жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
рефлексивтік есебі
ІІІ деңгейлік курс бойынша сертификатталған
бастауыш сынып мұғалімі Шотка Ганибаттың
жылдық бойынша жасалған
жұмыстарына рефлексивтік есебі
2017-2018 оқу жылы
Зерттеу тақырыбы: «Сыни тұрғысынан ойлау арқылы оқушылардың қабілеттерін дамыту
Мақсаты: Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау қабілетін дамыта отырып, шығармашылық ізденіске баулу, білім сапасын арттыру
Бастауыш сынып ұстазы ретінде мен алдыма мынадай міндеттер қойдым:
-
Оқу барысындағы баланың сабаққа деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру ,оқу мен тілдің арасындағы байланысты дамыту, есте сақтау қабілеттерін арттыру.
-
Оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру, яғни ақыл-ойы мен өзіндік тұжырымы арқылы ғана жаңа тақырыпты саналы түрде меңгеру дағдыларын қалыптастыру.
-
Әрбір оқушының жеке қабілеттерін анықтай отырып, сапалы білім алуын қамтамасыз ету.
-
Сындарлы оқытудың жеті модулін ықпалдастыра отырып, ұжымда топта ынтымақтаса жұмыс істеуге дағдыландыру.
-
Ойын элементтерін пайдалана отырып, логикалық ойын дамыту;
Күтілетін нәтиже:
-
оқушылардың сын тұрғысынан ойлауы дамиды;
-
өз ойларын еркін айта алады, өзгенің пікірін құрметтеуге үйренеді;
-
кері байланысты меңгереді;
-
шығармашылық қабілеттері артады.
Іс-әрекетті үшін ағымдағы жылға алған тақырыбым: « Сыни ойлау әдістері арқылы оқушылардың қабілеттерін дамыту» болып табылады.
Қазіргі уақыттағы жаңа педагогика ғылымындағы проблема ол — оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру болып табылады. Жаңа технологияның әдіс — тәсілдері оқушылардың білімін толықтыруға көмектеседі. Осыған орай озық тәжірибе, жаңа технологияның тиімді әдістерін таңдап алып, оларды үйлесімді, тиімді және шығармашылықпен пайдалану — ұстаз шеберлігінің белгісі. Ұстаз ретінде оқытып жүрген оқушыларымның ерекшеліктерін зерттеп, біліп алған соң ғана, оларды даму деңгейіне орай әдіс — тәсілдерді іріктеп, талдап қолдануға, жетілдіруге ерекше назар аударып келемін.
2017-2018 оқу жылына арналған жоспар жыл басында құра отырып, сол бойынша іс-шаралар өткіздім. Сабақтарымда сындарлы оқытудың әдіс-тәсілдерін қолдынып қана қоймай оны қолданудың оқушылардың білім алуына қалай әсер ететіндігінде зерделедім. Ұйымдастырылған сабақтар, оқушылардың дарындылығын дамытып, шыңдау жолдарының бірі болып табылады, олардың арасында ынтымақтастық пен серіктестікті тудыру, басқа адамның ойымен де есептесу қажет екенін де түсіндіреді, уақыт үнемделеді. Жұппен және шағын топпен жұмыс тез, жаңа идеяларды ұсынумен қатар белгілі бір жағдайды нәтижелі шешуге де мүмкіндік береді.
Сабақ барысында оқушылардың ізденуін қадағалап, білім дағдысын толықтыруға бағытталған сабақ өткізу әдістерінің бірі — «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан оқу» жобасының стратегиялары. Бұл жобаның стратегияларын сабақ барысында қолдану жаңа оқу материалдарындағы оқиға мен құбылыстарды оқушылардың өздері байқап, талдауына жағдай жасайды. Демек, білім оқушыларға даяр күйінде берілмейді, өзінің ой еңбегін қажет ететін тапсырмаларды орындауы арқылы қол жеткізеді. Әр оқушы өз ойына шек келтірмей жауап беруге дағдыланады. Оқушы бойындағы танымдық қабілетінің шығармашылық ойлау жүйесінің дамуына жол ашады. Оқытуды диалогтік тәсілмен дамытудағы сұрақ қою арқылы байқағаным: оқушылар тақырып бойынша және сындарлы сөйлеуге ынталанды, пәнге қызығушылықты көрсетті, зерттеуге ынталанды, оқушылар сыни тұрғыдан ойлауға көмектесті, оқушылардың бір — бірінен үйренді, басқа оқушылардың идеяларын құрметтеуіне және бағалауына ықпалын тигізді, оқытудағы қиындықтар мен түсінбестіктерді анықтады. Осы бағытта жыл бойына төрт ашық сабақ өткізуді жоспарлағанмын. Бірінші ашық сабақты математика пәнінен «Математикалық басқатырғыш» тақырыбында желтоқсан айында айында өткіздім.
|
|
|
|
|
Ашық сабақтан көрініс |
Ой толғаныс |
Оқушыларды өздері оқуға үйрету. |
Сонымен қоса, мектебімізде жыл сайын ұйымдастырылып өткізілетін оқу күнінде сауат ашу пәнінен «Мен және табиғат. Кк әрпі мен дыбысы », математикадан «Теңге. Монета жəне қағаз ақша» оқу сағатында «Құстың ұясы» тақырыбында оқу сағатын ұйымдастырып өткіздім.
Сабақ өткізу барысында 7 модуль бойынша қызғылықты етіп өткізу үшін үнемі оқушылардың сабақтан жақсы әсер алуына байланысты инновациялық технологияны қолданып, оқушыларға қалай оқу керектігін үйретіп, соның нәтижесінде еркін, өзіндік ой-пікірін жеткізе білетін ынталы сенімді болуын қалыптастырадым.
«Назарбаев Зияткерлі мектептері» ДББҰ тәжірибесін тарату бойынша семинарда «Математика сабағында функционалдық сауаттылыққа бейімдеу және заманауи технологияны пайдалану» тақырыбында ашық сабақ бері, өз тәжірибеммен бөлістім.
|
|
|
|
|
|
Сабақтан көрініс топтың пікірі |
Топтағы іс-әрекет |
Сабақтан көрініс топтың пікірі |
Топтық жұмыс постер құрастыру |
1.Патриоттық сананы қалыптастыру бағыты бойынша өткізілген іс – шаралар:
«Мен- елімнің патриотымын!» , «Менің отаным Қазақстан» тақырыбында мәнерлеп оқу сайысы , «Мәңгілік ел», «Тәуелсіздік тірегім ». 2.Рухани – адамгершілік даму бағыты бойынша өткізілген іс-шаралар «Қарттарым-асыл қазынам», «Менің отбасым», «Менің тілім – менің мақтанышым», «Ынтымақ достық кепілі» 3.Құқықтық тәрбие бағыты бойынша өткізілдген іс-шаралар «Оқушының құқықтары мен міндеттері», «Мен қандай баламын?» 4.Салауатты өмір салты бағыты бойынша өткізілген іс-шаралар «Денсаулық –салауатты өмір салты » , «Наурыз – Көктем мейрамы » тақырыбында тәрбие сағаттары өткіздім.
|
|
|
|
|
|
|
|
Жеке балаға ( А, В, С оқушы) жүргізілген бақылау- зерттеу жұмыстарының сараптамасы.
Оқыту кезеңінде сыныбымның үш оқушысына сабақ барысында бақылау жасадым.
А- Айназым (өтежақсы), В- Дилназ (жақсы), С-Амина (орташа) деңгейде оқитын оқушы.
A, В, С деңгейдегі оқушылар
сабаққа өте белсенді араласты. С оқушы өзінің ұқыптылығын,
ынтымақшылдығын, қолының ептілігін көрсетті. В оқушы идеясының
ұшқырлығын, сурет салу шеберлігін, А оқушы логикасының мықтылығын,
өмірдегі мысалдармен байланыстыруда және тілдік, сөздік қорынын мол
екендігін байқатты. Сыни тұрғыдан ойлауға оқыту стратегияларын
сабақта қолдану арқылы оқушының тақырып төңірегіндегі ойларын
жинақтап, жүйеге келтіруде «Топтастыру» стратегиясының маңызы
зор.
Cабақ әрі қарай «Суреттерді сөйлету» оқыта
үйрету ойыны арқылы жүргізілді. Aуыспалы топтарда жұмыс жасай
отырып, мағынаны түсіндіре білуге, ойларын жинақтап айтуға үйренді.
Cуретпен, сызбанұсқамен жұмыс жасай отырып, алған білімдерін
талдап, топтады. Бағалау бетшесі арқылы өзін-өзі, бірін-бірі
бағалады, соңынан тақтада жинақтап бағалау
жүргізілді.
А мен В оқушысы сабақта белсенділік танытып, өз ойларын еркін айтып, қасындағы топ мүшелерімен ой бөлісе отырып, мұғалімнің әр сұрағын мұқият тыңдап, тапсырмаларды орындап отырды. Aл С оқушысы болса басында жан –жағына жалтақтап, өз орнын таппағандай болып отыр еді, кейіннен топ мүшелерінің көрсеткен көмектері арқылы ол да сыныпқа ілесіп, белсенділік таныта бастады. Eң алғашқыда С оқушы жауабым дұрыс болмайды– ау деген қорқыныш сезімі болғанды. Бірақ топта оқушылар тарапынан қолдау көріп «сенікі дұрыс емес» дегенді естімегеннен кейін, ойын еркін айтуға, ізденуге қызығушылығы арта бастады. «2 жұлдыз 1 тілек» формативті бағалауы арқылы оқушылар бір-бірінің жұмысын критериальды түрде бағалай білді. Бұл сабақта А оқушы өте жақсы араласып, берілген жұмыстарды тез және мұқият орындады, В оқушы болса сабаққа жақсы араласқанмен барлық тапсырмада өзін толық көрсете алмады, ал С оқушы сабаққа сирек араласып отырды.
Оқушыларға тиянақты білім беруде, сабақты түрлендіріп өткізу әр мұғалімнің міндеті. Қай пән болса да, оқушылардың қызығушылығын арттыру үшін ұстаз түрлі әдістерді қолдануға шеберлік танытуы керек Сыни ойлау – ашық қоғам негізі. Сыни ойлау деген – әр жеке тұлғаның кез –келген жағдайдағы мәселені ойлап, зерттеп қорытып, өз ойын еркін ортаға жеткізе алуы.Сыни тұрғыдан ойлау, өзіндік, жеке ойлау болып табылады. Ол – өз алдына сұрақтар қойып және үнемі оларға жауап іздеу, шешімін табуды қажет ететін мәселені анықтау, әр мәселеге байланысты өз пікірін айту, оны дәлелдей алу, сонымен қатар басқалардың пікірлерін дәлірек қарастыруды және сол дәлелдемелердің қисынын зерттеу дегенді шәкірттер болашағын ойлай жасалған еңбек пен тәжірибенің бірлігі. Мен ұстаз ретінде үйренген білімімді келешектің жалғасы жас ұрпақтың санасына құюдан жалықпаймын. Жеті модульді сапалы қолдана алсақ, оқушыларымыз сыни ойлай алатын, білімге құштар, алған білімдерін талдап, жинақтап, практикада қолдана алатын нағыз көшбасшы тәрбиелейтіндігіміз сөзсіз. Оның дәлелі ретінде соңғы үш жылдағы сыныптың оқу сапасының артқандығын алға тартар едім.
Қорыта келгенде оқыту мен оқудағы 7 модульді басшылыққа ала отырып сабақ өтудің тиімділігі: оқушылар өзара бағалауды, дарындылықты анықтауды, сыни тұрғыдан ойлауды да, шығармашылықпен айналысуды да тереңінен түсінуге бағыт алды. Топтасып жұмыс жасауда ойларын еркін айта алуын, дәлелдемелер арқылы постер қорғап, білімдерін кеңейтетінін ұқты. Бағалауда мұғалімге тәуелді болмайтынын, өз білімдерін өздері бағалауға болатынын көрді.
Жеті модульді сабаққа кіріктіріп, бағдарламамен жұмыс жасағанда тапсырманы бірлесіп жасаудың тиімділігін түсінді. Өз бетімен жұмыс жасауына сенім артып, тапсырманы қызыға орындауға талпынады. Жалпы оқушы бойында іс-әрекет, қозғалыс байқалады.
Ізденудің нәтижесінде бүгінгі заман талабына сай сауатты, білімді де, білікті оқушыларды тәрбиелеуге болады. Ол үшін ең бастысы мұғалім үнемі ізденіс үстінде болуы керек деп ойлаймын.











Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген