанатын» деген мағынаны беретін «напатум» сөзі болған.



Мұнайды б.з.д. 347 жылдың өзінде-ақ пайдаланып үлгерген қытайлар оны «ши йоу» дейді, оның мағынасы «тау майы» дегенге саяды.



Ағылшынның «petroleum» сөзі де тау майы (гректің «petra» - тау және «oleum» - май) дегенді білдіреді.

2- Мұнай жоғалып кеткен динозаврлардан пайда болды дегенге әлі сенесіз бе?

Мұнай саласына қатысы жоқ адамдардың көбі әлі күнге дейін мұнай динозавр секілді ежелгі жануарлардан түзілген деп санайды.



Шындай-ақ, мұнай органикалық заттардан (тірі ағзалардың қалдықтарынан) түзіледі, алайда бұл ағзалар динозаврларға қарағанда әлдеқайда кіші еді. Ғалымдардың пікірі бойынша, мұнайдың түзілуіне қажетті шикізат ретінде жағалаудың бойындағы теңіз микроағзаларын (90 % фитопланктоннан тұратын планктон) қарастыру керек.

3- Мұнай жер астында көл немесе теңіз күйінде жата ма?

Мұнай индустриясын зерттемеген адамдардың тағы бір қателесетін тұсы осы. Шын мәнісінде, жер астындағы ешқандай мұнай көлдері жоқ. Жер қабаттары құрамында әртүрлі минералдар бар тау жыныстарынан тұрады. Тығыздығы салыстырмалы түрде төмен мұнай, газ, су секілді тау жыныстары коллекторлар деп аталады. Коллекторлардың сұйыққа айналу қасиеті бар. Құрамына мұнай сіңген осындай коллектор-тау жыныстары мұнай ошақтарына құрайды.

4-Адамдар мұнайды 6000 жылдан аса уақыт бойы пайдаланып келеді

Ежелгі Вавилонда битумды ғимарат құрылысы мен теңіз кемелерінің герметизациясы үшін пайдаланды. Гудрон алғаш рет VIII ғасырда Бағдад қаласында жол салу кезінде қолданылды.



Ежелгі мысырлықтар және содан кейін гректер жарықтандыру үшін алғашқы шағын шырақтарды жасап шығарды. Сол шырақтарға жағармай ретіне мұнай пайдаланылды.



Византия империя кезінде мұнайды «грек оты» деп атап, оны өте зұлым қару ретінде қарастырды, себебі оны сумен өшіру амалдары нәтижесіз аяқталатын.

5- Сіз киттерді жақсы көресіз ба? Жақсы көрсеңіз, біле жүріңіз: киттер тек мұнайдың арқасында толық жойылудан аман қалды

Он тоғызыншы ғасырда кит майына деген сұраныс өте жоғары болды. Кит майы жарықтандырушы шырақтарда кеңінен қолданылды, өйткені ол баяу жанатын және түтін де, жағымсыз иіс те шығармайтын. Сонымен қатар, кит майы сағат механизмдерінің арасына жағатын жақпа ретінде, жаңа түскен суреттің бетіне жабылатын қорғаныш қабат ретінде, сондай-ақ, медициналық дәрілер, сабын және косметика жасауда құрамдас бөлік ретінде пайдаланылды.

6- Бензин бағасы бір кездері тым арзан болды

Мұнай саласы енді дамып келе жатқан тұста мұнай өңдеудің негізгі мақсат керосин алу еді. Бұл жеңіл көліктер танымал болып, кеңінен қолданыла бастағанға дейін болатын. Мұнай өңдеу кезінде пайда болатын қажетсіз сұйықтық бензинге деген сұраныс өте төмен болды. Бұл өте арзан өнімді тек биттерден арылу үшін немесе матаны майлы дақтан тазартатын еріткіш ретінде қолданды. Бензиннің арзан, әрі қажетсіз болғаны соншалық, мұнай өндірушілер оны жай ғана өзенген ағызып жіберетін болған.

Мұнай қызықты ақпараттар осымен тамам.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
13.03.2022
685
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі