Рефлексивті есеп "Өзін-өзі реттеу"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Рефлексивті есеп "Өзін-өзі реттеу"

Материал туралы қысқаша түсінік
Рефлексивті есепті жариялау арқылы кембридж оқыту тәсілімен жүмыс жасайтын мұғалімдеріне көмек ретінде ұсынамын
Материалдың қысқаша нұсқасы

3 Хромтау орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Бисембаева Баян Сагингалиевнаның «Өзін-өзі реттеу» тақырыбына өткізген коучингінің рефлексивтік есебі

Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер-бүгінгі

мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай

тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады.

Сондықтан ұстазға жүктелетін міндет ауыр ”

Н.Ә.Назарбаев


Бәрімізді бүгінгі таңда алаңдататын мәселе – жас ұрпақтың сапалы білімді игеруі. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Білімді, сауатты адамдар-бұл ХХІ ғасырда адамзат дамуының негізгі қозғаушы күші» деуінің өзі- үлкен көрегендіктің белгісі.

Ұлтымыздың тірегіне айналар ұрпаққа деген көзқарас Елбасымыздың білім саласына ерекше назар аударуымен айқындалып отыр.

Өзекті мәселе – жас ұрпақтың Елбасы бастаған көш-керуенге кідіріссіз ілесуі. Ілесе алмаса-бізге сын. Халқымыздың тағдыры, еліміздің ертеңі жас ұрпақтың қолында.

Бүгінгі таңдағы оқыту үрдісі жаңа әдіс-тәсілдерді, жаңаша идеяларды қолдануды талап етеді. Әр мұғалім өз іс-тәжірибесінде көптеген қиындықтармен, кедергілермен кездеседі. Ол заман көшіне ілесу үшін өз білімін жетілдіріп отыруы қажет.

7 модульді қолдана отырып, өзімнің де көптеген қызықты идеяларымды жүзеге асыру жөнінде белсенділігім арта түсті. Әріптестерім де менің жаңалығыма қызығушылық танытты. алғыстарын Бұл менің шабытымды шақыра түскендей!

Қазақстанның білім беру мазмұны сөзсіз жаңа сатыға көтеріліп, алға қадам бастап келеді. Біліктілік пен шеберлігімізді ұштастырып, жас ұрпақты әлемді мойындататын рухани биікке көтеру біздердің міндетіміз.

Сондықтан мен коучинг өткізу туралы ұсыныс түскенде қарсы болмадым. Қуана кірістім. Қалай өткізу туралы ойларымды жинақтап, өткізуге асықтым. Себебі кембридж оқыту әдістерін дәстүрлі оқытып жүрген біздің мектептің мұғалімдеріне түсіндіру, бұл әдістердің тиімділігін, қызықты екенін көрсетіп, дәлелдеудің мүмкіншілігі туды.

«Біз ұқсаспыз» атты психологиялық тренингпен бастадым. Қатысушылар бір-біріне әртүрлі ұқсастықтары жөнінде айтып, жайлы атмосфера қалыптасты.Маслоудың «Қажеттілік иерархиясын» пайдалана отырып «Отбасы», «Табиғат», «Білім» топтарына бөлдім. «Әр адамға не қажет?» деген сұрақтан бастап, қатысушылардан жауап алдым. Барлық қажеттiлiктер бiр-бiрiмен тығыз байланысты және бiр-бiрiн толықтырып отырады. Өзiн-өзi сыйлау және «Мен» тұтастығы, олар өзiн-өзi тану қажеттiлiгiн күшейтедi. Өзiн-өзi тану қажеттiлiгi басқа да қажеттiлiктердiң қанағаттануымен жеңiлдетiледi. Мысалы, өзiңе талапты қоя бiлу үшiн, ең алдымен өзiңдi бiлу қажет, ал өзiңдi жақсы бiлсең тұтастығыңды құрай аласың және «Мен» образына ешқандай қарама-қарсылық тумайды.

Видеокөрсетілім интерактивті тақтадан көрсетілді. Әр мұғалім өз көргендерін, ойларын айтып, тақырыпты ашты. «Өзін-өзі реттеу» тақырыбына ассоциация жасау ұсынылды. Әр топта пікрталас өтіп, ортақ бір шешімге келді. Тақтада әр топтан бір-бір пікір жазылды.1-топтан Майра Құрамысқызы: «Өзін-өзі реттеу қажеттіліктен туындайды. Мұндай қажеттiлiктiң қанағаттандырылуы өзiндiк дамуымен байланысты. Өзiңдi бiлу үшiн және өзiн-өзi тану қажеттiлiктi күшейту үшiн, көбiрек қарым-қатынас жасау керек, ал қарым-қатынасқа түсу үшiн өзiңдi жақсы бiлу қажет, ал бұл жетiстiктегi қажеттiлiктердiң қанағаттануымен жүзеге асады. Жетiстiкке жету үшiн де өзiңдi бiлген жөн.» деген ойын айтты. 2-топтан Қосжанова Мейрамгүл: «Өзін-өзі тәрбиелеу адамның жеке «Мендігін»- жүйелі түрде зерттеуін, қажымас қайраттылықты, үлкен ерік-жігерлік күшті қажет етеді. Өзін-өзі тәрбиелеу мектебі адамнан көптеген күш-қайратты жоғары дәрежедегі ұйымдастырушылықты, өзіне деген сын көзбен қарауды талап етеді. Неміс ақыны Ф.Логау былай деп тегін айтпаған шығар:
«Өзіңмен өзің түскен күрес – ең қыйын күрес,
өзіңді өзің жеңген жеңіс – ең ұлы жеңіс». 3-топтан Уразалина Кенжегүл: «Өзін-өзі тәрбиелеу адамның рухани қажеттіліктерін қалыптастыруға бағытталған. Адамның өзін-өзі жетілдіріп, өзімен жұмыс істеуінде кітаптардың маңыздылығы зор. Өйткені, кітаптар бізді жақсы адам болуға ынталандырады, қызықты адамдармен таныстырады. Өзін-өзі тәрбиелеудің маңызды бөлігі -мотивтерді, ынтаны дамыту. Жақсы, ақ ниетті болуға талпынбай, адамзаттың білімдер байлығын, адамзат мәдениетін игеруге тырыспай жан-жақты тәрбиелі және білімді адам болу мүмкін емес.» Беляшева ол ойды былай деп жалғастырды: «Өзін-өзі тәрбиелеу өзін-өзі бағалаудан басталады. Өзін-өзі бағалаудың негізін жеке адамның өзі қабылдаған құндылықтар жүйесі, тұлғаның жеке маңыздылықтар жүйесі құрайды. Өзін-өзі бағалау адамның өзін басқа адамдармен салыстыру арқылы қалыптасады, және осындай салыстыру табиғи түрде жүргізіледі де өте қызықты болды. Тұтас педагогикалық процесстегі қатынастар жүйесіне енгеннен бастап бала өзін басқа балалармен салыстырып, зерттеп, мынандай сұрақтарға: «-Неге мен осындаймын?», «Басқалар мені қалай қабылдайды?», «Өмірде мен қандай жетістіктерге жете аламын?»-деген сұрактарға жауап іздеп, өзінің барлық мүмкіндіктерін көрсетуге тырысады. Өзін-өзі нақты бағалау, өзін-өзі тәрбиелеудің мақсаттарын дұрыс құрастыруға мүмкіндік береді. Өзін-өзі бағалау жоғарлатылған, нақты, төмендетілген болуы мүмкін. Тұрақты және жаңа ақпараттар әсеріне, жинақтаған тәжірибесіне, қоршаған адамдардың пікірлеріне байланысты өзгеріп отыратын бейімделгіш өзін-өзі бағалау түрі адамның дамуы мен тиімді еңбек етуі үшін ең қолайлы бағалау болып саналады.» Ал Жаппакова Ақтолқын өз ойын былайшы жеткізді: «Өзіне-өзі бұйыру дегеніміз адамның өзіне-өзі берген қысқа, үздік-үздік үкімі.
Өзіне-өзі бұйыру адам өзін нақты бір іс-әрекет жасау керектігіне сендіріп, енді басқаша әрекет жасауға болмайды деп сезгенде ғана қолданылады. Бұйырықты түрде өзінен бір іс-әрекетің орындалуын талап ету қажеттілігі адамның өз кемшіліктерін анық көріп тұрып, бірақ сол жоспарланған істі орындауға күші жетпей тұрған кезде қолданылады. Өзіне-өзі бұйыру еріктік процесспен тығыз байланысты. Өзіне-өзі бұйыруда жаттығу үшін адам өзіне дауыстап бұйырық беріп оны қайта-қайта қайталап орындап отыруы қажет. Өз бұйырыгын екі апта аралығында орындап жүрген адамда өз бұйырығын автоматты түрде орындау әдеті пайда болады.
Адамның өзін-өзі тәрбиелеуде өзін-өзі құптаудын маңызы зор. Әр адамның есінде өздерінің үлкен жетістіктерге жеткен кездері жақсы сақталып қалады. Адамның жетістіктері оған рухани, интеллектуалдық, күш-жігерлік қорларының ішкі мүмкіншіліктерін байқатып, өмірдің жаңа белестерін жеңе алатынына сенімділік тудырады.» Топтық таныстырылым үш шапалақ арқылы бағаланып отырды. Критерийлер бойынша да бағаланы. Шығармашылық қабілеттері байқалды. Өз келісімдері бойынша критерийлер анықталды. Сол бойынша бір-бірінің жұмыстарын бағалады

Тақырыпты әр қарай меңгерту мақсатында әр топқа «Жигсо» әдісі бойынша мәтін таратылды. Сараптама топтары қызу пікірталастар болды. Мұғалімдер түсініктерін бір-біріне айтып, ойларын қызу білдіріп жатты. Рысмағамбетова Гүлсезім: «Өзін-өзі бақылау – адамның өз іс-әрекеттерін, психикалық процесстер мен көңіл-күйлерін түсінуі, бағалауы және реттеуі. Бұл тәсіл адамға айналадағылармен сабырлы қарым-қатынаста болу іскерліктерін, басқа адамдардың кемшіліктеріне, әлсіздіктеріне, қателіктеріне шыдамды болуды үйретеді. Аталған тәсіл көмегімен адам шиеленіс жағдайларды реттеп, ұстамдылыққа, күрделі жағдайларда байсалдылық, сабырлық сақтауға үйренеді.» .

Сергіту сәті де «Қызыл өрік» олар үшін қызықты болды. Ризашылықтарын айтты. Көңіл-күйлерінің жақсарып, жұмыстан шаршап шыққандарын ұмытып кеткендерін айтты. Рефлесияға «Мен кіммін?» атты ойын ұйымдастырдым. Онда қатысушылар айнаға қарап тұрып, өз-өзінің қандай жақсы жақтары бар екенін айтты. Тыңдаушылар топтағы бір адамның суреті бойынша сөйлеп тұр ойлады. «Кім туралы айтып жатыр» деп шешуге тырысып, ойларын айтты. Соңында онда айна түрғанын біліп, күліп жіберді. Бір сәт өздерінің бала секілді мәз болғанын байқадым. Соңында тақырыптың түйінді ойы айтылды. Жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуы, оның өмірдегі орнын өзі анықтауы адамның өз-өзімен және оны қоршаған ортамен үйлесімділікте жүргізілуі кажет.

Неміс ақыны Ф.Логау былай деп тегін айтпаған шығар:
«Өзіңмен өзің түскен күрес – ең қыйын күрес,
өзіңді өзің жеңген жеңіс – ең ұлы жеңіс».
Өзін-өзі тәрбиелеу өзін-өзі реттеу дәл мағынасында өзін-өзі тәрбиелеу өзін-өзі реттеуге негізделеді. Ал өзін-өзі реттеу дәл мағынасында өзін-өзі тәрбиелеу емес. Өзін-өзі тәрбилеу – бұл тұлғаның өзін-өзі реттеуде сыртқы ортаға, өз міндетттеріне саналы қатынасы және келешегіне көз жіберіп, талаптануының негізінде пайда болған қажеттілік.
Сонымен, қайта құру жағдайында әрбір мұғалімнің жаңа идеялармен, оқыту мен тәрбиенің озат теориясы және практикасымен қарулануы тұлғаның сапасын жобалай және анықтай білуге мүмкіндік береді.

Қатысушылар өз ойларын, пікірлерін бір параққа жазып, баспалдақ ретінде тақтаға орналастырды. Мұғалімдер арасында ынтамақтастық пайда болды деді. Тағы да өткізілсе деген тілектерін айтып. Сәтті өтті деген алғыстарын да айтты.Мен де сіздердің жақсы сөз, тілектеріңізден өзімді баспалдақтың басына шыққандай сезіндім деп ризашылығымды білдірдім. Осылайша қатысушылар тарқасты. Сәтті өткені үшін, өзім де бір биікке көтерілгенде күйде қалдым

ТАМАША ӨМІР СҮРУДІҢ 10 КІЛТІ

     Әрбір халықтың даналарының артындағы ұрпақтарына қалдырған ұлағатты сөздері бар. Бұл сөздердің барлығы сол халықтың асыл қазынасы болып табылады. Мұны сол елдің азаматтары сөздерінің арасына қосып, әңгіменің көркін келтіріп жатады. Филип Е.Хумберт деген атақты психиатр, профессор «Адамдарға бақытты ғұмыр кешудің кілтін 10 тармаққа қарастыратын болсақ, қандай сөздерді таңдар едім» деген тақырыпта біраз зерттеу жұмыстарын жүргізіп мынадай қорытындыға барған екен:

1.      Өзіңді таны – Сократ.

Өз ішіңе саяхат жаса. Күнделік жаз. Жүрегің, көңілің, ар-ұжданың не дейді? Не нәрсені алдыңғы қатарда ұстайды? Мына әлемге терең үңіліп, сыры мен қырын меңгерудің жолы ең алдымен ішкі жандүниеңе сапар шегумен басталады.

2. Қалай болсаң сол қалпында көріп немесе сырттай қалай болсаң сол қалыбыңды сақта – Мәулана.

Шыншыл, әділ бол да дұрыс ойла. Жүрегіңнің даусына құлақ сал да соны қорға. Өмірде бір нәрселерді қорғау үшін ат салыспасаң, барлық нәрсе сенің мәртебеңді түсіреді.

3. Ең жоғарыда ғашықтық бар – Азиз Паул.

Үнді ырғаққа айналдырған ғашық-дүр. Ғашықтық, сүйіспеншілік болмаса, тартымдылық кем болса өмірің құрғап қалған бұтақтан ешқандай айырмашылығы қалмайды.

4. Дүниені қиял-ойдың күші шыр көбелек айналдырады – Альберт Энштейн.

         Істеген амалдарыңның барлығы ең алдымен қиял-ойдан бастау алады. Өмір деген барлық адамдар үшін, ойлағандарын жүзеге асыру, істеген ісінің әрі істейтін ісінің ең дұрысына жету. Боббю Кенедидің айтқанындай: Адамдар дүниеге қарап «Не үшін?» деп сұрайды. Мен басқа бір жүние жайлы ойлап «Неге ондай болмасын?» деп сұраймын.

         5. Асқан әдемілік көзді шығармаса керек – Мае Вест.

         Тамаша өмірді неге рахаттанып өткізбеске. Бақытты бөлісу керек. Өмірді сүйіспеншілік сезімі одан сайын қызыққа айналдырады. Жанның ырғағында «қанекей алға, өзіңді көрсет» деген леп бар. Тәкаппарлық емес, ұмтылыс!

         6. Мүмкіндіктерді қалт жібермеген сайын көбейе түседі – Сун Цзу.

         Жеңіс қайсарлықты қажет етеді. Бастапқы кездегі қайсарлық кейіннен сенімге айналады. Сенім адам бойындағы қызметке деген ынтаны ояндырғанда, мүмкіндіктер одан сайын жоғарлай береді.

         7. Не істе не істеме. Сынауға болмайды! – Иода.

         Өмір жылдам қозғалыс, шешім мен шешімді болуды талап етеді. Күдіктенгендер артта қалады. Өмірдің үстімен жүрмесең, өмір сенің үстіңнен жүретін болады.

         8. Кемелдік, қосатын нәрсе қалмаған кезде емес, алынатын бір нәрсе қалмаған кезде пайда болады – Антоние де С.Ехуперю.

         Өміріңді жеңілдет. Жеңілдете түс, тағы да тағы да ... Сол кездегі жағдайға бір қара. Арман-тілектеріңнің тізімін азайт. Егер азайтатын болсаң, жетістікке жетесің. Ол күннің сәулесіне лупа ұстаған сияқты болады, егер сәулені жинақтай алмасаң өмірді жаға алмайсың.

         9 Қабілет болмаса өнерші болмайды, алайда еңбек етіп, тер төкпесең қабілетің түкке де жарамайды – Эмиль Зола.

         Тек қана ақылды, саналы әрі ұқыпты әрекеттердің нәтижесінде үлкен жетістіктерге жетуге болады. Алмасты жонбасаң қолыңда тек тастың түйірі қалады.

         10. Өмір сүрудің екі жолы бар. Ешқандай нәрсе мұғжиза емес сияқты өмір сүру ... Екіншісі, барлық нәрсе мұғжиза сияқты өмір сүру – Алберт Энштейн.

         Шүкір етуді ұмытпау керек!






Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.12.2017
1111
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі