15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Рефлекциялық есепке сараптама.
Қазақ тілі пәні бойынша
ІІІ тоқсанда қазақ тілі пәндерінен жалпы білім сапасы 68% - ды құрады. Алдыңғы тоқсанмен салыстырғанда +10%-ға көтерілген. Әр сыныпқа тоқталатын болсам 5 «а» сыныбының білім сапасы ІІ тоқсанда 68 % - ды, ал ІІІ тоқсанда 66 % - ды, құрады. 5 «ә» сыныбының білім сапасы II тоқсанда 63 % - ды, ал III тоқсанда 66 % - ды, құрады. 6 «а» сыныбының білім сапасы ІІ тоқсанда 69 % - ды, ал ІІІ тоқсанда 73 % - ды, құрады. 6 «ә» сыныбының білім сапасы II тоқсанда 70 % - ды, ал ІІІ тоқсанда 68 % - ды, құрады. 7 «а» сыныбының білім сапасы ІІ тоқсанда 71 % - ды, ал ІІІ тоқсанда 85 % - ды, құрады. 7 «ә» сыныбының білім сапасы ІІ тоқсаанда 75 % - ды, ал ІІІ тоқсанда 73 % - ды, құрады. 8 «а» сыныбының білім сапасы ІІ тоқсанда 61 % - ды, ал ІІІ тоқсанда 93 % - ды, құрады. 8 «ә» сыныбының білім сапасы ІІ тоқсанда 66 % - ды, ал ІІІ тоқсанда 88 % - ды, құрады. Әр сыныпқа жеке тоқталсам:
5 «а» сыныптың білім сапасының ІІ тоқсанмен салыстырғанда -2% төмендеген. Себебі: ІІІ тоқсанда екпінді оқушылар қатарындағы Нұржанұлы Н. мектеп ауыстыруына байланысты. Оқушылар санының кемуі.
5 «ә» сыныбының білім сапасы ІІ тоқсанмен салыстырғанда +3% көтерілген. Себебі: Сайбыров Ә. есімді оқушы сабақтарға белсене қатысып, үй тапсырмаларын толық орындап, бөлім бойынша жиынтық бағалауда жоғары көрсеткішті көрсетті «4» - тен, «5» - ке шықты. Тұрсынбек А. есімді оқушы сабаққа қызығушылығы артып, белсенділік танытып, «3» - тен, «4» - ке шықты.
6 «а» сыныбының білім сапасы ІІ тоқсанмен салыстырғанда +4% көтерілген. Себебі: Ибраев Ж. пен Батырбек Ә. есімді оқушылар сабаққа тыңғылықты дайындалып келеді. Үнемі үй тапсырмаларын орындаған, сабаққа өте жақсы қатысып жиынтық бағалаулардан жақсы көрсеткішті көрсеткен. «3» - тен, «4» - ке ауысқан бағалары.
6 «ә» сыныбының білім сапасы ІІ тоқсанмен салыстырғанда -2 % төмендеген. Себебі екпінді оқушылар саны кеміген, яғни сыныптағы оқушылардың мектеп ауыстыруына байланысты.
Ал 7 «а» сыныбы ІІ тоқсанда 71 %-ды, ІІІ тоқсанда да 85 % -ды құрады. Білім сапасының көтерілу себебі: екпінді оқушылар сабаққа белсене қатысып, ыждағаттылықпен тапсырмаларды орындап өздерінің сабаққа деген қызығушылықтарының артқанын байқатты. Оқушылардың басым бөлігі : «4» - тен , «5» - ке шықты. «3» - тен, «4» - ке , көтерілді.
7 «ә» сыныбының білім сапасы ІІ тоқсанда 75 %, ал ІІІ тоқсанда 75 % болды. Әрбір оқушы алдыңғы тоқсандағы көрсеткіштерін нақтылап қана шектелді, сондықтан білім сапасы өзгеріссіз қалды.
8 «а» сыныпта ІІ тоқсан 66 %, ІІІ тоқсан 93% - ды көрсетті. Сапаның көтерілуіне нашар оқитын оқушылардың сабаққа қызығушылығы артып, тапсырмалар орындап, қосымша тест жұмыстарын жақсы орындап, жиынтық бағалауда да жақсы балл жинап, өздерін көрсете білді. Сыныптың белсенділігі біршама артқан. Мектепішілік бақылау жұмыстарын да, жақсы көрсеткіш көрсеткен.
8 «ә» сынып ІІ тоқсанда 66 %, ІІІ тоқсанда 88 %-ды көрсетті. Себебі : оқушылар бір-бірімен жарыса сабаққа белсенділікпен қатысты. Берген тапсырмаларды жылдам орындап, сабаққа қызығушылықтарын көрсетті. Екпінділер қатарындағы көптеген оқушылардың өзі жиынтық бақылаулардан жақсы көрсеткішке жеткен.
Осы тоқсанда қазақ тілі пәнінің білім сапасы +10 пайызға артып, 68 пайызды көрсетіп отыр. Алдағы тоқсанда бұданда жақсы жұмыс жасап тағы 10-15 пайызға артуым керек деп мақсат қойып отырмын. Ол үшін қызықты сабақтар өткізіп, жарыстар ұйымдастыру жоспарда бар. Оқушылардың сабаққа қызығушылықтарын одан әрмен оятып, неше түрлі қызықты өзара сайыстар ұйымдастыру жоспарлануда.
Алматы облыстық И.Нүсіпбаев атындағы мектеп-интернаты
Қазақ тілі пәнінен
2018-2019 оқу жылының ІІІ тоқсан бойынша білім сапасына салыстырмалы сараптама қорытындысы
Пән мұғалімі: Көктебай Ж.
Нұрмағамбетова Г.
Аллаярова А.
Алматы, 2019

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген