400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Рефлексивті есеп

Материал туралы қысқаша түсінік
жалпы үстаздарға көмекші қүрал ретінде пайдалануға болады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Түркістан облысы, Арыс қаласы,

М.Әуезов атындағы гимназия-мектебі,

ағылшын тілі пәнінің мұғалімі

Жайықова Сәуле Жұмақасымқызы

Өтілген сабақтар топтамасындағы бір сабақта жеті модульдің қалай және неге енгізілгені туралы рефлексивті есеп
Мен ағылшын тілі пәні бойынша бағдарламаның жеті модулін кіріктіру мақсатында 2014 жылы 16-21 ақпан аралығында өз мектебімде ағылшын тілі секциясының методикалық әдістемелік апталығында сабақтар өткізуді жоспарладым.Жоспар бойынша 21 ақпан күні 5Б сыныбында ағылшын тілі мұғалімі Баегизова Забира сабақ өтті.Жас ерекшеліктері бірдей. Білім стандартына сәйкес бағдарламаны басшылыққа алды.Сабақты бірінші ұйымдастыру кезеңінен бастады және оқушылармен амандасып, оқушыларды түгендеді. «
How do I get there?»тақырыбында сабақ өтті.Сабақтың мақсаты оқушыларға бір жерден екінші жерге қалай жетуге болады және дұрыс бағыт бағдар айта білуді түсіндіру. Сабағымды ұйымдастыру кезеңінен бастады. Оқушылармен амандасып, оқушыларды түгендеп сыныпқа жағдайлын сұрай отырып, сыныпқа жылы ахуал қалыптастырып алды. Одан кейін сынып оқушыларын 3 топқа бөлді. Ұнаған суреттерін қолдарына алып бірдей суреттері бар оқушылар біріктіріп, топ құрылды.

Picture 3 Picture 1 Picture 9
Сынып оқушыларын 3топқа бөліп отырғызды. Үй тапсырмасына шолу мақсатында 152 беттегі 10 жаттығу бойынша оқушылардартүрлі тақырыптар бойынша қызықты эсселерін оқытты. Осы эсселерін оқыта отырып, оқушылардан бір–бірінің қандай қызуғышылықтары бар ,сол туралы сұрақтар қоя отырып, оқушылардың сөйлеу дағдыларын кеңейтті .

Picture 2 Picture 4

Қызығушылықты ояту мақсатында оқушыларға «Do you like travelling? » деген сұрақ қойды. Оқушылар бұл сұраққа «Yes. We do. We all like travelling » деп жауап берді. Мұғалім оқушыларға осы сұрақ арқылы оқушыларға саяхат сөзіне ассоциация жасатып, постер қорғауға берді. Оқушылар «саяхат,яғни travelling » сөзіне топтастыру жасай отырып постерлерін қызығушылықпен орындап, қорғады.

Picture 5

РЕФЛЕКСИЯ

ЕShape2 Shape1 кі Жұлдыз, Бір Тілек

АТЫ- ЖӨНІ:

---------------------------------------------------

---------- ------------------------------------

----------------------------------------------

Бір Тілек:

--------------------------------------------------------------------

Постерлерін қорғай отырып, 3 топ бір-біріне «Екі жұлдыз, бір ұсыныс» бойынша бағалады.Постер қорғауда оқушылар «Екі жұлдыз, бір ұсыныс» әдісі бойынша бір бірін бағалады. Бағалау кезінде үш топ екі жетістіктері мен бір ұсыныстарын айтып кетті. Екі жетістіктері үш топта сөздерді қате оқығандарын айта келе болашақта кемшіліктер жібермесе деген ұсыныстарын айтып кетті. Қызығушылықты ояту кезеңінде сәтсіз жерлер оқушылар сөздерді оқуда қателесті, ал сәтті жері оқушылар екі жұлдыз, ал сәтті жері оқушылар екі жұлдыз, бір ұсыныс әдісі бойынша бағалауда қатты қызығушылық танытқаны болды.

2014жылы 7 наурызда жаңа әдістерді тиімді пайдалану,дарынды және талантты баламен жұмысты жандандыру мақсатында ағылшын тілі мұғалімі Баегизова Забира тағы да сабақ өтті.Мұғалімнің сабақ барысында өз мақсатына жетуі, сол мақсатының қаншалықты деңгейде орындалғандығын анықтауда диалогті оқыту басты рөл атқарды.Диалог барысында оқушылар келісілген нәтижеге жету үшін күш-жігерін жұмсайтын және Мерсер сипаттағандай, білімді бірлесіп алуда немесе «пікір алмасу» барысында тең құқылы серіктестер болып табылады» [МАН, 39 - бет] деп түсіндіреді. Сынып оқушыларын топқа бөлу кезеңінде, оқушылардың сыни ойлауын дамытудың өзі диалогтік оқыту арқылы іске асырылады. Қай сабақта болмасын, топқа бөлу үшін, тақырыпты ашу барысында түрлі мазмұндағы сұрақтар қойылды. Ал мұндай сұрақтар қою оқушының белсенділігін арттырады, тұлғааралық қарым-қатынас орнатады, мұғалім мен оқушы арасында диалогтың жүруіне мүмкіндік туғызады,ойлау қабілеттерін арттыра атырып, сабақтың тақырыбын ашып алу мақсатында «Сыни тұрғыдан ойлауға үйретуді» және көздеуде де осы «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер» модуль негізінде «Қалай оқу керектігін үйрету» бағытын ұстанды. Сұраққа өте жақсы жауап берген оқушылар болды.
Оқыту жүйесінде диалогтік оқытудың атқаратын маңызы өте зор деп ойлаймын. Себебі, әрбір сабақ өткізу барысында сұраққа-жауап беру, топтарда өзара бірлесіп жұмыс жасау, өз пікірлерін білдіріп, ортаға салу, үйренгенін көрсете білудің өзі диалог арқылы жүзеге асырылады.

Picture 14 Picture 15 Picture 16 Picture 17 Picture 18 Picture 19

Бақылау нәтижесінде менің байқағаным топ ішінде қай тапсырма болсын тез шапшаң жауап беруге дайын тұратын оқушылар болды.Дарынды және талантты оқушылар алдыңғы сабақтардағыдай тапсырмалар барысында көзге түсіп отырды және күрделенген тапсырмаларды орындап отырды. Тапсырмалар орындау барысында «Құрастыр, одан кейін жауап бер» әдісі арқылы интерактивті тақта арқылы үйге қажет құрал жабдықтарының суреттерін слайд арқылы қарап ,оларды сәйкестендірді.Оқушылар бұл тапсырмада қызығушылықпен орындады. Осы тапсырма орындаған оқушыларды ынталандырушы сөздермен ынталандырып отырды.Сабақтың келесі бөлімі «Кім шапшаң?» ойыны арқылы өз тобынан екі қыз бала шығып,біріншісі ине жіпті тез сабақтап, жыртылған жерін жылдам,ұқыпты етіп тігуі керек,ал екіншісі әртүрлі жіппен кесте тігеді.Кестені бітіріп өз тобымен бірлесе отырып тақырып қойды.Ал келесі тапсырмада ғылшын тіліндегі мәтінмен таныса отырып, жеке, жұппен орындады,болған соң топпен жұмыс жасады. Әр топ алдымен оқып, түсінгендерін түсіндірді және қазақшаға аударды және тапсырмаларын орындап болған соң бір-біріне бағдаршам арқылы баға берді. Топ басшыларын бағалау кретериилері бойынша бағалады және өзін өзі бағалатты. Өзін өздері бағалатуда оқушылар сабаққа қаншалықты дәрежеде болғандарын әділ бағалап шықты.Әр топ басшылары мен оқушылар өздерін бағалап болған соң оқушылардың оқыту барысындағы іс әрекеттеріне қорытынды баға берді .Бағалап болған соң оқушылар көңіл-күйлерінің қандай болғанын жақсылық ағашына түрлі түсті стикерлермен көрсете білді және сабақ соңында оқушылар «Бүгін сабақта мен қандай әсер алдым?» маған қызықты болды немесе қызықсыз болды,сабақ қатты ұнады,ұнаса несімен ұнады? Деген сұрақтарға ауызша жауаптар берді. Бұл сабақтың да оқушылар мүмкіндігінің артуына, белсенділікпен жұмыс істеуіне, өз көзқарастары мен пікірлерінің негізге алынатына көз жеткізетіндей дәрежеде өткеніне қуандым. Нәтижелі өткізген әр сабақ тек қана оқушы үшін емес мұғалімге зор шабыт туғызатыны еш күмәнсіз ақиқат екеніне шүбә келтіре алмаймын. Сабақтағы сәтті өтуі:оқушылардың сабаққа жақсы түсінуі және оқушылардың топпен белсенді жұмысқа қызыға араласып жұмыс жасаулары, бір біріне көмектесе ақылдаса орындады.

2014 жылдың 19 наурыз күні Астана қаласынан педагогика ғылымының докторы, педагог Асхат Алимов жаңа бағдарламамен оқыту мектептерде қалай өтіп жатқанын білу мақсатымен Арыс қаласына келген болатын.

Picture 21 Picture 22

2014 жылдың 30 сәуір күні желілік қоғамдастық, әдіс алмасу мақсатында М.Әуезов мектеп ұстаздары жиналған топ Ақдала ауыл мекеніне барып қайттық.Саттар Ерубаев мектеп ұ жымы мұғалімдерімен үш коучинг және сол мектеп оқушыларымен сабақтар өтілді.

Picture 24 Picture 23 Picture 25

Picture 27 Picture 26 Picture 28







РЕФЛЕКСИВТІК ЕСЕП

2014 жылдың 25 сәуір күні Білім бөлімі ұйымдастыруымен,ағылшын және орыс тілдері секциясының методисті Джанабаева Жанардың жетекші етуімен И.Журба атындағы мектепте қалалық семинар өтті. И.Журба мектеп ұжымы мұғалімдерімен коучингтер және сол мектеп оқушыларымен сабақтар өтілді. Коучинг тақырыбы:«Топтық жұмыс арқылы сын тұрғысынан ойлау дағдысын жетілдіру.Күтілетін нәтиже:Мұғалімдер cын тұрғысынан ойлау туралы деректермен танысады. Өз ойын сыни түрде ойланып, еркін ойын жеткізе алады.Сын тұрғысынан ойлау қалай пайдалану керектігі туралы тұжырым жасайды.Әр өтілген коучингтен соң екі мұғалімнен сабақтар өтілді. Бұл сабақтардың да оқушылар мүмкіндігінің артуына, белсенділікпен жұмыс істеуіне, өз көзқарастары мен пікірлерінің негізге алынатына көз жеткізетіндей дәрежеде өткеніне қуандым. Нәтижелі өткізген әр сабақ тек қана оқушы үшін емес мұғалімге зор шабыт туғызатыны еш күмәнсіз ақиқат екеніне шүбә келтіре алмаймын. Әсіресе, оқушыларым сабақ барысында мәтіндерді өздері түсініп, аударып өз ойларының артқанын және бір бірінен қалыспай, өте қызықты дәлелдер мен пікірлер келтіре алғаны мені қатты қуантты.
Сабақта болған сәтсіз тұстары: оқушылардың сөздерді оқуда қателесуі
Сабақтағы сәтті өтуі:оқушылардың сабаққа жақсы түсінуі және оқушылардың топпен белсенді жұмысқа қызыға араласып жұмыс жасаулары, бір- біріне көмектесе ақылдаса тапсырмаларды орындауы, нашар оқитын оқушыларыма қасындағы жақсы оқитын оқушыларымның сабақты түсіндірулеріне коп белсенділігі тиді.
Алдағы уақытта нені өзгертер едім: оқушылардың өздігінен ізденіп, сөздік жұмыстармен көп жұмыс жасауын, бір бірімен жиі диалогтық сөйлесулерін ағылшын тілінде айта білуге,сөздік қорларының молаю үшін әртүрлі оқушылар деңгейіндегі сабақтың тақырыбына байланысты сұрақтар қоюды алғы мақсатқа қоямын.Ал төмендегі суреттерден өткен сабақтың сәттерін анық көреміз
Picture 31 Picture 29 . Picture 33 Рисунок 6

Picture 32 Picture 36 Picture 30 Picture 34

Picture 2 Picture 1



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
23 шілде
2473
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі